Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері




Скачать 36.97 Kb.
НазваниеАтом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
Дата конвертации12.02.2013
Размер36.97 Kb.
ТипДокументы









Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар министрі   

міндетін атқарушының
2011 жылғы «___» _____
____

Қазақстан Республикасы   
Экономикалық даму және сауда министрі   

міндетін атқарушының
2011 жылғы «___» _____
____

бірлескен бұйрығымен бекітілген






Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

     1. Осы Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) атом энергиясын пайдалану қызметімен айналысатын ұйымдарды (бұдан әрі – атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілер) тәуекел дәрежесіне жатқызу мақсатында «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 8-бабының 11-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.     

2. Өлшемдерде мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:
тәуекел – атом энергиясын пайдалану саласындағы тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы.

3. Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау мынадай өлшемдерге негізделеді:     

объектінің ықтимал қауіп-қатер бойынша санаты (радиациялық және ядролық);
пайдаланылатын иондаушы сәуле көздерінің қауіп-қатер деңгейі;

атом энергиясын пайдалану саласында жүзеге асырылатын жұмыстардың радиациялық қауіп-қатер деңгейі.     

4. Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілер тәуекел дәрежесіне байланысты жоғары, орташа немесе болмашы тәуекел топтарға бөлінеді.     

5. Жоғары тәуекел тобына ядролық қондырғыларды (реакторлық қондырғылар, энергетикалық реакторлардың ядролық отыны үшін уранның қос тотығынан жасалған таблеткалар шығаратын кәсіпорындар) пайдаланатын, пайдаланылған ядролық отынды тасымалдауды және ұзақ уақыт сақтауды жүзеге асыратын атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілер жатады.

6. Орташа тәуекел тобына:

сәуле терапиясы үшін радиоизотопты иондаушы сәуле көздерін пайдаланатын;
      дефектоскопия жүргізу үшін радиоизотопты иондаушы сәуле көздерін пайдаланатын;
      радиоизотопты иондаушы сәуле көздерін өндіруді жүзеге асыратын;
      ғылыми-өндірістік қызмет үшін қуатты изотопты гамма-қондырғыларды пайдаланатын;
      ұңғымаларда геофизикалық зерттеулер жүргізу үшін радиоизотопты иондаушы сәуле көздерін пайдаланатын;

өз қызметінде өнеркәсіптік радиоизотопты аспаптарды; медициналық изотопты радиофармпрепараттарды пайдаланытын;     

радиоизотопты иондаушы сәуле көздерін тасымалдауды жүзеге асыратын;
      иондаушы сәулені өндіретін қондырғыларды пайдаланатын (зарядталған бөлшектер үдеткіші);     

радиоактивтік қалдықтарды ұзақ уақыт сақтауды (көму) жүзеге асыратын;
      құрамында радиоизотопты иондаушы сәуле көздері бар жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді, оларды монтаждауды, зарядтауды, қайта зарядтауды, жөндеуді жүзеге асыратын атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілер жатады.     

7. Болмашы тәуекел тобына:     

дефектоскопия жүргізу үшін рентген жабдығын пайдаланатын;
      жабдықты рентгентелевизиялық тексеруді пайдаланатын;     

рентген жабдықтарын шығаруды жүзеге асыратын;
рентген жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді, оларды монтаждауды, бөлшектеуді, жөндеуді жүзеге асыратын;     

уранөндіруші өнеркәсіпте қызметті жүзеге асыратын;     

радиациялық оңалтумен және аумақты қалпына келтірумен байланысты қызметті жүзеге асыратын;     

төмен радиоактивті қалдықтарды жинау мен сұрыптауды, белсенділігі төмен радиоактивті заттар мен радиоактивті қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын;     

иондаушы сәуле көздері бар талдама жабдықты (хроматографтар, рентгенфлюоресценттік талдағыштар, спектрометрлер) пайдаланатын;     

атом энергиясын пайдалану саласында қызмет көрсетуді жүзеге асыратын;
     радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтар үшін көлік контейнерлерін, буып-түю кешендерін шығаруды жүзеге асыратын;
      жүргізілген ядролық жарылыстардың нәтижесінде ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағында және басқа аумақта қызметін жүзеге асыратын;     

ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;     

иондаушы сәуле көздерін өткізуді жүзеге асыруды ұйымдастыратын;
      атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметтер үшін мамандар мен персоналды арнайы даярлайтын қызметті жүзеге асыратын атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілер жатады.     

8. Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілер үшін жоспарлы тексерулер жүргізудің кезеңділігі: жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен;   орташа тәуекел дәрежесі кезінде – үш жылда бір реттен;   болмашы тәуекел дәрежесі кезінде – бес жылда бір реттен жиі болмауы тиіс.

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconМедициналық қызмет көрсету бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел деңгейін бағалау критерийлері
Осы медициналық қызмет көрсету бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел деңгейін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер)...
Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің бұйрығы
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін...
Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconТабиғатпайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері және Қоршаған ортаны қорғау саласында тексеру парағы нұсқасын бекіту туралы
Об утверждении Критерии оценки степени риска природопользователей и Формы проверочных листов в области охраны окружающей среды
Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconСәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 28 наурыздағы №124 және Қазақстан Республикасы Экономикалық...
Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconКомитет по государственному энергетическому надзору
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар Министрлігі «Жеке кәсіпкерлік...
Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
Жеке кәсіпкерлік саласында жарылғыш заттарды сақтайтын субъектілерді тексеру парағы
Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері icon2-тарау. Күзет қызметінің субъектілері және олардың жіктелімі
«жеке кәсіпкерлік», «жеке кәсіпкер», «жеке кәсіпкерге», «жеке кәсіпкердің», «жеке кәсіпкерлердің» деген сөздер тиісінше «дара кәсіпкерлер»,...
Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді...
Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconБөлім бастығы Қ. С. Молдакасов Объявление
Жеке тұлғаның жеке меншік құқығына жататын үй немесе, кәсіпкерлік іс әрекетінің субъектісі болып саналмайды
Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері icon«6M060500 ядролық физика» мамандығы бойынша
Ядроның байланыс энергиясы. Меншікті байланыс энергиясы. Ядроның байланыс энергиясының жартылайэмпирикалық Вейцзеккер формуласы....
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница