22. 02. 2011 ж. Мектеп басшыларына! Білім бөлімі мен ҚҒӘо білім және ғылым министрлігінің Ақтөбе обб 14. 02. 2011. №2- 409 шығысы бойынша алынған БҒМ хаты және әдістемелік нұсқау жолдайды




Скачать 322.46 Kb.
Название22. 02. 2011 ж. Мектеп басшыларына! Білім бөлімі мен ҚҒӘо білім және ғылым министрлігінің Ақтөбе обб 14. 02. 2011. №2- 409 шығысы бойынша алынған БҒМ хаты және әдістемелік нұсқау жолдайды
страница1/3
Дата конвертации18.04.2013
Размер322.46 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
22.02.2011 ж.

Мектеп басшыларына!


Білім бөлімі мен ҚҒӘО Білім және ғылым министрлігінің Ақтөбе ОББ 14.02.2011. №2- 409 шығысы бойынша алынған БҒМ хаты және әдістемелік нұсқау жолдайды.



Төмендегі әдістемелік нұсқау көбейтіліп, орыс және аралас тілді мектептерде қазақ тілін оқытатын барлық мұғалімдер қамтамасыз етілсін. Сонымен қатар www.nao.kz сайтында орналасқан тілдерді деңгейлеп меңгертудің еуропалық стандарты негізінде әзірленген орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің типтік білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз етуді тапсырады.

Жалғанады қосымша: БҒМ хаты және әдістемелік нұсқау.


Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін деңгейлік меңгерту барысында сабақ өткізуге бағдар беретін әдістемелік нұсқау.


Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т.,

Даулетбекова Ж.Т., Рахметова Р.С.

Рауандина А.


Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін деңгейлік меңгерту барысында е-mail, интернет, электрондық пошта т.б. тақырыптар бойынша сабақ өткізуге бағдар беретін


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Оқытушылардың қолындағы оқулықтарды, оқулық ішіндегі бар мәтін, тапсырма, жаттығуларды пайдалана отырып, аталмыш тақырыптар бойынша сабақ өткізуге, жұмыс жүргізуге болады. Мұндай сабақ өткізудің үлгісі осы әдістемелік нұсқауда ұсынылды.

Электронды пошта, интернет жүйесі т.б. арқылы өткізілетін сабақтың мақсаты – өмірлік жағдаяттар(ситуациялар) жасау арқылы оқушыларды түрлі құралдарды (ұялы телефон, электонды пошта, интернет жүйесі, компьютер т.б.) пайдалана білуге дағдыландыра отырып, бір-бірімен қашықтан тілдік қарым-қатынас жасауға, сөйлеуге, пікір алмасуға үйрету.

Әдістемелік нұсқау


7-сынып


Оқу-еңбек аясы


Сабақтың тақырыбы: Интернет. Интернет маған не үшін керек? – 6 сағат.


Тілдік бөлім: Интернационалдық терминдер. Интернационалдық терминдердің орфографиясы.

Лексика: Интернетке кіру, интернет сайттары, ақпарат табу, қызық мәлімет, қызықты ойындар, хат алмасу, танысу, достармен хабарласу, қазақша сайттар, кодтары, электронды пошта жасау, көшіру, жұмыс үстеліне ауыстыру, көшіріп әкелу, қайта қалпына келтіру, өшіру.

Айтылым.

Жаңа сабақты бастағанда оқушыларды тақырыптың ішіне ендіру мақсатында өтілетін тақырып бойынша «Ой шақыру» тәсілімен сұрақтар беріледі. Сұрақтар жалпы сыныпқа айтылады.

1. Сен интернет қолданасың ба?

2. Интернетті қайда (үйде/сабақта) қолданасың?

3. Сен интернеттен не іздейсің?

4. Интернет оқушы үшін пайдалы ма?

5. Интернетпен жұмыс істесең қанша сағат жұмыс істейсің?

6. Интернетпен жұмыс істеген қымбат па?

7. Интернеттің қандай пайдасы бар?

8. Интернеттің қандай зияны бар?


  • Ұсынылған сұрақтар бойынша топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады. Сұрақтарға жауап беру барысында қиындық туындаса, мұғалім ол сұрақты жеңілдетіп қайта сұрауы керек. Мысалы, «интернет зиянды ма?» сұрағына оқушы жауап бере алмаса, «интернет кітап оқуға кедергі келтіре ме?» немесе «интернетті қолданып кітап оқығын келе ме?» деп, «интернетпен жұмыс істеген қымбат па?» сұрағын «интернет қызметіне айына қанша теңге төлейді?» деп өзгертуге болады.

  • Осы сұрақтарға топпен жауап беру барысында жұмысты түрлендіріп ұсынуға болады: сұрақтар ішіндегі жаңа сөздердің кейбіреуін тақтаға не карточкаға жазып жұмыс істетеді. Мысалы тапсырма түрлері:

1-карточка: Қолдану сөзін жікте. Мен қолданамын. Сен ... . сіз ... . Ол ... .


2-карточка: Қолдану сөзін көпше түрде жікте. Біз қолданамыз. Сендер ... . Сіздер ... . Олар ... .


3-карточка: Дұрыс сөйлемді тап: Мен интернеттен нан іздеймін. Мен интернеттен ақпарат іздеймін.

Сол секілді зиянды, пайдалы, кедергі сөздерімен өз ойын айтады.

  • Ой шақыру сұрақтарымен жұмыс кем дегенде 7-10 минут уақыт орындалады. Өйткені осы сұрақтағы ақпараттар мәтін ішінде болуы тиіс. Әр мұғалім осы сұрақтарды басшылыққа алып мәтін құрауына болады.



Оқылым. Мәтін.

Менің ата-анам үйге интернет желісін қосты. Ай сайын интернет қызметін төлеп тұрамыз. Интернет қымбат.

Мен интернетті жиі қолданамын. Интернеттің пайдасы көп. Интернеттен өзіме қажет көп ақпарат табамын. Ақпараттарды сабаққа дайындалғанда пайдаланамын. Онда оқушыларға арналған сайттар: Энциклопедиялар, анықтамалар, географиялық карталар, тарихи деректер жинақталған интеллектуалдық сайттар бар. Интернеттен өзімді қызықтыратын кез-келген тақырыпты табамын.

Кейде интернеттен қызықты онлайн-ақпараттарды оқимын, кино көремін. Интернетте көп отырмаймын. Ата-анам рұқсат етпейді. Денсаулыққа зиян келтіреді. Интернетте жұмыс істегенде 40 минут отырамын.


1. Мәтін бойынша тапсырма.

1. Әр оқушыға мәтінді ішінен 1 рет оқу ұсынылады.

2. Осы кезде мұғалім тақтаға оқушылардың мәтінді түсінгендерін тексеретін сөйлемдер жазады. Мысалы: Интернеттің пайдасы көп. Интернет өте зиянды. Оқушы осы сұрақтарға нақты жауап берсе, мәтінді дұрыс түсінгені.

2. Лексикалық не грамматикалық бірліктерді игеруге бағытталған жұмыстар ұсынылады.

1. Мәтіннен интернетке қатысты сөздерді тап.

2. Мәтіннен пайдалы деген сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді тап.

3. Қазақ және орыс тілдеріне ортақ сөздерді тап.


3. Диалогтік сөйлесім. Жазылым.

Мұғалім оқушыларға сұқбаттасу мақсатында 5 сұрақ жаз деп тапсырма береді. Бұл сұрақтар ой шақырудағы сұрақтарға ұқсас болуы керек.

  • Мұғалім әр оқушыны тексереді.

  • Қазақ мәдениеті арқылы сұқбаттасуды үйретеді. Мысалы,

  • Сәлеметсіз бе, апай/ағай, атай/әжей!

  • Сізге 1-2 сұрақ қоюға бола ма?

  • ... .... .

  • Рахмет, ата!


4. Диалогтік сөйлесім. Жұптық жұмыс. Тілдесім.

Қатар отырған оқушыларға сұрақ-жауап әдісі арқылы бір-бірінен «сен интернетті қолданасың ба?», «сен интернетті қайда (үйде, мектепте, интернет клубта) қолданасың?» деген сұрақтар арқылы диалогтық сөйлеуге мумкіндік туады.


5. Рөлдік ойын. Тілдесім.

Қатысушылар: интернет-клуб операторы және оқушы.

Тапсырма. Оқушыға: клубка келіп, әдеп нормасын сақтай отырып, оператордан интернетке 30 минут отыру қанша тұратынын және балаларға арналған қандай сайттар бар екенін сұра. Операторға: оқушыға интернет қызметінің ақысын айт. Оқушыға қандай ақпарат қажет екенін сұра.


Сұрақтар:

1) Интернетке 30 минут отыру қанша теңге тұрады?

2) Балаларға арналған сайт бар ма?

3) Қазақ тілінде қандай сайт бар?


Нәтиже: Жұмысты орындау барысында оқушылардың өздерінің проблемаларын шешуде қазақ тілін пайдалану біліктері қалыптасып, әлеуметтік рөлдерді меңгеру дағдылары дамиды.


6. Жағдаяттық тапсырма. Тілдесім.

Қатысушылар: оқушы және интернет-сервис қызметкері. Олар телефон арқылы байланысады.


Тапсырма.

Оқушыға: Үйіңе интернет қызметін орнату керек. Ауладан «интернет қызметін» қосамын деген хабарландыруды алып кел. Байланыс телефонына қоңырау шалып, қазақ мәдениетіне тән әдеп нормасын сақтай отырып интернет орнату ақысы қанша екенін сұра. Өз үйіңе орнатуын өтін. Қай уақытта келетінін сұрап біл.

Сервис қызметкеріне: интернет орнатудың қанша тұратынын және оқушының үйіне қай уақытта келтініңді айт.

Сұрақтар:

1) Үйге интернет орнату қанша теңге тұрады?

2) Модемның бағасы осы ақшаға кіре ме?

3) Модем қанша тұрады?

4) Маған интернет орнатасыз ба?

5) Қай кезде келесіз?


Нәтиже: Жұмысты орындау барысында оқушылардың өздерінің проблемаларын шешуде қазақ тілінде телефон арқылы сөйлесу біліктері қалыптасып, әлеуметтік рөлдерді меңгеру дағдылары дамиды.


  • Топтағы балалардың бәрі бір-бірімен тілдеседі, пікір алмасады, диалогтік сөйлеуді жүзеге асырады, , рөлдерде ойнайды, жағдаяттық тапсырмаларды орындайды. Ең соңында мұғаліммен сөйлеседі.



7. Монологтік сөйлесім. Жазылым. Әр оқушы өз сұқбаты туралы мұғалімге айтады, үлгермесе, өз сұқбаты туралы жазады. Мұғалім әр оқушымен қатар отырып, жеке-жеке тексереді.


«Интернет. Интернет маған не үшін керек?» тақырыбының келесі сабағында мұғалім айтылым, жазылым әрекеттерімен қатар тыңдалым әрекетіне мән беруі керек. Ол үшін қысқа мәтіндерді тыңдау (интернеттің пайдасы, зияны) ұсынылады. Тыңдалым әрекетінің мақсаты – естіген ақпаратты түсіну.

  • Тыңдаған мәтінмен жұмыс жасалмайды. Мәтінді жазып беру керек. Әңгімені, ақпаратты түсінгенін тексеру үшін дұрыс/бұрыс сөйлемдер не тест тапсырмалары беріледі. Осындай жаттығулар арқылы оқушылардың тыңдап түсіну қабілетін арттыру көзделеді. Міндетті түрде уақыт берілуі тиіс. Мәтінді оқушы жарты минут не 1 минут қана тыңдауы керек.

  • Үй жұмысы дәптерінде (оқулықтың бөлігі) осы бағыттағы жаттығулар берілуі керек. Жұмыс дәптерін оқулық шыққанға дейін мұғалімдердің өздері дайындауларына тура келеді.

1. Үйге тапсырма. Шығармашылыққа бағытталған тапсырма. Үйде/сыныпта интернетке кіріп, қазақ тілінде Қазақстан туралы ақпарат табыңдар.

2. Интернетке кіргенде/жұмыс істегенде қандай терминдердің қызметін көрдің, соларды жазып кел. Сыныпта сол терминдерді қазақ тіліне аударасың. Бұл жұмысқа мұғалім көмектеседі.


Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімінде оқушылар бір-бірімен интернеттегі өздері білетін және қазақ тіліндегі сайттар туралы пікірлеседі.

Әдістемелік нұсқау


8-сынып

Оқу-еңбек аясы


Сабақтың тақырыбы: е-пошта – 20/12 сағат


Тілдік бөлім: Қимыл есімдері. Қимыл-сын үстеулері

Лексика: электронды пошта, ақпарат алу, тез, жылдам жеткізу, бірден жіберу, уақыт үнемдеу, қолайлы, тиімді, е-поштаны тіркеу, тегін ашу, жасырын нөмір, поштамен ақпарат жіберу, хатты алғаны туралы мәлімет алу, пошта арқылы достасу, 10 Мб-дейін ақпарат қабылдау немесе жіберу.

Айтылым. Ой шақыру сұрақтары арқылы тақырыпқа ену:

  1. Е-пошта дегеніміз не?

  2. Сенің е-поштаң бар ма?

  3. Е-поштаның тиімділігі неде?

  4. Е-поштамен сөйлесетін достарың көп пе?

  5. Олардың е-поштасында қандай ақпараттар бар?

  6. Е-поштамен қандай жұмыстар атқаруға болады?

  7. Е-пошта арқылы сыйлықтар жіберуге бола ма?

  8. Е-поштадағы фото суреттерді бағалайсыз ба?

  9. Әр фотаға түсініктеме жаза аласыз ба?

  10. Е-поштадағы өзің туралы сауалнаманы қазақша толтыра аласыз ба?

  11. Е-поштамен хабарласып тұратын достарың қанша?

  12. Е-пошта арқылы сөйлесетін шетелдік достарың бар ма?

  13. Видио хабарламаны қолданасыз ба? Оның тиімділігі неде?

  14. Е-поштаның тарихы туралы не білесіз?


«Миға шабуыл» тәсілімен жоғарыдағы сұрақтарға жауап алу көзделеді.

Мұғалім сұрақтарды жеке оқушыға немесе топқа қоюына болады. Кейбір сұрақтарға жауап беру қиындық тудырса, сұрақты жеңілдетіп қоюға болады.

Мұғалім алдын ала дайындаған үлестірме қағаз арқылы әр түрлі жұмыстар орындатуға болады. Мысалы. Қимыл-сын үстеулерін қатыстырып сөз тіркесін, сөйлем құрату, оларды басқа сөздермен ауыстырып қолдану, дұрыс не бұрыс сөйлемдерді тапқызу.

Оқылым. Мәтін арқылы тақырыпты меңгерту (Үлгі. Мәтінді мұғалім сынып оқушыларының білім деңгейіне байланысты жеңілдетіп не қиындатуына болады).

Электронды пошта тарихы 1965 жылдан басталады. Массачусет технологиялық институтының қызметкерлері Ноэль Моррис пен Том Ван Влек CTSS операциялық жүйеге негізделген MAIL бағдарламасын ойлап тапты. Бұл бағдарлама IBM 7090/7094 компьютеріне орнатылған болатын. .Ең басында қарапайым ғана қызмет атқаратын бұл бағдарлама қазір үлкен қолданысқа ие болды. Е-поштаның қызметін көптеген адамдар қолданады. Е-пошта арқылы тез ақпарат алуға болады. Достарыңмен де байланысқа жылдам шыға аласың. Олардың фотосуреттерін де көре аласың. Мереке кезінде сыйлықтар да жібере аласың. Е-поштамен жұмыс істеген тиімді.


  1. Мәтін бойынша жұмыс. Оқушылардың мәтінді дұрыс түсінгенін

тексеру үшін мәтінді іштерінен оқу тапсырылады. Мұғалім олардың мәтінді түсінгендерін тексеру үшін тапсырмалар орындатуына болады.




Сөйлемдер

дұрыс

бұрыс

1

Электронды пошта тарихы 1975 жылдан басталады.







2

Е-поштаны қолдану тиімді.








3

....









2. Лексикалық не грамматикалық бірліктерді игеруге бағытталған жұмыстар ұсынылады.

  1. Мәтіннен термин сөздерді табыңыз.

  2. Мәтіннен қимыл-сын үстеулерін табыңыз.

  3. Тез сөзінің синонимдік қатарын түзеңіз.

  4. Е-пошта арқылы тез ақпарат алуға болады сөйлеміндегі тез

сөзінің орынына басқа сөз қойып жазыңыз.


  1. Диалогтік сөйлесім. Жазылым.

    • Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар жазғызу.

    • Топтық жұмыс. Сұрақтарды пайдалана отырып, сұқбат құрау.



  2. Жазылым. Жеке орындалатын жұмыс.

  3. Е-поштаны ашу үшін төмендегі сауалнаманы толтырыңыз:

Аты:

Фамилиясы:

Туған жылы, күні, айы:

Жынысы:

Қаласы:

Е-поштаның аты:

Паролі:

Ұялы телефон №:

Құпия сұрақ:

Жауабы:

Қосымша е-пошта:


5. Диалог. Тілдесім. Жұптық жұмыс.

Қатысушылар: оқушылар.

Тапсырма. Бір-біріңнен е-пошта ашуға көмек сұраңдар. Пошта ашу кезінде орындайтын іс-әрекеттеріңізді рет-ретімен айтыңдар.

Сұрақтар:

  1. Сен е-пошта аша ласың ба?

  2. Маған е-пошта ашуға көмек бересің бе?


Тапсырма: Досыңыз туралы бес сөйлем жазыңыз.

Тапсырма. Туған қалаңыз туралы қысқаша баяндаңыз.


  1. Диалогтік сөйлесім. Рөлдік ойын.

Қатысушылар. Мұғалім және оқушы (мұғалімнің рөлінде оқушы).

Тапсырма. Мұғалімге: Е-пошта арқылы ақпарат хатты жіберуді өтініңіз

Оқушыға: өтінішті қабылдап, қандай ақпарат жіберу керек екендігін сұра.

  1   2   3

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

22. 02. 2011 ж. Мектеп басшыларына! Білім бөлімі мен ҚҒӘо білім және ғылым министрлігінің Ақтөбе обб 14. 02. 2011. №2- 409 шығысы бойынша алынған БҒМ хаты және әдістемелік нұсқау жолдайды iconАқтөбе қаласының білім бөлімі бойынша
«2010-2011 оқу жылын аяқтау және Ақтөбе облысының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу туралы» бұйрығы...
22. 02. 2011 ж. Мектеп басшыларына! Білім бөлімі мен ҚҒӘо білім және ғылым министрлігінің Ақтөбе обб 14. 02. 2011. №2- 409 шығысы бойынша алынған БҒМ хаты және әдістемелік нұсқау жолдайды iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану және күшін жою туралы
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №515 бұйрығы
22. 02. 2011 ж. Мектеп басшыларына! Білім бөлімі мен ҚҒӘо білім және ғылым министрлігінің Ақтөбе обб 14. 02. 2011. №2- 409 шығысы бойынша алынған БҒМ хаты және әдістемелік нұсқау жолдайды iconПубликасы білім және ғылым министрлігі 2010 жылғы білім беру жағдайы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру Астана 2011
Жинақ 2005-2010 жылдар аралығын қамтитын Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін, Мектепке дейінгі және орта білім беру динамикасын...
22. 02. 2011 ж. Мектеп басшыларына! Білім бөлімі мен ҚҒӘо білім және ғылым министрлігінің Ақтөбе обб 14. 02. 2011. №2- 409 шығысы бойынша алынған БҒМ хаты және әдістемелік нұсқау жолдайды iconМектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын
Р бғм білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасы міндетін атқарушының 2009 жылғы «6» тамыздағы
22. 02. 2011 ж. Мектеп басшыларына! Білім бөлімі мен ҚҒӘо білім және ғылым министрлігінің Ақтөбе обб 14. 02. 2011. №2- 409 шығысы бойынша алынған БҒМ хаты және әдістемелік нұсқау жолдайды iconҚр бғм білім және ғылым саласындағы бақылау және аттестаттау комитеті
...
22. 02. 2011 ж. Мектеп басшыларына! Білім бөлімі мен ҚҒӘо білім және ғылым министрлігінің Ақтөбе обб 14. 02. 2011. №2- 409 шығысы бойынша алынған БҒМ хаты және әдістемелік нұсқау жолдайды iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтары келесі пәндерді билингвалды меңгеруі үшін қажет
22. 02. 2011 ж. Мектеп басшыларына! Білім бөлімі мен ҚҒӘо білім және ғылым министрлігінің Ақтөбе обб 14. 02. 2011. №2- 409 шығысы бойынша алынған БҒМ хаты және әдістемелік нұсқау жолдайды iconБілім және ғылым министрлігі 2010 жылғы Білім беру жағдайы Кәсіптік білім беру Астана 2011
Жинақ 2005-2010 жылдар аралығын қамтитын Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін, кәсіптік білім беру динамикасын бейнелейтін индикаторлар...
22. 02. 2011 ж. Мектеп басшыларына! Білім бөлімі мен ҚҒӘо білім және ғылым министрлігінің Ақтөбе обб 14. 02. 2011. №2- 409 шығысы бойынша алынған БҒМ хаты және әдістемелік нұсқау жолдайды iconМузыка теориясының негіздері «Музыкалық білім» бойынша күндіз және сырттай оқитын тәлімгерлердің дәріс жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау Павлодар
«Музыкалық білім» бойынша күндіз және сырттай оқитын тәлімгерлердің дәріс жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау
22. 02. 2011 ж. Мектеп басшыларына! Білім бөлімі мен ҚҒӘо білім және ғылым министрлігінің Ақтөбе обб 14. 02. 2011. №2- 409 шығысы бойынша алынған БҒМ хаты және әдістемелік нұсқау жолдайды icon«КӘсіпорынның инвестициялық Қызметі» пӘнінен оқу-Әдістемелік кешені астана 2009
«Кәсіпорынның инвестициялық қызметі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенін «Бағалау және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Тәжіғұлова...
22. 02. 2011 ж. Мектеп басшыларына! Білім бөлімі мен ҚҒӘо білім және ғылым министрлігінің Ақтөбе обб 14. 02. 2011. №2- 409 шығысы бойынша алынған БҒМ хаты және әдістемелік нұсқау жолдайды iconДиссертациялық жұмыстарын қорғау кеңесінің
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №126 бұйрығы мен 2012 жылғы мамырдың 29 күнгі №10 хаттамасына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница