Қаржы-экономикалық факультеті Автор: Қанатұлы М., Нұрланова С. Н. Ф-710 топ




Скачать 147.33 Kb.
НазваниеҚаржы-экономикалық факультеті Автор: Қанатұлы М., Нұрланова С. Н. Ф-710 топ
Дата конвертации13.02.2013
Размер147.33 Kb.
ТипДокументы
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙДІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ»

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Қаржы-экономикалық факультеті

Автор: Қанатұлы М., Нұрланова С.Н. Ф-710 топ.

Ғылыми жетекші: Омарова А.К., Шакаримова Г.М.


Бұл тақырыптың өзектілігі. 2008-2010 жылдарға арналған ҚР тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның дамуының басты бағыттарының біріне айналуда.

Халықтың барлығын қолжетімді тұрғын үй құрылысының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның құнын арзандатпайынша, тұрғын несиесі мерзімінің ұзартылмайынша және несиелеу мөлшерлемесі төмендемейінше мүмкін емес. Мұндай мақсатқа тек тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесін дамытып, жетілдіру арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Ипотекалық несие – бұл тұрғын үй құрылысына инвестиция тартудың ең тиімді тәсілі. Ипотекалық несиенің халықтың тұрғын үй жағдайының жақсаруына, банктердің тиімді және пайдалы жұмыс жасауына, сондай-ақ еліміздегі құрылыс кешенінің қарқынды дамуына мүмкіндік жасайтынын әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді.

Ғылыми жұмыстың мақсаты. Тұрғын үй саласында нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесінің мазмұны мен құрылымдық элементтерінт нақтылай отырып, ҚР-ғы ЕДБ-ң тұрғын үй саласын ипотекалық несиелеу жүйесін дамыту және жетілдіру жолдарын табу болып табылады.

Ел басымыздың қабылдаған «2030 стратегиясы» бағдарламасына сай қазіргі Қазақстанның экономикасының өсуіне тұрақты ынталандырушы ретінде ипотекалық несиелеудің дамуына үлкен назар аударылуда. Қазақстанда ипотека алғаш рет 1993 жылы ҚР Президентінің жаңа тұрғын үй саясаты, оны іске асыру механизмдері туралы жарғысына байланысты пайда болды.

1995 жылғы 23 желтоқсандағы «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығына сәйкес енгізілді. Осы жарлыққа сәйкес, «Ипотека – кепіл берушінің немесе үшінші бір тұлғаның иелігінде және пайдалануында болатын кепілге салынған жылжымайтын мүлік» деп берілген. Ипотека – бұл салынған мүліктің несие берушіде емес, қарыз алушының қолында қалатын кепілдің түрі.

Қазақстанда ипотекалық несиелеу жүйесінің негізгі элементтері қалыптасқан. Тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесінің негізгі элементіне оның субъектілері жатады, яғни қарыз алушылар; несие берушілер; риэлторлық және сақтандыру компаниялары; инвесторлар; үкімет.

Тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесінің келесі бір элементіне оның объектілері жатады. Ипотекалық несиелеу объектісіне тұрғын үй несиесін 3 түрге бөлуге болады:

  1. тұрғын үй құрылысына арналған жерді сатып алуға берілетін несиелер;

  2. тұрғын үй құрылысына және қайта құруға берілетін несиелер;

  3. тұрғын үйді сатып алуға берілетін несиелер.

Тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесінің келесі элементіне ипотекалық несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейтін тұрғын үй ипотекалық несиелеу принциптері жатады.

Қазіргі тұрғын үй ипотекалық несиелеуді ұйымдастыру принциптеріне: несиенің мақсаттылығы; дифференциялдығы; мерзімділігі; қайтарымдылығы; ақылылығы; несиенің қамтамасыз етілуі жатады.

Тұрғын үй қоры тізімінің 2008 жылғы 1 қаңтарға берген деректері бойынша 15 млн.тұрғыны бар еліміздегі тұрғын үй көлемі 243,0 млн. шаршы метрді, соның ішінде қалаларда – 144,8 млн.шаршы метрді, ауылдық жерлерде – 98,2 млн.шаршы метрді құрайды.

Қазақстандағы тұрғын үй қорының 96,8%-дан астамы жеке меншікте (235,3 млн. шаршы метр) және 3,2%-ы мемлекеттік меншікте (7,7 млн. шаршы метр).

Соңғы 10 жылдағы Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қорының жалпы сипаты 1 кестеде көрсетілген. Бұл кестеден құрылыстың соңғы жылдардағы қарқынымен тұрғын үй қорының апат қауіпі бар 12 млн. шаршы метр құрайтын тұрғын үйлерді жаңарту үшін 4-5 жыл қажеттігін айтуға болады.


1 кесте – 1997-2008 ж.ж. пайдалануға берілген ҚР-ғы тұрғын үй қоры, мың. шаршы метр.

Жылдар

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру (мың. шаршы метр)

1997

3 856

1998

2 322

1999

1 663

2000

1 407

2001

1 344

2002

1 132

2003

1 105

2004

1 218

2005

1 506

2006

1 552

2007

2 111

2008

2 587

Е С К Е Р Т П Е – Статистика жөніндегі ҚР агенттігінің мәліметтері негізінде құрастырылған


Қазақстандағы тұрғын үйлерді пайдалануға беру жағдайы 2 кестеде берілген.


2 кесте – Тұрғын үйлерді пайдалануға беру (жалпы көлемі мың. шақырым метр)

Жылдар

Барлық меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдар

Меншік формаларына қарай

Соның ішінде Халықтың қаражаты есебінен


Мемлекеттік


Мемлекеттік емес

1997

3 856

2 202

1 654

1 057

1998

2 322

925

1 397

764

1999

1 663

556

1 107

628

2000

1 407

293

1 114

699

2001

1 344

229

1 115

851

2002

1 132

174

958

803

2003

1 105

108

997

843

2004

1 318

108

1 210

958

2005

1 502

121

1 381

1 094

2006

1 552

83

1 469

1 159

2007

2 111

273

1 838

1 432

2008

2 587

101

2 486

1 772

Е С К Е Р Т П Е – Статистика жөніндегі ҚР агенттігінің мәліметтері негізінде құрастырылған


Тұрғын үй құрылысына республикамыз бойынша жұмсалынған инвестициялар көлемі 3 кестеде берілген.


3 кесте – Тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялар, млн. тенге.

Жылдар

Барлығы

Соның ішінде

Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар қаражаты

Мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдар қаражаты

Халық қаражаты

2003

13 771

1 146

6 796

5 829

2004

22 435

2 000

13 791

6 644

2005

27 310

4 387

14 906

8 017

2006

36 158

6 862

20 153

9 141

2007

59 524

11 985

34 376

13 163

2008

124 438

25 113

72 954

26 371

Е С К Е Р Т П Е – Статистика жөніндегі ҚР агенттігінің мәліметтері негізінде құрастырылған.


2009 жылдың 1 қаңтарындағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, халыққа тұрғын үй салуға және сатып алуға берілген ипотекалық несиенің жалпы сомасы 99 364 млн. теңге, ал, 2008 жылдың 1 қаңтарында 31 455 млн. теңгені құрайды, соңғы жылдағы көрсеткіш 2007 жылғы 1 қаңтардағыдан 3 есе жоғары немесе ол уақыттағы ипотекалық несиелердің сомасы – 7 632 млн.теңге.

ҚР-ның аймақтары бойынша банктердің берген ипотекалық несиелерінің динамикасы 4 кестеде берілген.


4 кесте – Аумақтар бойынша банктердің халыққа берген ипотекалық несиелері

Аумақтар

01.2007 ж. млн.теңге

01.2008 ж. млн.теңге

01.2009 ж. млн.теңге

Өсуі, (2009/2008), %

Астана қаласы

774

4 331

14 820

3,4

Алматы қаласы

4 030

15 810

49 403

2,6

Ақмола

59

156

492

3,1

Ақтөбе

446

2 449

7 510

3,1

Алматы облысы

31

55

251

4,5

Атырау

372

1 067

2 782

2,6

Шығыс Қазақстан

410

1 428

5 733

4,0

Жамбыл

100

318

646

2,0

Батыс Қазақстан

211

819

2 229

2,7

Қарағанды

232

1 040

4 780

4,5

Қостанай

212

655

1 358

2,1

Қызылорда

31

83

175

2,1

Маңғыстау

324

922

2 476

2,7

Павлодар

141

940

2 140

2,3

Солт. Қазақстан

111

296

1 090

3,7

Оңт. Қазақстан

150

1 085

5 480

5,0

Барлығы

7 632

31 455

99 364

3,1

Е С К Е Р Т П Е – ҚР Ұлттық банкінің статистикалық бюллетенінің мәліметтері негізінде құрастырылған


Жоғарыдағы кестеден соңғы екі жыл ішінде республика аймақтары бойынша банктердің берген ипотекалық несиелерінің көлемі өсіп отырғандығын көруге болады. Әсіресе, Алматы және Астана қалаларының үлес салмағы өте жоғары, айталық 01.2007 жылы Алматы қаласы бойынша 4 030 млн. теңге, Астана бойынша 774 млн. теңге ипотекалық несиесі берілсе, ал 01.2008 жылғы мәліметтер бойынша бұл несиелер көлемі артып, 15 810 және 4 331 млн. теңгені құрады. Ал аталған қалалар бойынша 01.2009 ж. 14 820 және 49 403 млн. теңге сомасында ипотекалық несиелер берілді.

Әр аймақтың ипотекалық несиелеу көлеміндегі үлесінің әр түрлі болуы ол аймақтағы халықтың санымен және ондағы коммерциялық банктердің, олардың филиалдарының қызмет етуімен сипатталады.

2008 жылы ЕДБ мен ипотекалық компаниялардың халықты ипотекалық несиелеу жағдайы 5 кестеде берілген.

Кестеден халықты ипотекалық несиелеудегі 2008 жылдың басында Ипотекалық компаниялардың үлесінің жоғары болып немесе 86,4%, кейіннен ЕДБ-дің берген несиелерінің 13,6%-дан 73,8% артып отырғандығын көреміз.


5 кесте – ЕДБ мен ипотекалық компаниялардың халықты ипотекалық несиелеу жағдайы




03.2008 ж.

06.2008 ж.

09.2008 ж.

12.2008 ж.

млн. теңге

үлесі,

%

млн. теңге

үлесі,

%

млн. теңге

үлесі,

%

млн. теңге

үлесі,

%

Барлығы, соның ішінде:

19281

100,0

29322

100,0

57287

100,0

134670

100,0

ЕДБ-ң несиелері

2624

13,6

7985

27,3

29509

51,5

99364

73,8

Ипотекалық компаниялар несиелері

16657

86,4

21337

72,7

27778

48,5

35306

26,2

Е С К Е Р Т П Е – ҚР Ұлттық банкінің статистикалық бюллетенінің мәліметтері негізінде құрастырылған


Қазақстандағы қазіргі қызмет етіп отырған тұрғын үйді ипотекалық несиелеу механизмі біздің ойымызша жан-жақты жетілдіруді қажет етеді.

Жалпы тұрғын үй процесін қаржыландыруға тоқталсақ, қаржыландыруды екі жақты бөліп қарауға болады: тұрғын үй құрылысын несиелеу және халықтың тұрғын үй сатып алуын ұзақмерзімді ипотекалық несиелеу. Әдетте осы екі қаржыландыру түрлері бір бірінен бөлек болып қалыптасады. Егер бір отбасы өзінің тұрғын үй құрылысын жүргізсе, онда аталған қаржыландыру түрлері бірігеді. Бірақ қарыз алушының тәуекелін төмендету мақсатында бұл екі несиелеуде айырмашылықтар болады. Қазақстанда болашақта тұрғын үйді қаожыландыру жүйесінің, соның ішінде ипотекалық несиелеудің әр түрлі элементтері қалыптасуда.

Тұрғын үйді қаржыландырудың кез келген жүйесі үш қызмет атқарады:

  • тұрғын үй ипотекалық несиелерін қаржыландыруға қажетті қаражаттарды жұмылдыру;

  • несиелерді беру және оларға қызмет көрсету;

  • инвестордың қызметін көрсету.

Жалпы тұрғын үйді несиелеу жүйесінің дамуы, Республикалық бюджеттің және шетел инвестициясын пайдалану механизмдерін енгізу тұрғын үй саласына тиімді қаржы ресурстарын бөлуді қамтамасыз ететін ипотекалық несиелеу жүйесінің қазіргі элементтерін жұмылдырумен тікелей байланысты.


Қорытынды

Ғылыми жұмысымызды қорытындылай келе қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып отырған тұрғын үй құрылыс-жинақ жүйесінің кемшіліктері ретінде келесілерді атауға болады:

  • жас отбасылар немесе баспанасыз адамдар өздерінің 3-5 жылдан соң баспаналы болуын қаламайтындығы;

  • орташа айлық табысы немесе одан т өменгі табысы бар отбасылар жинақтау мерзімі ішінде ай сайын 10 мың теңгеден жинақ жасай алмайтындығы;

  • тұрғын үй бағасының өсуі, немесе оған мемлекеттік органдар тарапынан бақылау болмаған жағдайларда орташа айлық табысы бар отбасының өзіне сатып алатын тұрғын үй құнының 25% жинақтауға мүмкіндік бермейтіндігі;

  • жинақтар бойынша банктің төлейтін 3-4% мөлшерлемесіндегі сыйақысына 7-8% жылдық инфляция тұсында ешқандай да индексациялау механизмі қарастырылмағандығы анықталды.

Осы кемшіліктерді жою мақсатында мынадай шараларды қолдануды ұсынамыз:

  1. Ипотекалық несиелеу жүйесі бойынша:

Бірінші, мемлекет тарапынан тұрғын үй салу бағдарламасының уақытын шектемеу, бюджет мекемесінде жұмыс жасайтын жас отбасыларына әрдайым мемлекет тарапынан қолдау көрсету, тұрғын үйді дамытуға жыл сайын республикалық бюджеттен тиісті қаржыны бөліп отыру қажет.

Екінші, тұрғын үй несиесін беруде мемлекет тарапынан жеңілдіктер ескерілуге тиіс, ол үшін тұрғын үй несиенің пайызсыз беріліп және оның Тұрғын үй құрылыс банкінен берулі жолдарын қарастыру қажет.

Үшінші, несиені қайтаруға байланысты қарыз алушылардың табыс саоығына жеңілдіктер беріп, қайтарылатын несиенің сомасына салық салмаған дұрыс.

Төртінші, демографиялық мәселені шешу үшін көп балалы отбасыларға (4-5 одан көп баласы бар) тұрғын үй несиесін өтеуден босату жолдарын қарастыру қажет.

  1. Тұрғын үй құрылыс-жинақ жүйесі бойынша:

Біріншіден, бастапқы салатын жарна мөлшерін сатып алатын тұрғын үй

құнының 10-15% - на дейін төмендету;

Екіншіден, жинақтау мерзіміне байланысты берілетін несиенің мерзімін ұлғайту қажет, кемінде 30 жылға дейін.

Үшіншіден, халықтың жинағын ынталандыру мақсатында мемлекеттің бюджетінен төленетін сыйақы көлемін тұрғын үй құнының 10% көлемінде белгілеу, одан мемлекеттік бюджет ешқандай ұтылмайды.

Төртіншіден, несиені пайдалану мерзімі барысында жас отбасында дүниеге келетін сәбилерді қолдау мақсатында несиені қайтаруда мемлекет тарапынан 20% жеңілдіктерді қарастыру, бұл өз кезегінде тәуелсіз еліміздегі демографиялық мәселені шешуге ықпал етеді.

Осы жоғарыда аталған ұсыныстар ескеріліп, бекітілген жағдайда ғана халықтың тұрғын үй мәселесі дұрыс жолға қойылып, Қазақстанда тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесі әрі қарай дамитына сеніміміз мол.


Пайдаланылаған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы банкілеріндегі ипотекалық несиелеудің қалыптасуы мен дамуы // Қазақстан жаңа үлгідегі даму жолында: үрдістер, әлеует және өсу иперативі: тақырыбындағы өткен Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ғылыми еңбек жинақтары. – Алматы. – «Экономика» баспасы. – 2001.

  2. Қазақстандағы тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесі // ҚазҰУ хабаршысы. – Экономика сериясы. – 2004. - №5(45)

  3. Ипотекалық несие нарығы – жылжымайтын мүлікті инвестициялау нысаны // ҚазЭУ хабаршысы. – 2004. - №5(40).

  4. Қазақстандағы тұрғын үй құрылысының жағдайын талдау // ҚазЭУ хабаршысы. – 2004. - №6.

  5. Қазақстандағы тұрғын үйді ипотекалық несиелеудің математикалық үлгісі // ҚазҰУ хабаршысы. – Экономика сериясы. – 2005. - №6(52).

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Қаржы-экономикалық факультеті Автор: Қанатұлы М., Нұрланова С. Н. Ф-710 топ icon«экономика және қаржы» факультеті «Экономикалық теория» кафедрасы студент үшін
Мамандығы: 050506 «Экономика», 050507 «Менеджмент», 050508 «Есеп жіне аудит», 050509 «Қаржы», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті...
Қаржы-экономикалық факультеті Автор: Қанатұлы М., Нұрланова С. Н. Ф-710 топ iconМ. Қанатұлы, С. Н. Нұрланова
Так, как динамич­ное и гармоничное развитие общества достигает путем проявления инициативы граждан во всех сферах человеческой деятельности,...
Қаржы-экономикалық факультеті Автор: Қанатұлы М., Нұрланова С. Н. Ф-710 топ iconМ. Қанатұлы, С. Н. Нұрланова
В настоящее время ситуация в кредитной сфере в республике определяется двумя факто­рами. Во-первых, кризисными процессами в экономике,...
Қаржы-экономикалық факультеті Автор: Қанатұлы М., Нұрланова С. Н. Ф-710 топ iconМ. Қанатұлы, С. Н. Нұрланова
Думая о своем будущем, о будущем своих близких, мы пытаемся спланировать ее так, чтобы было как можно меньше неопределенностей и...
Қаржы-экономикалық факультеті Автор: Қанатұлы М., Нұрланова С. Н. Ф-710 топ iconI Әлемдік экономикадағы халықаралық қаржы капиталы қозғалысының либерализациядағы даму ерекшеліктері II
Республикасының әлемдік экономикалық қоғамдастыққа тең құқықты мүше ел болып кіруі одан, яғни, Қазақстан Республикасынан басқа елдердегі...
Қаржы-экономикалық факультеті Автор: Қанатұлы М., Нұрланова С. Н. Ф-710 топ iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
Экономикалық жүйе теориясының әдістемелік негіздері. Негізгі экономикалық жүйелер мен оларды дамыту заңдылықтары. Экономикалық жүйені...
Қаржы-экономикалық факультеті Автор: Қанатұлы М., Нұрланова С. Н. Ф-710 топ icon5B060100 Математика мамандығының студенттеріне арналған Қаржы тәуекелдер бағалау әдістері
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Қаржы-экономикалық факультеті Автор: Қанатұлы М., Нұрланова С. Н. Ф-710 топ icon«Топ-100» бағдарламасы «Топ-100» бағдарламасының мақсаты
Студенттер шешім қабылдау, сонымен қатар қойылған мақсатқа жетудің тиімді тәсілдерін үйренеді. «Топ-100» бағдарламасында медициналық...
Қаржы-экономикалық факультеті Автор: Қанатұлы М., Нұрланова С. Н. Ф-710 топ iconЖылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының
Қаржы-экономикалық факультеті Автор: Қанатұлы М., Нұрланова С. Н. Ф-710 топ iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің
Экономикалық саясат және жылдар бойынша бөліп көрсете отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуыдың болжамы
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница