Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы




Скачать 58.97 Kb.
НазваниеЖылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы
Дата конвертации15.02.2013
Размер58.97 Kb.
ТипДокументы
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 13.09.2012 15:37:00


Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының

2008 жылғы 22 тамыздағы № 129 Қаулысы

 

Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 213 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4427 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

5. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

 

Төрайым

Е. Бахмутова

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы

нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының

2008 жылғы 22 тамыздағы

129 қаулысымен бекітілген

 

Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын

қаржы құралдарының тізбесі

 

1. Мынадай халықаралық қаржы ұйымдары айналысқа шығарған бағалы қағаздар:

Халықаралық қайта құру және даму банкі;

Еуропалық қайта құру және даму банкі;

Америкааралық даму банкі;

Халықаралық есеп айырысу банкі;

Азия даму банкі;

Африка даму банкі;

Халықаралық қаржы корпорациясы;

Ислам даму банкі;

Еуропа инвестициялық банкі.

2. «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе «Moody's Investors Service», «Fitch» агенттіктерінің немесе олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары.

3. «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе «Standard & Poor's» агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары.

4. Қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші және/немесе екінші санатына кіргізілген заңды тұлғалардың акциялары.

5. Жылжымайтын мүлік қорының акциялары және еншілес ұйымдарының жарғы капиталындағы қатысу үлестері.

6. Шетелдік мемлекеттердің бағалы қағаздары және «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттердің қаржы агенттіктерінің агенттік облигациялары.

7. «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары.

8. Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе «Standard & Poor's» агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzB-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары.

9. Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің «бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» шағын санатына кіргізілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары.

10. Базалық активі қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші және/немесе екінші санатына кіргізілген заңды тұлғалардың акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар.

11. Базалық активі «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар.

12. Базалық активі «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе «Standard & Poor's» агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzBВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар.

13. Мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар:

банктердің «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе «Standard & Poor's» агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzBB»-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар;

банктер «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «A-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес-бас банктің резидент-еншілес банктері болып табылады;

банктер қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына кіргізілген эмитент-банктер болып табылады.

14. Базалық активі осы тізбеде көрсетілген қаржы құралы болып табылатын хеджирлеу мақсатында сатып алынатын туынды қаржы құралдары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы iconӨскемен қаласында жекешелендіруге жататын коммуналдық мүлік нысандарының тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 2 тармақшасына,...
Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы iconҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы
Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша инвестициялық стратегияны бекіту туралы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негізгі принциптері...
Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде
Азақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15...
Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы icon«Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы

Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы iconКредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы iconЖалға алуға беру қағидасын бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес Қызылорда облысының...
Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы iconЕкінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының барынша төмен мөлшерін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеумен қадағалау агенттігі Басқармасының
Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан банктерiнің есептілікті беру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының Қаржы Нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі
Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы icon«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Меңдіқара ауданы бойынша жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница