бұқаралық ақпарат құралдарындағы




Скачать 96.85 Kb.
Названиебұқаралық ақпарат құралдарындағы
Дата конвертации18.04.2013
Размер96.85 Kb.
ТипДокументы


Орал қаласы әкімдігінің

2008 жылғы « 10» 04

№ 993 қаулысымен бекітілген

29 – қосымша


«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж

азаматтарды есепке алу және кезекке қою»

мемлекеттік қызмет көрсету

стандарты


1.Жалпы ережелер

1.Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою.

2.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: жартылай автоматтандырылған.

3.Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің атауы мен бабы:

1) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәурдегі №94«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-75 баптары;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулысының 2-бөлімі, 24-тармағы.

4.Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы: «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мекенжайы: Орал қаласы, Орда көшесі, 25, телефоны: 28-01-60.

5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою.

6.Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.

7.Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген,

талон алған сәттен бастап),мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұрау берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезеңнен бастап ең аз уақыт мөлшері - 30 минуттан аспайды;

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке

алу және кезекке қою жөніндегі өтінішітері 1 ай ішінде қаралады.

2) Қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде және


т.с.с.) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 30 минут;

3) Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде

кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файлдың рұқсат берілген жоғары мөлшері: 30 минут.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9.Қызмет көрсету тәртібі ақпарат көзі бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттар, Орал қаласы әкімдігінің ресми сайты (www. оral-akimat.kz).

Бұл стандарт «Тұрғын үй коммуналдық, шаруашылық жолаушы көлігі және автомобиль жолдар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 1 қабатындағы дәліздегі қабырғада орналасқан, мекенжайы: Орал қаласы, Орда көшесі, 25, телефоны: 28-01-60.

10. Жұмыс кестесі – күн сайын сағат 9.00 – 18.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, үзіліс уақыты сағат 13.00 – 14.30-ға дейін, аталған мемлекеттік қызметті алу үшін алдын-ала жазылу және жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.

11. Осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін келесі жағдайлар жасалған:

1)мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өтініштердің үлгісі орналастырылған стендтің алдында жазба үстелдері және отырғыштар қойылған;

2) кабинетте күту үшін орындықтар қойылған;

3) жазғы уақытта ықтимал температура ұстау үшін кондиционер қондырылған.

2.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптар тізбесі:

1) Есепке қою туралы өтініш; 

   2) Азаматтарды тiркеу кiтабын, қажет болса өтiнушi "Тұрғын ұй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жергiлікті атқарушы органдардың басқа адамдарды отбасының мүшесi деп тану туралы анықтамасын табыс етедi; 

      3) Өтінушiнiң және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншiк құқында оларға тиесiлі үй-жайдың жоқтығы туралы анықтамасы; 

       4) Әлеуметтiк қорғау органының өтінушi (отбасы) әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға жататынын растайтын анықтамасын, не мемлекеттiк қызмет иесінің, бюджеттік ұйым қызметкерiнің, әскери қызметшінiң жұмыс (қызмет) орнынан анықтамасын тапсырады. 


      5) Қажет болса өтiнушi сондай-ақ отбасында қосымша тұрғын бөлмеге құқылы ауыр сырқат түрiмен ауыратын адам бары туралы мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемесiнiң анықтамасын тапсырады. 

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет бланк берілетін орын (өтініш нысандары және т.с.с.): «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Мекенжайы: Орал қаласы, Орда көшесі 25, 1-қабат, 4-бөлме, телефоны: 28-01-60.

14.Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті не толтырған бланкілерді, нысандарды, өтініштерді және басқада құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекенжайы және кабинетінің нөмірі:

Орал қаласы, Орда көшесі 25, 1-қабат, 4-бөлме, телефоны: 28-01-60

15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын - кіріс құжаттарды тіркеу журналдағы нөмірі.

16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі тұтынушының жеке өзінің келуі. Орал қаласы, Орда көшесі ,25, 1-қабат,4-бөлме, телефон: 28-01-60

17.Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізбесі:

1) Осы Стандарттың 12-ші тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет алуға қажетті құжаттар толық болмауы;

   2) Егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мынадай жолдармен мұқтажға айналғаны: 
     1) тұрғын үй-жайын ауыстырғаны; 

  1. оның Қазақстан Республикасының белгiлi бiр елдi мекенiнде

орналасуына қарамастан, өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, тұру үшiн жарамды тұрғын үйдi, жергiлiктi атқарушы орган тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 98-1-бабына сәйкес сатып алғаннан баса жадайларда, иелiгiнен шығаруы;

  1. тұрын үйдiң өз кiнәсiнен бұзылуы немесе бүлiнуi;

  2. тұрған кезiнде оның мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй

немесе жеке тұрғын ұй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуiне мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйiнен кетуi; 

5) жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызғаны анықталса, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру үшiн есепке қоюдан бас тартылуы мүмкiн.

3.Жұмыс қағидаттары


18. Бөлімінің мамандары жұмыс барысында мынандай қағидаттарды басшылыққа алады: сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы жан-


жақты ақпарат беру, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.


4.Жұмыс нәтижелері


19.Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа қосымшадағыға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.


5.Шағымдану тәртібі


21.Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауы, лауазымды тұлғаның телефонының, кабинетінің нөмері:

1) Қызметкердің іс-әрекетіне шағымдану тәртібін «Тұрғын үй коммуналдық, шаруашылық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы түсіндіреді, Мекенжайы: Орал қаласы, Орда көшесі 25, 2-қабат, 6-бөлме телефоны: 23-71-11.

2) Бөлім басшысының іс-әрекетіне шағымдану тәртібін Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы түсіндіреді, мекенжайы: Орал қаласы, Достық -Дружба даңғылы, 182/1, 21-бөлме, телефоны: 50-36-85.

22.Шағым берілетін мемлекеттік органның атауы, лауазымды тұлғаның кабинетінің нөмері:

1) Шағымдар пошта немесе қолма-қол «Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушы көлігі және автомобиль жолдар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы жазбаша түрде қабылданады, мекенжайы: Орал қаласы, Орда көшесі 85, 4- бөлме, телефоны: 28-01-60.

2) Шағымдар пошта немесе қолма-қол Орал қаласы әкімі аппаратының кеңсесінде қабылданады, мекенжайы: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы 182/1, 10-бөлме, телефоны: 50-70-54.

23. Шағымның қабылданғанын растайтын құжаттың атауы: азаматтың жазбаша жүгінуін кіріс журналына тіркеп, тіркеу туралы талон немесе азаматты

жеке мәселесімен қабылдау бойынша қабылдау уақыты көрсетілген карточка беріледі. Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген шағым міндетті түрде қабылдауға, тіркеуге, және қарауға жатады. Қарау мерзімі 15 күнтізбелік күн.


Шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс мәліметтері: мекенжайы Орал қаласы, Орда көшесі 25, 2-қабат, 6- бөлме, телефоны: 23-71-11.

6.Байланыс ақпараттары


24. Байланыс деректері: Тұтынушыларды қабылдау бөлімнің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.

1) Бөлім бастығы:

Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00 – 18.30-ға дейін, сенбі,жексенбі және мерекелік күндерден басқа, түскі үзіліс сағат 13.00 – 14.30-ға дейін. Жеке сұрақтар бойынша қабылдау: дүйсенбі,сейсенбі күндері сағат 9.00 – 13.00-ге дейін, мерекелік күндерден басқа. Қабылдау Орал қаласы, Орда көшесі, 25, 6- бөлме мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Жоғары тұрған ұйымның байланыс мәліметтері:

Жергілікті атқарушы орган Орал қаласы әкімінің аппараты, Орал қаласы, Достық даңғылы, 182/1, 10 а (кеңсе) кабинет, телефон: 50-70-54, мекенжайы бойынша, жұмыс кестесі – күн сайын, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9-00-ден - 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін.

25.Қосымша мәлімет: Аталған қызметтерден басқа «Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушы көлігі және автомобиль жолдар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй және жекешелендіру бөлімі мемлекеттік бағдарлама бойынша мемлекеттік қордан тұрғын үй беру, тұрғын алаңына шешімдер беру мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.


Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымша


Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні


Сапа және қолжетімділік

көрсеткіштері

Көрсеткіштің

нормативтік мәні

Көрсеткіштің

келесі жылдағы

нысаналы мәні

Көрсеткіштің

есепті жылдағы

ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Мерзімділігі

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)










1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт кеткен тұтынушылардың % (үлесі)










2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)










2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)










3. Қолжетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)










3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)










3.3. интернет арқылы қолжетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)










4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)










4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)










4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)







5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)












Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

бұқаралық ақпарат құралдарындағы iconБатыс Қазақстан облысында әрекет ететін бұқаралық ақпарат құралдарының тізімдігі
Батыс Қазақстан облысында әрекет ететін бұқаралық ақпарат құралдарының тізімдігі (ақпан-2008ж.)
бұқаралық ақпарат құралдарындағы icon«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы»
бұқаралық ақпарат құралдарындағы iconМектеп басшыларына !
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген сын мақалалар, ата –аналардың өтініштері қоғамдық ұйымдардан түсіп жатқан ескертпелерді,...
бұқаралық ақпарат құралдарындағы iconЖн 10д бұқаралық ақпарат құралдарының аудиториясы
Біз жақсы білеміз, саналы жанның кез келген харекеті әрдайым мақсатты. Ал мақсатқа жету үшін лайықты құралдар керек екені және ақиқат....
бұқаралық ақпарат құралдарындағы icon«Қалам қуаты» журналистік шеберлік байқауы жөнінде ереже
«Қалам қуаты» журналистік шеберлік байқауы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі бақ) өкілдерінің арасында...
бұқаралық ақпарат құралдарындағы icon«Астана және Президент» тақырыбы бойынша газет немесе интернет-сайтта жарияланған, теледидар мен радио эфиріне өткен материалдарға, фотосуреттерге жасөспірімдер мен жоғарғы сынып оқушылары арасында өтетін Республикалық байқаудың
Байқауды Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдарының қолдауымен, Қазақстандағы ақпараттық саясат Институты және әл-Фараби...
бұқаралық ақпарат құралдарындағы iconАЭжбу бітірушілер қауымдастығы мүшесінің сауалнамасы жалпы пайдалану сайты үшін ақпарат (ашық ақпарат)

бұқаралық ақпарат құралдарындағы iconҚазақстан Туристік Ассоциациясы (ҚТА) Қазақстан Республикасында 1999 жылдан бері өз қызметін атқарып келе жатыр. Ол көптеген туристік ұйымдар сияқты еліміздің
Алдаберген Исаевқа, сонымен қатар семинар кеңестің лекторлары, Қазақстан туристік ассоциациясының, Байқоңыр қаласының сала мамандарына,...
бұқаралық ақпарат құралдарындағы iconШетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою және миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі №75 қаулысы
Кіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» №558, 2007 жылғы 30 маусымдағы «Заңды...
бұқаралық ақпарат құралдарындағы iconҚазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі жанындағы
Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі жанынандағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестiң қызметін және қалыптастыру...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница