«Есеп беру әкімшісін бейімдеу бойынша Нұсқаулық» басшылығында




Скачать 84.11 Kb.
Название«Есеп беру әкімшісін бейімдеу бойынша Нұсқаулық» басшылығында
Дата конвертации29.03.2013
Размер84.11 Kb.
ТипКонкурс
«Есеп беру» модулі бойынша Нұсқаулық


Қазақстандық мазмұнның көлемі туралы есеп


Есеп беруге дайындық.

Қазақстандық мазмұнның көлемі туралы есеп беру үшін ұйымда:

  1. Есеп беру әкімшісі таңдалуы керек: «Менің кабинетім» – «Қатысушы профилі» - «Әкімшілер» – «Есеп беру әкімшілері». Сұраныс мәртебесі – «Бекітілген». Есеп беру әкімшісін таңдау туралы «Есеп беру әкімшісін бейімдеу бойынша Нұсқаулық» басшылығында толығырақ сипатталған.

  2. ЭҚТ ӨЖ сәйкес жылдық жоспар орналасқан және бекітілген болуы керек. Жылдық жоспардың орналасқаны және бекітілгені туралы «Жоспарлау» модулі бойынша Нұсқаулық» басшылығында толығырақ сипатталған..

  3. Шарттар тізілімі қаыптастырылған болуы керек. Қазақстандық мазмұнның көлемі туралы есеп орындалған шарттар бойынша беріледі. Шарттар тізілімін жүргізу туралы «Шарттарды орналастыру бойынша Нұсқаулық» басшылығында толығырақ сипатталған.

Қазақстандық мазмұн туралы деректерді шартқа енгізу

Қазақстандық мазмұнның көлемі туралы деректерді Тапсырыс беруші «Менің шарттарым» тарауында толтырады.



Шарттар туралы мәліметтер таблица түрінде берілген. Шарттың нөмірінің белсенді сілтемесін басқанда, шарт мәліметтерін редакциялау терезесі ашылады.

Шарт жөнінде деректерді енгізу терезесінде мынадай мәліметтер болады:

  • «Жалпы» қоспасында шарт туралы жалпы деректер болады.

  • «Мерзімінен бұрын тоқтату» қоспасы – шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде толтырылады.

  • «Қазынашылық» қоспасында шарттың қазынашылық органдарында тіркелгені туралы мәліметтер болады. Назар аударыңыз! Мемлекеттік мекемелер үшін «Қазынашылық» қоспасын толтыру міндетті жағдай болып табылады!

  • «Өнім беруші» қоспасында - өнім беруші туралы деректер болады. «Электрондық сатып алу арқылы баға ұсыныстарын сұрату», «Конкурс», «Қос кезеңді процедуралар қолданылатын конкурс», «Ерекше тәртіп» тәсілдерімен өткізілген сатып алу үшін өнім беруші туралы деректер сол сатып алудың қорытындысы туралы бекітілген шешімдер негізінде автоматты түрде енгізіледі. Сатып алудың басқа тәсілдері бойынша өнім беруші туралы деректерді пайдаланушы қолмен енгізеді.

  • «Тапсырыс беруші» қоспасында Тапсырыс беруші туралы деректер болады (автоматты түрде толтырылады).

  • «Шарттың мәні» қоспасында шарттың мәні туралы ақпарат болады (хабарландырудағы лоттарда). Назар аударыңыз! Қазақстандық мазмұнның көлемі, шарттың орындалуы туралы ақпарат «Шарттың мәні» қоспасына енгізіледі!

Қазақстандық мазмұнның көлемі туралы мәліметтерді енгізу үшін «Шарттың мәні» қосыпасына ауысып, сатып алынатын тауар, жұмыс немесе қызмет атауының белсенді сілтемесіне басу керек:



Ашылған лот туралы ақпарат терезесінде «Лоттың орындалуының жоспарланған мерзімі» жолына жасасқан шартқа сәйкес лоттың орындалуының жоспарланған күнайы енгізіледі (күнтізбеден алынады):




«Шарт мәнінің сомасы (лот) орындалған, нақтылы» алаңы қазақстандық мазмұнның көлемі туралы деректер енгізілгеннен кейін автоматты түрде толтырылады (төлемді қосқанда).

Назар аударыңыз! «Шарттың мәні» қоспасындағы алаңдарды «Өнім беруші», «Жалпы», «Қазынашылық» қоспаларына енгізілген ақпарат сақталғаннан кейін ғана толтыру керек (мемлекеттік мекемелер үшін қоспаны толтыру міндет)!

«Сақтау» түймешесін басқанда шарттың осы мәні үшін деректерді сақтау орындалады, ол туралы ақпараттық хабарлама куәландырады:




Қазақстандық мазмұнның көлемі туралы мәліметтерді енгізу.

Қазақстандық мазмұнныңс көлемі туралы мәліметтерді енгізу үшін шартты бекіту керек. Шартты бекіту үшін шарт карташасында «Бекіту» бұйрығын таңдап, «Орындау» түймешесін басу керек:



Егер міндетті алаңдардың бәрі толтырылмаған болса, онда жүйе толтырылмаған алаңдар туралы ақпараттық хабарлама шығарады:



Егер міндетті алаңдардың бәрі толтырылған болса, онда жүйе сәтті бекітілгені туралы ақпараттық мәлімдеме шығарады:




Шарттың мәртебесі «Бекітілген» болып өзгереді:



Назар аударыңыз! Қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпарат тек қана бекітілген шартқа енгізіледі!

«Шарттың мәні» қоспасында «Төлем енгізу» түймешесін басқанда, қазақстандық мазмұнның көлемі туралы мәлімет енгізу үшін таблица ашылады.



Қазақстандық мазмұнның көлемі туралы мәлімет енгізу кестесі мынадай болады:




Барлық міндетті жолдарды толтырғаннан кейін «Төлем туралы деректерді енгізу» түймешесін басқанда, в таблице «Лот бойынша төлемдер» таблицасында қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпарат беріледі. Назар аударыңыз! Қазақстандық мазмұн пайызын жүйе автоматты түрде есептейді.



Төлем қосылғаннан кейін, шарт бойынша лоттың барлық сомасы орындалса, «Шарттың мәні орындалған» жалауын қойып, тиісті алаңдарды толтырып, содан соң шарттың мәніндегі өзгерістерді сақтау керек:





Егер шарттың мәні орындалған кезде төлем бойынша сомасы шарттың мәні сомасынан кем болса, жүйе ақпараттық хабарлама береді:



Барлық шарттар мәндеріне төлем енгізілгеннен кейін, лоттардың орындалғаны туралы жалаулар қойылған болса, енгізілген өзгерістер сақталса (шарт мәні үшін «Сақтау» түймешесі), шарттың мәртебесі «Бекітілген» дегеннен «Орындалған» болып өзгереді. «Орындалған» мәртебесі бар шарт автоматты түрде «Тапсырыс беруші» - «Есеп беру» - «ҚҚ есебі» тарауына өтеді.





Қазақстандық мазмұнның көлемі туралы есепті қалыптастыру

Қазақстандық мазмұнның көлемі туралы есеп «Тапсырыс беруші» - «Есеп беру» - «ҚҚ есебі» тарауында қалыптастырылады.

«ҚҚ есебі» тарауында орындалған шарттар алғашқы «Жасалған» мәртебесімен таблица түрінде берілген. Қаржыландыру көзіне қарай шарттар тиісті есеп беру әкімшілеріне бөлінеді:



  • «Қарап шығу» түймешесі бір шартты қарап шығуға қызмет етеді.

  • «Бәрін жолдау» түймешесі қазақстандық мазмұнныңдың көлемі туралы есепті тиісті есепберу әкімшісіне жолдау үшін қызмет етеді.

  • «Кері шақыру» түймешесі есептен шартты кері шақыру үшін қызмет етеді. Есепті кері шақыру «Есепберу әкімшісіне жолданған» мәртебесі бар шарттарға ғана қолданылады.

Есепті қалыптастыру


«Бәрін жолдау» түймешесін басқанда, есепберу әкімшілерінің түсіп қалатын тізімі шығады, тиісті әкімшіні таңдаған соң, «Орындау» түймешесін басса, жолдау туралы есеп қалыптастырылады:





Жиынтық есеп мынадай болады:





«Жолдау» түймешесін басқанда, жүйе жолданған мәліметтердің лайықтылығын растауды сұратады:



Ұсынылған мәліметтердің шынайылығын растағаннан кейін, жүйе есептің қабылданғаны туралы мәлімдеме береді:



Жолданған шарттың мәртебесі «Жасалған» дегеннен «Есепберу әкімшісіне жолданған» мәртебесіне өзгереді:



Екінші есепберу әкімшісіне есеп жолдау процедурасы да осы сияқты өтеді.




Есепберу әкімшісінің қазақстандық мазмұнның көлемі туралы есеп қалыптастыруы

Шарттар реестрін жүргізуді және қазақстандық мазмұнның көлемі туралы деректерді енгізуді есепберу Әкімшісі жоғарыда сипатталған процедуралар сияқты өткізеді.

Қазақстандық мазмұнның көлемі туралы есепті есепберу Әкімшісі «Тапсырыс беруші» - «Есепберу» - «ҚҚ есебі» тарауында қалыптастырады.



  • «Қарап шығу» түймешесі бір шартты қарап шығуға қызмет етеді.

  • «Кері қайтару» түймешесі тиісті есепберуші ұйымның бір шартын кері қайтару үшін қызмет етеді. «Өкілетті органға жолдау» түймешесі Әкімшінің жиынтық есебін өкілетті органға жолдау үшін қызмет етеді. Есептер мәртебесі «Есепберу әкімшісіне жолданған» дегеннен «Өкілетті органға жолданған» болып өзгереді.

  • «Кері шақыру» түймешесі бір шартты кері шақыруға қызмет етеді, шарттың мәртебесі «Өкілетті органға жолданған» дегеннен «Есепберу әкімшісіне жолданған» болып өзгереді.

Есеп кері қайтарылса, есепберу Әкімшісі оның себебін көрсетуі керек. Кері қайтарылған есептің мәртебесі «Есепберу әкімшісіне жолданған» дегеннен «Кері қайтарылған» болып өзгереді.


Кері қайтарылған есепті редакциялау

Есеп кері қайтарылғанда есепберу әкімшісі кері қайтарылған есептің мәртебесін «Есепберу әкімшісіне жолданған» дегеннен «Кері қайтарылған» деп өзгертеді. Тінтуірді есеп мәртебесіне көздеген кезде кері қайтарылу себебін көруге болады:



Қазақстандық мазмұн туралы есеп мәліметтерін редакциялау «Тапсырыс беруші» - «Шарттар» - «Менің шарттарым» тарауында жүзеге асырылады. Кері қайтарылған шарттың мәртебесі «Есепберу әкімшісіне жолданған» дегеннен «Жасалған» болып өзгереді және шарт редакциялауға жатады:



Назар аударыңыз! «Лот бойынша төлемдер» тарауында «Шарттың мәні» қоспасындағы төлемдер туралы деректер ғана редакциялауға жатады!

Төлем деректерін өзгерту үшін теріс енгізілген төлемді жойып, жаңасын қосу керек.

Төлемді жою мына белгіні басу арқылы орындалады :





Жаңа төлемді жасау «Төлемді қосу» түймешесін басу арқылы орындалады.


ҚҚ жиынтық есебі

«Өкілетті органға жолданған» мәртебесі бар есепті «Есепберу» - «Қазақстандық мазмұн» тарауынан қарап шығуға болады:



«Қазақстандық мазмұн» тарауы мынадай болады:



Мына сүзгілерге қол жетеді:

  • Сатып алу тәсілі;

  • Қаржыландыру көзі;

  • Құқықтық пішін.

Есепті қалыптастыру үшін есептік кезеңді таңдап, сүзгілердің параметрлерін көрсетіп, «Есепті генерациялау» түймешесін басу керек:




Есеп есепберу әкімшілерінің орталық және жергілікті органдарға қатыстылығы тұрғысында қалыптастырылады.

Белгілі бір аймақ бойынша есепті қарап шығу үшін есепберу әкімшісі атауының белсенді сілтемесіне басу керек (көк түсті):



Есеп тапсырған ұйымдар қара түсті белсенді сілтемемен белгіленген. Есеп тапсырмаған ұйымдар қарап шығуға белсенді емес (қара түсті).

Есепберу әкімшісінің белсенді сілтемесімен өткен кезде сол сияқты сүзгі ескерілген – бағынышты ұйымдардың тапсырылған есептері бойынша ақпараты бар бет ашылады. Есепті қарап шығу үшін ұйымның белсенді сілтемесіне басу керек.


Сондай-ақ жиынтық есепте республика және аймақтар бойынша деректердің жиынтық таблицасының болуы ескерілген:




Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

«Есеп беру әкімшісін бейімдеу бойынша Нұсқаулық» басшылығында iconЕсеп беру кездесулер
Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» және «Әкімдердің мәслихаттар...
«Есеп беру әкімшісін бейімдеу бойынша Нұсқаулық» басшылығында icon050508 «Есеп және аудит» мамандығының күндізгі оқу бөлімі студенттеріне «Cаудадағы бухгалтерлік есеп»
«Cаудадағы бухгалтерлік есеп» пәні бойынша практикалық және семинар сабағын жүргізуге арналған
«Есеп беру әкімшісін бейімдеу бойынша Нұсқаулық» басшылығында icon2010-2011 оқу жылының бірінші семестріне арналған жоспары
Жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша оқуға алу туралы есеп
«Есеп беру әкімшісін бейімдеу бойынша Нұсқаулық» басшылығында iconРезидент емес көлік кәсіпорындарының атынан жүзеге асырылған операциялар туралы есеп
«Резидент емес көлік кәсіпорындарының атынан жүзеге асырылған операциялар туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық...
«Есеп беру әкімшісін бейімдеу бойынша Нұсқаулық» басшылығында icon«Техникалық және кәсiптік бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік
«Техникалық және кәсiптік бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын...
«Есеп беру әкімшісін бейімдеу бойынша Нұсқаулық» басшылығында icon«Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті
...
«Есеп беру әкімшісін бейімдеу бойынша Нұсқаулық» басшылығында icon2. Білім беру ұйымдарының түрлері бойынша білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдаудың тәртібі
Білім беру ұйымының түрлері бойынша білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау Ережесі (бұдан әрі Ереже) Қазақстан Республикасының...
«Есеп беру әкімшісін бейімдеу бойынша Нұсқаулық» басшылығында icon2012 жылғы 5 шілде №917 Астана, Үкімет үйі Есеп құжаттарының тізбесі мен нысандарын, мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша
«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Есеп беру әкімшісін бейімдеу бойынша Нұсқаулық» басшылығында icon050508 «Есеп және аудит» мамандығының күндізгі оқу бөлімі студенттерін «Аудит» пәні бойынша осөЖ және СӨЖ орындауға арнлаған
Растырған: аға оқытушы Досым О. С., оқытушы Даулетбақова Н. М «Есеп және аудит» кафедрасы
«Есеп беру әкімшісін бейімдеу бойынша Нұсқаулық» басшылығында iconМеталл кескіш станоктар пәні бойынша №2 тәжірибелік сабақты орындау үшін арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009
Машина жасау және 050732 – Стандарттау, метрология мен сертификаттау мамандықтарының студенттеріне «Металл кескіш станоктар» пәні...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница