Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының




Скачать 97.03 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының
Дата конвертации08.02.2013
Размер97.03 Kb.
ТипДокументы







Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының

2011 жылғы « »

№ бұйрығымен

бекітілген



Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ереже


1. Жалпы ережелер


1. «Тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тұрғын үй инспекциясы) тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

3. Тұрғын үй инспекциясы 20__ жылғы «__» __________ № ______ шешіммен құрылды.

5. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ тұрғын үй инспекциясына қатысы бойынша коммуналдық меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыратын орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы (тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте кондоминиум объектілері болған кезде) (бұдан әрі – құрылтайшы) болып табылады.

5. Тұрғын үй инспекциясының толық атауы:

мемлекеттік тілде – «Тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде – Государственное учреждение «Жилищная инспекция».

Тұрғын үй инспекциясы:

аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігінің деңгейінде (тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте кондоминиум объектілері болған кезде) Тұрғын үй бөлімдері түрінде құрылады.

Тұрғын үй инспекциясының құрылымы мен шекті штат санын «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысымен бекітілген олардың штат санының лимиті шегінде жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

Тұрғын үй инспекциясы басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушы) бола алмайды.

6. «Тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері _____________________.


2. Тұрғын үй инспекциясының заңдық мәртебесі


7. Тұрғын үй инспекциясы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін құрылды деп саналады және заңды тұлғаның құқығын иеленеді.

8. Тұрғын үй инспекциясының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбалары, сондай-ақ банктерде шоттары болады.

9. Тұрғын үй инспекциясы өзінің иелігіндегі ақшаға өз міндеттемелері бойынша жауапты болады.

10. Тұрғын үй инспекциясы азаматтық-құқықтық мәмілеге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерде міндетті тіркеуден өткенен кейін түседі.


3. Тұрғын үй инспекциясының міндеттері, функциялары және өкілеттігі


11. Тұрғын үй инспекциясының міндеті тұрғын үй қорының саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

12. Тұрғын үй инспекциясының негізгі функциясы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне тұрғын үй инспекциясының лауазымды тұлғаларының тексеру жүргізуі болып табылады.

13. Тұрғын үй инспекциясының негізгі өкілеттігіне мыналар жатады:

1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;

2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;

3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;

4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу.

14. Тұрғын үй инспекциясы өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:

1) кондоминиум объектісінде және үйдің маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;

2) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына;

3) кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп-ұсау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына;

4) тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

5) қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға;

6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.

15. Тұрғын үй инспекциясы тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты күтіп-ұстау және коммуналдық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты пайдаланатын азаматтарға консультациялық көмек көрсетеді.

16. Тұрғын үй инспекциясы лауазымды адамдарының:

1) тексеру жүргізген уақытта қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге баруға;

2) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға;

3) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 43-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысына кооператив басқармасының төрағасы қызметіне кандидатура ұсынуға;

4) тексеруді «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес жүргізуге;

5) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;

6) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;

7) тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасауға;

8) Осы Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережеге қосымшаға сәйкес тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығаруға құқығы бар.

17. Тұрғын үй инспекциясына жарғыда (ережеде) бекітілген өзінің қызметінің мәні мен мақсатына жауап бермейтін қызметі жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға жол берілмейді.


4. Тұрғын үй инспекциясын басқару


18. Тұрғын үй инспекциясына жалпы басқаруды құрылтайшы жүзеге асырады.

19. Құрылтайшы мынадай функцияларды жүзеге асырады.

1) тұрғын үй инспекциясына мүлікті бекітіп береді;

2) тұрғын үй инспекциясын қаржыландырудың жеке жоспарын жасайды;

3) тұрғын үй инспекциясына берілген мүлікті сақтауға бақылауды жүзеге асырады;

4) тұрғын үй инспекциясының ережесін (жарғысын) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

5) тұрғын үй инспекциясының құрылымын, оны қалыптастыру тәртібін және тұрғын үй инспекциясы органының өкілеттік мерзімін, тұрғын үй инспекциясының шешім қабылдау тәртібін белгілейді;

6) тұрғын үй инспекциясы басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқарып отырған лауазымнан босату негіздерін белгілейді;

7) мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, тұрғын үй инспекциясының құрылымын және шекті штат санын бекітеді;

8) тұрғын үй инспекциясы басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

9) жылдық қаржылық есепті бекітеді;

10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға тұрғын үй инспекциясына берілген немесе олардың жеке шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісім береді;

11) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады (жергілікті атқарушы орган коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды).

20. Тұрғын үй инспекциясының басшысын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімі қызметке тағайындады және қызметтен босатады.

21. Тұрғын үй инспекциясының басшысы тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкіміне тікелей бағынады және тұрғын үй инспекциясына жүктелген міндеттерді орындау және олардың өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.

22. Тұрғын үй инспекциясы қызметін жүзеге асырған кезде тұрғын үй инспекциясының басшысы:

1) тұрғын үй инспекциясының атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда тұрғын үй инспекциясының мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) тұрғын үй инспекциясының іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың басқа да түрлері бойынша тәртіп пен жоспарларды бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады;

8) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімі тағайындаған қызметкерлерді қоспағанда, тұрғын үй инспекциясының қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) тұрғын үй инспекциясының қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

10) өзінің орынбасарының (орынбасарларының) және тұрғын үй инспекциясының өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді.

23. Тұрғын үй инспекциясының әрбір инспекторында жеке мөртаңбасы болады.


5. Тұрғын үй инспекциясының мүлкін ұйымдастыру тәртібі


24. Тұрғын үй инспекциясының мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, оның құны өзінің балансында көрсетіледі. Тұрғын үй инспекциясының мүлкі:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметі нәтижесінде ие болған мүлік;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

25. Тұрғын үй инспекциясы мемлекеттік коммуналдық меншік болып табылады және оған жедел басқару құқығы тиесілі.

26. Тұрғын үй инспекциясы өзіне бекітіліп берілген мүлікті және өзіне смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығармайды немесе оған өзгеше әдіспен билік ете алмайды.

27. Тұрғын үй инспекциясының қызметі республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігінің бюджетінен қаржыландырылады.

28. Тұрғын үй инспекциясы бухгалтерлік есеп жүргізеді, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және бюджеттік есеп, қаржы және бюджеттік есеп беру саласындағы заңнамасына сәйкес есеп береді.

29. Тұрғын үй инспекциясының қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді және ревизия жүргізуді құрылтайшы жүзеге асырады.


6. Тұрғын үй инспекциясының жұмыс режимі


30. Тұрғын үй инспекциясының жұмыс режимі дүйсенбі-жұмада сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс: сенбі, жексенбі, мереке күндері.


7. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжатына өзгерістер

мен толықтырулар енгізу тәртібі


31. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі.

32. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тіркеледі.


8. Тұрғын үй инспекциясын қайта ұйымдастыру және тарату


33. Тұрғын үй инспекциясын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


___________________________






Тұрғын үй инспекциясы

туралы үлгі ережеге

қосымша


Нысан

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін

күтіп-ұстау қағидаларын бұзу жөніндегі нұсқама


20__жылғы «___» _____________ № _______________


Тұрғын үй қоры саласындағы заңнаманы сақтау бойынша инспекциялық тексеруді жүзеге асырған кезде _________________________________________

____________________________________________________________________

(объектінің атауы, орналасқан жері,

____________________________________________________________________

кондоминиумды басқару органы туралы мәлімет)

Мен ___________________________________________________________

____________________________________________________________________

(нұсқаманы жасаған тұрғын үй инспекциясы органы маманың лауазымы, аты-жөні)

кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық тексеру саласында ______

____________________________________________________________________

_____________________________________________________ бұзушылықтарды анықтадым.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 41-2-бабының негізінде мынадай іс-шараларды орындауға ТАПСЫРМА БЕРЕМІН:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(Заңның 41-2-бабының 4) тармақшасына сәйкес)

Осы нұсқаманы орындау туралы ақпаратты 20__жылғы «__» ____________ дейін __________________________________________________

_________________________________________________________ ұсыну қажет.

(мекенжайы және кабинеттің нөмірі)


Заңның 41-1 және 41-2-баптарына сәйкес осы нұсқаманың міндетті күші бар.

Нұсқаманы ______________________________________________ жасады.

(тұрғын үй инспекциясы органы қызметкерінің аты-жөні, қолы)

Нұсқаманы ________________________________________________ алды.

(тұрғын үй инспекциясы органы қызметкерінің аты-жөні, қолы)

Нұсқама 2 (екі) данада жасалды)

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының iconҚұрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды
Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті мониторинг...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының icon619 «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі»
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі»
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының iconБюджеттің атқарылуы туралы ақпарат
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі»
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының iconСәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 28 наурыздағы №124 және Қазақстан Республикасы Экономикалық...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының iconҚұрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының
Жер учаскесiн құрылысқа беру туралы аудандық (қалалық) жергілікті атқарушы органдардың шешiмiнің көшірмесі
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының iconҚ аулысы постановление правительства республики казахстан
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру мәселелерi бойынша өзгерiстер...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының iconҚҰрылыс, КӨлік және коммуналдық шаруашылық ЖӨніндегі тұРАҚты комиссия
Тұрақты комиссия құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының қызметтерін жақсарту, халыққа көлік және коммуналдық...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының iconҚазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының
Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің ақпараттандыру...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының iconМетодические указания по выбору, монтажу и эксплуатации приборов коммерческого учета воды в системах водоснабжения и водоотведения
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница