Касимбекова Мейрамкул Алдашевна Ауылдағы шағын бизнестің дамуын мемлекеттік қолдауды жетілдіру (Қарағанды облысының мал шаруашылығы негізінде)




НазваниеКасимбекова Мейрамкул Алдашевна Ауылдағы шағын бизнестің дамуын мемлекеттік қолдауды жетілдіру (Қарағанды облысының мал шаруашылығы негізінде)
страница1/3
Дата конвертации02.02.2013
Размер0.5 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3
УДК : 366.534:323.325 Қолжазба құқығында


Касимбекова Мейрамкул Алдашевна


Ауылдағы шағын бизнестің дамуын мемлекеттік

қолдауды жетілдіру (Қарағанды облысының мал шаруашылығы негізінде)


08.00.05 - Экономика және халық шаруашылығын басқару

(ауыл шаруашылығы)


Экономика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты


Қазақстан Республикасы

Астана, 2010


Диссертациялық жұмыс С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде орындалған


Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының докторы,

Ж. Сүндетұлы


Ресми оппоненттері: экономика ғылымдарының докторы,

Қ. Р. Нұрмағанбетов


экономика ғылымдарының кандидаты, Б. Мүтәліпқызы


Жетекші ұйым: Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті


Қорғау 2010 жылы 30 қыркүйекте сағат 1400 – де С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Д 18.08.01 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62.


Диссертациямен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің кітапханасында танысуға болады.


Автореферат 2010 жылы «28» тамызда таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, экономика

ғылымдарының докторы М. Ш. Кенжеболатова


Кіріспе


Зерттеудің көкейкестілігі. Шағын бизнес - нарықтық экономиканың маңызды элементі, онсыз мемлекет жан-жақты дами алмайды. Ол көп жағдайда экономикалық өсу қарқындарын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы мен сапасын анықтайды. Шағын бизнес әсіресе ауыл шаруашылық салаларында кең көлемде дамыған. Тәуелсіз еліміздің аграрлық реформаны жүзеге асыру барысында шағын кәсіпкерлік маңызды мәселелерінің бipi болып табылады. Қазақстан Республикасында «2003-2005 жылдарды ауылды көтеру жылдары» деп белгіленіп, жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламаларда аграрлық саладағы шағын бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру, ішкі және сыртқы нарықта оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру және тағы сол сияқты өзекті мәселелер қарастырылды. Қазіргі кезде шағын бизнес бәсекелестікке қабілеті бар аграрлық өндірістік құрылымдардың бір бөлігіне айналып және еліміздегі экономикалық үрдістердің белсенді қатысушысы болып табылады. Ауыл шаруашылығындағы шағын бизнестің негізгі формалары – шаруа(фермер) қожалықтар және жұртшылық шаруашылықтар. Соңғы 2006-2009 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің ішінде шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарының үлесі 73 пайызды құрайды. Дегенмен, өркениетті кезеңдегі шағын бизнестің маңызы мен ондағы өндіріс қарқындылығын арттыру барысына әліде қажетті мән берілмейді. Оның көптеген мәселелері күні бүгінге дейін өз деңгейіндегі ғылыми және практикалық шешімдерін таппай отыр.

Ауылдық елді мекендерді дамыту тек қана ауыл шаруашылығын өркендету емес, одан әлдеқайда кең ұғымды, яғни ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуын көздейді. Ауылдың тұрмысын жақсарту олардың тұрақты өндірісін және әлеуметтік сала мен қоршаған ортадағы жетістіктерін жақсарту арқылы мүмкін болады.

Рыноктік қатынастар жағдайында тәуелсіз мемлекет тұрғысынан аталған мәселелерді шешудің басты жолы - еркін шаруашылық жүргізу, шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өндірісті икемді ұйымдастыру және кооперация мен интеграцияның алуан түрлі формаларын игеру, инновация мен прогрессивті технологияларды кеңінен қолдану мәселелері зерттеу тақырыбының өзектілігін көтере түседі. Осы жерде Елбасының «түрі жеке меншік, мазмұны ұжымдық шаруашылықтар күш біріктіргенде ғана тығырықтан шыға аламыз» деген сөзі ой салады. Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік қолдаудың тұтастай жүйесі қалыптасып келеді. Оның ұйымдық – құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздері «Агроөнеркәсіп кешенін және ауыл аумақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР-ның заңында (2005ж.) нақты қарастырылған. Алайда мемлекеттік қолдау көбінесе бәсекелестік қабілеті жоғары, қайтарымы бар орта және ірі кәсіпорындарды қамтиды. Елдегі көп көлемде тараған шағын бизнес, әсіресе шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары бұл көмектен көбінесе қалыс қалуда. Рыноктің мүмкіндігі экономикалық тұрақтылық пен макроэкономикалық тепе-теңдікті ұстап тұруда шектеулі болғандықтан, аграрлық секторда шағын бизнестің тұрақты дамуы үшін мемлекеттік қолдаудың жан – жақты бағыттарын жетілдіруді талап етеді.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Шағын бизнестің теориялық және практикалық мәселелеріне әлемдік экономикалық әдебиеттерде ерекше көңіл бөлініп, ғалымдар: Р. Кантильон, Н. Бауде, Ж.Б. Сэй, Дж. Кларк, К. Маркс, Й. Шумпетер, А.П. Дракер және т.б. айтарлықтай үлес қосқан. ТМД елдері үшін шағын бизнестің қалыптасу және оның даму заңдылықтары мәселелерінің нақты жаңашылықтарына қарамастан, кеңестік кезеңдегі экономикалық әдебиеттерде маңызды және жинақтап қорытындыланған еңбектер бар. Ауыл шаруашылығында шағын бизнестің теориялық негіздері, шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру және кооперациялау мәселелері орыс ғалымдары А.В. Чаянов, М. И. Туган- Барановский, В. И. Лениннің еңбектерінде көрсетілген.

Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуімен байланысты кәсіпкерлік сипаты жаңа тұрғыдан қарастырылып, белгілі бір деңгейлерде зерттелінуде. Соңғы жылдары отандық экономикалық әдебиеттерде А. Блиновтің, А.В. Бусыгиннің, Н.А. Поповтың, А. Шульстың еңбектері жарық көрген. Сондай-ақ, оның даму ерекшеліктері қазақстандық ғалымдар Ғ. А. Қалиевтің, Я. Ә. Әубәкіровтің, А. Қошановтің, О.С. Сабденнің, К. А. Сағадиевтың, А. Б. Молдашевтің, Ж. С. Сүндетовтың, Қ. Қ. Әбуовтың, Д.Қ. Қабдиевтің, Т.А. Есіркеповтің, Е.Б. Жатқанбаевтің, Ө.К. Шеденовтің, М.Д. Есқалиевтің, А. Н. Тоқсанованың, С. К. Сұрағанованың және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан. Дегенмен, нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде ауылдағы шағын бизнес мәселелерін дүниежүзілік тәжірибелерді пайдалана отырып талдау, сондай-ақ аграрлық секторда қалыптасқан түрлі шаруашылық нысандарында еңбекті ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескеріп, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру, терең зерттеуді талап етеді. Сондықтан да, жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерін басшылыққа ала отырып, ауыл шаруашылығының ерекшеліктерін ескере, автор өз пікірін жаңа тұрғыдан қарастыруды жөн көрді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығындағы шағын бизнестің қалыптасу және даму мәселелерін зерттеу нәтижесінде рыноктік қатынастар жағдайында оны мемлекеттік қолдаудың тиімді бағыттары бойынша нақтылы ұсыныстар жасау болып табылады. Диссертациялық жұмыста қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

  • отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ой-пікірлерін, ғылыми көзқарастарын талдай отырып, экономикада шағын кәсіпкерліктің негізгі бағыттарын жүйелеу және қазіргі кәсіпкерліктің жаңа бейнесінің сипатын анықтау;

  • шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың озық шетелдік тәжірибелерін жүйелеу және аграрлық сектордағы оның ерекшеліктерін нақтылау;

  • қазақстанның ауыл шаруашылығындағы шағын бизнестің даму кезеңдерін сараптау және оның негізгі қозғалтқыш факторларын сипаттау;

  • еліміздегі аграрлық бизнесті мемлекеттік қолдаудың қазіргі жәй-күйін талдау және оның экономикалық нәтижесін анықтау;

  • ауыл шаруашылығындағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын және олардың механизмдерін жетілдіру жолдарын анықтау.

Зерттеу нысаны – рыноктік экономика жағдайында ауыл шаруашылығында шағын кәсіпкерліктің даму үрдістері.

Зерттеудің пәні – ауыл шаруашылығындағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың экономикалық механизмдері.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Диссертациямен жұмыс барысында тақырыпқа байланысты отандық және ТМД ғалымдарының ғылыми еңбек жинақтары, диссертациялар мен монографиялар, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылым деректері және ізденушінің байқаулары қолданылды. Зерттеудің нақты мәліметтер базасын мемлекеттік органдардың жарлықтары мен қаулылары, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы бойынша статистика жөніндегі агенттігінің есеп материалдары құрады. Зерттеу барысында ғылыми жүйелілік қағидалары, абстрактілі-логикалық және экономикалық статистикалық талдаудың дәстүрлі: салыстыру, құрылымдық, топтастыру, сонымен бірге монографиялық және сараптық-бағалау әдістері қолданылды.

Зерттеу барысында алынған нәтижелердің ғылыми жаңалығы:

  • экономикадағы шағын бизнестің ғылыми – теориялық негіздері, оның аграрлық саладағы ерекшеліктері және нарықтық жағдайға бейімделуі автордың өз тұжырымдамаларымен берілген;

  • нарықтық экономика дәуірінде өркендеген шетелдік озық тәжірибелері негізінде ауылдағы шағын бизнестің қалыптасу, даму және қызмет ету механизмдері қарастырылып, оның қызметін тиімді жүргізуге негіз болатын факторлар, нарықтық механизмдер, мүдде және мемлекеттік қолдаулар жүйесінің икемділігі мен нәтижелігі анықталды;

  • ауылдағы шағын бизнестің даму кезеңдері нақтыланып, олар алғаш рет өрістеу және өркениетті өсу бағыттары шағын бизнестің маңыздылығына авторлық қорытынды жасалды;

- ауылдағы шағын бизнестің негізгі субъектілері – шаруа (фермер) қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарын мемлекеттік қолдаудың толықтырылған жүйесі мен оны жүзеге асырудың жаңа бағыттары және әдістемелері берілді;

- рыноктік экономика жағдайында ауылдағы шағын бизнестің тиімділігін арттыруға зор әсер ететін тұтынушылық, қызмет етуші және несиелеу кооперативтерінің авторлық модельдері ұсынылды.

Жұмыстың қолданбалы құндылығы - диссертациялық зерттеулер негізінде, ауыл шаруашылығындағы шағын бизнестің, әсіресе шаруа (фермер) қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарының нарықтық жағдайда дамуын күшейтуге бейімделген мемлекеттік қолдау жүйесінің нақтылы бағыттары анықталған. Ғылыми еңбектің материалдары мен нәтижелері, онда берілген қорытындылар мен жаңалық әдістемелер экономика саласында шағын бизнестің теориялық негіздері мен практикалық қызметтерін жетілдіруге, экономикалық білім беру жүйесінде – орта және жоғары оқу орындарында мамандандырылған курстарға әдістемелік негіз және дәріс ретінде пайдалануға болады.


Қорғауға шығарылатын негізгі қағидаттар:

- өркениетті қоғамға тән үрдістің бірі - бизнеспен айналысу толқыны.
Рыноктік қатынастар жағдайында бизнестің экономикалық
даму бағыты адамның танымдық әрекетінің дамуымен адамдық және табиғи бірлігін ұғыну ықпалында болуы тиіс. Шағын бизнесте іскер адам өзінің еңбек және шығармашылық жеке қызметінің нәтижесінде экономикалық тиімділікке қол жеткізеді;

- аграрлық сектордағы шағын бизнесті ұйымдастыруда ауыл шаруашылық ерекшеліктері мен басқа қолайсыз жағдайларды бәсеңдетуші әртүрлі факторлар топтарын есепке алу қажеттілігі туындайды. Әсіресе, ғылыми-техникалық прогресс адамзаттың өмір үлгісіне мәнді ықпал етеді, осы кезде әлеуметтік-экономикалық даму жаңа мазмұнға ие болады;

- еліміз Ресей және Белоруссиямен кедендік одаққа кірді, Бүкіл әлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіру табалдырығында тұр, ол кезде бір жағынан, ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін шетелдік рыноктардың ашылатыны жақсы, бірақ, екінші жағынан импорттық өнімдердің зор ағысы, оның үстіне жоғары сапалы, әрі әдемі орамдағы ауыл шаруашылық өнімдері көптеп пайда болады. Осы жағдайдағы басты міндет - еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен аграрлық секторының тиімді даму мүмкіндігін сақтай отырып, тауарлар мен қызметтердің әлемдік рыногына нақты қол жетімділікті қамтамасыз ету. Сондықтаншағын бизнестің субъектілері өндірген өнімдердің сапасы халықаралық стандарттар деңгейіне жетіп, оны тиімді өткізу;

- ауыл шаруашылығын тұрақтандыру және оның бәсекелестігін күшейту кезеңінде тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан қолдау жүйесін жетілдірудің маңызы зор. Алайда қазіргі кезде, ауылдағы шағын бизнес мемлекет тарапынан және жергілікті билік органдарынан қажетті қолдау таппай отыр. Ауыл аймақтарын дамытудың экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге олардың аз қатысатындығы, сондай-ақ, жергілікті мемлекеттік билік орындарында оларды шешуге қажетті ақша қаражаттарының жеткіліксіздігі, олардың іс-әрекеттерінің тиімсіздігі ауылдағы мемлекеттік басқаруды жетілдіруді және жергілікті өзін-өзі басқару институтының енгізілуін керек етеді.

- аграрлық секторда кооперация негізінде шаруа (фермер) қожалықтарын және жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге болады. Тұтынушылық, қызмет көрсету және ауылдық несие кооперативтері өзара бірлесіп маманданған, жаңа техника мен технология қолдана алатын және аралық өнім түрлерін өндіретін, өңдейтін, өткізетін өндірістер мен қызметтерді ұйымдастыруға және олардың бәсекелестігін арттыруға мүмкіндік береді.

Осы жоғарыда аталған көзқарастарды ескере отырып, диссертациялық жұмыс шеңберінде ауылдағы шағын бизнестің теориялық және практикалық мәселелерін, оның экономикалық өркендеуін және дамуын, ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық дәрежесін көтеруге әсері бар негізгі жолдарын анықтауға талаптанып, мақсат еттік.


Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысының алдына қойылған мақсат пен міндеттерге жету логикалық бағытпен жазылған кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және кестелер мен суреттерден құралған беттерден тұрады.

Зерттеу нәтижесінің тәжірибеде тексерілуі (апробация). Диссертациялық зерттеудің негізгі ғылыми нұсқаулары мен нәтижелері Ресейдің Санкт-Петербург қаласында, Басқару институтында, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-де өткен халықаралық, республикалық ғылыми-теоретикалық конференцияларында талқыланды және оң бағаға ие болды.

Жарияланымдар. Диссертациялық жұмыс бойынша 10 ғылыми жұмыс, оның ішінде 4 ғылыми мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен басылымдарда, 6 мақала халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар материалдарында жарық көрді.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, ұсыныстар берілген қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуы ең алдымен рыноктік ортаны құрайтын әр алуан түрлі бизнестің дамуымен тікелей байланысты, яғни шынайы экономикада қоғамдық қажеттіліктердің өзгерісіне тез әсер етушілік және қозғалмалылық қажет. «Бизнес» - бұл барлық өндіріске қатысушылардың арасындағы icкepлiк қарым-қатынас және тауарларды тұтынуға жеткізу болып табылады. Бұл жерде іскерлік қарым-қатынас - классикалық саяси экономияда өндipicтiк қатынас деп аталатын қоғамдық құбылыстың бір көрінісі.

Шағын бизнес - рыноктік экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Ол бизнес – талап, рыноктік ұсыныс, сұраныс және бәсеке арқылы рыноктік механизмнің әрекеттерін толықтырады және жетілдіреді, яғни монополизмді залалсыздандыра отырып, рыноктік механизмнің әрекет етуіне ықпалын тигізеді. Кәсіпкерлік пен бәсекелестіктің әсерінен рыноктік механизм экономикалық қатынастардың дамуына үлесін қосады. Мұнда өндірістік қызмет экономикалық жағынан әлсіз, әрекет етуге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның орнына олардың тиімді қызмет ететін болашағынан үміт күттіретіндеріне қолайлы жағдай жасайды.

Адам жаңа кәсіпорынды құрып дамытқанда, рынокты жаулап алудың жолын тапқанда, бизнесті бұрынғы идеяларынан басқа жаңаша тәсілмен жүзеге асырғанда кәсіпкерліктің өзінше орны пайда болады. Ендеше шағын бизнестің дамуы кәсіпкерлікпен тығыз байланысты. «Кәсіпкер» деген ұғымның өзі «шағын бизнесті басқарушы» деген мағынаны білдіреді.

Аграрлық секторда негізінен осы бағыттағы бизнес ерекше орын алады. Олардың ерекшеліктері 1 суретте көрсетілген.

Шағын бизнес- ұйымдастырудағы негізгі ерекшеліктер

Сапалы мамандандыру, сақтандыру, бизнес инфрақұрылымы, МТС, агротехникалық шара




Интесивті технология, ауыл шаруашылық техникасының мамандандырылған жиынтығы



  1   2   3

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Касимбекова Мейрамкул Алдашевна Ауылдағы шағын бизнестің дамуын мемлекеттік қолдауды жетілдіру (Қарағанды облысының мал шаруашылығы негізінде) iconОңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
Оңтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығы дәстүрлі түрде дамыған және мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін өңірлердің бірі болып...
Касимбекова Мейрамкул Алдашевна Ауылдағы шағын бизнестің дамуын мемлекеттік қолдауды жетілдіру (Қарағанды облысының мал шаруашылығы негізінде) iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді...
Касимбекова Мейрамкул Алдашевна Ауылдағы шағын бизнестің дамуын мемлекеттік қолдауды жетілдіру (Қарағанды облысының мал шаруашылығы негізінде) icon«Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы»
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2560 шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл...
Касимбекова Мейрамкул Алдашевна Ауылдағы шағын бизнестің дамуын мемлекеттік қолдауды жетілдіру (Қарағанды облысының мал шаруашылығы негізінде) icon«Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы»
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2571 шешімдеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл...
Касимбекова Мейрамкул Алдашевна Ауылдағы шағын бизнестің дамуын мемлекеттік қолдауды жетілдіру (Қарағанды облысының мал шаруашылығы негізінде) iconҚарағанды облысының 2004-2006 жылғы Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасы
«ҚР Үкіметінің 2003-2006 жылғы жоспарлы бағдарламаның орындалуы туралы» қаулысына сәйкес
Касимбекова Мейрамкул Алдашевна Ауылдағы шағын бизнестің дамуын мемлекеттік қолдауды жетілдіру (Қарағанды облысының мал шаруашылығы негізінде) iconБағалық ұсыныстарды сұрату әдісі арқылы тауар, жұмыс және қызмет көрсетуге мемлекеттік көтерме сатып алу қорытындысын бекіту туралы шешім
Р бғм балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мм, Қарағанды қ., Әлиханов...
Касимбекова Мейрамкул Алдашевна Ауылдағы шағын бизнестің дамуын мемлекеттік қолдауды жетілдіру (Қарағанды облысының мал шаруашылығы негізінде) icon«Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мм-нің Веб-сайтында орналастыру үшін электрондық хабарландыру
Тапсырыс беруші: «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мм, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 61, тел. 8 (7182) 323081,...
Касимбекова Мейрамкул Алдашевна Ауылдағы шағын бизнестің дамуын мемлекеттік қолдауды жетілдіру (Қарағанды облысының мал шаруашылығы негізінде) iconҚарағанды облыс әкімінің "Қайнар" жастар сыйлығы
Сыйлық мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, облыстың жастар қозғалысының дамуын ынталандыру мақсатында тапсырылады
Касимбекова Мейрамкул Алдашевна Ауылдағы шағын бизнестің дамуын мемлекеттік қолдауды жетілдіру (Қарағанды облысының мал шаруашылығы негізінде) iconҚарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасының
Агроөнеркәсіптік кешен саласының бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейіне қол жеткізу мен экономикалық өсуіне ықпал ету мақсатында...
Касимбекова Мейрамкул Алдашевна Ауылдағы шағын бизнестің дамуын мемлекеттік қолдауды жетілдіру (Қарағанды облысының мал шаруашылығы негізінде) iconКөкібел ауыл округі әкімі аппаратының «Мал басы жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуінің регламенті
Мал басы азаматтардың шаруашылықтарындағы мал мен құстың нақты бары туралы мәлімет
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница