Қарағанды 2010 ж Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген




Скачать 137.75 Kb.
НазваниеҚарағанды 2010 ж Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген
Дата конвертации29.03.2013
Размер137.75 Kb.
ТипДокументы
ФКГМУ 4/3-04/01

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007г.


Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы


ДӘРІС




Тақырыбы: Қазақстандағы ЖЭС. Өлкедегі кеңестік мемлекет құрылысы. ЖЭС – тің әлеуметтік экономикалық нәтижелері.

Пәні: Қазақстан тарихы

Мамандығы: 051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау »

Курс: 1

Ұзақтығы: 50 минут


Қарағанды 2010 ж



Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген
Хаттама №____ «____»_______ 2010ж.

Кафедра меңгерушісі: О.К.Никитина



  • Тақырыбы: Қазақстандағы ЖЭС. Өлкедегі кеңестік мемлекет құрылысы. ЖЭС – тің әлеуметтік экономикалық нәтижелері.

  • Мақсаты: Қазақстандағы халық шаруашылығының мән – жайын түсіндіру. Ел экономикасын соғыс жағдайна ыңғайлап құрудың мәнін түсіндіру. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер жағдайына тоқталу. ЖЭС – тің мәнін анықтау.



  • Дәріс жоспары:




  1. Соғыс жылдарындағы экономикалық саясат

  2. ЖЭС – қа көшу.

  3. ЖЭС – тың қиындықтары мен табыстары

  4. Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайы




    • Дәріс тезистері:



Советтік қоғамтану ғылымы ЖЭС — жаңа экономикалық саясат кезеңін ұзақ жылдар бойы социализм идеалдарынан уақытша шегіну кезеңі ретінде, тактикалық сипаттағы міндеттерден туған амал-айла ретінде түсіндіріп келді. Жаңа экономикалық саясат тұтас алғанда «Социалистік таңдау» идеясы бағытын сақтай отырса да, ол бірақ реформизмнің өзгеше бір моделі, қоғам дамуының әкімшілік-оміршілдік жүйесі жауып тастаған баяндырақ жолы болатын.

Азамат соғысы аяқталысымен әскери-коммунистік шаралар жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси өмір болмысымен бітіспес қайшылықтарға тап болды. Революциялық романтикамен бұдан былайда әуестене берудің, коммунистік өндіріске және оның өнімдерін бөлуге тікелей өту мүмкіндіктеріне сенудің аяғы шаруашылықты бүлдіріп, қирататын тенденцияны қатты күшейтті. Бүкіл елдің халық шаруашылығы, оның ішінде Қазақстанның экономикасы да, олардың ойранды кесапатын басынан өткерді.

Қатты дағдарыс екпіні Республиканың ауыл шаруашылығынан айқын байқалады. Мысалы, егістік көлемі 1914 ж. 3,6 млн. деседен (ор. — десятина) 1922 ж. 1,6 млн. десеге дейін қысқарды. Егіннің шығымдылығы сол 1914 ж. әр деседен түсетін 38,7 пұттан 1921 ж. 18,7 пұтқа дейін азайды. Осы кезеңде астықтың жалпы өнімі 3 есе-ден аса кеміп кетті.

Малшаруашылығының саласы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-ға, жылқы — 2 млн-ға, уақ мал (қой, ешкі) 6,5 млн-дай, түйе — 0,3 млн-ға азайды. Жалпы алғанда осы жылдарда барша мал түрі 10,8 млн басқа кемиді.

Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соғады. Әр жерден түскен ақпарға қарағанда, 1921—1922 жж. Орынбор гүбернәсінде 445 м. адам, Қостанай гүбернәсінде — 225 м., Оралда — 400 мың, Ақтөбеде — 360 мың., Бөкей гүбернәсінде — 100 мың адам аштық азабын тартты.

Кейінірек анықталған мәліметтерге қарағанда, республикада 2,3 мың адам ашыққан.

Аштықтан және онымен ере келген аурулардан, сол сияқты ауыртпалық жайлаған аудандардан үдере көшу халық санын күрт кемітті. 1914 ж. өлке жерінде 4.811.662 адам тұрса, 1922 ж. 3.795.963 адам қалды.

Мемлекеттік күштеу саясаты ауыл мен село наразылығын күшейте түсті.

Кейбір кезде өкімет қолданған әкімшілік әлек шөлегінен шаруалар айылын да жимады, тіпті қарулы қарсылығын көрсетті. 1920 ж. Семей облысында бүліншілік бұрқ етті, оған өкіметтің азық-түліктік өктемділігіне төзбеген орташалар мен дәулетті топтардың едәуір бөлегі қатысты. Сол жылы мұндай толқу Батыс Қазақстанға да тарады, онда Қызыл Армияның бұрынғы дивизия комаңдирі А. Сапожковтың басшылық етуімен кең көлемді шаруалар қозғалысы қанат жайды. 1921 ж. ақпан-наурызында өлкенің Ақмола, Петропавл, Көкшетау т.б. ояздарда шиеленіс қордалана бастады.

Қазақстанда орын алған хал-ахуал күллі елді қамтыған экономикалық және саяси дағдарыстың жалпы сыңайын танытқандай еді. Барлық жердегі сияқты, мұнда да шаруашылық саясатыны мүлде жаңа принципіне көшу қажеттігі айқын көрінді, оның негізгі арқауы — тауарсыздық утопиядан — қиялдан ақылға қонымды экономикалық қатынасқа яғни базарлық, тауарлық-ақшалай қатынасқ өту идеясы еді.

РК (б) П X съезі (1921 ж. наурыз) шаруашылық мүддесін іске қосудың пәрменді жүйесін жасау жолыңда шешуші шара қолданды. Тап осы сьезде азық-түлік салымынан азық-түлік салығына көшу туралы шешім қабылданды. Бірақ бұл шара жаңа экономикалық саясат шеңберінде жүзеге асырылып жатқан реформалар кешенін түгел қамти алмады. Салық саясатында шаруашылық саласындағы белсенділікке жаңа серпін берген аса мәнді езгерістерйен бірге, қаржыда, кредитте, ақша шаруасында, арендада, еңбек заңында, жер ісін реттеуде және әлеуметтік-экономикалық қатынастың басқа да бірқатар фрагменттерінде пәрменді қам-харекеттер жасалды.

Жаңа экономикалық саясат шеңберінде жасалып, жеделдете жүзеге асырылған аса маңызды шаралар көп ұзамай ауыл шаруашылығының жай-күйін жақсартуға игі әсерін тигізді.

1925 ж. егіннің көлемі 3 млн. гектарға жақындады. Орал, Ақмола, Семей гүбернәларының бірқатар дәстүрлі астықты аудандарында егін түсімі 1913 ж. деңгейіне жетеді. 1925 ж. 92 млн. пұт астық жиналады, бүл 1914 ж. сәл ғана кем еді. Мал шаруашылығы саласы да дағдарыс бұғауынан босанды. 1925 ж. мал саны, 1922 ж. салыстырғанда, екі есе өсті.

Сауда-саттық өркені де кең жайылады. 1926 ж. Қазақстан тер-риториясында 128 жәрмеңке жұмыс істеді. Жәрмеңке саудасының жалпы айналымы 20 млн. сомға жетеді. Ойыл, Қуандық, Қарқара, Коянды, Темір, Көкшетау, Атбасардағы сияқты жыл сайын еткізілетін жәрмеңкелер даңқы шартарапқа кең жайылып кеткен еді.

Республика халық шаруашылығында анық көріне бастаған өсу нышаны дағдарыстан шығудың белгісі ғана емес, тоқырау мен құлау тенденциясының уақыт еткен сайын жағымды-жарқын қам-харекетке орын бере бастағанының куәсі еді. Мұндағы ең басты нәрсе шаруашьшық орындары нарық экономикасының өлшем-мөлшеріне шыға бастағандығы болатын.

Өлке экономикасының көпукладты сипаты анық байқала бастайды. Және меншіктің әралуан түрлерінің қатар өмір сүре бастауы, олардың бәсекелестігі мен ұдайы өндіру арқылы бірін бірі толықтырып отыруы халық шаруашылығының үдемелі қозғалысын анықтады.

Экономикаға мемлекеттік араласу — таптық мұраттың идеологиялық сарынға шырмалған саясатын ұдайы білдіріп отырса да, қанша айтқанмен де азды-көпті ақылға қонымды межемен шектелді, ол көбінесе укладаралық ұдайы өндірістік байланыстарды (салық, кредит, қайта бөлу механизмдері т. б. арқылы) реттеумен тынды. Мұндай саясат кәдімгідей ақылды сияқты еді. Өйткені ол меншіктің әралуан түрлеріне төзімділікпен қарауды білдіретін және экономикалық өмірдің барша шынайы субъектілерінің жұмыс істеу мүмкіндігін сақтайтын.

Әртүрлі ұйымдық-шаруашылық құрылымдардың бірден-бір тиімді критериі экономикалық мақсаттылық болды. Кімде кім шектеулі бәсекеде қабылетін керсетсе, ол табиғи түрде өмір сүру хұқын алды да, бұған сай келмегендері экономикалық тіршіліктің шет-шетіне ысырылып тасталып отырды.

Өзінің стратегиялық мақсат-мұратында жаңа экономикалық саясат баяғы таптық мүдденің қиялы идеясын алға тарта берді, сол себепті де социалистік тенденция бейтарап қалдырыла алмады.

Ұзақ әлеуметтік мәдени эволюция барысында қалыптасқан дәстүрлі шаруашылық — экономикалық кешені сырттан өндірілетін реттеуші бақылауға кәдімгідей қарсылық жасап бақты. Алайда қызметтің әбден күйттелген механизміне және дәстүрлі құрылымның ұдайы өнідірісіне, оның әлеуметтік мәдени және институтционалды приоритеттеріне, ақырында социумды ұйымдастырудың экологиялық жүйесінің қалыптасқан тәртібіне кезсіз килігу уақыт өткен сайын күшейе түсті, бұл әрине бүлдіргіш процесті туғызбай тұра алмады. Этнос өмірін қамтамасыз ету жүйесіне жасалған кеп соққының біріншісі 20-шы жылдары берілді.

Шаруашылық-мәдени қам-харекеттің үстем түрі есебінде, Қазақстанның аридті жағдайында тіршілік ететін мал шаруашылығының мақсаты «Күн көріс экономикасы» болып табылады, оған тек өндіріс құралдарын яғни мал мен жайылымды және қажетті азық-түлікті ұдайы өндіруді қамтамасыз еткен жағдайда ғана қол жетеді.

Бірақ осынау күрделі міндетті орындауға көшпелі малшының жалғыз езінің әл-дәрмені жетпеді, ейткені малдың қоныс-өрісін ұйымдастыру, оны жаңғыртып отыру ж. б. малды белгілі дәрежеде бір жерге жинаған кезде ғана мүмкін болды. Өндіріс құралын (малды) жеткілікті мөлшерде шоғырландырған кезде ғана жеке шаруашылық бірқалыпты еңбек ете алатын болады, демек күн көре алатын еді. Осы мақсатқа жету үшін мал өсіретін шаруашылықтар өзара бірлесіп, бір-біріне қажетті малды жинап яғни оптиум біткенше өндіріс құралымен толықтырып отырады. (бұдан анық байқалатын бір нәрсе — қауымға парласып яғни тең жағдайда тек қосымша толықтыру қызметін атқара алатын шаруашылық қана кіре алады, ол үшін оның аз да болса қажетті малы болуға тиіс).

Демек, мұнда шаруашылық мүдде жалпыға бірдей ортақ яғни кооперация болған. Өндіргіш күштері жеткілікті дамымаған жағдайда тек кооперация ғана компенсаторлық қызмет атқарады. Жеке адамның қолы жете бермейтін не ішінара ғана жететін еңбек құралын техникалық жағынан меңгеруді қамтамасыз етеді. Басқаша айтсақ, еңбекте кұш-жігерін біріктіру қажеттіті обьективтік сипатқа ие болады.

Әлбетте, қауым өндіріс пен оның өнімін бөлу саласындағы қайшылықтардың күллі жиынтығын сақтап қалады. Әлеуметтік жіктелу нәтижесінде қауым мүшелерінің бір бөлегі кедейленіл, қауымнан шығарылады, өйткені өндіріс құралынан (мал) айырылады.

Сонымен бірге қауымда байлықты яғни малды жинап қорлану харекеті де жүріп жатады. Мал санын жоғары деңгейде жеткілікті жинаған шаруашьшықтар енді қауымдық кооперацияға мұқтаж болмайды.

Сонымен «ауыл», «қауым», ірі бай шаруашылығы сияқты шенеуніктер саналы түрде қатар қойып, оп-оңай айта беретін, түсініктер шын мәніңде бір-бірімен мүлде теңбе-тең болмаған. Егер ауыл жұрт тұратын мекеннің бір түрі ғана болса, қауымдық және қауымнан тыс (ірі бай шаруашылығы) құрылымдар бір-біріне мүлде ұқсамайтын өндірісті ұйымдастырудың белгілі бір әлеуметтік түрімен сәйкес келер еді.

Бұл екі құрылым да әлеуметтен бөлек қалмаған, олар ұдайы өндірісті қоғамнан тәуелсіз автономды негізде жүзеге асырмаған. Ендеше олар, қорытып айтсақ басқа бір макротипті (үлкен типті) құрылымның кеңірек деңгейдегі ұдайы өндірістік, институциялық және патриархалды-тектік (рулық) байланыстары бар, қүрделірек кешенін ұйымдастырған.

Жалпыны бірдей қамтитын осынау құрылымды шартты түрде өзгеше бір әлеуметтік-экономикалық экосистема ретінде қарауға болады, онда қоғамның барша элементі — қауымдық жәке қауымнан тыс ұйымдар, яғни қатардағы қауым мүшелерінің шаруашылығы да, дәулетті малшылардың, орта және уақ байлардың да шаруашылықтары, ірі байлардың, жартылай феодалдар дейтіндер мен кедей-батырақ жіктерінің де шаруашылықтары — өндіріс қам-харекетіне байланысты өздеріне тиісті текшеде (орында) тұрып жатады. Басқаша айтсақ, олардың бәрі де де қызметте өте қажет және әрқайсысы күллі тұтас құрылымның ұдайы өндірісіндегі өз рөлін атқарып жатады. Олардың әрбіреуінің шынайы болмысы күллі социумның өмір-тіршілігін қамтамасыз етудің кепілі болады. Өсынау элементтердің кез келгенін кетіру, немесе күштеп бөліп тастау ұдайы өндірістің өзара байланысын үзумен бірдей, соның салдарынан дәстүрлі құрылымның ғасырлар бойы қалыптасып реттелген, өзін өзі ұйымдастыратын механизмін бұзатын бейберекет процестерді тудырады.

Тап күресі принциптерінен айнымайтын мемлекет әу бастан-ақ тежеу-шектеу әрекетіне ден қояды да, сосын бай және дәулетті қожайындарды толық жоюға кіріседі

Ірі байлардың, «жартылай феодалдардың» еңбек құралын (ең әуелі малын) тәркілеп алу, сол сияқты олардың өздерің үй-күйімен тұрған аймағынан көшіріп жіберу бұдан әлдеқайда қатал, қытымыр мақсатты орындауға бағытталды.

Аса ірі байлардың малын тәркіге салу мәселесі 1923 ж. наурызында облыстық III партия конференциясында қойылды. Алайда ол кезде экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға бағытталып жүргізіліп жатқан жаңа экономикалық саясат стратегиясы әсіре-комунистерді тежеп ұстай тұрды. Болуы мүмкін экономикалық аласапыран мен идеологиялық ноқтаның бірін таңдап алуға тура келді. 20 жж. басындағы дағдарыстаң есеңгіреп қалған жүйе біріншісін таңдап алды. Бірақ 1927 ж. қарашасыңда Қазақстанның IV партия конференциясы байларды ауыздықтау идеясына қайта оралды, «олардан мал мен құрал-жабдықтың бір бөлегін тартып алуды мүмкін» деп есептеді, жергілікті партиялық «теорияшылардың» пікірінше, бұл — «ауылды орташаландыруға және оның өндіргіш күштерін дамытуға апарып жеткізуге, сөйтіп пролетариаттың аулы еңбекшілерімен одақ құруы линиясын бұрынғыдан бетер бекітуге тиіс» болды.

1927 ж. желтоқсанында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі-ірі байлар шаруашылығын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. 1928 ж. наурызында Қазақстан өлкелік Комитетінің Бюросы заң жобасын бірнеше рет қарап, нақтылай түсті және онымен БК П ОК мен БОАК-ты таныстырды. Сол жылғы тамызда Өлкелік Комитет науқанға тікелей басшылық ететін комиссияны құрды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды, оның құрамына О. Исаев, Н. Нүрмақов, Ғ. Тоғжанов, О. Жандосов ж.б. кірді. 1928 ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Республика округтерінде тәркілеуді өткізу жөніндегі өкілдер тағайындалды. Ауыл-ауылға тікелей мыңнан аса өкіл жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс істеді.

Қаулыға сәйкес Республика бойынша көшпелі аудандарда 400-ден аса малы бар (ірі қараға шаққанда) 700 шаруашылықты, жартылай көшпелі аудандарда — 300 және отырықшы аудандарда 150 шаруашылықты тәркіге салу белгіленді. Науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланады (кейінірек оны 10 күнге ұзартты).

Науқанның қорытындысы туралы құжаттарға сүйенсек, іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, олардың 619 тұрған округінен тыс жерге айдалды. Олардан ірі қараға шаққанда 145 мыңдай мал тартып алынды.

Алайда жарияланған статистикалық материалдарды талдағанда тәркіленіп алынып «тең» бөліске түскен мал саны, шаруашылықты бір қалыпты жүргізу тұрғысынан қарағанда, жарлы-жақыбайдың шаруашылығын көтермелеуге жетпеді. Мәселен, Қарқаралы округінде тәркіленген малды 198 малсыз шаруашылық, қарауында 1-ден 5-ке дейін малы бар 1374 және қолдарында 6—7-ден малы бар 27 шаруашылық алды. Тіпті шамамен есептегеннің өзінде, осынау шаруашылықтардың халқына ең аз мелшермен алғанда, небәрі 12.139 мал керек болар еді. Ал, оларға тек небәрі 2065 мал ғана беріледі, яғни 5 мың мал жетпей қалған. Қызылорда округінде осындай жетпеген мал саны 9 мың бас болды. Басқа округтерде де жағдай тап осындай еді.

Бұл санақ бір ғана нәрсені керсетеді: шаруашылықтардың едәуір бөлегінде шаруаны жүргізуге қажетті мал саны тіпті ең төменгі мөлшердің өзіне жетпеді. Қарауына бірнеше мал тиген осындай шаруашылықтар қауымға кіргенде тепе-тең жағдайда болғандықтан, өзінің әлеуметтік халін жақсарту үмітінен айрылды, «ұзамай тәркіден алған малы сатылды, не сойылды», қағаз жүзінде мұндай шаруашылық орташа деп есептелсе де, шын мәнінде бұрынғыша қауымның кіріптар мүшесі болып қала берді, сөйтіп енді басқа деңгейде қаналатын болды. Кезінде Т. Рысқұлов нұсқау беруші орындар назарын осынау жайтқа аударған болатын.

Тәркілеу тек қана оң іс деп танылды, өйткені қаулыда мәлімдегендей-ақ, ол ауылды «қансорғыш қанаушылардан» азат ету мақсатын көздеді

Алайда, тәркілеуді еткізу барысында қол үшін берушілер комиссиясы дейтіндер жиі-жиі жазылған нұсқаулар шепнен шығып кете берді, сөйтіп қауымдық кооперациядан тыс күн кере алмайтын, қарауында 400 қаралы қойы бар, ортан қолды дәулетті кісілерді де қырына алып, қиғылық салды. Тап күресі мен әлеуметтік әділет үшін күресушілерге мұнша мал ғажайып байлық көрінді, оны дереу тәркіге салып, қолма-қол жарлы жақыбайларға берілуді керек деп жобалады.

Міне осындай «ауыл байларын» ауыздықтап, мал-мүлкінен айыру салдарынан көптеген қауымдастықтар өндіріс құралын ұдайы өндіруге және малды жинастырып, керекті өнімді өндіруге міндетті түрде қажет малдан айрылып қалды да, ұзамай мүшелері жалаңаш жалпы жарлылар қатарын толықтырды. Ал, шіріген байлар малын тартып алып, біркезде өздеріне сауынға берген келесі бір қауымдарда енді тәлкіге тағы түсіп, азып-тозып кетті. Бәрінің ақыры бірдей болды.

Күштеу саясатын тынымсыз жүргізудің бір мысалы мемлекеттің 20-шы жж. аяқ кезінде елді индустрияландыруға қаржы іздеп, алым-салық тәртібін күрт қатайтып жіберген зымияндық шараларынан көрінді. Қазақстанның ауылы мен селоларына салық нәубеті төнді. Мысалы, 1927-—28 жж. шаруашылық жылында дәулетті және кулак шаруашылықтары күллі шаруа жайларына салынған ауылшаруашылық салығының жалпы сомасының 4 процентін төлеуге мәжбүр болды. Селода 1000 сомнан артық табыс табатын әрбір шаруашылықтан алынатын салық мөлшері орта есеппен 239 сом болды. Ауылда ондай шаруашылық орта есеппен 323 сом төледі. Сонын салдарынан 1927—28 жж. ірі-ірі мал өсіретін шаруашылықтың 0,6 проценті малшаруашылықты аудандарға бөлінген бүкіл салық соммасының 25 процентін төледі.

Мұның үстіне өзара салық деген алым енгізілді. Мәселен; Петропавл оязында бай-кулак және дәулеттілер шаруашылықтары төлеген өзара салықтың ақшалай сомасы, солардың бұрын төлеген ауылшаруашылық салығымен салыстырғанда 100-ден 400 процентке дейін көп болды. Орал губерниясының Орда оязында байлар шаруашылықтарына өзара салық 500 сомнан 1200 сомға дейін салынды. Келесі 1928 — 29 жж. салық базасының болмашы ғана өсуіне қарамастаи, ауылшаруашылық салығы 98,8 процентке өсті.

Алым-салық нормасының күрт өсіп кетуінің зардабына шыдамай, шаруашылықтардың едәуір бөлігі, со жылдардың тілімен айтсақ, «өз бетімен тәркіленеді» шаруа кәсібінен безіп, қалаларға кетті де, табыс көзі мен жұмыс түрін өзгертті.

Ал мал өсіретін шаруашылықтарға келсек, олар күш көрсету мен алым-салықтың ауырлығын көтере алмай, көбі шет елге ауып кетті. Бұл арадағы гәп «байлардың тіміскі» әрекетінде ғана емес, әрине, бұл да болған шығар — дәстүрлі құрылымның (аса күрделі ұдайы өндірістік, институционалдық, әлеуметтік-мәдени, патриархалды-рулық байланыстары) ерекшелігі аса ірі шаруашылық соңынан тұтас қауымды кетіп қалуға мәжбур етті. Бірақ сол кезеңдегі жаппай көшіп кетудің басты себебі: мемлекеттің, халықтың күнкерісін қамтамасыз етіп тұрған жүйені бұзған еріксіз-күштеу саясаты болатын.

Сөйтіп Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың қайшылығы мол болып, «ұлы бетбұрыспен» (осылай есептеліп кеткенді) емес, 20-жж. екінші жартысының аяғында аса ауыр қайғы қасыретпен аяқталды. Тап сол уақытта жаңа экономикалық саясаттың көптеген келелі идеялары тұмшаланып тасталды, бұл болашақ трагедияның — этникалық-экологиялық апаттың алғы-шарттарын туғыза бастады.



  • Иллюстративті құрал: -



  • Ұсынылған әдебиеттер тізімі:



  • Негізгі



  • Әдебиеттер:



  1. Масанов Н.Э. Проблемы социально-экономической истории Казахстана на рубеже XVIII-XIXвеков. Алма-Ата. 1984г

  2. Акишева З.А. Экономические и политические предпосылки и результаты конфискации собственности крупных баев-полуфеодалов в Казахстане. Изв.АНКазССР.Алма-Ата.1949

3. Абилев А.К., Евдокимов В.В. “Казахстан в древности”, Караганды 1991.

4. Учебное пособие по истории Казахстана А.1992

5. Аманжол Күзембайұлы. “История дореволюционного Казахстана”, А.1992.

6. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін.Төрт томдық, І том. А.1992.

7. Қазақстан тарихы.Очерк: А.1993.

8. Кляшторный С.Г.,Султанов Г.И. “Kaзахстан, летопись трех тысячилетий”,А.1992.



  • Бақылау сұрақтары. (кері байланыс)



1. «Әскери коммунизм» саясаты және Қазақтсан


2.Азық – түлік салғырты дегеніміз не?


3.ЖЭС – тың мәні неде?


4.Жер – су реформасы қандай өзгерістер енгізді?


5.ЖЭС – тың қиындықтары неде?


6.ЖЭС – тың табыстары қандай?

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Қарағанды 2010 ж Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген iconҚарағанды 2010 ж Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген
Республикадағы әлеуметтік экономикалық және қоғамдық саяси ахуалдың мәнін ашу. Экономиканы бейбіт өмірге лайық қайта құру. Саяси...
Қарағанды 2010 ж Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген iconЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығЫ
«Геоэкология және табиғатты пайдалану» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілген
Қарағанды 2010 ж Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген iconКафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
Тақырыбы 3: днқ-ның зақымдалуы және репарациясы. Рнқ түрлері. Құрылысы және қызметтері
Қарағанды 2010 ж Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген icon1 сағат-уақыт (узақтығы) Қарағанды 2011 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
«Демографияның медико-әлеуметтік аспектісі. Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай» тақырыбы
Қарағанды 2010 ж Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген iconУақыты-1 сағ Қарағанды 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
Еуропа және Ресей елдеріндегі медицинаның дамуы мен студенттерді таныстыру. Ұлы шнайы ашылулар, француз материализмінің медицинаға...
Қарағанды 2010 ж Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген iconСӨЖ – 30 сағат Шектік бақылау: 7 және 15 аптада
Оқыту бағдарламасы (syllabus) «Экономикалық теория» кафедрасының мәжілісінде, «Микроэко-номика» пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасына...
Қарағанды 2010 ж Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген icon2 сағат- уақыт Караганда 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
Мақсаты: Отандық экономиканың нарықтық қатынасына өтуінің сипаттамасы. Меншік формасының өзгерісін қарастыру. Нарықтық экономика...
Қарағанды 2010 ж Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген iconКафедраның отырысында талқыланған және бекітілген
Оқытушылардың басқаруымен студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқау №4
Қарағанды 2010 ж Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген iconКафедраның жиналысында бекітілген 29. 08. 2011. №1 Хаттама
Мақсаты: Комплексті қосылыстар, олардың қөұрылысы және биологиялық маңызды өкілдерінің табиғатын қарастыру
Қарағанды 2010 ж Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген iconКафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
«Электролиттер ерітінділердің электрлі еткізгіштігі. Организмнің сүйықтықтары мен тіндері екінші текті өткізгіштер ретінде. Кольрауш...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница