«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары




Название«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
страница1/11
Дата конвертации07.03.2013
Размер1.18 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Шемонаиха ауданы әкімдігінің

2010 жылғ «10» қаңтар

285 қаулысына қосымша


«Шемонаиха ауданының

білім беру бөлімі» ММ

2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары


Шемонаиха қ.

2011


Мазмұны


  1. Миссиясы және пайымдауы

  2. Білім берудің ағымдағы жағдайына және дамыту беталысына талдау жасау

2.1. Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту

2.2. Жалпы орта білім беру

    1. Әр баланың отбасында өмір сүріп тәрбие алу құқығын жүзеге асыру есебінен әлеуметтік жетімдікті төмендету

    2. Дамуында мүмкіндіктері шектелген балаларды оқыту

  1. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралары мен көрсеткіш нәтижелері

    1. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралары мен көрсеткіш нәтижелері

    2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен міндеттерін мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестендіру

  1. қызметтік мүмкіндігін дамыту

  2. Ведомство аралық әрекеттестік

  3. Тәуекелдікті басқару

  4. Бюджеттік бағдарламалар

7.1. Бюджеттік бағдарламалар

7.2. Бюджеттік шығындардың жиынтығы



  1. Миссиясы және пайымдауы


Миссиясы: «Бүкіл өмір бойы барлығына арналған білім» қағидасына сәйкес, нәтижеге бағытталған сапалы, бәсекеге қабілетті білімге қол жетушілікті қамсыздандыратын білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Пайымдауы: жоғары білімді, бәсекеге қабілетті интеллектуалды тұлғаны қалыптастыруға себеп болатын, сапалы білім қызметтерін ұсыну үшін білім беру бөлімінің тиімді жүйесін құру.


2. Ағымдағы ахуалды талдау

Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің жүйесі 36 білім беру ұйымдарынан тұрады, оның ішінде 17 жалпы білім беру орта мектебінде-4797 оқушы, 6 негізгі орта мектептерінде-399 оқушы, 5 бастауыш мектептерінде-76 оқушы, 2 кешкі жалпы білім беру мектебінде- 461 оқушы, 3 балабақшаларда-729 бала, 1 БЖСМ- 486, 1 Шығармашылық үйінде- 756, 2 өнер мектебінде-704.


2.1. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

3 балабақшамен ұсынылған: Шемонаиха қ. -2 («Аленушка», «Ақ бота»), Усть-Таловка – 1 (меншікті), 5 мектеп-балабақша кешенімен: Камышинка, Октябрьский, Карбышев ат., Сугатовка, Выдриха.

Ауданның 11 мектебінде мектепке дейінгі шағын орталықтары жұмыс істейді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, және оқытудың сапасын арттырудың негізгі бағыттары:

  • мектепте оқу үшін тұлғаға қажетті мәдениетінің негізін, тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;

  • мемлекеттік тілді оқыту, олардың дене және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту;

  • мектепке дейінгі білім бағдарламаларымен қамтуды сатылы арттыру жолымен білім алуда балалардың тең мәрелік мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

  • әртүрлі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің желісін сақтау және дамыту (соның ішінде мемлекеттік емес);

  • жалпы дамыту, түзету, құрама мектепке дейінгі ұйымдарында қамсыздандырылыуы аз отбасы балалары үшін, мектепке дейінгі тәрбиенің шағын орталықтар жұмысын ұйымдастыру;

  • мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы білім беру мектептерінде балаларды мектепалды даярлықпен қамтамасыз ету, осы мәселені шешу үшін педаогтардың біліктілігін арттыру;

  • мектепке дейінгі мекемелердің жеке тұлғаға бағытталған моделін іске асыру үшін және балалардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасау, соның ішінде соматикалық және психикалық дамуында ауытқуы бар балалар;

  • мектепке дейінгі және мектептегі білімнің басымдылығын қамтамасыз ету;

  • мектепке дейінгі білімде жаңа үрдістерді қарқындандыру ;

  • ауданда мектепке дейінгі білім жағдайының мониторингі жүйесін құру.

Ауданның мектепке дейінгі мекемелері типтік және түзетулік бағдарламалармен, дамыта оқыту бағдарламаларымен, балалардың дарындылығы бойынша бағдарламалармен жұмыс істейді.

Алайда бүгін бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды балабақшалармен қамту деңгейі жеткіліксіз екені байқалады.

Мектепке дейінгі ұйымдарды енгізу кестесіне сай, балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтуды кеңейту мақсатында мектепке дейінгі жастағы балалар санының мониторингісі өткізілді. Ол 2011ж. 01.01. жайында 3839 құрайды. Оның ішінде 473 толық күн болуларымен топ анықтауды қажет етеді. Осы мәселе жалпы білім беру мектептеріндегі шағын орталықтарда жеті қосымша топтарды ашу арқылы жартылай шешілді. 2010 жылға бюджеттік өтінімге Шемонаиха қ. 280 орынды балабақшаға ЖСҚ енгізілді, оның құрылысы 2014 жылы басталады. Осы шаралар кезекті 308 адамға қысқартуға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі тәрбиелеуді және мектеп алды даярлықты ұйымдастыруды жақсарту мақсатында келесі мәселелерді шешуге назар аудару қажет:

  • мектепке дейінгі мекемелердің желісін кеңейту;

  • мектепке дейінгі білім мекемелерінде мектепалды даярлықты жүргізетін педагогтардың біліктілігін арттыру;

  • мектепалды даярлық бағдарламасын толық көлемде қаржыландыру;

  • мектепке дейінгі тәрбие және мектепалды даярлық мазмұнын және педагогикалық технологияларды жетілдіру.


2.2. Жалпы орта білім беру


Ауданда 28 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде ауылдық мектептер – 24, оның ішінде шағын жинақтық мектептер (бұдан әрі – ШЖМ) – 22. ауданда қазақ тілінде білім беретін мектеп -1. Типтік ғимараттарда орналасқан– 22, бейімделген – 6.

Ауданның төрт мектебінде 156 оқушы қамтылған түзету сыныптары ашылған. ПДТ бағдарламасы бойынша психикалық дамуы шектеулі балаларды оқыту үшін ауданда жағдайлар жасалған.

Жаңа типтегі 7 мекеме жұмыс істейді: 1- мектеп-гимназиясы, 1-көп салалы орта мектебі, 5- мектеп кешендері. Білім беру ұйымдарының жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мыналар:

  • білім берудің мемлекеттік стандарттарын іске асыру;

  • білім беру мазмұнының аймақтық компонентін әзірлеу және енгізу;

  • қазіргі заманғы білім беру технологияларын кеңінен енгізу;

  • дарынды оқушыларды дамытуға ықпал ету;

  • қосымша білім беру желісін дамыту;

  • Шемонаиха ауданының білім беру ұйымдарында тәрбиелеудің Кешенді бағдарламасы негізінде білім беру мекемелерінде тәрбиелеу үрдісін жетілдіру;

  • Білім беру жүйесін ақпараттандыру;

  • Білім беру жүйесінің қызметін психологиялық қамтамасыз ету;

  • Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру;

  • Білім беру сапасының менеджмент жүйесін құру;

  • Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық негізін және қызметін қаржылық қамтамасыз етуін жетілдіру.

Аудан мектептерінде 649 педагог жұмыс істейді, оның ішінде:

жоғары біліммен – 521,

аяқталмаған жоғары – 15,

арнайы орта – 109,

арнайы педагогикалық – 101,

жалпы орта - 4.

Біліктілік санаттары бойынша :

жоғары санатпен – 97,

бірінші санатпен – 204,

екінші санатпен– 208,

санатсыз – 140.

Марапаттаулары бар:

ҚР білім үздігі – 35,

БҒМ марапаттау грамотасы – 29,

Медальдар мен ордендер – 16.

Барлық санаттағы қызметкерлерді оқытуды республикалық және облыстық біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары өткізеді. 2008-2009 жылдары курс дайындығының қарқыны облыстық біліктілігін арттыру институтымен өткізілетін курстар мен семинарлардың санын арттырудағы беталысын көрсетеді.

Осы беталыс білім беру жүйесінің жылдам қарқынымен, оның қайта жаңғартуымен, мазмұнының жаңартуымен, білім беру мекемесін басқарудың жаңа қатынастарын енгізумен, басшылар мен педагогтардың кәсіби құзырлығына, олардың зерттеу мәдениетіне қазіргі кезең талаптарын қалыптастырумен талап етілген.

Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесі түрлері, әдістері және мазмұны бойынша курстық іс-шаралар, курс аралық кезеңде де педагогтардың кәсіби деңгейін арттыруға септігін тигізеді.

Курс іс-шараларының мазмұны педагогикалық қызметкерлерді білім берудегі мемлекеттік міндеттерді оңтайлы шешуге арналған әрекет ететін құралдармен жарақтандыруға бағытталған. Қазіргі кезең жағдайлары, философия және білім беру парадигмалар ауысымы оқытудың сапасы мен жеделдігін қамтамасыз ету мүмкін емес, ақпараттық және компьютерлік технологияларға негізделген, білім беру жүйесінің қызметкерлерін үздіксіз оқытуды талап етеді.

Жас мамандарды тарту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленген. Білім беру бөлімінің басшылары Семей (Шәкәрім ат. педагогикалық мемлекеттік университеті), Өскемен (ШҚМУ) қалаларына жас мамандар жәрмеңкесіне шықты. Жас мамандармен келісімдер жасалған, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мәселе шешілген. Мектеп педагогтарын тарту бойынша жұмыс жалғастырылады.


Жылдар

Қажеттілік

Жұмысқа келді

Көтерме жәрдемақыны төлеу

Тұрғын үймен қамтамасыз ету

2008

32

16

13

100%

2009

26

14

6

100%

2010

29

16

5

100%


Аудан әкімінің, мемлекеттік комиссия төрағасының, директордың, 143-филиалдың техникалық хатшының және дәрісханалар бойынша кезекшілердің арқасында 2010 жылғы ҰБТ сапалы ұйымдастырылды және өтті.

11 сыныптардың 282 түлегінің 194 ҰБТ тапсырды, қалған 88 оқушылар дәстүрлі емтихандар тапсырды. «Алтын белгінің» 2 үміткері, «Гагарин ат. №3 ом» ММ оқушысы Елизавета Миллер және «№ 5 ом» ММ оқушысы Самат Жарас өз білімін растады және 117 және 111 балл алды. 5 түлек 45 балдан төмен алды, аудан бойынша ең жоғары балл -117, ең төмен – 40. 24 түлек 100 балдан артық алды. Тапсырылған тестілеу нәтижелері бойынша мектептер рейтингі мынандай:


Орны

Мектеп

Орташа балл

Ең аз балл

Ең көп балл

1

Камышинка кешені

80,7

63

94

2

№5 ом

93,9

74

111

3

Карбышев ат. ом

81,3

56

104

4

Октябрьский «мектеп-балабақша» кешені

79,7

45

100

5

Большеречка ом

79,5

69

101

6

Киров ом

78,5

60

102

7

Н. Островский ат №1 КСОМ

80,4

47

112

8

Ю. Гагарин ат. №3 ом

92,8

78

117

9

Зевакинская ом

79

71

87

9

Михайловская ом

79,6

53

108

10

Убинская ом

70,5

40

91

11

Астафьев ат. ом

70,5

45

90

12

Рулиха ом

79,4

63

104

13

№ 4 ом

86,6

71

100

14

Верх – Уба ом

79

69

89

15

Сугатовская «мектеп-балабақша» кешені

76,9

50

95

16

А.Иванов ат. Выдриха «мектеп-балабақша» кешені

73,3

57

99




Аудан бойынша

80,3

40

117


Ауданда жалпы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік Бағдарламасы оңтайлы іске асады. Мектептер 100% Интернет жүйесіне қосылған. Электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары белсенді қолданылады. Білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибесі оқушылардың материал мазмұнын берік меңгергеніне, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, педагогикалық мониторингті жетілдіру дәлел бола алады.

Шемонаиха ауданында мектептері жоқ 14 елді мекендері бар, олар болашақсыз ауылдар. Оларда мектеп жасындағы 128 бала тұрады. Бастауыш мектептер орналасқан 5 елді мекен бар, онда мектеп жасындағы 183 бала тұрады, олардың 107-ы автобуспен тасымалданады, негізгі мектептер қызмет ететін бес елді мекен, оларда 415 оқушы тұрады, оның 23-і автобуспен тасымалданады, 402 оқушыны тасымалдауға бюджеттен 7320 мың теңге бөлінеді. Тасымалдау 14 мектептерге іске асырылады. Ауданда мектептерге жататын автобустардың барлық саны 12. Балаларды 100% біліммен сапалы қамтуды қамтамасыз ету үшін, қосымша 2 автобус сатып алу қажет.

Аудан мектептерінде балалар ұйымдары құрылған, олардың көмегімен мектептің өзін-өзі басқару органдары қызметін атқарады, олардың негізгі міндеті оқыту пәндерін нығайту болып табылады, үлгермейтіндермен жұмыс бойынша қамқорлық топтары құрылған. Жастар-тірек отрядтары белсенді жұмыс істейді, мектеп инспекторларымен бірге рейдтер жүргізіледі, рейд қорытындылары бойынша сынып жиналыстары өткізіледі. Өзін-өзі басқару органдарымен үлгерімі нашар «қиын балалардың» тәртібі бақылауға алынды. Олармен жеке жұмыс жоспары құрылды, мектеп психологтарымен үлгерім мен тәртіпті уақытында түзету мақсатында «қиын» балаларды бақылау күнделіктері жүргізіледі. Үлгермейтіндер үшін мектептерде есепке алу ведомосы жүргізіледі, олар оны оқу бөліміне тапсырады, содан соң осы бағыттағы жұмыс бойынша барлық жағдай анықталған жинақ ведомосы құрастырылады.

«Қиын» жеткіншектермен жұмыс ерекше бақылауда тұр (КТИ бойынша - 130, мектеп ішілік бақылауда - 464).

Ата-аналар комитеті белсенді жұмыс істейді, тоқсан сайын ата-аналарды жалпы оқыту, ауызша журналдар, дәрістер жүргізіледі, онда оқушыларды тамақтандыру және күн тәртібі мәселелері көтеріледі, мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Екінші жыл аудандық ата-аналар комитеті қызмет етеді. Отбасы күндері, ұрпақтар кездесулері, ашық есік күндері, әкелер кеңесі дәстүрге айналды. АІІБ бөлімшесімен, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша комиссия мүшелерімен және мектептердің педагогикалық ұжымдарымен кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық және қылмысты ескерту бойынша алдын алу жұмысы өткізілді. Іс-шаралар барысында балаларды тәрбиелеуден жалтаратын, ішімдікке әуес, ата-аналардың, оқудан жалтаратын, қаңғыбастықпен айналысатын кәмелетке толмағандарға қатысты мәселелер жедел шешіледі.

Ауданның ата-аналар қоғамының өкілдері «Қайырымдылық», «Қамқорлық», «Мектепке баратын жол», «Абаттандыру» акцияларына қатысады, оның шеңберінде қамсыздандырылуы аз, қамқорлықтағы және көп балалы отбасыларына, ҰОС ардагерлеріне, кемтарларға көмек көрсетілді. 2008-2009 оқу жылында аудандық ата-аналар кеңесінің 5- отырысы болды.

Шемонаиха ауданының 27 мектебінде Жалпы оқыту қоры құрылған. (9580 мың теңге). Мектептерде тегін тамақтандырумен 2455 оқушы қамтылған. Жергілікті бюджеттен тамақтандыруға 6403 мың теңге бөлінді. Ауданның 27 мектебінде 5336 оқушы қамтылған ыстық тамақ ұйымдастырылған, ол оқушылардың жалпы құрамының 98,3 % құрайды. Ауданның 27 мектебінде 1259 оқушы қамтылған аралас тамақтандыру ұйымдастырылған, ол оқушылардың жалпы құрамының 23,3 % құрайды. Тамақтандырудың орташа бағасы 120 теңге. 2010 жылғы 1 қыркүйекте тегін ыстық тамақтандырумен 2455 бала қамтамасыз етілген, соның ішінде қамсыздандырылуы аз отбасы санатынан – 161 бала, көп балалы отбасыларынан - 155, ата-анасының қамқорынсыз қалған, қамқорлықтағы – 73, оқушы, 1 – 4 сыныптар – 2066. Осы мақсаттар үшін 2010 жылғы бюджетте 42099 мың теңге бөлінді. Медициналық қызметкерлермен мектеп асханаларында оқушыларды ыстық тағаммен тамақтандыруыды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар есебімен үнемі оқушыларды тамақтандыру сапасының мониторингі жүргізіледі.

Жалпы оқыту қорынан 335 оқушы үшін киімге 3576,2 мың теңге бөлінді. Екі мектепте (Киров ом және №5 ом) 53 оқушы қамтылған интернаттар жұмыс істейді, жалпы оқыту қорынан тамақтандыруға 2078 мың теңге бөлінген.

Аудан мектептерінде қамсыздандырылуы аз отбасыларына киімді қабылдау және тарату «Қайырымдылық» пункттері құрылды, киім және оқу құралдары түрінде 120 мың теңге сомасына материалдық көмек көрсетілді. Материалдық көмек көрсетуге және әлеуметтік қолдауға бюджеттік бағдарламадан барлығы 1 % бөлінді.Шемонаиха ауданында тәрбие жұмысы ҚР «Білім туралы» Заңына, ҚР білім беру ұйымдарында кешенді тәрбиелеу бағдарламасына және 2006-2010 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының білім беру жүйесінің бағдарламасы негізінде әзірленген, Шемонаиха ауданының білім беру ұйымдарындағы 2006-2011 ж.ж. арналған тәрбиелеу Бағдарламасына сәйкес іске асырылады. Шемонаиха ауданының білім беру мекемелерінде «Оқыту», «Полиглот», «Қамқорлық және Қайырымдылық», «Интеллект», «Жасыл ел» бағдарламалары және оқушылардың әлемін, мәдениетін, тілдерін, қоршаған ортасын, осы өмірде өзін сезінуін, өзінің «Менін» дамытуын, басқа адамдар арасында өзіне орын табуын қалыптастыратын басқа да бағдарламалар іске асырылады.

Тәрбие үрдісі 26 тәрбие ісі бойынша директордың орынбасарларының жетекшілігімен іске асырылады. Ауданда тәрбие ісі мемлекеттік тілде ұйымдастырылған № 5 ом істейді.

Жоспарлауды, ұжымдық шығармашылық істерді, балалар жастар ұйымдары мен мектептің өзін-өзі басқару ісін мектептердің 11 тәлімгері іске асырады.

Жалпы білім беру мектептерінде жұмыс істейтін, 23 психолог тәрбие үрдісінде зор көмек көрсетеді.

Шемонаиха ауданында тәрбие ісі тәрбиелеудің кешендік бағдарламасының барлық бағыттары бойынша жүргізіледі. Оны іске асыру мақсатында келесі іс-шаралар өткізілді:

  • өз санасына және қазіргі заман қоғамында өзін іске асыруға қабілетті рухани-адамгершілікті адамды тәрбиелеу;

  • жеке және жас ерекшеліктерін зерделеу негізінде оқушыларды өмірге дайындау;

  • жоғары интеллектуалдық деңгейімен оқушылардың өзін іске асыруы үшін жағдайлар жасау;

  • адамгершілік, әлеуметтік арақатынас тиімділігі қағидаларында негізделген, балалар мен ересектердің бірлескен шығармашылық қызметі;

  • оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру;

  • қоршаған ортаны күту және абаттандыру бойынша оқу, еңбек және қоғам қызметінің үйлесуі.

Қоғамның экономикалық және саяси реформалануына байланысты тәрбие мәселелеріндегі негізгі проблемалар. Кірістердің аса жіктелуі, жұмыссыздық, халықтың көшіп-қонуы отбасы салтында қалыптасқан дәстүрлерді бузуы көрінеді.

Бұл жағдай балалардың ішкі қақтығыстары мен мәселелерін тудырады және баланың сыртқы әлеммен мектеппен, ата-аналарымен, әлеуметпен арақатынас мәселелері. Сырттай игілікті, алайда өзімен өзі қалған балалардың саны тез артты. Осы барлық кері факторлар келесі көкейтесті мәселелерді шешуге бағытталған, тәрбие ісінің мәртебесін арттыру қажеттілігін байланыстырады:

Отбасында, мектепте, әлеуметте баланың құқықтарын қорғау;

  • тұлғаның даралығын дамыту, әр түрлі қызмет саласында өзін іске асыру мүмкіндіктеріне жағдайлар жасау: ойын, спорт, ұйымдастырушылық, көркемөнер-саздық, шығармашылық және т.б.;

  • салауатты өмір салтын насихаттау, баланы ішімдіктен, нашақорлықтан, жезөкшеліктен сақтау;

  • балалар және жастар өзін басқару жүйесін, жаппай балалар және тжастар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерін дамыту;

  • жалпыадами құндылықтарын, қазақстандық ұлтжандылық пен азаматтық идеяларын, балалардың жеке қабілеттерін қалыптастыру.

Қосымша білім беру мекемелерінің қызметі балалардың үнемі өзгерісте болатын, жеке, әлеуметтік мәдени, білім қажеттіліктерін қанағаттандыруға, олардың өзін шығармашылық іске асыруына, даралығын дамытуға бағытталған.

Соңғы жылдарда қосымша білім беру мекемелер желісінің артуы байқалатынын атап өту қажет. 2008 жылы Усть-Таловка к. өнер мектебі ашылған, мүдделері бойынша үйірме желісі артады. Осы кезеңде қосымша біліммен қамтылған балалардың құрамы 800 адамға артты. Оқушылардың саны және олардың қажеттілігі қосымша білім берудің мүмкіндіктерінің алдын алады. Ауданның қосымша білім беруде шешілмеген бірқатар мәселелер бар:

  • бала тұлғасының қабілеттері мен дарындылығын, мүдделерін , демалысы мен көңіл көтерулерін қанағаттандыратын кеңінен таралған тегін қызметтер ұсынатын, мектептен тыс ұйымдар желісінің санының аздығы ;

  • мектептен тыс мекемелердің материалдық және ақпараттық негізінің жетіспеушілігі;

  • қосымша білім беру мекемелерінің мазмұны мен қызмет технологиясы көбінде кездейсоқ мәнді болып келеді, уақыт қажеттілігіне, балалар мен жеткіншектердің мүддесіне толық сай келмейді.

Ауданда дарынды балаларды анықтауға және олардың қабілеттерін анықтауға үлкен назар аударылады. Осы жұмыс аймақтық ғылыми практикалық «Дарын» орталығының, жаңа технологиялардың Аймақтық орталығы, жеке пәндерді тереңдете оқытатын мектептер, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған мектептен тыс мекемелердің желісі шеңберінде үйлестіріледі.

Оқушылардың ғылыми жобаларды, Абай оқуларын, «Дарын» аймақтық сырттай мектебінің сессияларының, қалалық пән олимпиадаларын, «Асыл тас», «Тұлпар», «Малахит» интеллектуалды сайыстарды өткізу дәстүрге айналды.

Сонымен бірге бірқатар мәселелер бақылауда тұр. Бұл балалар дарындылығының құзырлылық қарқынының болмауы (әсіресе, ауылдық жерлерде), біздің ауданда «Дарын» орталығының эксперименттік алаңдарының болмауы.

Білім беру ұйымдарын қаржыландыру бірқатар жыл бойында жиһаз, шеберханалар жабдықтарына, лингафон кабинеттері, спорттық құралдарды, химия, физика, биология кабинеттерін жаңартуға жеткілікті қаржы бөлу қарастырылмаған. Мектеп жиһазының 40% астамы санитарық нормаларға сай емес, және ауыстыруды талап етеді.



    1. Әр баланың отбасында өмір сүріп тәрбие алу құқығын жүзеге асыру есебінен әлеуметтік жетімдікті төмендету


Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың әлеуметтік қорғау, олардың жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда тұр. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңына сәйкес жетім балаларды деркезінде анықтау жөнінде Шемонаиха ІІБ,КТІИ, оқу орындарымен, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау бөлімдерімен ауданның білім беру бөлімі арасында байланыс ретке келтірілген.

Барлық кентік, ауылдық, селолық атқарушы органдары қамқоршылық және қорғаншылық қызметтерін орындайды, қамқаршылыққа және қорғаншылыққа мұқтаж балалардың дербестік есебін жүргізеді.Оларға ата-анасының қамқорынсыз қалған, кәмелетке толмаған балалардың тұрғын,еңбек, мүлік, жеке құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша міндет жүктелген, жылына екі рет қамқордағылардың тұрғын үй жағдайларын тексеру жүргізіледі, қамқоршылардың есептері ұсынылады.

Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық органында 2011 жылғы 01 қантарға 0 жастан 18 жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған 116 бала есепте тұр. Оның ішінде 27 жетім. Қамқоршылықтағы балалардың жеке және мүлік құқықтарын қорғау үшін Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынасы туралы» Заңының 21, 22 баптарына сәйкес әкімдіктер өкімімен қамқоршылықтағы 6 балаға тұрғын үй аумағы бекітілген, мүліктердің сақталуына қамқоршылар және орындарында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бақылау жасайды. Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған 12 бала кезекке тұрды.

Есеп беру кезеңіне материалдар жиналып және ата-ананың құқығынан 16 адам айырылды, 3 балаға қатысты, олардың тұрғылықты жері туралы пікірталастары қарастырылды, 1 балаға қатысты, жеке тұратын ата-анасының тәрбиесіне қатысу туралы пікірталас қарастырылды.

2011 жылға Шемонаиха ауданында жетім балаларды қолдау бойынша бағдарламаны жүзеге асыруға жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған, осы категорядағы балаларға жәрдемақы төлеуге 10 МРП мөлшерде есепке алу базасы қалыптасқан.

2010 жылы әлеуметтік жетімдіктің проблемасын шешу үшін келесі шаралар қабылданды:

1) Отбасыға жетім балаларды орналастыру жөнінде БАҚ арқылы ақпаратты түсіндіру жұмыстары жандандырылды.

2) Жергілікті атқару органдарының стратегиялық жоспарына әлеуметтік жетімдікті қысқарту көрсеткіштері және индикаторлары енгізілді.

Сыртқы және ішкі факторлардың негізгі бағасы

Сыртқы фактор:

Бөтен баланы тәрбиелеуге балалыққа алуға, қамқоршылықа және қорғаншылықа насихаттау арқылы психологиялық уәждемені қалыптастыру ( балалыққа алуға әлеуметтік талап ету мен абырой).

Ішкі факторлар:

Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды есепке алу және анықтау жүйесін жетілдіру;

Балаларды есепке алу ақпараттық жүйесін құру;

«Өзін өзі тану» рухани адамгершіліктің жеке дамыту бағдарламасын барлық білім беру ұйымдары арқылы балалар мен ата-аналардыға рухани адамгершілік білім беруге дамыту.



    1. Дамытуда мүмкіндіктері шектелген балаларды оқыту


Мүмкіндіктері шектелген балаларды әлеуметтік қорғау мәселесі ерекше бақылауда тұр.

Шемонаиха ауданының білім беру бөлімімен ауданда мүмкіндіктері шектелген, мүгедек балалардың қоғамына толық құқылыққа кіруге бағдарланған инклюзивті білім беру желін дамыту бойынша жоспарлы түрде жұмыс жүргізілуде.

Барлығы Шемонаиха ауданында мүмкіндіктері шектелген 0 жастан 18 жасқа дейінгі 769 бала, оның ішінде 143 мүгедек балалар бар. 50 бала үйде оқиды, 40 балада – мүгедектік бар, 9 бала оқуға жарамсыз, 57 бала – жалпы білім беретін мектептерде оқиды.

мүгедектерді ақтау бойынша барлық жұмыстарының негізі нақтыланған дерек қорының болуы, соның ішінде мүмкіндіктері шектелген балалар.

Осы мақсатпен жылына екі рет білім беру бөліміндегі қамқоршылық және қорғаншылық органымен ПМПК және УзиСП бірлесіп аудандағы барлық балалардың маниторингісі және бірінғай есепке алу жүйесін әрі қарай қалыптастыру үшін мүгедектік факт бойынша сапалы құрамның салыстырма талдауы өткізіледі. 2003 жылғы наурыздан бастап мүмкіндіктері шектелген балаларға әлеуметтік көмектесу бөлімшесі қызмет атқарады. Мүмкіндіктері шектелген балаларды белсенді өмір сүруге қатыстыру мақсатында қызықты сценарилер әзірлеумен бірлескен мерекелер тәжірибеленеді, онда балалар және олардың тәрбиешілері қатысады. Мерекелер міндетті түрде шай ішу, балалардың суреттерін және жасанды көрме байқауларын үйымдастырумен өткізілді. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 25 ақпандағы № 368 қаулысының негізінде Шемонаиха қ. «Психолого-медико-педагогикалық консультация» ММ - әрі қарай ПМПК өз жұмысын жүзеге асыруда.

Қызметкерлер штатына: өтініш білдіргендердің жан-жақты тексерілуден өткізу мақсатында врач-неврапотолог, врач-психиатр, педиатр, педагог-психолог, дефектолог, логопед мамандары енгізілді. Барлық мамандар білімдеріне сәйкес, білім беру қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты жанындағы курсын, облыстық Психолого-медико-педагогикалық консультациясында стажировка өтті. Осының нәтижесінде балаларда бар паталогияның медициналық дерттін анықтау, оның аурулары және тіркес жүретін паталогиялық өзгерістерінің пайда болу ерекшеліктерін айқындау, машықтарын, шеберліктерін, білімін жасына және оқыту сатысына сәйкестендіру мақсатымен балаларды кешендік тексеру жөнге салынды.

«Қазақстан балалары» бағдарламасының іске асыру маңызды кезеңінің бірі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің жұмысы болып табылады.

ОЗиСП есебінде 16 жасқа дейінгі 111 мүгедек балалар тұр, 48 бала тәрбиелеуге және оқытуға 3 млн. 141 мың теңге алды.

Осы уақытта 12 адам мөлшерінде әлеуметтік қызметкерлердің штаты толық қалыптасты, олар 58 мүгедек балаға қызмет көрсетеді. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама басқармасының бақылаунда мүгедектерді арнайы жылжу, гигиеналық және техникалық көмекші құралдарымен қамтамасыз ету бойынша мәселесі тұр. 2010 жылғы 1 қазанға 1 серуендік кресло-каляскасына өтінім берілген, 3 балаға берілді, 1 бөлме каляскасын алуға кезекте тұр, 3 балаға санаторно-курорттық ем алуға, 2 балаға ортопед аяқ киімі, 1 балаға тифлотехника, 7 балаға кресло-коляска, 1 бала калоприемник алды, жыл ағымында 12 бала подгузник алды.

Негізгі проблемаларды талдау.

Ауданда білімнің түзету ұйымдары жоқ. Мүмкіндіктері шектелген балаларды арнайы білім беру бағдарламасын дамытуымен қамту өте төмен.

Сыртқы және ішкі факторлардың негізігі бағасы

Сыртқы факторлар:

Мүгедек және мүмкіндіктері шектелген балалардың сапалы білім алуға тепе тең құқықтарының іске асырылмағандығы;

Материалды-техникалық құралдардың жоқтығынан инклюзивтік білім берудің енгізілуі нашар;

Инклюзивтік (кірістірілген) білім берудің идеясын насихаттауда медиаресурстарының жоқтығы.

Ішкі факторлар:

Ерте жастан бастап мүмкіндіктері шектелген балаларға кешенді түзету педагогикалық қолдауға көмек көрсету үшін арнайы ұйымдар желісінің жоқтығы;

Білім беру ұйымдарына мүмкіндіктері шектелген балалардың «кедергісіз» мүмкіндіктерінің жоқтығы.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon2010 – 2015 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің стратегиялық жоспары
Шемонаиха ауданында 40 елді мекен, сонымен қатар 2 кент (Усть-Таловка және Первомайский), 37 ауыл және аудан орталығы –Шемонаиха...
«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыт, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
«Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015...
«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің...
«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Федоров ауданының Костряков селолық округі әкімінің аппараты»Мемлекеттік мекемесі 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Костряков селосы
...
«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға арналған Зырян ауданының аумағын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда
Зырян ауданында 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы іске асырылуда
«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Астана қаласы 2008 жыл Мазмұны
Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon2010-2012 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2010-2012 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің миссиясы және алдағы уақытта көрінуі 1
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница