Мектеп басшыларына !




НазваниеМектеп басшыларына !
Дата конвертации21.02.2013
Размер58.5 Kb.
ТипДокументы
Мектеп басшыларына !


Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген сын мақалалар, ата –аналардың өтініштері қоғамдық ұйымдардан түсіп жатқан ескертпелерді, сондай-ақ мектеп оқушылары арасындағы орын алып отырған келеңсіз жайттарды саралай келіп төмендегі жұмыстарды жандандыруды ұсынады:

  1. Оқушылардың бойында отанына, еліне, халқына, ана тіліне деген құрмет сезімді тәрбиелеу ( сонғы кезде мектеп оқушылардын қоғамдық жерде, қоғамдық көліқтерде сый – құрмет көрсете алмауы, мәдениетсіз сөйлеуі, отырған жерде қақырынып – түкіру сияқты дөрекі мінез – құлықтарымен жиі көзге түсуі қалыпты жағдайға айналып бара жатыр );

  2. Ер және қыз балалар тәрбиесіне тиісті маңызды іс – шараларды жүйелі турде өткізу, оның ішінде қыз балаларға, ер балаларға және ата- аналарға арнайы ашйқ сынып сағаттарын, жиналысын өткізу ( жалпы оқушылар арасында мәдениеттің төмендеуі; кешкі жиын – тойларға, түңгі клубтарға балалармен жасөспірімдердің баруы; балалардың дәстүрлі мектеп формасы ақ көйлек пен қара шалбардың (юбка) орнына не болса соны киіп келуі, кіндікті ашып жүруі, өте қысқа юбкаларды, жыртық, түсі кеткен шалбарларды ( джинсы) киуі; ер балалардың қыз балаларды сыйламауы, дөрекелі көрсетуі, олардың “жеңіл” жүрістерге салынуы; қоғамда орын алып отырған “тастанды балалар” мәселесі );

  3. Балалар мен жасөспірімдер арасындығы ішімдік, темекі, есірткі заттарды пайдалану, компьютер ойыдарына салыну сияты зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында нақты іс- шараларды жүйелі түрде өткізу;

  4. Оқу құрал – жабдықтарының тәрбиелік рөлін ескеріп, күнделікті пайдаланатын дәптерлер мен күнделіктер мұқабасындағы суреттерге, көретін бейнефильмдерге мұқият көңіл аудару жөнінде оқушылармен және ата – аналармен тиісті жұмыстар жүргізу және оқу- тәрбие талаптарына сай “Дәуір” баспасы өнімдерін мектеп оқушыларына пайдалануға ұсыну қажет ( жеке меншік кеңсе дүкендерінде мұқабаларында жағымсыз суреттер салынған оқу құрал- жабдықтары (дәптерлер мен күнделіктер), жағымсыз бейнефильмдер шектеусіз сатылып отыр ).

Аталған проблемаларды шешу жолдарын іздеу мақсатында және балалар мен жастардың дұрыс мінез – құлықтарын қалыптастыру, оларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін іс- шараларды мектептің, сынып жетекшісінің тәрбие жоспарларына енгізу, сол арқылы тәрбие жұмыстарын күшейтіп, ұдайы мектепішілік бақылауда ұстау қажет.

Хатта көрсетілген мәселелер барлық білім мекемелерінің педагогикалық кеңесі мен ата- аналар жиналысында талқаланып, тиісті шаралар алынсын және орындалуы мектепішілік бақылау арқылы үнемі қадағаланып отырсын.

Барлық білім мекемелерінің ішкі тәртіп Ережелеріне ендіріліп, орындалуы үнемі бақылауға алынсын.

Жоғарыда айтылған тапсырмалардың орындалуы туралы мәлімет (педагогикалық кеңес, ата – аналар жиналысының шешімдері, ұсыныстары, сынып сағаттарының тақырыптары т.б. ) ҚББ № 36 кабинетке 6 ақпанға дейін жіберілсін .


Конарбаева Л.Р.


Мектеп директорларына!

Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін артыру және қайта даярлау институты жұмыс жоспарына сәйкес 2007 жылдың 16 ақпан күні мектеп басшыларына арналған “Білім беру факторы”- тақырыбында интернет – семинар-практикум өткізілетіндігін хабарлайды.

Семинар барысында қаралатын негізгі мәселелер:

  • Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы білім берудің мәселелері мен даму болашағы;

  • Білім беру үрдісін басқаруды технологияландыру;

  • Қазіргі кездегі білім сапасын басқарудың теориясы мен тәжірибесі;

  • Нәтижеге бағдарланған білім берудің стратегиялық үлгісінің мәні, жүзеге асырылуы;

  • Білім сапасын мемлекеттік бақылау жұмысын ұйымдастыру жолдары;

  • Басқару нәтижесінің моноторингі;

  • Басшылық біліктілік, басшының имиджі ж.т.б.

Интернет-семинар-практикум аясында тәжірибе алмасу жоспарлануып отыр, сондықтан қатысушылар өздерінің білім беру жүйесіндегі басқару технологияларын қолдануы, әдістемелік жұмыстарды жетілдіру және мұғалімгнің кәсіптік шеберліктерін дамыту іс-тәжірибелерінен материалдар, әзірлемелер, баяндамалар ОКБА ҚДИ-ның электрондық поштасына жіберу сұралады.

Материалдар төмендегі талаптарға сай дайындалуы тиіс:

  1. Баяндама көлемі 3-4 парақтан аспауы тиіс;

  2. Шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman, катель-12;

  3. Баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (қою әріпнен) ортасында жазылады;

  4. Баяндама тақырыбы астына-парақ ортасында жай әріптермен (қою шрифтпен) авторлардың тегі, аты-жөні жазылады;

  5. Астына: жұмыс орындалған мекеменің толық аты (қою әріппен);

  6. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан-баяндама материалдары.

ОКБА ҚДИ-ның электрондық поштасы ІРК UMK@ MAIL. RU

ОКБА ҚДИ-сайты WWW.IPK KZ.

Осыған байланысты Сіздің ауданнан осы семинар тақырыбында сәйкес мектеп басшыларының (біреуден кем емес) материалы сұралады. Қатысушылар саны шектеусіз. 12-15 ақпан аралығында институт сайтына түсірілген баяндамалар юойынша туындаған сұрақтарға, ұсыныстарға жауап беріледі.

Интернет-семинар-практикумның қорытындылау 16.02.2007ж. сағат 10.00-13.00 өткізіледі.


Ш. Сайлагиева


Мектеп басшыларына !


01.02.07ж. сағат 10.00 – де № 36 ОМ – те жас психологтар мектебінің кезекті отырысы “ҰБТ –ға дайындық кезінде психологиялық көмек ұйымдастыру.” тақырыбында өтеді. Барлық қазақ мектептерінің психологтары кешікпей келуі сұралады.

Конарбаева Л.Р.


Мектеп директорларына!

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу кестесіне сәйкес 2008-2009 оқу жылында бірінші класқа қабылданған оқушылар 12 жылдық мектептің бағдарламасымен оқиды деп күтілуде. Оқушылардың жаңа білім мазмұнына көшуінің нәтижелілігі оларды оқытатын мамандардың біліктілік деңгейіне тікелей тәуелді. Осыған байланысты 2008-2009 оқу жылының индикативтік жоспарындағы класс-комплект санына сәйкес бірінші класты қабылдайтын мұғалімдер туралы мәліметтерді төмендегі кесте бойынша ҚББ-на 2 ақпанға дейін жіберуіңіз сұралады.




Мектептің аты

Мұғалімнің аты-жөні

Туған айы,жылы

Педагогикалық еңбек өтілі

санаты

Қай кезде,қандай курстан өтті












































Б. Әлмұрзаева


Мектеп директорларына!

2007 жылдың 16-19 ақпан аралығында 3-11 класс оқушыларына «Алтын руно» ойын-байқауы өтеді. Қатысушылар 200 теңге төлейді.

Сұранысты 30 қаңтарға дейін «Дарын» орталығына жіберіңіздер.

Үлгі:



ауданы

Мектеп

Оның ішінде класс және оқу тілі бойынша

барлығы

3-5 қаз

3-5 орыс

6-8 қаз

6-8 орыс

9-11 қаз

9-11 орыс













барлығы

барлығы

барлығы

Бар

лығы

Бар

лығы

Бар

лығы

Ескерту: қатысушылардың тізімі алфавит ретінде мектеп, класс бойынша EXCEL-мен терілсін. Оқушылардың фамилиясы, аты орыс алфавитімен жазылып, класы литерсіз көрсетілсін.

Байланыс тел. 567639. Жауапты Қабиева А.Қ.


Орынбаева Б., әдіскер

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Мектеп басшыларына ! iconМектеп басшыларына! 12. 12. 12 ж
...
Мектеп басшыларына ! icon02. 04. 2009 ж. Мектеп басшыларына!
Московская международная высшая школа бизнеса «мирбис» (институт) при Российской Экономической Академии имени Г. В. Плеханова проводит...
Мектеп басшыларына ! iconМектеп басшыларына! 06. 03. 2012 ж
Бастауыш буында білім мен тәрбие берудің бағыттарын жан-жақты меңгерген, психология, педагогика ғылымдары жетістіктерін тәжірибеге...
Мектеп басшыларына ! iconҒылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер
Педагогтардың облыстық біліктілікті арттыру курстары педагогтардың өтінімдері бойынша курстар
Мектеп басшыларына ! icon29. 05. 2012 ж. Мектеп басшыларына!!!
Ақтөбе облысының білім басқармасының 29. 05. 2012 жылғы №2-1696 хатын негізге ала отырып, қала мектептері 2012 жылғы 1-12 маусым...
Мектеп басшыларына ! iconШиелі аудандық білім бөлімінің бастығы
«Ақ Орда» мектеп – гимназиясы – жалпы білім беретін мектеп пен гимназияның білім беретін бағдарламаларын жүзеге асыратын Жалпы білім...
Мектеп басшыларына ! icon«Жылылық пен сезім сәулесін сепкен кеш»
Осы сәтте түлектер екі-екіден музыка ырғағымен ортаға шығып жатты. Осыдан кейін мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру рәсімі және...
Мектеп басшыларына ! icon1 Топ басшыларына арналған тапсырма
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша тереңдетіп оқыту, математикалық дарынын жетілдіру
Мектеп басшыларына ! iconБілім мекеме басшыларына !
«Ең үздік сынып жетекшісі» байқауы өткізіледі. Барлық мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары шақырылады
Мектеп басшыларына ! icon22. 02. 2011 ж. Мектеп басшыларына! Білім бөлімі мен ҚҒӘо білім және ғылым министрлігінің Ақтөбе обб 14. 02. 2011. №2- 409 шығысы бойынша алынған БҒМ хаты және әдістемелік нұсқау жолдайды
Білім бөлімі мен ҚҒӘо білім және ғылым министрлігінің Ақтөбе обб 14. 02. 2011. №2- 409 шығысы бойынша алынған БҒМ хаты және әдістемелік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница