Қызылорда облысының кәсіпкерлерін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысуға шақыра отырып, төмендегідей түсініктемені (бағдарламаның бірінші бағыты бойынша) кәсіпкерлер назарына ұсынамыз




Скачать 61.59 Kb.
НазваниеҚызылорда облысының кәсіпкерлерін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысуға шақыра отырып, төмендегідей түсініктемені (бағдарламаның бірінші бағыты бойынша) кәсіпкерлер назарына ұсынамыз
Дата конвертации28.03.2013
Размер61.59 Kb.
ТипДокументы
Қызылорда облысының кәсіпкерлерін «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысуға шақыра отырып, төмендегідей түсініктемені (бағдарламаның бірінші бағыты бойынша) кәсіпкерлер назарына ұсынамыз:

Кәсіпкерлерден, бизнесті дамытуға кедергі келтіретін не деп сұрасаңыз, көп жағдайда олар: «Банктік ставкалар өте жоғары» деп жауап береді. Десек те, мемлекет банктерден сыйақы ставкаларын төмендетуді талап ете алмайды. Өйткені банктер – нарық құралдары болып табылады, олар бәсекелестік ортада жұмыс істейді, сондықтан өз қызметінің бағасын өздері белгілейді. Атап айтқанда, банктік ставка, яғни банктік мөлшерлеме – инфляция деңгейінен, банктің өзі тартқан ақшасының құнынан, сол сияқты банктердің кредиттеу барысында мойнына жүктейтін тәуекел көрсеткіштерінен тұрады. Бірақ мемлекет маңызды мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру үшін берілетін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін өтеп бере алады. Бұл шара – пайыздық мөлшерлемені субсидиялау деп аталады және де қазіргі күні әлемнің көптеген елдерінде экономиканың басымды секторындағы өнім өндірушілерге көмек көрсету барысында кеңінен қолданылуда. Қазақстанда субсидиялар қазір ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеумен айналысатын кәсіпорындар үшін беріліп отыр. Енді кредит құнын өзге де өндіріс компаниялары төмендете алады.

Субсидия дегеніміз не? Айталық, сіз жылына 14 пайыздық ставкамен кредит алдыңыз. Оның 7 пайызын өзіңіз төлейсіз де, қалған 7 пайызын сіз үшін мемлекет тегін төлеп береді. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясындағы субсидия дегеніміз осы.

Субсидияны қандай кредиттер бойынша алуға болады? Субсидияны өндіріс орнын жаңартып, модернизациялау мен кеңейтуге бағытталған қолданыстағы және жаңадан басталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін берілген банктің жаңа кредиттері бойынша алуға болады. Жаңа кредиттер қатарына 2010 жылдың 1 қатарынан бастап берілген кредиттер жатқызылады.

Субсидия қандай мерзімге беріледі? Жаңа жобалар бойынша субсидиялау мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі аралықты қамтиды және де әрі қарай 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі ескерілген.

Субсидиялау барысындағы банктің комиссиялық сыйақысы қандай болуы керек? Банк кредитке қатысты төменде көрсетілген комиссиядардан өзге ешқандай да алым, не комиссиялық сыйақы талап ете алмайды, яғни:

  • Кәсіпкер ұсынысымен кредиттеу талаптарын өзгертуге қатысты алымдарды ескермегенде;

  • Кәсіпкер тарапынан кредит бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда төленетін комиссияларды ескермегенде.



Несие төлеу кестесінің үлгісі (5 000 000 теңге көлеміндегі несие алынған, пайыздық ставкасы 14 пайыз жылына, несие мерзімі – 5 жыл)



Субсидияны қалай алуға болады?

  1. Ең алдымен Банкке жаңа кредит беру жөнінде өтініш түсіру керек, егер сіздің қолыңызда игеріліп жатқан кредит бар болса, онда субсидия алу жөніндегі арызыңызды және субсидия беру мақұлданған жағдайда кредит бойынша пайыздық ставканы тиісті деңгейге дейін төмендету жөніндегі өтінішіңізді қоса беру керек. Өтініш формасын «Даму» қорының сайтынан ала аласыз: www.damu.kz

  2. Егер Банк кредит беру жөнінде және пайыздық ставкаларды төмендету жөнінде оң шешім шығарып жатса, онда сіз Әкімдікке жүгіне аласыз.

  3. Әкімдік қажет құжаттар мен мәліметтерді толық жинап, Аймақтық үйлестіру кеңесінің (әрі қарай - АҮК) қарауына жібереді. Кеңес субсидиялау мүмкіндігі (не мүмкін еместігі) жөнінде шешім қабылдайды.

  4. Сіздің жобаңызды АҮК мақұлдап жатса, Әкімдік Кеңес шешімін ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне (Министрлік) келісуге жібереді.

  5. Кеңес шешімімен танысқан Министрлік сіздің жобаңызды не бекітеді, не қайтарып береді. Бұл жайында әкімдікті құлақтандырады.

  6. Министрліктен жоба бойынша мәлімет алған Әкімдік сізді, Банкті және «Даму» Қорын шығарылған шешіммен таныс етеді.

  7. Банк сіздің жобаңызды бекіткені жөнінде Министрліктің хатын алған соң, субсидиялау жөнінде үш жақты Шарт жасалады, яғни, сіз, «Даму» Қоры және Банк үшеуіңіздің араңызды.

Әрі қарай сіз субсидиядияланбайтын пайыздық ставка бойынша Банктің сыйақысын өтеуді Банкпен арада жасасқан Шартқа сай жүргізе бересіз. Егер сіз қандай да бір себептермен кредит бойынша дер уақытында төлем жасауды тоқтатқан болсаңыз, онда субсидия бойынша жасалатын төлемдер де уақытша тоқтатылады, ал әрі қарай мүлдем тоқтатылуы мүмкін.

Ішінара кепілдендіру дегеніміз не? Айталық, сіз Банктен 5 000 000 теңге көлеміндегі кредит алғыңыз келеді, бірақ та Банктің бағалауы бойынша 5 000 000 теңге кредит алу үшін сіздің кепіл мүлкіңіз жеткіліксіз. Осы жерде «Даму» Қоры сіздің кредит сомаңыздың 50 пайызына дейін, яғни 2 500 000 теңгеге Банк алдында сізге ішінара кепілдеме бере алады. Яғни «Даму» Қоры Банкке сіз үшін кепілдеме (гарантия) түріндегі кепіл мүлкін ұсынып отыр. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясындағы ішінара кепілдеме беру дегеніміз осы.

Кепілдемені қандай кредиттер бойынша алуға болады? Кепілдеме – көбіне өндірісті жаңартып модернизациялауға, кеңейтуге бағытталған жобалар мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін берілген жаңа кредиттер бойынша берілуі мүмкін. Айналым қаражатын толықтыруға кредит сомасының 20 пайызына дейін жұмсалуы мүмкін.

Кепілдік қандай сомада берілуі мүмкін? Әрбір жобаға берілетін кепілдік кредит көлемінің 50 пайызынан артық болмайды және де 1,5 млрд. теңге сомасымен шектеледі.

Кепілдік қанша мерзімге беріледі? Кепілдік мерзімі 10 жылдан аспайды.

Кепілдікті қалай алуға болады???

  1. Ең алдымен, Банкке бару керек. Банк жобаны сараптан өткізіп, талаптарға сай келген жағдайдакредит көлемі мен кепілдікке қажетті сома көрсетілген хат береді.

  2. Банктен алған хатпен бірге сіз Әкімдікке барасыз.

  3. Әкімдік жобаңызды кепілдікті беру/бермеу туралы шешімді қабылдайтын АҮК қарауына ұсынады.

  4. Әкімдік АҮК жобаны мақұлдағаннан кейін «Даму» Қорына және Банкке мақұлданған жобалар тізімін жіберіп, жобаңыздың мақұлданағаны жөнінде сізді хабардар етеді.

  5. АҮК-де қаралған жобаңыздың шешімі туралы хабарлама қолыңызға тиісімен, сіз Банкке қажетті құжаттарды өткізесіз.

  6. Банк кепілдік берудің мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында «Даму» Қорына сіздің құжаттарыңызды жібереді.

  7. Оң шешім қабылданған жағдайда «Даму» Қоры келісім алу мақсатында Кепілдік шартын жасасуға даярлығы жөнінде Экономикалық даму және сауда министрлігіне хат жолдайды.

  8. Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілгеннен кейін «Даму» Қоры Банкке кепілдік берілерден бұрын жолданатын хатты жібереді.

  9. Кәсіпкер, Банк және «Даму» Қоры несие шартына отырғаннан кейін үшжақты Кепілдік шартын жасайды.



Толғандырған сұрақтарыңыз бойынша келесі телефондарға хабарласуларыңызға болады: +7 7242 27-84-02 Қызылорда облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалы немесе www.dkb2020.kz сайтынан ақпарат алуға болатындығын хабарлаймыз.


Бағдарлама бойынша «Үйлестіруші» болып табылатын Әкімдіктің мекен-жайы: Қызылорда облысы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті, Қызылорда қаласы, Абай даңғылығы, 28, тел. + 7 7242 23-94-69


«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын екінші деңгейлі банктердің мекен-жайлары, байланыс телефондары




Жаңа бизнес бастамаларды қолдау бағыты бойынша субсидиялау келісім-шартына қол қою мерзімі 70 күннен 23 күнге дейін қысқартылды

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының негізгі шарты бойынша 2010 жылы берілетін несиелер жұмыс жасап тұрған кәсіпорындардың жұмысын кеңейтуге және құрал-жабдықтарды жаңғартуға бағытталуы тиіс еді. Бірақ та, әрбір жобаның қиындықтарын ескере отырып, бағдарламаға толықтыру енгізілді, яғни жоба құнының 30 пайызына дейінгі соманы айналым қаражатын толықтыруға бағыттауға болады.

24 қараша күні өткен ҚР Үкімет отырысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асырудағы жобаларды қарау мерзімдерін қысқарту туралы мәселе қаралды. Нәтижесінде жаңа бизнес бастамаларды қолдау бағыты бойынша субсидиялау келісім-шартына қол қою мерзімі 70 күннен 23 күнге дейін қысқартылды.

Біріншіден, кәсіпкер несие алған кезде кепіл мүлкін Халыққа қызмет көрсету орталығында тіркеу үшін 15 жұмыс күні кетеді. Сондықтан «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына кіретін жобалардың кепіл мүлкін 3 жұмыс күні ішінде тіркеу туралы Премьер-Министрдің орынбасары Е. Орынбаев тапсырма берілді және салық комитетінен анықтама алу мерзімі 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс деп көрсетілді.

Демек бизнестің жол картасы бағдарламасы аясындағы барлық процедуралар жеңілдетіліп жатыр. Және де «Даму» қорына, банкілерге және Аймақтық үйлестіру кеңесіне 25 жұмыс күні ішінде жоба үйлестіру кеңесінде мақұлданғаннан кейін субсидиялау келісім-шартына қол қойылуы тиіс деп тапсырма берілді.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысы бойынша Аймақтық үйлестіру кеңесінің шешімімен 4 жоба мақұлданып, 2 жоба («Темірхан» фирмасы» ЖШС-ң «Жайна базасында фитнесс орталығын салу» жобасы және «Сымбат Ойл» ЖШС-ң «Бала бақша орталыгын ашу») бойынша субсидиялау келісім-шарттарына қол қойылды, 1 жоба (Қазалы ауданының «Асыл-Ғани» ЖШС-ң «Бетон дайындау қондырғысы мен жүк тиегіш трактор алу») кепілдік берудің мүмкіндігін қарастыру бойынша «Даму» Қорының бас офисінде қаралуда.

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Қызылорда облысының кәсіпкерлерін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысуға шақыра отырып, төмендегідей түсініктемені (бағдарламаның бірінші бағыты бойынша) кәсіпкерлер назарына ұсынамыз icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
Бүгінгі күні Қазақстан әлемдегі мұнай, газ, металл, жоғары сапалы бидай өндіруші алдыңғы қатарлы мемлекеттің бірі. Алайда, көптеген...
Қызылорда облысының кәсіпкерлерін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысуға шақыра отырып, төмендегідей түсініктемені (бағдарламаның бірінші бағыты бойынша) кәсіпкерлер назарына ұсынамыз icon«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ы «ПетроҚазақстан компаниясының Қызылорда облысы бойынша 2011 жылға арналған стипендиялық бағдарламасына» қатысуға өтініштер қабылдайтыны туралы хабарлайды
Бұл стипендиялық бағдарлама Қызылорда облысындағы дарынды жастардың сапалы білім алуына ықпал ету үшін жасалған және онда мұнай-газ...
Қызылорда облысының кәсіпкерлерін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысуға шақыра отырып, төмендегідей түсініктемені (бағдарламаның бірінші бағыты бойынша) кәсіпкерлер назарына ұсынамыз iconЖұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты бойынша несие алған қатысушылардың қаржыны мақсатты игеруін қадағалау және үшінші...
Қызылорда облысының кәсіпкерлерін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысуға шақыра отырып, төмендегідей түсініктемені (бағдарламаның бірінші бағыты бойынша) кәсіпкерлер назарына ұсынамыз iconАқтөбе қаласы бойынша Жол картасы аясында инвестициялық жобаларды іске асыру туралы
Молдағұлова даңғылы вос-тан Рысқұлов көшесіне дейін д-900 мм су құбырын күрделі жөндеу
Қызылорда облысының кәсіпкерлерін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысуға шақыра отырып, төмендегідей түсініктемені (бағдарламаның бірінші бағыты бойынша) кәсіпкерлер назарына ұсынамыз iconА лматы облысының алматы облысының Әкімдігі мәслихаты
Заңының 11 бабындағы 4 тармағына сәйкес, тиісті аумақтардағы халықтың пікірін ескере отырып, Ақсу, Алакөл, Қаратал, Еңбекшіқазақ,...
Қызылорда облысының кәсіпкерлерін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысуға шақыра отырып, төмендегідей түсініктемені (бағдарламаның бірінші бағыты бойынша) кәсіпкерлер назарына ұсынамыз iconЖоба қызылорда облысының елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау Ережесін бекiту туралы
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 6-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 заңының 10-бабына...
Қызылорда облысының кәсіпкерлерін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысуға шақыра отырып, төмендегідей түсініктемені (бағдарламаның бірінші бағыты бойынша) кәсіпкерлер назарына ұсынамыз icon2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаның мониторингі бойынша жедел есептілік
Мақсаты: республиканың индустриалды-инновациялық дамуын, ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты бекітуді, ғылым мен жоғары технологияларды...
Қызылорда облысының кәсіпкерлерін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысуға шақыра отырып, төмендегідей түсініктемені (бағдарламаның бірінші бағыты бойынша) кәсіпкерлер назарына ұсынамыз iconКадрлерді қайта дайындау мен аймақтық жұмыспен қаматамасыз ету стратегиясы шектіктерінде тұрғылықты жерлерді көріктендіру бойынша мемлекеттік сатып алу туралы
Жеткізуші Тапсырушыға кадрлерді қайта дайындау мен аймақтық жұмыспен қаматамасыз ету стратегиясы шектіктерінде тұрғылықты жерлерді...
Қызылорда облысының кәсіпкерлерін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысуға шақыра отырып, төмендегідей түсініктемені (бағдарламаның бірінші бағыты бойынша) кәсіпкерлер назарына ұсынамыз icon«Жемшөп өндірісін дамыту» инвестициялық бағыты бойынша жемшөп дайындау, жемшөп тарату, жемшөп әзірлеу техникаларын сатып алуға арналған құжаттар тізбесі
Осымшаға сәйкес қатысуға өтінім; №8 қосымшаға сәйкес сауалнама; №9 қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Ортақ қарыз алушының) ол туралы...
Қызылорда облысының кәсіпкерлерін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысуға шақыра отырып, төмендегідей түсініктемені (бағдарламаның бірінші бағыты бойынша) кәсіпкерлер назарына ұсынамыз iconОблыс әкімінің Веб-сайтына электронды хабарландыру орналастыру
Жеткізу шарттары: келісімшарт жағдайларына сәйкес, «Жол картасы» инвестиция жобаларын орындау шектіктерінде 5 жұмыс орнын қатыстырумен,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница