Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі




НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
страница1/9
Дата конвертации11.02.2013
Размер1.47 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі



Академик Е.А.Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті


«БЕКІТЕМІН»


Е.А.Бөкетов атындағы

ҚарМУ ректоры

__________ проф.Е.Қ.Көбеев


«_____»____________2011 ж.


Академик Е.А.Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университетінің

профессорлық-оқытушылар құрамын

аттестаттауды өткізу туралы

ЕРЕЖЕ



(ҚР БҒМ 31.03.2011ж. толықтырулары мен өзгертулерін ескерумен)


Жалпы редакциясын басқарған

заң ғылымдарының докторы, проф.Е.Қ.Көбеев




Қарағанды

2011


Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушы құрамын аттестаттаудан өткізу туралы ереже/з.ғ.д., проф. Е.Қ.Көбеевтің редакциясымен – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2011-85б.


Осы Ереже академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ профессорлық-оқытушылар құрамын аттестаттау тәртібін реттейді және университеттің барлық бөлімшелері үшін негізгі құжат болып табылады. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, ҚР БҒМ 22.01.2010ж. №16 (31.03.2011 жылғы өзгертулермен, толықтырулармен) бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережелеріне сәйкес құрастырылған.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ Ғылыми Кеңесінің 29.08.2011ж. №1 хаттамасының шешімімен бекітілді.


Құрастырушылар:

Р.М.Жұмашев – бірінші проректор, тарих ғылымдарының докторы

С.Т.Каргин оқу ісі жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының докторы

Д.В.Дьяков білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімінің бастығы, филология ғылымдарының кандидаты

Т.В.Гороховская – құқықтық қамтамасыз ету және ішкі аудит бөлімінің бастығы

З.Г.Жұмажанова – Қызметкерлерді басқару басқармасының бастығы


І. Жалпы ережелер

Осы Ереже Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, ҚР БҒМ 22.01.2010ж. №16 (31.03.2011 жылғы өзгертулермен, толықтырулармен) бұйрығымен бекітілген Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережелеріне сәйкес құрастырылған.

1. Аттестаттау мақсаты: педагогикалық қызметкердің кәсіби қызметінің лауазымдық біліктілік талаптарына сәйкестігінің деңгейін анықтау әділетті бағалау.

Аттестаттау міндеттері:

1. академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жағдайында мамандарды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік жасау;

2. педагогикалық қызметкердің лауазымдық мәртебесін анықтау;

3. педагогикалық қызметкердің лауазымында өсуі үшін жағдай жасау;

4. педагогикалық қызметкерлердің кәсіби жетістіктеріне мониторинг жүргізу, және мамандарды негізделген кадрлық іріктеуді жүзеге асыру;

5. педагогикалық қызметкердің кәсіби қызметінің мәселелік аспектілерін, оның кәсіби және мансаптық өсу перспективаларын анықтау;

6. педагогикалық қызметкердің кәсіби қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру.

2. Мақсаттық топ және аттестаттауды өткізу мерзімділігі:

2.1 Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау осы Ережеге, университет ректорының бұйрығына және Қызметкерлер басқармасының күшімен қалыптастырылатын кестеге сәйкес 3 жылда бір рет жүзеге асырылады (1 үлгі).

2.2 Жоғары оқу орнындағы педагогикалық өтілі 3 жылдан кем емес профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар аттестаттаудан өткізіледі.

2.3 Педагогикалық қызметкерді аттестаттау келесі жағдайларда анағұрлым кешірек мерзімге (2 жылға дейін) ауыстырыла алады: а) ұзақ уақытқа еңбек ету қабілетінен айрылу; б) жүктілігіне, босауына және бала күту бойынша демалысында болу; в) шетелде қызметтік іссапарда болу.

2.4 Лауазымдық мәртебесін мерзімінен бұрын жоғарылату (немесе мерзімінен бұрын аттестаттау) құқығымен аттестаттау аралық кезеңде ғылым кандидаты/докторы ғылыми дәрежесін, магистр/PhD доктор/бейіні бойынша доктор академиялық дәрежелерін алған және қолданыстағы Педагогикалық қызметкерлер қызметінің типтік біліктілік сипаттамаларының талаптарына сай келетін педагогикалық қызметкерлер пайдалана алады.

2.5 Осы Ереженің 2.3 тармағында көрсетілген себепті жағдайларсыз өтінішті уақытында тапсырмаған педагогикалық қызметкерлер лауазымында аттестатталмаған болып есептеледі.

3. Аттестаттаудың дайындық кезеңін өткізу тәртібі:

3.1 Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу аттестаттау комиссиясы мен сараптамалық топтың күшімен жүзеге асырылады. Аттестаттау комиссиясының дербес құрамы Ғылыми кеңеспен анықталады және ректордың бұйрығымен бекітіледі.

3.2 Аттестаттау комиссиясы адамдардың тақ санынан тұруы керек және оның құрамына төраға, төраға орынбасары, хатшы және мүшелері кіруі қажет. Аттестаттау комиссиясының мүшелері, проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, университеттің кәсіподақ комитетінің өкілі, жетекші профессорлар мен доценттер бола алады. Аттестаттау комиссиясының міндеттеріне аттестаттау материалдарын қарастыру, педагогикалық қызметкерді қызметінде аттестаттау туралы шешім қабылдау, оның кәсіби қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар шығару енеді.

3.3 Аттестаттау комиссиясының жанында сараптамалық топ құрылады, оның құрамы аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей ректордың бұйрығымен бекітіледі. Сараптамалық топтың құрамына білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімінің мамандары, университеттің жетекші профессорлары мен доценттері кіреді. Сараптамалық топтың міндеттеріне осы Ережеде қарастырылған дайындық рәсімдерін өткізу, аттестаттау комиссиясының қарастыруына ұсынылатын аттестаттау материалдарын жүйелеу және өңдеу жатады.

3.4 Аттестаттау комиссиясы жоспарлық аттестаттаудан өтуге міндетті педагогикалық қызметкерлерге өтініш беру мерзімдері туралы жазбаша хабарлайды.

3.5 Педагогикалық қызметкер белгіленген үлгі бойынша өтінішті аттестаттау комиссиясына төрағаның атына жібереді (2 үлгі).

3.6 Аттестаттау комиссиясының төрағасы аттестаттауға жататын педагогикалық қызметкерлердің тізімдік құрамын университеттің алқалық органына бекітуге ұсынады.

3.7 Университеттің алқалық органының шешімі негізінде аттестатталатын педагогикалық қызметкерлердің тізімдік құрамы мен аттестаттауды өткізу мерзімдері көрсетілген бұйрық шығарылады.

3.8 Аттестаттау рәсімі педагогикалық қызметкердің атқарып отырған немесе мерзімінен бұрын іздену қызметі контекстіндегі кәсіби жетістіктерін талдау негізінде жүзеге асырылады.

ІІ. Педагогикалық қызметкердің атқарып отырған немесе мерзімінен бұрын іздену қызметі контекстінде кәсіби жетістіктерін талдау үшін аттестаттау материалдарын қалыптырастыру тәртібі

4. Аттестаттау материалдарын қалыптастыру дайындық рәсімдерін өткізуге қарай сараптамалық топтың күшімен жүзеге асырылады:

4.1 Аттестатталатын қызметкер туралы қоғамдық пікірді анықтау мақсатында білім алушыларға, кафедра мен факультет басшыларына сауалнама өткізу (3, 4 үлгілер). Сауалнама рәсіміне 20-дан кем емес білім алушы; факультет деканы және кафедра меңгерушісі қатысуы қажет. Аттестаттаудан өтетін декандар мен кафедра меңгерушілері өздеріне қатысты сауалнаманы толтырмайды және сараптамалық топтың құрамына енбейді. Басшы тұрғысынан аттестатталатын деканның қызметін бағалауды кафедра меңгерушісі жүзеге асырады.

4.2 Аттестатталатын оқытушының соңғы 3 жылдағы қызметінің нәтижелерін анықтау мақсатында фактографиялық парақ толтыру (5-5.5 үлгілер). Сараптамалық топтың аталған жұмыс кезеңінде аттестатталатын оқытушы жауапты бөлімшелерге фактографиялық парақты ресімдеу мақсатында растау құжаттарын тапсыруға міндетті. Фактографиялық парақта көрсетілген жауапты тұлғалардың қолдары ҚарМУ Қызметкерлер басқармасының мөрімен расталады.

4.3 Аттестатталатын оқытушының педагогикалық шеберлігінің деңгейін анықтау мақсатында оқу сабақтарына қатысу.

4.4 Қатысқан сабақтарды өткізу сапасының орташа өлшемді көрсеткіштерін анықтау мақсатында сарапшылардың сауалнамаларды толтыруы (6 – 6.5 және/немесе 7 үлгілер).

5. Аттестаттау материалдарын өңдеуге қарай аттестаттау парағын дайындау:

5.1 Факультеттің студенттер және кәсіби ортасындағы педагогикалық қызметкердің қоғамдық рейтингісін анықтау (қоғамдық сауалнамалар негізінде/1 шкала).

5.2 Атқарып отырған немесе мерзімінен бұрын ізденіп отырған қызметін есепке ала отырып педагогикалық қызметкердің кәсіби қызметінің нәтижелілік көрсеткіштерін анықтау (фактографиялық парақ негізінде/2, 3 шкалалар).

5.3 Оқыту сабақтарын өткізу сапасының жалпы көрсеткішін анықтау (сараптамалық сапа сауалнамалары негізінде/4 шкала).

5.4 Қозғалыс үрдісін есепке ала отырып, аттестатталатын педагогикалық қызметкердің соңғы 3 жылдағы кәсіби қызметіне талдау жасау.

5.5 Анықталған көрсеткіштердің нәтиженің жағымды (жоғары, орташа, төмен) және теріс сияқты коэффициенті мен сипаттамасын анықтауға мүмкіндік беретін сәйкестендіру шкаласымен ара қатынасын белгілеу.

5.6 Қоғамдық сауалнамалардың, фактографиялық парақтың, оқыту сапасы сауалнамаларының нәтижелері енетін жиынтық коэффициентін анықтау.

5.7 Жиынтық коэффициенттің «кафедра бойынша лауазымның талаптарына сай» немесе «кафедра бойынша лауазымның талаптарына сай емес» деген екі түрлі қорытындысы бар шешім қабылдау шкаласымен ара қатынасын белгілеу (5 шкала).

5.8 Жалпы мәліметтері, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жетістіктері, қорытынды көрсеткіштердің сипаттамасы, аттестаттау комиссиясының ескертулері, ұсыныстары мен шешімі көрсетілген аттестаттау парағын құрастыру (8 үлгі).

6. Сараптау тобы дайындаған аттестаттау материалдарын қарастыра отырып, аттестаттау туралы шешімді қабылдау:

6.1 Аттестаттау комиссиясының отырысын өткізу, оның аясында аттестаттау материалдары меңгеріледі, шешім жобасы бекітіледі және ұсыныстар әзірленеді. Бұл жағдайда кворум аттестаттау комиссиясының 2/3 мүшесінен кем болмауы тиіс.

6.2 Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ашық дауыс беруін өткізу, оның нәтижелері бойынша «кафедра бойынша лауазымның талаптарына сай» немесе «кафедра бойынша лауазымның талаптарына сай емес» деген шешім қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Дауыс беру нәтижелері мен аттестаттау комиссиясының шешімі хаттама түрінде ресімделеді (9 үлгі).

6.3 Егер оқытушының оқу-әдістемелік жұмысының және/немесе ғылыми-зерттеу жұмысының және/немесе сабақты өткізу сапасының көрсеткіштері төмен немесе теріс нәтиже ретінде сәйкестендірілетін болса, аттестаттау комиссиясы жиынтық коэффициентке қарамастан кафедра бойынша педагогикалық қызметкер лауазымның талаптарына сай еместігі туралы шешім қабылдауға құқылы.

6.4 Даулы жағдайларда аттестаттау комиссиясы отырысқа аттестатталатын оқытушыны, кафедра меңгерушісін шақыруға және аттестатталатын оқытушының ағымдық жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін қосымша материалдарды (оқытушының жеке жоспары, кафедраның өзара қатысу журналы, ашық сабақтардың хаттамалары, алғыс хаттар және т.б.) сұрауға құқылы.

6.5 Педагогикалық қызметкерді лауазымында жоғарылату туралы оң шешім кәсіби өтілі, академиялық мәртебесі және фактографиялық парақ, оқыту сапасы сауалнамасы көрсеткіштерінің сипаттамасы есепке ала отырып қабылдануы керек.

6.6 Оқытушы лауазымындағы педагогикалық қызметкер келесі жетістіктері болған жағдайда аға оқытушы лауазымына ауыстырыла алады: а) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес (соның ішінде оқытушы лауазымында 1 жылдан кем емес) немесе мамандығы бойынша тәжірибелік жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес; б) жоғары кәсіби білім немесе магистр академиялық дәрежесі; в) ғылыми дәрежелері жоқ қатысушыларды бағалауға арналған шкала бойынша «жоғары» деп жіктелетін көрсеткіштер.

6.6.1 Аға оқытушы лауазымындағы педагогикалық қызметкер келесі жетістіктері болған жағдайда доцент лауазымына ауыстырыла алады: а) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес (соның ішінде аға оқытушы лауазымында 1 жылдан кем емес); б) ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және доцент атағы немесе PhD докторы академиялық дәрежесі; в) ғылыми дәрежелері бар қатысушыларды бағалауға арналған шкала бойынша көрсеткіштері орташадан төмен емес.

6.6.2 Доцент лауазымындағы педагогикалық қызметкер келесі жетістіктері болған жағдайда профессор лауазымына ауыстырыла алады: а) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес (соның ішінде доцент лауазымында 1 жылдан кем емес); б) ғылыми дәрежесі, PhD докторы академиялық дәрежесі, профессор ғылыми атағы; в) ғылыми дәрежелері бар қатысушыларды бағалауға арналған шкала бойынша көрсеткіштері жоғары.

6.7 Педагогикалық қызметкерді лауазымында аттестаттау туралы негізделген шешім шығарумен аттестаттау парағының жобасын бекіту.

III. Аттестаттау комиссиясы шешімінің жүзеге асырылу тәртібі

7. Аттестаттау комиссиясының жұмысы аяқталған соң 10 жұмыс күнінің ішінде педагогикалық қызметкерді белгілі лауазымда аттестаттау туралы бұйрық шығарылады.

8. Бұйрық шығарылғаннан кейін 10 жұмыс күнінің ағымында педагогикалық қызметкерге аттестаттау комиссиясының шешімі мен кәсіби қызметін жетілдіру бойынша жасалған ұсыныстар туралы жазбаша ескерту жолданады (10 үлгі).

9. Аттестаттау парағы (8 үлгі), жұмысы туралы сауалнама-пікір (4 үлгі), аттестаттау комиссиясының шешімі туралы ескерту (10 үлгі) Қызметкерлер басқармасына тапсырылады және педагогикалық қызметкердің жеке ісіне орналастырылады.

10. Аттестаттаудың қорытынды материалдары педагогикалық қызметкердің кәсіби қызметін әрі қарай мониторингілеуді ұйымдастыру және жасалған ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында проректорлар мен факультет декандарына жолданады.

11. Аттестаттау комиссиясының «кафедра бойынша лауазымның талаптарына сай емес» шешімі педагогикалық қызметкерді лауазымында түсіруге немесе Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 54 бабы 1 тармағының 3 тт. сәйкес онымен еңбек қатынастарын бұзу үшін негіздеме болып табылады. Мерзімінен бұрын аттестаттаудан өткен педагогикалық қызметкерлерге келетін болсақ, «кафедра бойынша лауазымның талаптарына сай емес» шешімі жоспарлы аттестаттау уақытына дейін бұрынғы лауазымдық мәртебесінің сақталуын білдіреді.

IV. Аттестаттау комиссиясы ұсыныстарының жүзеге асырылу тәртібі

12. Аттестаттау комиссиясының ұсыныстарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар педагогикалық қызметкердің жылдық жеке жоспарларынан көрініс табуы қажет.

13. Аттестаттау комиссиясының ұсыныстарын жүзеге асыру дәрежесі педагогикалық қызметкердің кезекті аттестаттаудан өтуі барысында талданады және шешім шығару кезінде есепке алынады.

ҚОСЫМШАЛАР


НӘТИЖЕЛЕРДІ СӘЙКЕСТЕНДІРУ ШКАЛАСЫ


1 шкала

(3, 4 үлгілерге)


Сауалнама аясында алынған

нәтижелерді сәйкестендіру шкаласы





Сауалнама бойынша балдардың жалпы санының коэффициентке сәйкестігі (max=5)

Жоғары нәтиже

Коэффициент

Орташа нәтиже

Коэффициент

Төмен нәтиже

Коэффициент

Теріс нәтиже

Коэффициент

Білім алушылардың сауалнамасы


13-15

5

7-12

3

3-6

1

3-тен төмен

0

Кафедра және факультет басшыларының сауалнамасы


17-20

5

10-16

3

3-9

1

3-тен төмен

0



2 шкала

(5, 5.1, 5.2 үлгілерге)


Фактографиялық парақ аясында алынған нәтижелерді

сәйкестендіру шкаласы

(ғылыми дәрежесі жоқ педагогикалық қызметкерлер үшін)



Аттестатталушы қызметінің түрі


Фактографиялық парақ бойынша балдардың жиынтық санының коэффициентке сәйкестігі (max=23)

Жоғары нәтиже

Коэффициент

Орташа нәтиже

Коэффициент

Төмен нәтиже

Коэффициент

Теріс нәтиже

Коэффициент

Оқу және

оқу-әдістемелік жұмыс (max=5)

40-49

4

13-21

2

7-12

1

7-ден төмен

0

50 және одан артық

5

22-39

3

Ғылыми-зерттеу жұмысы (max=10)

49-59

9

27-37

5

10-15

1

10-нан төмен

0

60 және одан артық

10

38-48

7

16-26

3

Біліктілікті жетілдіру

(max=5)

5-7

4

2-4

2

1

1

0

0

8 және одан артық

5







Қоғамдық жұмыс (max=3)

5-6

3

3-4

2

1-2

1

0

0



3 шкала

(5.3, 5.4, 5.5 үлгілерге)


Фактографиялық парақ аясында алынған нәтижелерді

сәйкестендіру шкаласы

(ғылыми дәрежесі бар педагогикалық қызметкерлер үшін)



Аттестатталушы қызметінің түрі


Фактографиялық парақ бойынша балдардың жиынтық санының коэффициентке сәйкестігі (max=23)

Жоғары нәтиже

Коэффициент

Орташа нәтиже

Коэффициент

Төмен нәтиже

Коэффициент

Теріс нәтиже

Коэффициент

Оқу және

оқу-әдістемелік жұмыс (max=5)

53-63

4

31-41

2

15-30

1

15-тен төмен

0

64 және одан артық

5

42-52

3

Ғылыми-зерттеу жұмысы (max=10)

87-99

9

62-75

5

35-48

1

35-тен төмен


0


100 және одан артық

10

76-86

7

49-61

3

Біліктілікті жетілдіру

(max=5)

5-7

4

2-4

2

1

1

0

0

8 және одан артық

5







Қоғамдық жұмыс (max=3)

5-6

3

3-4

2

1-2

1

0

0



4 шкала

(6, 7 үлгілерге)


Сабақты өткізу аясында алынған нәтижелерді

сәйкестендіру шкаласы





Оқу сабақтары сапасының сауалнамасы бойынша балдардың жиынтық санының коэффициентке сәйкестігі (max=5)

Жоғары нәтиже

Коэффициент

ОРташа нәтиже

Коэффициент

Төмен нәтиже

Коэффициент

Теріс нәтиже

Коэффициент

Ғылыми дәрежесі бар педагогикалық қызметкер


14-15


5


11-13


3


7-10


1


7-ден төмен


0

Ғылыми дәрежесі жоқ педагогикалық қызметкер


12-15


5


7-11


3


3-6


1


3-тен төмен


0


5 шкала


Аттестаттау туралы шешім қабылдау шкаласы


(max=38)

Коэффициент

Нәтиже сипаттамасы

Шешімдер нұсқасы

20-38

жағымды

сәйкес келеді

20 төмен

теріс

сәйкес келмейді

Үлгілер


1 үлгі


Жоспарлы аттестаттауды өткізу кестесі




Педагогикалық қызметкерлердің

тегі, аты-жөні

Кафедрадағы атқаратын лауазымы

Жоспарлы аттестаттаудан өтетін оқу жылы







































Қызметкерлер басқармасының бастығы (қолы)


2 үлгі

Педагогикалық қызметкердің аттестаттаудан өту туралы өтініші


Аттестаттау комиссиясының төрағасына

_____________________________________

(Төрағаның тегі, аты-жөні, қызметі)

_________________________________________________

(Өтініш берушінің тегі, аты-жөні, лауазымы, кафедрасы )

Күні

өтініш

Менің атқарып отырған______________________ кафедрасының __________________ лауазымын растау (немесе _________ кафедрасының лауазымына жоғарылау) мақсатында мені 20___ жылдың жоспарлы/мерзімінен бұрын аттестаттауға жіберуіңізді сұраймын. Аттестаттау үшін фактографиялық парақта көрсетілген жұмыс нәтижелері негіздеме болады деп санаймын:

Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

I. Жалпы мәліметтер

1.

Туған күні және жылы




2.

Жасы (толық жасы)




3.

Ұлты




4.

Берген орган мен күні көрсетілген жеке куәлік нөмірі




5.

Берілген жылы көрсетілген ғылыми дәрежесі, атағы, наградалары




6.

Педагогикалық еңбек өтілі





II. Білімі*

Оқу орнының атауы

Оқыған кезеңі

Алған мамандығы

Алған біліктілігі (академиялық дәрежесі)


III. Жұмыс өтілі

Жұмыс орны

Атқаратын қызметі

Қызметте болу кезеңі

Ескерту


*Аталмыш кестелерде білім алғаны мен еңбек қызметінің жеке тарихы сипатталады.


Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережелерімен таныстым

«____» _____________20__жыл


Өтініш берушінің қолы

Мәліметтерді растаймын: ҚБ бастығы (қолы)

3 үлгі


Сауалнама

«Білім алушылардың оқытушы қызметіне берген бағасы»



Критерийлер


Иә


Жоқ-

тан гөрі иә

Иәден гөрі жоқ

Жоқ

+1

+0,5

-0,5

0

1

2

3

4

5

1. Пәнді меңгеруі

4

3

2

1

2. Оқу материалының түсінікті болуы

4

3

2

1

3. Оқыту әдістемесін алдын ала ойластыру

4

3

2

1

4. Оқытудың инновациялық түрлерін қолдану (слайдтық дәрістер өткізу, оқытудың техникалық құралдарын қолдану, үлестіру/ көрсету материалдарын, ойын жағдайларын қолдану және т.б.)



4



3



2



1

5. Білім алушыларды электронды ресурстарды қолдануға бағыттау (электрондық оқулықтар, электрондық курстық дәрістер, интернет-ресурстар т.б.)



4



3



2



1

6. Білімді бағалаудағы әділдік

4

3

2

1

7. Аудиториямен байланыс орнату мен өзіне тарту ептілігі

4

3

2

1

8. Тындай білу және әңгіме жүргізу қабылеті

4

3

2

1

9. Өнегелілігі

4

3

2

1

10. Талап қоя білу

4

3

2

1

11. Қақтығысты

1

2

3

4

12. Нақтылық

4

3

2

1

13. Ұқыптылық

4

3

2

1

14. Сіз осы оқытушының басқа оқу курсын тыңдағыңыз келе ме?

4

3

2

1

15. Сіз сынақ пен емтиханды алу мақсатында осы оқытушыға ақша төлеп немесе сыйлық беріп көрдіңіз бе?


1


2


3


4



4 үлгі


Басшының педагогикалық қызметкердің жұмысы туралы

сауалнама-пікірі


Критерийлер

Иә

Жоқ-тан гөрі иә

Иәден гөрі жоқ

Жоқ

+1

+0,5

-0,5

0

1

2

3

4

5

1. Пәнді менгеруі

4

3

2

1

2. Оқу әдістемесін меңгеруі

4

3

2

1

3. Оқытудың инновациялық түрлерін қолдану (слайдтық дәрістер өткізу, оқытудың техникалық құралдарын қолдану, үлестіру/көрсету материалдарын, ойын жағдайларын қолдану және т.б.)



4



3



2



1

4. Білім алушылардың білімін бағалаудағы дұрыс пікір

4

3

2

1

5. Аудиториямен байланыс орната білуі

4

3

2

1

6. Тындай білу және әңгіме жүргізу қабылеті

4

3

2

1

7. Өнегелілігі

4

3

2

1

8. Өзіне талап қоя білуі

4

3

2

1

9. Басқаға талап қоя білуі

4

3

2

1

10. Даулы жағдайларды болдырмауы

4

3

2

1

11. Нақтылық

4

3

2

1

12. Ұқыптылық

4

3

2

1

13. Өзін-өзі ұстай білуі

4

3

2

1

14. Жауапкершілік

4

3

2

1

15. Басшылықпен іскер қарым-қатынас орната білуі

4

3

2

1

16. Адамдарға әділ көзқараспен қарауы

4

3

2

1

17. Жұмысқа қызығушылығы

4

3

2

1

18. Зерттеушілік белсенділігі

4

3

2

1

19. Өзінің кәсіби шеберлік деңгейін жетілдіруге ұмтылысы

4

3

2

1

20. Білім алушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылысы

4

3

2

1
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Атауы: Қаратөбе мектеп-гимназиясының «Ақпарат орталығы» мектепішілік бағдарламасы (әрі қарай бағдарлама)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану және күшін жою туралы
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №515 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Еңбек ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл ой қаблеттілігін көрсетеді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі icon«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Біліктілік талаптар Мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Экономикалық даму және сауда министрлігі
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 3 және 4-тармақтарына...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып пәнді меңгеру процесінде студенттің...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Шетел халықтарының әдебиеті:Үі-хх ғ.ғ Батыс Европа және Америка елдерінің әдебиеті
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница