Қабиден байтілесов, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденінің иегері




НазваниеҚабиден байтілесов, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденінің иегері
Дата конвертации22.04.2013
Размер63.8 Kb.
ТипДокументы
Қабиден БАЙТІЛЕСОВ,

екі мәрте «Құрмет белгісі» орденінің иегері,

Қорғалжын аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы:

–Әрине, мен үшін Мемлекеттік рәміз-деріміздің мән-мағынасы зор. Басқалай болу әсте мүмкін емес. Біз тәуелсіз ел болғанымызға қалай қуансақ, егемендігіміздің жаршысына айналған Мемлекеттік рәміздерімізді солай қадір тұтамыз. Себебі, Мемлекеттік рәміздер – еліміздің бойтұмары саналады. Сол арқылы бізді төрткүл дүние танып, Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде қабылдады.

Бұның бәрі айтуға оңай болғанымен, бүгінгі бейбіт өмір қиындықсыз келе қойған жоқ. Осыны жас ұрпақ біліп, саналарына тоқып жүрсе екен деймін. Тә-уелсіздігімізді жариялап, енді мемлекетке сай елдік нышандарды сайлау кезінде де талай толқу, қобалжулар болғаны халықтың есінде. Мемлекеттік рәміздерге ұлттық нақыштарды, менталитетімізді бере біліп, еңсесі енді көтеріліп келе жатқан халықтың үкілеген үмітін ақтау үшін бір топ зиялылардың сіңірген еңбектері өлшеусіз.

Кезінде еңбек жолымды Новочеркаск ауданында шеберхана меңгерушісінен бастап, бірталай басшылық қызметтерде де істеп жүргенімде елімнің дамуына үлес қосуға тырыстым. Зейнеткерлікке шыққаныма 22 жылдан асса да, ел ішінде болып жатқан оқиғалардан тың-ғылықты хабардармын. Теледидардан, газет, журналдан да қол үзген емеспін. Қазір барлық мекемелер жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ісіне зор мән беріп жатқанына көңілім толады. Бұл – жас ұрпақ отансүйгіш емес деген сөз емес, керісінше, Отанға деген махаббат ұлғая түссе екен деген аға ұрпақтың игі тілегі, жастар үшін қам жегені. Ата-анасынан, қоғамнан жақсы үлгі-өнеге алып өскен бала ертеңгі күні өзі де жақсылыққа ұмтылып, еліне пайдалы болады.

Өкінішке орай, үстіміздегі жылы теледидардан Мемлекеттік Туымыздың тапталып, бәз-біреулердің оны қоқыс таситын қап ретінде пайдаланғанын көргенім-де жүрегім қатты қынжылды. Көк бай-
рақпен қоқыс тасып, өрескелдік таныт-қан тараздық екі бойжеткеннің қылығы бұдан екі жыл бұрын елді шулатса, бұл бассыздық Атырау қаласында да қайталанып, көпшіліктің ашу-ызасын тудырды. Жүрегінде намысы жоқ мұндайлардан қандай үлгі-өнеге алып, Мемлекеттік рәміздерімізге деген қандай сыйластық күтуге болады?! Осы оқиғаға қатысты жер-жерде пікірлер айтылып, әлгі немелерге халықтың наразылығы білінді.

Көп болып, халық болып келешекте мұндай келеңсіздіктерге жол бермеуіміз керек. Тәуелсіздігіміздің айнасы болып отырған Мемлекеттік рәміздерімізді көздің қарашығындай қорғай білуге тиіспіз.

Иван БАРАШИН,

Сандықтау аудандық «Сарыарқа» мәдениет үйінің директоры:

–Біз үшін Мемлекеттік рәміздер елдегі тұрақтылықтың кепілі саналады. Осылай дей отырып, ел азаматтарының тә-уелсіздік нышандарын құрметтемеуі, қадір тұтпауы мүмкін емес. Әнұран шырқағанда әрбіреуіміздің оң қолымызды жүрегімізге қойып, бойымызды патриоттық рух кернеуі, міне, осылар мемлекетке, оның рәміздеріне деген зор сыйластықты білдіреді.

Менің басшылық қызметке орналасып, директорлық міндетімді атқара бас-тағандағы ең бірінші жасаған амалым – мәдениет үйіне мемлекеттік стандарттар-ға сай жаңа Мемлекеттік рәміздер сатып алдым. Жасыратыны жоқ, оған дейін ілулі тұрған Ту, Әнұран мен Елтаңбаның макеттері өте ескі болатын. Мәдениет саласында істей отырып, тұрғындарды игі істерге үндемесек, мемлекеттік құндылықтарға құрметпен қарауды біз үйретпесек, басқа кімнің жаны аши қояр дейсіз?!

Мәдениет үйінің қызметкелерінен бастап, осында өнерлерін шыңдап жүрген жастарға дейін елдік рәміздерімізге құрметпен қарайды. Өткен жылдың кү-зінде мәдениет үйіміздің күрделі жөндеуден өткізіліп, аудан тұрғындарын жаңаша кейіпте қарсы алғаны белгілі. Осындай қуаныштан кейін биыл біз бір ұжым болып, Мемлекеттік рәміздер күнін жаңартылған ғимаратта атап өткелі жатырмыз. Ауданымыздың көркемөнерпаздары да бұл күнге зор дайындықпен келіп отыр.

Ән үйірмесіне баратын өнерпаздарымызға ең алдымен Мемлекеттік Әнұранның мәтінін үйретеміз. Салтанатты жиын-дарда хор мүшелері Әнұранды орындап, басқа да жетістіктерімен жұртшылықты қуантып жатады. Тәрбиелеп отырған шәкірттеріміз әзірше әлемдік аренада көк Туымызды желбіретіп қайтпаса да, әрқайсысының жүрегінде отансүйгіштік қасиет, өнерімді елге көрсетсем деген құштарлықтары көкіректерінде сайрап тұр. Қиын-қыстау кезеңде де рухы түспеген еліміз бүгінгі бейбіт өмірде одан әрі өркендей түсіп, туған жер мен дүйім ел арасындағы ұлы махаббат мәңгі сақталады деп сенемін.

Барлық ақмолалықтарды, өз жерлестерімді Мемлекеттік рәміздеріміздің 20 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күнді еліміздің әр азаматы жүрекпен сезініп, Отан үшін мақтаныш сезіміне кенеледі деген үміттемін.

Төкен ҚИЗАЕВА,

Шортанды №3 орта мектебінің директоры:

–Белгілі ғұлама Конфуцийдің «Әлемді нышандар мен рәміздер билейді» деген пікіріне қарап-ақ біз рәміздердің қаншалықты маңызды екенін байқаймыз. Адамдардың түр-түсі мен тегіне, қоғамда алатын орны мен жас шамасына, тіпті қашанда құбылмалы келетін саяси ұстанымдарға да қарамастан ешкімге жаттығы жоқ, көпке ортақ феномен Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу адамзат өркениетімен бірге қалыптасып, бірге дамып келе жатқан қоғамдық-саяси құбылыстардың бірі саналады. Өз мемлекетінің Туы желбіреп, Әнұранының әуені тербелгенде немесе сөзімен қоса шырқалғанда селт етпейтін жүрек жоқ. Сөз жоқ, Туға тағзым – елге, жерге, тарихқа тағзым. Туға құрмет – елге, жерге, тарихқа деген құрмет. Бұл Елтаңба мен Әнұранға да қатысты. Өйткені, олар – мемлекетіміздің құты мен қасиеті. Ал, елін шын сүйетін адал азамат өз Отанының бойтұмар белгілерін де қасиет тұтары анық.

Естеріңізде болса, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылы Мемлекеттік рәміздердің 15 жылдығына орай ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты республикалық жастар форумында
4 маусымды Мемлекеттік рәміздер күні деп жария еткен болатын. Содан бері осы күн жыл сайын аталып өтіледі. Барлық мекемелерде, білім ошақтарында осынау саяси маңызды күнге арналып кездесулер өткізіледі. Осы арада менің бір айтпағым бар.

Ел егемендігінің айнасы болып отыр-ған Мемлекеттік рәміздерімізді тек арнау-лы күні ғана құрметтемей, әркез ұлықтауға тиіспіз.

Мектебімізде әр дүйсенбі сайын ұстаздар мен оқушылардың сап түзеуінде Мемлекеттік Әнұран шырқалып, «Бұл – біздің Әнұран», «Бұл – біздің Ту», «Бұл – біздің Елтаңба», «Менің Қазақстаным» тәрбие сағаттары, акциялары жүргізіледі. Жастарды азаматтық пен елжандылыққа, отансүйгіштікке, Мемлекеттік рә-міздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу – білім саласы қызметкерлерінің негізгі міндеті болып табылады. Әрине, бәрі тыңғылықты орындалуы үшін рәміздерімізді тек төрімізден орын беріп, іліп қоя салу жеткіліксіз. Біз ол туралы кеңінен насихаттауымыз керек. Әрбір жас өрен ел рәміздерінің шығу тарихын, оның авторларын, қолданылу сипатын терең меңгеріп, қадір-қасиет тұтуы үшін әр білім беру мекемелері атқарылатын жұмыстарды жандандара түскені абзал болар еді.

Борис Нұғыманов,

ардагерлер арасында гир көтеру спортынан әлем чемпионы:

–Ата-бабаларымның қайсар рухы осы жерде болғандықтан, мен Қазақстанды тарихи Отаным деп санаймын. Өзім Ресейде туып-өстім. Сонда инженер-геофизик мамандығы бойынша жоғары білім алып, кейін тағдырдың жазуымен еңбек жолымды Қазақстанда, нақтырақ айтсам, 1968 жылы Бұланды ауданы Макинск қаласында зертханашы болып бас-тадым. Бар іс-тәжірибемді ел игілігі жолында жұмсап, осы ауданда зейнеткер-лікке шықтым.

Мені тарихи Отаныма жетелеп алып келген тағдырыма ризамын. Елмен бірге аңсар болған тәуелсіздікті қарсы алдым. Балаларым да Бұландыда жетілді. Құдайға шүкір, егемендігіміздің арқасында ел болып отырмыз. Қазақстанды күллі әлем таниды, халқымыздың өрлігіне, ерлігіне бас иеді деп еш қаймықпастан айта аламын. Шет елдіктердің біздің аспан түстес көк Туымызға, Әнұранымыздың әуеніне, киім үлгілерімізде бедерленген ұлттық нақыштарға қызыға қарағанын талай байқадым.

Елдің қай азаматы болсын, Отаны үшін мақтанып, өзі де елінің атына мадақ-мақтау естірте білуі керек деп ойлаймын. Біреулерге бұл өзгешелеу болып көрінер, алайда менің жасым келсе де, спортты өміріме серік етіп жүрген жайым бар. Еуропада, тағы басқа мемлекеттерде өткен көптеген спорттық жарыстарда болдым. Спортшыларды таныстыру ке-зінде оның қай елден екені, жетістіктері бәрі-бәрі көпшілікке микрофоннан айтылып тұрады. Сол сәтте менің жүрегімді Отаным үшін зор мақтаныш сезімі кернейді. Әр жарыс алдында Қазақстанның делегациясын Мемлекеттік Ту ұстаған адам бастап келіп, орталық алаңмен жүріп өтеміз. Елтаңбамыз, көк Туымыз бейнеленіп, «Қазақстан» деп мемлекетіміздің атауы жазылған киімдерде мен ғана емес, жанымдағы жерлес спортшыларымыздың да өздерін жігерлі сезініп тұрғандарын талай мәрте байқадым. Сонда ішімнен жат жерде бізді жебеп-желейтін, күш беретін ұлы құдірет ол біздің Мемлекеттік рәміздеріміз екен ғой деп ойладым.

2011 жылы гир көтеру спортынан халықаралық федерация ұйымдастырған XIX әлем чемпионатында мен 65-69 жастағы ардагерлер арасында додаға түсіп, жеңімпаз атандым. Сөйтіп, Грецияда өткен бұл жарыста еліміздің көк туы желбіреп, Әнұранымыз шырқалды. Қазір Германияның Гамбург қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындық үстін-демін. Бұл жарыстан да жүлдемен оралып, жерлестерімді қуантамын деген ойдамын.

Бүгінгі мерейлі мереке, Мемлекеттік рәміздеріміздің 20 жылдығы күні елімізге тілейтінім тек жақсылық. Елдік, ұлттық құндылықтарымызды сақтай білейік, өзгеге де сыйлата білейік, ағайын.

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Қабиден байтілесов, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденінің иегері iconМақпал Исабекова Disney/Pixar студиясының Қазақстан кинотеатрларында қазақ және орыс тілдерінде көрсетілетін «Батыл жүрек» анимациялық фильмінде екі өлеңді
«Батыл жүрек» анимациялық фильмінде екі өлеңді орындады. Фильмнің қазақша нұсқасын шығару жобасын «Болашақ» Қауымдастығы, «Алтын...
Қабиден байтілесов, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденінің иегері icon2012 жылдың қазан айының 10-ы күні Зеленов аудандық окж-де мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардагер оқырмандарымызбен «Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі» атты мерекелік кеш өткізілді
Зеленов аудандық окж-де мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардагер оқырмандарымызбен «Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі» атты мерекелік...
Қабиден байтілесов, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденінің иегері iconҚұжат деректемелерінің орналасу схемасы Ескертпе
Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының немесе эмблеманың, логотиптің, тауар белгісінің (қызмет көрсету белгісі) бейнесі
Қабиден байтілесов, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденінің иегері iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г
Студенттердің мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін күшейту, қызығушылығын тудыру, қазақ тілінің лексикалық құрылым ерекшеліктерін...
Қабиден байтілесов, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденінің иегері iconҰсынылатын библиографиялық көрсеткіш Қазақ музыкасының жарық жұлдызы, әйгілі сазгер, композитор Н. Тілендиевтің-85 жас толуына арналған/ Красота живых мгновений
...
Қабиден байтілесов, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденінің иегері iconТелефон +7 7273 50 16 16 Факс
Алматы қ. «Кар-тел» (Beeline сауда белгісі) жшс-ы және PosadiDerevo kz қоғамдық қозғалысы бірлесіп, «sмs тал» республикалық іс-шарасы...
Қабиден байтілесов, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденінің иегері iconI. Жасушалық мембрана биофизикасы
Мембрананы құрайтын липид молекулалары амфипатикалық қосынды болып келеді (екі жауап). Қызметі жағынан
Қабиден байтілесов, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденінің иегері icon3. Көбейткішке жіктеңіз: 3х
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 20 см, бүйір қабырғасы табанынан екі есе ұзын. Оның қабырғаларының ұзындығын табыңыз
Қабиден байтілесов, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденінің иегері iconБиологиядан қазақ тілінде тест сұрақтары
Адамдағы бір,екі,үш жұмыртқа жасуша бірден ұрықтану белгілерін анықтайтын генетикалық әдіс
Қабиден байтілесов, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденінің иегері iconКафедра отырысында бекітілген
Мақсаты: Студенттерді екі кездейсоқ шаманы бағалаудың параметрлік және параметрлік емес әдістерімен таныстыру
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница