Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер




НазваниеҒылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер
страница1/13
Дата конвертации21.03.2013
Размер2.1 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
«КЕЛІСІЛДІ»:


Шығыс Қазақстан облысы Білім беру жүйесінің басшы және

Білім басқармасының бастығы ғылыми педагогикалық кадрлар

Сейсембина Н.У. біліктілігін арттыратын

__________ республикалық институт директоры

«____»_____ 2011 жыл. _______________Г.К. Ахметова

«_____»_____ 2011 жыл.


«БЕКІТЕМІН»:

Шығыс Қазақстан облыстық

білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

және қайта даярлау институтының директоры

__________________ С.З. Байхонова

«___»__________________2011 жыл.


ЖОБА

МАЗМҰНЫ


Институттың 2010 жылғы іс-әрекетін талдау,

мақсаты, міндеттері …………………………………………………………3-13

Шығыс Қазақстан облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін

арттыру және қайта даярлау институтының құрылымы.............................14

ШҚО тыңдаушыларының біліктілігін артыру

сапасының мониторингі ………………………………………………..…...15

ШҚО білім мекемелерінің экспериментік іс-әрекетін

басқару құрылымы …………………………..…............................................16

ШҚО БАИ даму тәртібінде іс-әрекетін регламенттейтін

нормативтік-құқықтық базаның құрылымы ……………………… …........17

Ғылыми кеңестің отырыстары………………………………..…………......18-20

Педагогтардың облыстық біліктілікті арттыру курстары …………….…21-33 Педагогтардың өтінімдері бойынша курстар ……………………………...33-37

Арақашықтық курстар …………………………………………………….….38

ШЖМ дамыту Орталығының шаралары …………………………………..38-39

Институт қызметкерлерінің интерактивті дәрістерінің кестесі ……………39

«Педагогикалық шеберлік мектебі»………………………………………...39

Кәсіби шеберлік сайыстары ……………………………...…........................40-41

Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар ……....41-42

Мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер …………….42

Шетелмен әріптестік бойынша шаралар ………………………………........42

Оқушылардың пәндік жетістіктерінің сапасын

арттыру бойынша шаралар ………………………………………….…..........43

Білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін ақпараттандыру

бойынша шаралар ………………………………….....................................44-45

Жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату.................................................44-49

Озық педагогикалық тәжірибені зерделеу....................... …..….................50-51

Институттың ғылыми-әдістемелік өнімі ……………………….……........52-54

Институт қызметкерлерінің әдістемелік оқуы ………………….…………54-55

Директор жанындағы тақырыптық жиналыстар …………….……………...55

«Тілдер туралы» Заңды, тілдерді дамытудың мемлекеттік

бағдарламасын орындау бойынша жоспар ………………...........................55-56

2011 жылы мектептерде көптілділікті енгізу және

дамыту бойынша шаралар ………………….……………………………....56-57

ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты шаралар ………………..57-59

Редакциялық кабинеттің шаралары ….………………………………….....59

Білім берудің мазмұны мен технологиясы

кафедрасының жұмыс жоспары …………………........................................59-62

Тәрбие жүйесі мен әлеуметтік психология

кафедрасының жұмыс жоспары......................................................................62-64

Институт жұмысының регламенті..................................................................65

ШҚО аудандық және қалалық білім бөлімдері туралы мәліметтер ……..65-67


Институттың 2010 жылғы іс-әрекетін талдау


1. Институт жұмысының тақырыбы, мақсаттары, міндеттері

2010 жылы Шығыс Қазақстан облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін артыру және қайта даярлау институты өзінің іс-әрекетінде білім беру жүйесінің төменгі нормативтік-құқықтық құжаттарын жетекшілікке алады: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы, «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары, «Білім» Мемлекеттік бағдарламасы, «Қазақстан Республикасындағы ақпараттандыру тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасындағы білім мекемелерінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы 2005-2010 жылдарға арналған білім дамуының мемлекеттік бағдарламасы, республикалық біліктілікті арттыру институтымен келісілген, Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы бекіткен нормативтік құжаттар, институттың күнтізбедегі жылдық жұмыс жоспары.


Мақсат: Тұлғалық-әрекеттік көзқарас негізінде педагогикалық мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін білім саласында психологиялық-педагогикалық жағдайлар құру.

ШҚО БАИ іс-әрекетіндегі негізгі міндеттер

1. Дипломнан кейінгі білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың ұйымдастырушылық негіздерін құру, біліктілікті арттыру жүйесінің мақсатты дамуы жөнінде басқару органдарының, әдістемелік қызметтердің, қоғамдық ұйымдардың өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету.

2. Педагогикалық мамандардың біліктілігін арттырудың құзыреттілік көзқарасы негізінде құрылған ұзақ мерзімді модульдік бағдарламаларын енгізу.

3. Білім беру қызметі саласына қазақстандық және шетелдік ғалымдарды тарту арқылы ғылыми-теориялық, кәсіби біліктілікті арттыруда педагогтардың, білім мекемелері мамандарының қажеттіліктерін зерделеу және шұғыл қанағаттандыру.

4. Педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыруды ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету жүйесін құру.

  1. Білім беруді дамытуға бағытталған инновациялық үрдістерді енгізу бойынша курстарда және курсаралық кезеңдерде мұғалімдерді алдын ала дайындау. Озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, жинақтау және тарату.

2. Оқу жұмысы

2009-2010 оқу жылында облыстың 5504 педагогы оқып шықты, бюджетік негізде - 3400 адам.


1-кесте Педагогтардың біліктілігін арттыру




Көрсеткіштер / оқу жылдары

2008-2009

2009-2010


1

Біліктілікті арттырудан өткен педагогтар саны

5308

5504




- соның ішінде ауылдық жерлердегі педагогтар саны

2629

2791




- оның ішінде ШЖМ педагогтары саны

1996

2595

2



Мемлекеттік тілде біліктілікті арттырудан өткен педагогтар саны

2164

2791


Салыстырмалы талдау біліктілікті арттыру курсымен қамтудың 2009 жылмен салыстырғанда 196 педагогқа оңды қарқынын көрсетті. 508 шағын жинақталған мектеп 8599 мұғалімдерінің жұмысын әдістемелік ілеспелеу мәселесіне ерекше назар аударады. 2010 жылы ШЖМ 30% педагогы біліктілікті арттыру курсымен қамтылды, бұл 2595 педагогты құрайды, өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға (1996) артық. Курстық дайындық тыңдаушыларына оқыту тілін таңдау құқығы беріледі. Есеп беру кезеңінде мемлекеттік тілде оқытатын біліктілікті арттыру курсын оқыған педагогтардың саны 627 артты. (1, 2-қосымша)

Институттың дәрісшілер құрамы (1500-адамнан астам) қалыптасқан ғылыми-педагогикалық ұжым, оның құрамына ғылымдар докторлары, кандидаттары, әдіскерлер, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздіктері, тәлімгер педагогтар енеді. Көрінгендей, 5 жыл ішінде дәрісшілер құрамы 138 педагогқа ұлғайды. Практик педагогтардың саны 30 %-ға өсті, өздерінің педагогикалық жетістіктерін тарату бойынша жұмысқа экспериментік және тірек мектептердің педагогтары белсенді қосылды, дәрісшілер құрамы білім басқармасы мамандарының есебінен де көбейді. Дәрісшілер құрамын жаңарту және кеңейту педагогтардың ақпараттық-әдістемелік тапсырыстарын сапалы қанағаттандыруға ықпал етеді.

3. Басшы мамандармен жұмысты ұйымдастыру

2010 жылы мектеп басшылары үшін 4 біліктілікті арттыру курсы өткізілген. Барлығы курстық оқытудан 93 мектеп басшысы өтті: 45 мектеп директорлары мен 48 директорлардың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментімен әлеуметтік серіктестік аумағында мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру мекемелерінің 65 басшылары үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша курсты өткізілді.

Облыста әдістемелік жұмысты ұйымдастыру Зырян, Глубокое, Ұлан, Катонқарағай, Зайсан, Тарбағатай аудандарының мектептері директорларының арасында тәжірибемен алмасу бойынша семинарлардың тиімділігін көрсетеді («Педагогикалық менеджмент негізінде мектепті басқару», «Мектеп дамуын басқарудағы жобалау негізі», «Мектептің жылдық жұмыс жоспарын сараптау»). Үлкен-Нарым ауылдық лицейінің директоры А.Е.Албаеваның «Оқушыларды арақашықтық оқыту: ауылдық лицейдің жұмыс тәжірибесі» тақырыбындағы Новосібір мемлекеттік университетінің білім бағдарламалары бойынша лицей оқушыларының арақашықтық оқуын ұйымдастыру арқылы түлектердің оқу жетістіктерін арттыру туралы шеберлік сыныбы басқарушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Ғалым Серік Зайтанұлы Тайбағаровты еске алуға арналған «Үздіксіз кәсіби білім беру: туындайтын мәселелері мен даму болашағы» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның өзектілігін атап өту қажет. Конференцияның жұмысына Қазақстан мен Ресейдің түрлі қалаларынан ғаламдар мен педагогтар қатысты. Алтай мемлекеттік университетінің педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор, РҒА академигі Ю.В.Сеньконың, Алтай мемлекеттік университетінің доценті, п.ғ.к., докторант М.Н.Фроловскаяның, Омбы педагогикалық колледжінің директоры Г.Ф.Авдееваның баяндамалары үлкен қызығушылық тудырды.

Облыс 3 мектебінің директорлары «Қазіргі кездегі шағын жинақты мектеп: жағдайы, мәселелері және болашағы» атты Халықаралық семинарға қатысып, секция отырыстарында баяндамалар оқыды (Алматы қ., 2010 жылдың ақпан айы).

2010 жылы Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев атындағы «Үздік мектеп директоры» облыстық сайысымен қатар әкімінің сыйлығына «Үздік мектеп мұғалімі» облыстық сайысы өткізілді, бес жыл қатарында облыс әкімінің сыйлығына үздік білім мекемелерінің сайысы өткізіледі. Институтта сайыстардың жеңімпаздары-басшылардың инновациялық тәжірибелерін сипаттау технологиясы әзірленіп, тиімді іске асырылуда. Ауылдық мектеп директорларының, соның ішінде ЖШМ директорларының инновациялық тәжірибелерінің 107 ақпараттық картасы жиналып, жүйеленді. Авторлық мәліметтер қорының негізінде инновациялық тәжірибелердің ақпаратнамасын қалыптастыру негізі құрылды

Облыста «Педагогикалық шеберлік мектебі» жұмыс істейді, оның аумағында 2010 жылдың маусым айында 25 жас мектеп директорларына арналған «Бағдарлы оқыту мазмұнын құрастыру» атты курс өткізілді.

4. Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жағдайында институттың білім мекемелерінің жұмысын ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етудегі алатын рөлі арта түседі.

Институттың ғылыми-әдістемелік кеңесі өзінің іс-әрекетін жетілдіруде. Есеп беру кезеңінде 4 отырыс өткізілді. «Білім мекемелерінде білім сапасын арттыруда педагогикалық кадрлардың аттестациясының рөлі туралы», «Білім мекемелерін ҰБТ және МАБ өткізуге дайындау барысы туралы», «Облыстың білім беру мекемелерінде білім сапасын бағалау мен мониторингтің аймақтық моделін енгізу туралы» сұрақтары, педагогикалық және басшы мамандардың оқыту мен басқарудың қазіргі жағдайларына көшуге дайындығы талқыланды. Білім сапасын арттыру мәселесіне «Риддер және Зырян қалаларының мектептерінде оқу-тәрбие үрдісін басқару – білім сапасын арттыру факторларының бірі» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысы арналды. 2010 жылдың мамыр айында «Аягөз ауданының мектептерінде тілдік пәндерді оқытуда құзыреттілік көзқарасты іске асыру» сұрағы қарастырылған институттың ғылыми-әдістемелік кеңесінде тілділік білім беру негізі ретінде мемлекеттік тілдік басымдылығы көрсетілді.

Институттың ғылыми-әдістемелік кеңесі жыл бойы «Өскемен қаласының әдістемелік кабинетінің оқушылардың девиантты мінез-құлқының алдын алу және түзету бойынша іс-әрекеті туралы», «12 жылдық білім беруге көшу бойынша эксперимент жағдайында оқушыларды оқытуда сабақтастықтың болуы туралы», «Шемонаиха ауданындағы мектептерде бағдарлы оқыту жағдайында математика мен физиканы оқытудың тиімділігі туралы», «Оқушыларды тәрбиелеудегі жаңа тұжырымдамалық әдістер», «Облыс мектептеріне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу туралы», «Жарма ауданының ШЖМ жағдайында ЖМЦ пәндерін оқыту мәселелері туралы», «ТжКБ мекемелерінде әдістемелік қызметтердің іс-әрекеттерінің нәтижелігі» сұрақтарын зерделеу жұмыстарымен айналысты.

Қарастырылған мәселелер жеткіліксіз ресурстық ілеспеге байланысты негізгі мәселелер мен қиыншылықты айқындады (автоматтандырылған басқару жүйесіне қызмет көрсететін техникалық қызметкерлердің штаттық саны, материалдық-техникалық база, нормативті-құқықтық қолдау); еңбекақы деңгейінің мен әдістемелік қызметтерді қаржыландыру деңгейінің төмендігі; әдіскерлердің жиі ауысатындығы; бірыңғай жергілікті желінің жоқтығы; техникалық құрал-жабдықтардың тұрақты жұмыс істемеуі.

Әлемдік әдебиет аясында қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту кезіндегі педагогикалық ізденіс Қ.О.Бітібаеваның шығармашылық зертханасына тән. Қ.О.Бітібаеваның облыстық ғылыми-әдістемелік зертханасының ашылуы «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасын іске асыруға ықпал етеді. Шет тілдерінің кабинеті біліктілікті арттыру курсын ұйымдастыру кезінде шет телі ана тілі болып табылатын Америка, Германиядан келген оқытушылармен қарым-қатынас жасауға педагогтардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ұмтылады, бұл ауылдық жерлердің педагогтары үшін барынша маңызды, өйткені қарапайым тәжірибеде олардың шет тілі ана тілі болып табылатын оқытушылармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі жоқ. Шет тілдері кабинетінің меңгерушісі Мухамадиева К.Ж. «Ағылшын тілі және ағылшын тілін оқыту әдістемесі» Британ Кеңесі жобасының халықаралық тренері болып табылады.

Институттың ғылыми-әдістемелік кеңесінің іс-әрекеті Үйлестіруші-сараптамалық Кеңестің жұмысымен тығыз байланысты. ҮСК білім беру жүйесінің жаңғыруы жағдайында жұмыс істейтін мұғалімдерге көмек ретінде қолданбалы курстардың, таңдаулы курстардың және оқу, оқу-әдістемелік, бағдарламалық материалдардың сараптамасын жүргізеді. 2009-2010 оқу жылында ҮСК отырысында сараптамалық баға алғандар:

- 243 жұмыс, оның сабақтарды дидактикалық және әдістемелік ілеспелеу бойынша 26 жұмысы институттың сайтында орналастырылды;

- 37 атаулы оқу-әдістемелік өнім институттың баспа орталығында жариялануға ұсынылды;

- 14 тірек мектептерінде бейімделген қолданбалы және таңдау бойынша курстардың бағдарламасы жоғарғы мектептің бағдарлы сыныптарында қолдануға ұсынылды.

Институт әдіскерлері бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететін кадрлық әлеуеті, сондай-ақ бағдарлы оқыту аумағында педагогикалық қызметкерлердің білім технологияларын пайдалану мониторингінің нәтижесі, 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында басқару ерекшеліктері мен механизмі зерделеді. Институттың оқушылардың пәндік жетістіктерін арттыру шығармашылық тобы нақты пән және нақты мұғалім форматында сыртқы бақылау нәтижелері бойынша төменгі көрсеткіштерге ие облыстың 50 мектептеріне әдістемелік көмек көрсетті.

ШҚО білім беру мекемелерінің оқу үрдісіне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізуге байланысты ШҚО БАИ-да, ББЖ КБАРИ-да, «Бөбек» орталығында 87 ағымды курс және 5 интерактивті семинар, жоғарғы оқу орындары ғалымдарының, «Бөбек» орталығының қатысуымен On-Line тәртібінде 3 конференция өткізілді.

1-диаграмма

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілікті арттыру курсымен педагогтардың қамтылуы




Кестені талдау мектепке дейінгі білім мекемелерінің өзін-өзі тану педагогтарымен қамтамасыз етілгенін, техникалық және кәсіби білім беру жүйесі педагогтары үшін біліктілікті арттыру курсын өткізу қажеттілігін көрсетеді. ШҚМУ ғалымдарымен бірге «Балалар мен педагогтардың рухани-адамгершілік дамуына психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және ұйымдастырушылық жағдайлардың әсер етуін зерттеу» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді.

«Экономикаға кіріспе және қаржылық сауаттылық» кіріктірілген курсын енгізуді әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында 2009-2010 оқу жылының ағымында ШҚО БАИ базасында әдіскерлерге, технология мұғалімдеріне арналған 7 оқыту семинарлары өткізілген. Облыстың 17 ауданында көшпелі курстар ұйымдастырылды, онда 520 педагог біліктілікті арттырудан өтті.

Оқу үрдісіне «Дінтану негіздері» курсын енгізуге байланысты БҒМ Орта білім беру Департаментінің тапсырмасы бойынша «Дінтану негіздері» курсының оқу-әлістемелік кешенін әзірлеу қажеттілігі туындады. Электрондық оқу-әдістемелік кешен ҚР БҒМ сараптамадан өтіп жатыр.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер iconМектеп басшыларына! 12. 12. 12 ж
...
Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер icon4-03 2012-2013 оқу жылына арналған
«Мектеп түлектерінің бәсекеге қабілетті тұлға етіп қалыптастыруда сапалы гимназиялық білім берудегі педагогикалық негіздер»
Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер icon«Отбасы, мектеп және қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы» тақырыбында Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің 2011 жылғы тамыз педагогикалық кеңестерін өткізу жөніндегі
Білім беру қызметкерлерінің 2011 жылғы тамыз педагогикалық кеңестерін өткізу жөніндегі
Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер iconМектеп директорларына !
Ббж кбари педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыру мақсатында 2007 жылдың сәуір айының 9-ы мен 13-і аралығында физика пәнінен...
Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер iconСиллабус «Латын тілі» пәні бойынша 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін
Кафедра меңгерушісі: Айкенова Рыскельды Айкеновна,педагогика ғылымының кандидаты, доцент педагогикалық жұмыс стажы – 29 жыл. Ғылыми...
Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер iconНеміс тілі: лексика, грамматика, сөйлеу, қарым-қатынас Тілдік емес жоо-ның студенттері үшін оқу нұсқаулығы 1 Бөлім Мен және менің айналам Павлодар Кереку 2010
С. Торайғыров ат. Павлодар педагогикалық университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылған
Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер iconАстана ақшамы. – 2012. №54. – 19 мамыр Өкешқызы Г. Жан шуағы
Астанадағы Қазақ агротехникалық университетінің бірінші проректоры Айтжан Мұхамеджанұлы Әбдіров — педа­гогика ғылымының докторы,...
Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер iconЖОҒары мектеп психологиясы магистранттарға арналған оқу құралы Павлодар
С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды
Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер iconСиллабус
Абдрахманова Майра Галымжановна, медицина ғылымдарының докторы, педагогикалық жұысының стажы 9 жыл, клиникалық жұмысының стажы 29...
Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер iconХимик Қазақша Ғылыми жұмыс : Конференциялар 1 28. 09. 2007ж. Балқаш қаласындағы республикалық ғылыми-практикалық «Проблемы и преспективы развития Прибалхашья»; 2 13.
«Проблемы и преспективы развития Прибалхашья»; 2 13. 12. 2007ж. Алматы қаласындағы республикалық ғылыми-практикалық «Инновационное...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница