Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы




НазваниеКеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Дата конвертации24.03.2013
Размер80.7 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы № 463

17.09.2010ж.



Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы



«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Кеден ісін жетілдіру мәселесі бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша Кедендік бақылау департаменттері және кедендерінің бастықтары:

1) кеден ісін жетілдіру мәселесі бойынша консультативтік кеңестер құрсын;

2) кеден ісін жетілдіру мәселесі бойынша консультативтік кеңестер туралы ережені бекітсін;

3) тұрақты негізде консультативтік кеңестердің отырыстарында көтерілген проблемалық мәселелерді жинақтауды және қорытындылауды, кеден ісін жетілдіру мәселесі бойынша әзірленген ұсыныстарды жүйелеуді және заң шығармашылық қызметте пайдалану үшін тиісті ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4) осы бұйрықты іске асыру жөніндегі өзге шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (Қ-К. Кәрбозов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасына жүктелсін.

5. Осы бұйрық ол ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қаржы министрі Б. Жәмішев






Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

20__ жылғы_________№____ бұйрығымен бекітілді



Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша

консультативтік кеңестер туралы

үлгілік ереже


1. Жалпы ережелер


1. Осы Үлгілік ереже кеден ісі саласындағы уәкілетті органның, кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің және кедендердің (бұдан әрі – кеден органы) жанында құрылатын кеден ісі салысындағы мәселелер бойынша консультативтік кеңестердің (бұдан әрі – консультативтік кеңес) қызметін ұйымдастыру, өкілеттігін айқындау мақсатында әзірленді.

2. Консультативтік кеңес қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді жетілдіруге және кедендік әкімшілдендірудің тиімді әдістерін енгізуге ықпал ету болып табылады.

3. Консультативтік кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Кеден одағының Кеден кодексін, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.


2. Консультативтік кеңесті құру тәртібі


4. Консультативтік кеңестің құрамы кеден органдарының лауазымды тұлғаларынан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардан, сондай-ақ өзге мүдделі тұлғалардан, оның ішінде олардың ұсынымдары бойынша қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардан қалыптастырылады.

5. Консультативтік кеңестің құрамы кеден органының бірінші басшысының шешімімен бекітіледі.


3. Консультативтік кеңестің міндеттері


6. Консультативтік кеңестің негізгі міндеттері:

1) кеден органдарының Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды және оны іске асыру механизмін пысықтауы;

2) сыртқы экономикалық қызметті кедендік реттеу әдістерін қолдану тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды шығару;

3) тауарларды кедендік тазартуды және кедендік бақылауды жетілдіру мен оңайлату, кеден одағының кедендік аумағы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайларды жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы субъектілерінің, ұйымдары мен азаматтарының сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

4) Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызметті кедендік реттеу мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстарды дайындау;

5) кеден ісі саласындағы құқық қолдану практикасында туындайтын проблемалық мәселелерді талқылауға шығару болып табылады.


4. Консультативтік кеңестің өкілдіктері


7. Өз қызметі барысында консультативтік кеңес:

1) кедендік бақылауды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды, оның ішінде талдау және ақпараттық материалдар, нормативтік құқықтық актілердің және өзге құжаттардың жобалары түрінде әзірлейді және қарауға шығарады;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен кеден органдарынан, өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ ұйымдар мен тұлғалардан консультативтік кеңестің міндеттерін орындау үшін қажетті материалдарға сұрау салады және алады;

3) кеден органдары кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алу үшін біліктілік емтихандарын өткізген кезде қатысуға құқылы.


5. Консультативтік кеңестің басшылығы


8. Консультативтік кеңесті кеден органының басшысы болып табылатын консультативтік кеңестің Төрағасы басқарады.

9. Консультативтік кеңестің Төрағасы:

консультативтік кеңестің жұмысын басқарады;

консультативтік кеңес қызметінің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар дайындайды;

консультативтік кеңестің отырыстарын жүргізеді;

консультативтік кеңес хатшылығының жұмысына басшылық етеді;

мемлекеттік және өзге ұйымдармен, мекемелер және ведомстволармен өзара қатынаста консультативтік кеңестің атынан шығады;

консультативтік кеңес шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.


6. Консультативтік кеңестің мүшелері


10. Консультативтік кеңес мүшелерінің жұмысы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

11. Консультативтік кеңестің мүшелері консультативтік кеңестің отырыстарына жеке өздері қатысады.

12. Консультативтік кеңестің мүшесі консультативтік кеңес Төрағасының атына Хатшылыққа жазбаша өтінішті ұсына отырып оның құрамынан шығады.

Консультативтік кеңестің мүшесі Хатшылыққа өтінішті берген күнінен бастап шығарылған деп танылады.

13. Төраға консультативтік кеңестің мүшелерімен келісім бойынша мүшені консультативтік кеңестің құрамынан мынадай негіздер бойынша шығарады:

1) консультативтік кеңестің жұмысына және консультативтік кеңес қабылдаған шешімдерді орындауға кедергі келтіретін іс-қимылдарды жасағаны үшін;

2) консультативтік кеңес қызметінің беделін түсіретін іс-қимылдарды жасағаны үшін.


7. Консультативтік кеңестің жұмысын қамтамасыз ету


14. Консультативтік кеңестің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін консультативтік кеңеске қатысушылардың санынан Хатшылық құрылады. Хатшылықты консультативтік кеңестің Төрағасы тағайындайтын хатшы басқарады.

15. Хатшылық консультативтік кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдардың өтініштері мен ұсыныстарын қабылдайды, консультативтік кеңестің отырыстарына материалдар дайындайды, консультативтік кеңеске қатысушылар мен басқа ұйымдардың байланысы мен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.


8. Консультативтік кеңестің шешімдері


16. Консультативтік кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

17. Консультативтік кеңестің шешімдері консультативтік кеңестің отырыстарында қабылданады.

18. Консультативтік кеңестің шешімдері консультативтік кеңеске қатысушылардың жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.


9. Консультативтік кеңестің отырыстары


19. Консультативтік кеңестің отырыстары қажеттілігі бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылады.

20. Консультативтік кеңес отырысының күн тәртібі, сондай-ақ оны өткізу орнын, уақытын, тәртібін және мерзімдерін консультативтік кеңестің Төрағасы айқындайды.

21. Консультативтік кеңестің отырыстары консультативтік кеңес мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан кезде заңды болып саналады.

22. Консультативтік кеңестің отырыстары ашық және жабық болуы мүмкін. Консультативтік кеңестің жабық отырыстарына тек қана оның мүшелері қатысады.

23. Әр отырыстың нәтижелері бойынша консультативтік кеңестердің отырыстарында көтерілген проблемалық мәселелерді жалпылауға, осы Үлгілік ереженің 2, 6-тармақтарында айқындалған консультативтік кеңестің мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға ықпал ететін нақты конструктивті ұсыныстарды пысықтауға негізделген шешім қабылданады.


________________________________________


«Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі бұйрығының

жобасына

АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ



№ р/с

Түсініктеме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

2

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтеу жасалған нормативтік құқықтық актіні қабылдауға негіздеме (мемлекеттік органның құзыреті)

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 2-тармағына сәйкес кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың қажеттілігіне негіздеме (нақты мақсаттары, дәлелдемесі және неге байланысты қабылданғанды)

Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестердің бірыңғай статусы мен өкілеттіктерін айқындау мақсатында

4

Аталған мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер туралы және оларды өзгерту мен толықтыру немесе нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты күшін жойды деп тану туралы ұсыныстарды дайындау туралы мәліметтер

Жоқ

5

Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетілген заңды сараптаманы өткізбестен қайтарылған осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ



Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша инвестициялық стратегияны бекіту туралы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негізгі принциптері...
Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы icon«Есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы»
«Есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қарашадағы...
Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережені және Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлерінің антын бекіту туралы
«Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 11-тармағына сәйкес Қаулы етемін
Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы icon«Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2006-2007 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы»
Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі...
Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы iconМемлекеттік орман иеленушінің ормандағы өрт сөндіру станциясы туралы ережені бекіту туралы
Азақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-13 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы iconВетеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және
«Қазақстан Республикасындағы мал дәрігерлік қызметті лицензиялау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы icon«Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы»
Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы №204-ө бұйрығына өзгерістер...
Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
Й қорын басқару тетіктерін жетілдіруге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан...
Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты...
Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы iconКорпоративті оқиғалардың күнтізбегі
Дк комитетінің, дк бөлек мүшелерінің, Басқарманың, Қоғамның іақ қызметін бағалау туралы Ережені бекіту
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница