Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы




НазваниеКемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
страница1/5
Дата конвертации26.03.2013
Размер0.63 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 09.12.2011 16:15:10


Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 677 Қаулысы

 

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 16) тармақшасына және 33-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптар белгіленсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 20 маусымдағы

677 қаулысына

қосымша

 

 

Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын

 талаптар

 

1. Осы Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптар (бұдан әрі - талаптар) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және кемені қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, кеме бортында жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің талаптарын орындау үшін жеткілікті өздігінен жүзетін кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды айқындайды.

2. Талаптар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде және Жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүретін кемелерге қолданылады.

3. Ішкі суда өздігінен жүзетін кеме экипаждарының ең аз құрамына мынадай лауазымдар кіреді:

1) капитан-механик;

2) капитан;

3) механик;

4) кеме жүргізушісі-кеме механигі;

5) кеме жүргізушісі;

6) кеме механигі;

7) электромеханик.

4. Аралас (өзен-теңіз) жүзудің өздігінен жүзетін көліктік кемелері экипаждарының ең аз құрамына мынадай лауазымдар кіреді:

1) капитан;

2) капитанның аға көмекшісі;

3) капитанның екінші көмекшісі;

4) капитанның үшінші көмекшісі;

5) аға механик;

6) екінші механик;

7) үшінші механик;

8) төртінші механик;

9) электромеханик (электрик);

10) радио маманы;

11) кеме аспазы.

5. Экипаж саны ішкі суда өздігінен жүзетін кеме экипаждарының ең аз құрамының нормативтерінен (осы талаптарға 1-қосымша) және аралас (өзен-теңіз) жүзудің өздігінен жүзетін көліктік кемелері экипаждарының ең аз құрамының нормативтерінен (осы талаптарға 2-қосымша) аз болған кезде кемені пайдалануға рұқсат етілмейді.

6. Ең аз құрамға жолаушыларға, кемелердің командалық құрамына және кеме командасына қызмет көрсететін қызметкерлер кірмейді.

7. Тез бүлінетін жүктерді тасымалдайтын кемелердегі кеме экипажының ең аз құрамында рефрижераторлық қондырғылар жөніндегі механик лауазымы көзделеді.

Басты дизель-электр қондырғысы бар кемелердегі ең аз құрамға жолаушылар кемесінде екі электромеханик және басқа үлгідегі кемелерде бір электромеханик енгізіледі.

«А» нышаны жоқ, қызмет көрсететін бір немесе екі құрылғы мен жүйелер бойынша автоматтандыру талаптарын қанағаттандырмайтын кемелерде ең аз құрам бір моторшы матросқа (рульдеушіге) ұлғайтылады.

«А» нышаны бар, қызмет көрсететін бір немесе екі құрылғы мен жүйелер бойынша автоматтандыру талаптарын қанағаттандырмайтын кемелерде ең аз құрам тиісті мамандығы бар бір маманға ұлғайтылады.

8. Кеме экипажынсыз пайдаланылатын екі және одан артық баржаларды (қосалқы баржаларды) жүк теплоходтарын және сүйрейтін кемелермен (итергіштермен) жүргізген кезде өздігінен жүзетін кеме экипажының штатына әрбір екі баржаға қатардағы құрамның бір адамы қосылады.

Ұзындығы 75 метрден астам өздігінен жүзетін кемелердің немесе ұзындығы 75 метрден астам құрамның жұмысы кезінде кеменің (құрамның) алдыңғы және артқы жағында бір мезгілде арқандап байлауды (арқанды шешуді) қамтамасыз ететін қатардағы құрам саны кемінде екі адамды құрайды.

9. Осы талаптарды есепке ала отырып, кеме иесі экипаждың штат кестесін әзірлейді және бекітеді, ол кемеге оны пайдалануға енгізгенге дейін беріледі.

 

Кеме экипаждарының ең аз

құрамына қойылатын талаптарға

1-қосымша

 

 

Ішкі суда өздігінен жүзетін кеме экипаждарының ең аз құрамының

 нормативтері

 

Автоматтандыру дәрежесі

Экипаж құрамының ең аз саны

 

Кеме қатынасы тіркелімінің класындағы «А» нышаны бар кемелер

Кеме қатынасы тіркелімінің класындағы «А» нышанысыз кемелер

Кемелерді уақыт бойынша пайдалану тәртібі

Сағат 12-ні қоса алғанда, оған дейін

Сағат 16-ны қоса алғанда, оған дейін

Тәулік бойы

Сағат 12-ні қоса алғанда, оған дейін

Сағат 16-ны қоса алғанда, оған дейін

Тәулік бойы

Кеме экипаждарының уақыт бойынша жұмыс тәртібі

1 ауысымды

2 ауысы мды

8 сағаттан 3 ауысымды

12 сағаттан 2 ауысымды

1 ауысымды

2 ауысымды

8 сағаттан 3 ауысымды

12 сағаттан 2 ауысымды

Кемелер тобы

Кәсіптік құрамы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Өздігінен жүретін құрғақ жүк кемелері

Жүккөтергіштігі 600 тоннаны қоса алғанда, оған дейін

Капитан-механик

1

1

1

1

-

-

-

-

Капитан

-

-

-

-

1

1

1

1

Механик

-

-

-

-

1

1

1

1

Кеме жүргізусі-кеме механигі

-

1

2

1

-

-

-

-

Кеме жүргізушісі

-

-

-

-

-

1

2

1

Кеме механигі

-

  1   2   3   4   5

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару жүйелері болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы iconАвтомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы”
Автомобиль көлігі туралы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру және Қазақстан Республикасының автомобиль көлігіндегі...
Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы icon2011 жылғы 30 желтоқсан №1675 Астана, Үкімет Үйі
Астық сапасын сараптау тәртiбiне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды бекiту туралы
Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы icon«Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы»
«Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы...
Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы icon«Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
Лық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидалары (бұдан әрі Санитариялық қағидалар) адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына...
Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы iconАтырау бөлігіндегі Каспий теңізінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы
«Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, жерүсті суларының ластануын, қоқысталуы мен...
Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы icon«Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы»
«Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы iconИнфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар)...
Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік
Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей, олардың күрделілігіне қарай (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және...
Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы iconӘкімдіктің 2005 жылғы 7 қазандағы №336 «Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесінің айналасында күзету аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және қолданыстағы заңнамаға...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница