Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы




НазваниеХалықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
страница1/7
Дата конвертации14.02.2013
Размер0.66 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 07.12.2012 12:30:35

Жариялануы: «Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 6 желтоқсан


Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1271 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

2) «Жобаларға, өнімге, жұмыстарға және қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

3) «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 8 қазандағы

№ 1271 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


 

1. Мемлекеттік қызметті:

1) Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан, тел. 8 (7172) 74-30-66, интернет-ресурстың мекенжайы: www.mz.gov.kz, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің тапсырмалары бойынша орындалатын мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ төмен тұрған органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуіне шағымды қарау кезіндегі жағдайларға сәйкес;

2) байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің департаменттері (бұдан әрі - Департаменттер) көрсетеді.

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны Департаменттер республикалық бюджеттен қаржыландырылатын объектілерге және шетелдің қатысуымен өнеркәсіп объектілеріне береді;

3) мекенжайлары www.mz.gov.kz  интернет-ресурсында көрсетілген олардың аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) көрсетеді.

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны аумақтық бөлімшелері (аудандық, қалалық) ауданның (қаланың) аумағында орналасқан объектілерге береді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабы 1-тармағының 45) тармақшасы, 62-бабының 8-тармағы және «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 бұйрығы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Комитеттің, Департаменттердің, аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурсында, байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің, Департаменттердің және мекенжайлары www.mz.gov.kz  интернет-ресурсында көрсетілген аумақтық бөлімшелердің ғимараттарында орналастырылған стенділерде орналастырылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны Комитеттің, Департаменттің, аумақтық бөлімшенің ресми бланкісінде (қағаз тасымалдағышта) беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) Кодекстің 62-бабының 8-тармағында және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 838 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесінде және эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесінде көрсетілген объектілерге көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап - 15 жұмыс күні (он бес жұмыс күні);

2) құжаттарды тапсыру үшін кезекте күтудің барынша рұқсат етілген уақыты 30 минуттан (отыз минут) аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алу кезінде барынша рұқсат етілген уақыт 30 минуттан (отыз минут) аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда,  күнделікті сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін ұсынылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылмай және жедел қызмет көрсетілмей, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Комитетте, Департаменттерде, аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған орындар, қауіпсіздік талаптарына жауап беретін үй-жайлар, күту және құжаттарды толтыру орындары болады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалған. Осы орындар қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің үзінділері (үзінді көшірмелері) бар стенділермен жабдықталған.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды:

1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;

2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарына хабарлама ресімдеу үшін шаруашылық жүргізуші субъектінің ұйымдастыру-құқықтық нысанын растайтын құжаттарды;

3) объектінің мақсатты қолданылуын және меншік құқығын немесе пайдалануға және/немесе басқаруға жол беретін өзге де құқықты растайтын құжаттарды;

4) зертханалық зерттеулердің хаттамаларын ұсынады.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштің нысанын Комитеттің, Департаменттің, аумақтық бөлімшенің уәкілетті лауазымды адамынан немесе www.mz.gov.kz  интернет-ресурсының мекенжайы бойынша алуға болады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштің толтырылған нысанын мемлекеттік қызметті алушы байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің, Департаменттердің немесе мекенжайлары www.mz.gov.kz  интернет-ресурсында көрсетілген аумақтық бөлімшелердің кеңселеріне ұсынады.

14. Мемлекеттік қызметті алушыға:

1) сұралатын мемлекеттік қызметтің түрін;

2) қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;

3) құжаттарды қабылдау күнін (уақытын);

4) тікелей өтініш берген тұлғаға немесе оның ресми сенімді тұлғасына (өкіліне) мемлекеттік қызметті алу күнін және орнын;

5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттар қабылданғаны туралы осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі.

15. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны беру тікелей өтініш берген тұлғаға немесе оның ресми сенімді тұлғасына (өкіліне) жүзеге асырылады, ол туралы тиісті жазба жасалады.

16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1) осы стандарттың 11-тармағында көзделген толық құжаттар пакетінің ұсынылмауы;

2) егер өтініште көрсетілген объект санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісі болып табылмаса.

Комитет, Департамент немесе аумақтық бөлімше құжаттар тапсырылған сәтінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы жазбаша хабарлайды.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Мемлекеттік қызмет көрсететін Комитеттің, Департаменттің, аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдары өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1) кішіпейіл болу, өзінің лауазымдық жағдайына назар аудартпау және оны пайдаланбау;

2) сыпайы және әдепті болу;

3) құжаттарды қарау кезінде төрешілдікке және көпке созуға жол бермеу, белгіленген мерзімде олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;

4) мемлекеттік қызметті тұтынушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызмет көрсететін Комитеттің, Департаменттің, аумақтық бөлімшенің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

20. Байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің, Департаменттің немесе мекенжайы www.mz.gov.kz  интернет-ресурсында көрсетілген аумақтық бөлімшенің уәкілетті лауазымды тұлғасы әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағым дайындауға көмек көрсетеді.

21. Комитет көрсеткен мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым мына: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі ғимаратының № 5 кіреберісі, телефон: 8(7172) 74-32-40, № 1003 кабинет, интернет-ресурс: www.mz.gov.kz  мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің атына беріледі.

Комитеттің, Департаменттің немесе аумақтық бөлімшенің лауазымды тұлғасы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Комитеттің, Департаменттің немесе аумақтық бөлімшенің басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін. Комитеттің, Департаменттер басшыларының байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада, ал аумақтық бөлімшенікі - www.mz.gov.kz  интернет-ресурсында көрсетілген.

22. Комитеттің, Департаменттің немесе аумақтық бөлімшенің қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Комитеттің, Департаменттің немесе аумақтық бөлімшенің басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін. Комитеттің, Департаменттер басшыларының байланыс деректері осы стандартқа 
  1   2   3   4   5   6   7

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы icon1. Жалпы ережелер
Обаға қарсы ұйымдар, ал олар болмаған жағдайда – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның...
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің бұйрығы
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін...
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы icon2012 жылғы 10 қыркүйек №1173 Астана, Үкімет Үйі Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
«Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы»...
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы iconШетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою және миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі №75 қаулысы
Кіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» №558, 2007 жылғы 30 маусымдағы «Заңды...
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы icon«Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы»
«Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге
Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын...
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы icon«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесін бекіту туралы»
«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы...
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы iconМемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінде ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 28 қыркүйектегі №554 Бұйрығы
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы iconЖергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
Бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру...
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы iconЖергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
Азақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница