Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Жедел-ақпарат




Скачать 46.95 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Жедел-ақпарат
Дата конвертации17.03.2013
Размер46.95 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі


Жедел-ақпарат


2011 жылғы 26 қаңтар

№ 07-02/33


Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы жалпы

өнімінің (қызметтерінің) нақты көлем индексі

Жедел деректер бойынша 2010 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің (қызметтерінің) нақты көлем индексі (НКИ) 88,3% құрады. Төмендеу 2009 жылмен салыстырғанда өсімдік шаруашылығының өнім өндірісінің 22,7%-ға азаюымен түсіндіріледі.

2009 жылмен салыстырғанда қалыптасқан нақты көлем индексіне ауыл шаруашылығының жалпы өнім (қызметтер) үлесінің 17,5%-ды құрайтын астықты жалпы жинаудың азаюы едәуір дәрежеде ықпал етті.


Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) НКИ серпіні


өткен жылға пайызбен


2010 жылғы ауа-райының қолайсыз жағдайлары картопты (2009 жылмен салыстырғанда 7,3%-ға кеміген), жеміс-жидектерді (тиісінше 6,2%-ға), темекіні (61,6%-ға) жинау көлемдеріне де теріс әсерін тигізді, бұл сондай-ақ сала өнімінің нақты көлем индексінің қалыптасуына ықпал тигізген.

Мал шаруашылығы саласында өнім өндірудің өсімі оң тенденциясын сақтауда, былайша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) үштен бір бөлігін құрайтын етті өндіру көлемі 3%-ға өсті. Сондай-ақ 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда оң факторлардың қатарында сиыр сүтін және тауық жұмыртқасын өндірудің ұлғаюын атап өтуге болады.


Мал шаруашылығының негізгі өнім түрлерін өндіру

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі (қызметтері) көлемінің кемуі республика өңірлерінің басым көпшілігінде, ең көбі – Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында белгіленді.


Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) НКИ

2009 жылға пайызбен

 

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) НКИ

барлығы

өсімдік шаруашылығы

мал шаруашылығы

Қазақстан Республикасы

88,3

77,3

102,9

Ақмола

60,7

46,8

99,9

Ақтөбе

95,7

83,6

105,4

Алматы

102,4

98,8

106,6

Атырау

99,7

94,4

101,6

Батыс Қазақстан

98,3

93,3

101,4

Жамбыл

98,6

94,6

102,8

Қарағанды

93,0

85,7

98,1

Қостанай

81,1

66,7

100,9

Қызылорда

107,5

110,5

100,8

Маңғыстау

101,7

109,6

100,4

Оңтүстік Қазақстан

105,9

109,7

102,5

Павлодар

78,7

61,1

101,9

Солтүстік Қазақстан

76,7

67,7

105,3

Шығыс Қазақстан

96,1

87,8

103,3


Ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметтерінің) нақты көлем индексінің төмен деңгейі Ақмола облысында 2009 жылмен салыстырғанда өңірдің жалпы өнім көлеміндегі үлесі 34,7% құрайтын дәнді дақылдарды жалпы жинаудың 2 есе азаюы есебінен қалыптасқан. Сондай-ақ, НКИ-не етті өндіру көлемінің 4,5%-ға (облыстың жалпы өнім көлеміндегі түрдің үлес салмағы - 24,6%) азаюы ықпалын тигізді.

Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылмен салыстырғанда дәнді дақылдар 33,6%-ға (өңірдің жалпы өнім көлеміндегі түрдің үлес салмағы – 43,3%), картоп – 41,8%-ға (тиісінше, 7,3%), көкөніс – 15,1%-ға (3,3%) аз жиналды.

Павлодар облысында ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің азаюы 2009 жылмен салыстырғанда дәнді дақылдарды жалпы жинаудың 71,9%-ға (өңірдің жалпы өнім көлеміндегі түрдің үлес салмағы 2009 жылы 28,4%-ға қарсы – 5,7%), майлы дақылдарды 2 есе (ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлеміндегі үлесі – 2,8%), картопты – 0,8%-ға (тиісінше, 14%) төмендеуімен түсіндіріледі.

Қостанай облысында НКИ-не дәнді дақылдардың – 38,1%, картоптың – 2,5% және көкөністердің – 2,8% түсімін жинаудың азаюы едәуір ықпалын тигізді, ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің облыстық көлеміндегі үлестері, тиісінше, 34,6%, 4,1%, және 1,6%-ды құрады.

Қызылорда облысында НКИ-не өңірдің жалпы өнім құрылымындағы үлес салмағы 35% құраған күрішті жалпы жинаудың 21,9%-ға ұлғаюы оң ықпалын тигізді. Картопты – 2,3%-ға (жалпы өнім құрылымындағы үлесі – 12,1%), етті – 2,3%-ға (тиісінше, 16,8%), сүт өндіру – 1,1%-ға (10,5%) өсті.

Көкөністерді жалпы жинаудың 40,3%-ға ұлғаюы Оңтүстік Қазақстан облысының НКИ негізгі ықпалын тигізді, өйткені осы өнім түрінің өңірдің өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 16,4%-ды құрады. Етті өндіру 1,9%-ға өсті (өңірдің жалпы өнім көлеміндегі түрдің үлес салмағы – 26,1%).


Өңірлер бойынша республиканың ауыл шаруашылығы

жалпы өнімінің (қызметтерінің) құрылымы


өңірдің жалпы көлеміне пайызбен


Шығаруға жауапты:

Өндіріс және қоршаған орта

статистикасы департаменті

Орын. Ф. Қалиев

тел. (7172) 74 93 16

e-mail: fkaliev@stat.kz

Департамент директоры А.Епбаева

тел. (7172) 74 90 56

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Жедел-ақпарат iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Жедел-ақпарат
Нки 126,7% құрады. Өсім 2010 жылмен салыстырғанда өсімдік шаруашылығы өнімі өндірісінің 58,6%-ға ұлғаюына негізделген
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Жедел-ақпарат iconҚазақстан Республикасы Статистика а генттігі Жедел ақпарат
Батыс Қазақстан облысында өнім шығару төмендеді (98,9%). Газ конденсатын және газойльдерды өндіру азайды
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Жедел-ақпарат iconҚ азақстан Республикасы Статистика агенттігі Жедел ақпарат
Ал Қостанай, Қызылорда облыстарында өндіріс көлемі өткен жылдың деңгейіне сәйкес. Төмендеу Маңғыстау облысында тіркелді
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Жедел-ақпарат iconҚ аза қ стан Республикасы Статистика агенттігі Жедел ақпарат
Тұрғын үйлердің жалпы санынан 1 931 жеке үйлер, 118 көппәтерлі үйлер пайдалануға берілді
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Жедел-ақпарат iconҚ аза қ стан Республикасы Статистика агенттігі Жедел ақпарат
Тұрғын үйлердің жалпы санынан 4138 жеке үйлер, 149 көппәтерлі үйлер пайдалануға берілді
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Жедел-ақпарат iconҚ азақстан Республикасы Статистика агенттігі Жедел ақпарат
Шығыс Қазақстан облысында 2012 жылғы қаңтар-ақпандағы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 121,2%-ды құрады. Қорғасын-мырыш кендерін...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Жедел-ақпарат iconҚ азақстан Республикасы Статистика агенттігі Жедел ақпарат
Павлодар облысында өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 127,4% құрады. Көмір өндіру, газойльдер, керосин, мазут, ферроқорытпалар,...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Жедел-ақпарат iconҚ азақстан Республикасы Статистика агенттігі Жедел ақпарат
Жамбыл облысында фосфатты шикізат, фосфор, цемент, ортофосфорлық қышқыл, фосфорлы тыңайтқыштар және электр энергия өндірісінің көбею...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Жедел-ақпарат iconҚ азақстан Республикасы Статистика агенттігі Жедел ақпарат
Жамбыл облысында 2012 жылғы қаңтардағы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 132,9%-ды құрады. Фосфор, минералды фосфорлы тыңайтқыштар,...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Жедел-ақпарат iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі
«Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлігі)» сәйкес бұл материал көбейтуге (көшіруге) жатпайды, статистикалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница