Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген




Скачать 109.67 Kb.
НазваниеКафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
Дата конвертации17.04.2013
Размер109.67 Kb.
ТипДокументы
Ф КГМУ 4/3-07/02

ПП КГМУ 4/02


Қарағанды мемлекеттік медицина университеті


Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы


Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше

атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау


Тақырыбы 3: ДНҚ-ның зақымдалуы және репарациясы. РНҚ түрлері. Құрылысы және қызметтері.


Мамандық: 5В110300 – фармация

Молекулярлық биология және генетика негіздері пәні


1 курс


Құрастырушы:

Кинаятов М.А

Ибрайбеков Ж.Г.










Қарағанды 2012

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

31.08.2012 ж №1 хаттама


Кафедра меңгерушісі ______________ Құлтанов Б.Ж.







Тақырыбы 3: ДНҚ-ның зақымдалуы және репарациясы. РНҚ түрлері. Құрылысы және қызметтері.

Мақсаты: Нуклеин қышқылдарының құрылысын және қызметін оқу, процессинг және сплайсинг процесстерін оқып білу. Генетикалық код қасиеттерін және олардың ерекшеліктерін оқып білу.

Оқыту мақсаты:

Геннің химиялық ұйымын, генетикалық ақпараттың жазылу тәсілі, ДНҚ уникальді және қайталанатын бірізділіктерінің сипаттамасын, транскрипция процессіндегі РНҚ модицикациясын және сплайсинг этаптарын оқу. Биологиялық кодты оқу. Генетикалық код және оның қасиеттерін оқу.

Өткізу түрі: Дәстүрлі оқыту: жұппен жұмыс, оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тесттілеу, препараттарды бояу және микроскоппен көру.

Тақырып бойынша тапсырмалар: глоссария құрастыру, кестелермен жұмыс.

Таратылатын материал: кестелер


Ақпараттық блок:

1869жылы Ф.Мишер іріңді клетканы зерттеген кезде нуклеин қышқылдарының бар екенін тапты. 1914 жылы Щепотьев нуклеин қышқылдары тұқымқуалау ақпаратын тасымалдауға қатысады деген болжау айтты. Бірақ, 1944 жылы Эйвери және оның әріптестері, Бактериядағы трансформация бойынша Грифитса тәжірибесі негізінде, ДНҚ- тұқымқуалау ақпаратын беретіні және сақталатыны дәлелденді.

Нуклеин қышқылдары – мономерлерден, нуклеотидтерден тұратын полимерлер, 3 компоненттен тұрады:

  1. Пентоза қанты

  2. Фосфат

  3. Азотты негізден (пурин немесе пиримидин).


Пуриндер – аденин және гуанин

Пиримидиндер – цитозин және тимин

Шынжыр негізі пентоза қалдықтарынан- дезоксирибоза және фосфоттан тұрады.


ШЫНЖЫРДАҒЫ НУКЛЕОТИДТЕРДІҢ ҚОСЫЛУЫ

ДНҚ – фосфодиэфирлі байланысты (бір нуклеотидтің фосфаты және басқа нуклеотидтің гидроксилі), нәтижесінде полинуклеотидті тізбек пайда болады.

Тізбекті құрастыру полимераза ферментінің қатысумен жүреді. Алдымен шынжырда әрқашан фосфат 5 / жағдайында, ал соңғы тізбек бос гидроксил (ОН) 3 / жағдайында болады.

ДНҚ ұйымының құрылымдық ерекшелігі, ол екі полинуклеотидті тізбектен тұрады.

ДНҚ-ң үш бөлімді моделі, 1953 жылы американ биофизигі Дж. Уотсон мен ағылшын генетигі Ф.Крик ұсынған бойыынша, тізбектер бір-бірімен сутекті байланысты, олардың азотты негздері комплементарлы (толықтырушы, сәйкес) принцип бойынша қосылады.

Аденин – бір тізбегі тиминмен, екіншісі екі сутекті байланыспен қосылады. Гуанин және цитозин үш сутекті байланысты. Келесі ерекшелігі, ДНҚ-ның екі полинуклеотидтік тізбегінің қосылуы, оның антипараллельділігі:

Бір тізбектің 5 / соңы, екінші тізбектің 3 / соңымен қосылады, және керісінше.

5 / _________ 3 /

3 / _________ 5 /


Рентгенқұрылымдық мәліметтер анализінің көрсетуі бойынша, ДНҚ молекула – екі тізбекті спиральден тұрады, өз білігінің (ось) айналасында сағат тілінің бағыты бойымен оңға қарай ширатылған, бұралған баспалдаққа ұқсайды. Спиральдің диаметрі 2 нм, ұзындығ – 3,4 нм, әрбір орамда 10 нуклеотидтен болады.

Сонымен, құрылымды кеңістіктегі ДНҚ молекуласы 3 құрылымнан тұрады:

  1. Алғашқы құрылысы – полинуклеотидті тізбек.

  2. Екінші құрылысы – бір-біріне, екі комплементарлы және антипараллельді нуклеотидті тізбектер, сутекті байланыспен қосылады.

  3. Үшінші құрылысы –үш өлшемді спираль, кеңістіктегі сипаттамасы жоғарыда көрсетілгендей.

Адам клеткасының ядросындағы ДНҚ-ның жалпы ұзындығы 46 молекуладан, шамамен 190 см, бір молекуланың орташа ұзындығы 4 см тұрады.

Репарация механизмі ДНҚ молекуласындағы екі комплементарлық тізбектердің болуына негізделген. Нуклеотидтердің бір ізділігінің бұзылуы ферменттермен анықталынып, бұл бөлік қиылып алынады, ДНҚ-ң екінші комплементарлы тізбегіндегі жаңа синтезделген фрагментпен ауыстырылады. Бұндай репарация – эксцизиондық (немесе кесіп тастау) деп аталады. Ол репликацияның келесі цикліне дейін жүзеге асырылады және репликацияға дейінгі репарация деп аталады.

Егер эксцизионды репарация жүйесі, ДНҚ-ң бір тізбегінде пайда болған бұзылысты қалпына келтірмесе, репликация барысында бұл бұзылыстың фиксациясы жүзеге асады және ол ДНҚ-ң екі тізбегіне өтеді.

Нәтижесінде, комплементарлы нуклеотидтердің бір жұбын екіншіге алмастыру, немесе бұзылған бөліктерге қарсы жаңа тізбекте үзілістердің пайда болуына алып келеді. ДНҚ –қалыпты құрылымының қалпына келуі репликациядан кейін де жүзеге асырылады. Оны пострепликациялық репарация деп атаймыз.

Пострепликациялық репарация – жаңадан түзілген ДНҚ-ң екі бірдей спиралінде рекомбинация (фрагменттермен алмасу) процессі арқылы жүзеге асырылады.

РНҚ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ

Генетикалық кодтың көмегімен жазылған тұқым қуалауақпараты ДНҚ молекуласында сақталынады. ДНҚ-дағы сақталынған ақпаратты көшіруші рибонуклеин қышқылы-РНҚ болып саналады.

РНҚ – бір полинуклеотидті тізбектен,4әртүрлі нуклеотидтерден: құрамы қант – рибозадан, фосфаттан және 4-азотты негізден –аденин,гуанин,цитозин және урацилден тұрады.

РНҚ –ы ДНҚ –молекулаларында РНҚ, РНҚ-полимераза ферментінің көмегімен, комплементарлы және антипараллельді принципті сақтай отырып синтезделінеді. ДНҚ –дағы аденинге РНҚ-дағы урацил комплементарлы.

Клеткадағы барлық РНҚ 3 түрге бөлінеді:

1. Матрицалы немесе ақпаратты РНҚ(м-РНҚ, немесе а-РНҚ).

Транскрипция – бұл м-РНҚ-ның синтезделу процесі (ДНҚ-ның белгілі бөліктерінде, айқын нуклеотидті бір ізділікті).

2. Тасымалдаушы РНҚ (т-РНҚ). Трансляция.

Аса маңызды роль тасымалдаушы РНҚ (т-РНҚ) атқарады. Олар пептидті тізбектің жиналатын жеріне қажетті аминқышқылдарды әкеледі, яғни трансляция аралық звено ролін атқарады (генетикалық ақпаратты х-РНҚ тілінен белоктағы амин қышқылы тіліне аударады, яғни синтезделінеді).

т-РНҚ молекулалары –бұл полинуклеотидті тізбек, ДНҚ-ң белгілі бір ізділігінде синтезделеді. Олар, саны көп емес нуклеотидтеден (75-95) тұрады.

т-РНҚ құрылысы, клевер жапырағының пішіні секілді (бұл екінші құрылысы). Бір бұтағында үш нуклетид – (антикодон) рналасады, л амин қышқылын м-РНҚ кодонына кмплементарлы және акцепторлы сңына қосылды. Цитплазмада шамамен 40 түрлі т-РНҚ әртүрлі млекуласы кездеседі. Бұл, 20 амин қышқылын белоктың жинақталу орнына тасымалдауға жеткілікті. т-РНҚ-ның өз амин қышқылымен ерекше қсылуы аминоацил –т-РНҚ –ның пайда болуына алып келеді.

Тиісті антикодоны бар, амин қышқылдың және т-РНҚ-ның қосылу ерекшелігі, амино-ацил-т-РНҚ-синтетаза ферментінің арқасында жүзеге асады. Цитоплазмада өзінің амин қышқылын және оған тиісті т-ОНҚ антикодонын тануға қабылетті көптеген осындай ферменттер жинағы болады.

Қорытындылай келе келесі түсініктемені береміз: ДНҚ-молекуласында жазылған және м-РНҚ-да көшіріліп алынған тұқым қуалайтын ақпараттар, трансляция кезінде екі процесстердің нәтижесінде түсіндіріледі.

  1. Амино-ацил-т-РНҚ-синтетаза ферменті т-РНҚ-ның амин қышқылымен қосылуын қамтамасз етеді.

  2. Содан кейін, амино-ацил-т-РНҚ-ы м-РНҚ антикодон және кодон қарым-қатынасы арқасында комплементарлы қосылады.

т-РНҚ жүйесінің көмегімен, м-РНҚ-ның нуклеотидті тізбектер тілі, пептидтің амин қышқыл бір ізділігіне трансляцияланады.


РИБОСОМАЛЬДІ РНҚ (р-РНҚ)

Ақпаратты нуклеотидтер тілінен, амин қышқыл тіліне трансляциялау процесі рибосомаларда жүзеге асады.

Рибосомалар –бұл, р-РНҚ-ң және әртүрлі белоктардың күрделі комплексі. Рибосомалы РНҚ, рибосоманың құрлымды компоненті ғана емес, ол олардың м-РНҚ белгілі нуклеотидті бір ізділіктігін қамтамасыз етеді.




Әдебиеттер

Негізгі:

1. Әбилаев С. Молекуалық биология және генетика. Асқаралы баспасы. Шымкент2008 ж.424 б.

2. Стамбеков С.Ж., Петухов В.Л. Молекулалық биология. Оқулық/ҚР. Новосибирск: Семей МУ, 2003. –216 бет.

3. Ярыгин В. Н. Биология: в 2-х Т. - М.: Мир, 1997.

4. Пехов А. П.- Биология с общей генетикой. М. 1994.

5. Гилберт С. Биология развития: в 3-х т.: Пер. с англ. – М., Мир, 1993

Қосымша:

1. Н. Грин, У. Стаут, Д. Тейлор. Биология: в 3-х томах. Т.3.: Пер. с англ. - М.- Мир, 1993.

2. Никитин А.И. Факторы среды и репродуктивная система человека // Морфология – 1998.-Т.114, вып. 6.- С.7-16.

3. Быков В.Л. 2. Современные тенденции изменения активности сперматогенеза у человека // Морфология – 1999.-Т.116, вып. 6.- С.78-86.


Бақылау: сұрақтары

1. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік – тіршіліктің фундаментальді қасиеті.

2. ДНҚ негізгі қасиеттері. Ген және белгі аралығындағы өзара байланысы.

3. ДНҚ репарациясы және оның түрлері.

4. ДНҚ уникальдік, қайталанатын бірізділіктеріне сипаттама.

5. Саттелитті ДНҚ.

6. Процессингтің және сплайсингтің негізгі процесстері.

7. Клеткадағы РНҚ түрлері. РНҚ құрылысының ерекшеліктері. РНҚ қызметі.

8. Рибосомальды РНҚ құрылысы және қызметі.

10. Тасымалдаушы РНҚ құрылысы және қызметі.

11. ДНҚ-ның РНҚ-дан құрылымды айырмашылығы.

12. Транскрипция, оның этаптары.

13. РНҚ посттранскрипционды модификациясы.

14. Генетикалық ақпаратты кодтау.

15. Генетикалық кодтың негізгі қасиеттері.

16. Генетикалық кодтың коллинеарлығы.

17. Кодтың триплеттігі туралы түсінік.

18. Генетикалық кодтың көптік қасиеті.

19. Кодтың өзгешелігі.

20. Генетикалық кодтың үздіксіздігі және бірін-бірі жаппау қасиеті.

21. Нонсенс-кодондардың ролі.

22. Генетикалық кодты ашқан ғалымдар.

23. Генетикалық кодты ашудағы Гамовтың атқарған ролі.

24. Нуклеотидтердің аминқышқылдарды шифрлаудағы ролі.

25. Кодтың коллинеарлығы.

Тесттік сұрақтар: (қосымша)

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген iconЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығЫ
«Геоэкология және табиғатты пайдалану» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілген
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген iconҚарағанды 2010 ж Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген
Республикадағы әлеуметтік экономикалық және қоғамдық саяси ахуалдың мәнін ашу. Экономиканы бейбіт өмірге лайық қайта құру. Саяси...
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген iconҚарағанды 2010 ж Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген
Тақырыбы: Қазақстандағы жэс. Өлкедегі кеңестік мемлекет құрылысы. Жэс – тің әлеуметтік экономикалық нәтижелері
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген iconСиллабус кафедра мәжілісінде қарастырылып және бекітілді
Арағанды мемлекеттік медицина университеті микробиология және иммунология кафедрасы
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген iconСӨЖ – 30 сағат Шектік бақылау: 7 және 15 аптада
Оқыту бағдарламасы (syllabus) «Экономикалық теория» кафедрасының мәжілісінде, «Микроэко-номика» пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасына...
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген iconКафедра мәжiлiсiнде талқыланған және бекітілген
Мақсаты: Нақты ауру негізінде көру нерві және тор қабық ауруларын оқып үйрену. Диагностикалау мен емдеу принциптерін меңгеру
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген iconКафедра отырысында бекітілген
Мақсаты: Студенттерді екі кездейсоқ шаманы бағалаудың параметрлік және параметрлік емес әдістерімен таныстыру
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген icon«Экология және адамның тамақтануы»
Жұмыс бағдарламасы жалпы гигиена және экология курсының мәжілісінде қарастырылды
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген iconКурс 1-2 Семестр 1-4
Тәжірибелік сабақты және дәрісті қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді. Докторлық диссертация тақырыбы бекітілген. Ғылыми қызығушылығы-...
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген iconОқу материалының мазмұнын таңдауда және пәндi құруда
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница