Автореферат 2009 жылы «30»




Скачать 473.33 Kb.
НазваниеАвтореферат 2009 жылы «30»
страница1/4
Дата конвертации25.04.2013
Размер473.33 Kb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4


ӘОЖ 373.5.016:811.512.122 Қолжазба құқығында


ЖАМАШЕВА ЖАНАР РАХМаТуЛЛАҚЫЗЫ


МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ҚАҒАЗДАРДЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

(ЖОО қазақ бөлімінің студенттері үшін)

13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі

(бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі)




Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ


Ғылыми жетекшісі:

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Оразбаева Ф.Ш.


Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасында орындалды.


Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Ф.Ш.Оразбаева


Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Р.Ә.Шаханова


педагогика ғылымдарының кандидаты,

Д.Ж.Құсаинова


Жетекші ұйым: Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті


Диссертация 2009 жылы « 1 » шілдеде сағат 14-те Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, 2 қабат, кіші конференция залы) филология, педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.09.04 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.


Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2009 жылы « 30 » мамырда таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, филология

ғылымдарының докторы,

профессор Г.Қосымова




КІРІСПЕ



Зерттеудің өзектілігі. Еліміздегі білім жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар қазақ тілін оқыту мәселесін де жаңа қырынан дамытуды қажет етіп отырғаны белгілі. Жоғары білім беру жүйесінде әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін іргелі реформалар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі білім беру нормаларын мақұлдаған Лиссабон конвенциясын, жоғары білім саласы мен кұрылымындағы бірізділікке қатысты Сорбон декларациясын қолдап, белсенді араласуға талпыныс жасап жатқаны мәлім. Сонымен бірге еліміздің Болон үдерісіне қосылуы білім беру жүйесіне тың өзгерістер енгізіп, оқыту үдерісінде жаңа әдістерді қолдануды қажет етіп отыр.

Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесінде қолданылып жүрген білім беру технологиялары отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына сай қолданылып келеді. Осындай өмірдің өзі талап етіп отырған технологияның бірі қашықтан оқыту технологиясы. Соңғы 10-15 жылдың ішінде телекоммуникациялық технологияның және гипермедияның қарқынды дамуына байланысты оқытуда компьютерді қолданудың тиімділігі артып отырғаны мәлім. Бүкіл әлемді қамтитын «Интернет» желілік байланысы қашықтан білім беру жүйесінің пайда болуына негіз болды. Ғылым мен техниканың дамуы білімді ақпараттандыру үдерісін жетілдіруді талап етті. Сонымен бірге әлеуметтік өмірдің барлық саласында қазақ тілінің кеңінен қолданысқа ие болуы қашықтан оқыту жүйесін іске асыруды қажет етіп отыр.

Қоғамның ақпараттандырылуы студенттерден жаңа ақпаратты құралдарды барлық салада қолдана алуын талап етеді. Жоғары оқу орындарының қазақ бөлімінде оқитын студенттерге іс қағаздарын қашықтан оқыту, біріншіден, мемлекеттік тілді оқытудың ғылыми-теориялық және әдістемелік жағының жоғары болуына, екіншіден, студенттің кәсіби құзіреттілігінің жетілуіне, үшіншіден, уақыт үнемдеуге, төртіншіден, алыста тұратын тыңдаушыларға білім алуға көмектеседі.

Қашық нысаны бойынша оқыту Қазақстан Республикасы Президентінің елде білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Білім туралы» Заңына сәйкес әзірленді [1,66 б.].

Кәсіби құзіреттілікті жетілдіруді қажет ететін заманда өзінің арнайы мамандығына қатысты білімді жаңартып отыру, оқытудың тиімді де ұтымды түрін қолдану қажеттігі туып отыр. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік, мәдени жағдайына сай, қоғам өмірінің барлық салаларында өзін-өзі жетілдіріп, дамытатын, барлық іс-әрекеттерде шығармашылық бағыт ұстанатын білікті де білімді маман тәрбиелеу өзекті мәселе. Жоғары оқу орнының қазақ бөлімінде оқитын студенттерге іс қағаздарын қашықтан оқытудың зерттеу нысаны болмағандығы және заманның болашақ мамандардан іс қағаздарын жетік меңгеруді талап етуі қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың маңыздылығын, жұмыстың өзектілігін танытады.

Зерттеудің мақсаты. Жоғары оқу орнының практикалық қазақ тілі сабағында іс қағаздарды қашықтан оқытудың әдістемелік жүйесін ұсыну, оның тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу.

Зерттеу нысаны жоғары оқу орнының қазақ бөлімі студенттеріне іс қағаздарды қашықтан оқыту арқылы меңгерту үдерісі.

Зерттеу пәніжоғары оқу орнының қазақ бөлімдерінде мемлекеттік тілдегі іс қағаздарды қашықтан оқытудың әдістемесі.

Зерттеудің міндеттері:

– қашықтан оқыту жүйесінің ғылыми-теориялық негізін анықтау;

– мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу курсының мазмұнын анықтау;

– қазіргі заманғы желілік жүйенің (интернет) ерекшеліктерін көрсетіп, іске асу жолдарын белгілеу;

– іс қағаздарды мемлекеттік тілде меңгертудің ұтымды жолдарын көрсету;

– іс қағаздарды қашықтан меңгертуде қолданылатын жаттығулардың түрлерін саралау;

– іс қағаздарды қашықтан оқыту арқылы өздік жұмыстардың, жаттығулардың, шығармашылық деңгейдің, тестілік тапсырмалардың әдістемелік ерекшеліктерін дәйектеу;

– жоғары оқу орындарында іс қағаздарды қашықтан оқытудың тиімділігін эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.

Зерттеу болжамы. Мемлекеттік тілде іс қағаздарды оқытқанда желілік технологияны(интернет) қолданса; студенттерге іс қағаздарды меңгерту арнаулы тақырыптар бойынша ұсынылатын кешенді тапсырмалар мен жаттығулар негізінде жүргізілсе, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі артады. Кешенді жұмыс түрлері болашақ мамандардың қазіргі ақпаратты технологияны қоса меңгеріп шығуын қамтамасыз етеді. Кәсіби мамандарды дайындау барысында іс қағаздарды игеруге арналған тапсырмалар тілді сапалы және жан-жақты меңгертуге, жүйеленген терминдер студенттердің кәсіби сөздік қорын байытуға мүмкіндік жасайды.

Зерттеудің жетекші идеясы. Қазақ тіліндегі іс қағаздарды қашықтан оқыту ҚР азаматтарына мемлекеттік құжаттарды терең меңгеруге, сапалы білім алуға және олардың кәсіби маман болуына игі ықпал етеді. Іс қағаздарды қашықтан оқыту қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік рөлін арттыруға, студенттердің кәсіби бағыттылығының қалыптасуына әсер етеді. Іс қағаздарды қашықтан оқыту студенттердің іс қағаздарды сауатты толтыруына мүмкіндік туғызады. Құжаттармен жұмыс істеу барысында студенттердің адамдармен қарым-қатынас жасау этикасын жетілдіреді.

Зерттеудің әдіснамалық негізі. Зерттеуде қашықтан оқыту технологиясына қатысты, психология, педагогика, әлеуметтану, қазақ тілін оқыту әдістемесі, соның ішінде іс қағаздарды теориялық негізде меңгертуге арналған ғылыми-әдістемелік зерттеу еңбектері мен оқулықтар, оқу құралдары басшылыққа алынды.

Зерттеудің әдістері. Жұмыста теориялық талдау әдістері, баяндау, салыстыру, сараптау, модельдеу, жинақтау, жүйелеу, талдау, қорыту, тәжірибеден өткізу, бақылау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының кезеңдері.

Бірінші кезеңде (2005-2006) зерттеу тақырыбына байланысты лингвистикалық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектер сараланып, талданды. Іс қағаздарын қашықтан оқытуды жетілдіру, студенттердің кәсіби шеберлігін дамыту бағытындағы жалпы тенденцияларды айқындау мақсатында оқытушылармен, студенттермен сауалнамалар жүргізіліп, оқытушылардың озық тәжірибелері сараланды. Студенттердің іс жүргізу барысында кездесетін құжаттарды меңгеру, оларды сауатты толтыру дағдыларын қалыптастыру бағытында сауалнамалар алынып, бақылау жұмыстары жүргізілді. Соңғы жылдары жарық көрген ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, қазақ тілін оқыту әдістемесіне, қашықтан оқыту технологиясына, қашықтан оқыту технологиясы арқылы басқа пәндерді оқыту әдістемесіне байланысты ұсынылған әдістемелік оқу құралдарына, зерттеу еңбектеріне, оқулықтарға талдау жасалынып, олардың ерекшеліктері сарапталды.

Екінші кезеңде (2006-2007) М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті информатика, заң факультеттерінің қазақ бөлімі студенттеріне арналған қашықтан оқыту бағдарламасы жасалып, оқу-әдістемелік материалдар бір ізге түсірілді. Іс қағаздарды қашықтан оқытудың тиімді жолдары мен амал-тәсілдері қалыптастырушы эксперимент арқылы сынақтан өткізілді.

Үшінші кезеңде (2007-2008) зерттеу нәтижелері бір жүйеге түсіріліп, жинақталды, қорытындыланды. Жүргізілген педагогикалық эксперименттің нәтижелері тұжырымдалып, сараптаудан өткізілді. «Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу» атты электронды оқулық әзірленді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

– іс қағаздарды қашықтан оқыту курсының мазмұны айқындалды;

– студенттің дара тұлғалық қабілеті мен тілдік-қатысымдық дағдыларын қалыптастыру бағытында мемлекеттік тілде іс қағаздарды меңгертудің ұтымды амал-тәсілдері анықталды;

– коммуникациялық жүйені пайдалана отырып, іс қағаздарды мемлекеттік тілде оқытудың әдістемесі ұсынылды;

– студенттерге құжат үлгілерін үйретуге қажет және білім, білік, дағдысын жетілдіретін кешенді жаттығулар, өздік жұмыстар, тестілік тапсырмалар беріліп, оларды игерудің жолдары көрсетілді;

– ақпараттық құралдар арқылы іс қағаздарды қашықтан оқытуда сөйлесім әрекетінің (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, тілдесім) іске асу тиімділігі анықталды;

Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Студенттерді қашықтан оқыту

арқылы анықталған мемлекеттік тілде іс қағаздарды игертудің теориялық түйіндері мен ұстанымдары және жаңа ақпараттық құралдар арқылы жинақталған нәтижелері ЖОО қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында жасалған тұжырымдар іс қағаздарды қашықтан оқытуда құжаттарды үйретудің қағидалары мен заңдылықтарын іске асырады.

Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеу қорытындыларын жоғары оқу орындарында оқулықтар мен оқу құралдарын құрастыру кезінде пайдалануға болады. Жұмыста ұсынылған әдістемелік жүйе іс қағаздарын меңгертудің сапасын жетілдіруге, жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлайтын арнаулы курстардың мазмұнын толықтыруға мүмкіндік береді. Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілерге көмекші құрал ретінде қызмет ете алады. Іс қағаздары бойынша берілген тапсырмаларды оқу-әдістемелік кешен даярлауда, сабақ жоспарын жасауда қолдану мүмкіндігі оның практикалық маңызын аңғартады. Электронды оқулықты қашықтан оқыту орталықтарының оқытушылары қолдануларына болады.

Алынған ғылыми нәтижелердің сенімділігі мен нақтылығы зерттеу негізі етіп алынған теориялық қағидалардың әдіснамалық тұрғыдан сараланып талдануымен дәйектеледі. Зерттеу жұмысының мақсатына, алға қойылған міндеттеріне сәйкес қолданылған зерттеу әдістерінің ұтымдылығы мен қол жеткізген нәтижелер іс қағаздарын қашықтан оқытудың әдістемелік жолдары арқылы республиканың жоғары оқу орындарында қазақ тілін сапалы меңгертуге әсер етіп отырғаны зерттеудің сенімділігіне кепілдік береді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

– іс қағаздарды қашықтан оқыту арқылы студенттердің теориялық білімін, біліктері мен дағдысын жетілдіру арнайы іріктелген білім мазмұны мен жаттығулар, тапсырмалар кешені және осы мақсатта ұсынылған оқу әдістемелік жүйе негізінде жүзеге асырылады;

– қашықтан оқыту формалары материалдық-техникалық базаны кеңейтуге, кәсіби білім беру мазмұнын электронды жүйеге көшіруге негіз болады. Нәтижесінде мамандарды қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде дайындау мүмкіндігі артады;

– қашықтан оқытудың түрлі нұсқаларын (варианттарын) (топтастыру, тығыз байланыс, кейс, кәсіби даярлық немесе қайта даярлау) ұсыну студенттердің ақпараттық құралдармен жұмыс істеу сауаттылығын арттырады;

– қашықтан оқытуда қолданылған кейс, корреспенденттік, желілік, іскерлік ойындар модельдері студенттің тілдік-қатысымдық біліктері мен дағдысын жетілдіреді, білімдік, пәнаралық, интеллектуалдық, тестілік, тапсырмалар студенттердің өзін-өзі басқаруын, ұжымдық өзара белсенділік әрекеттерін арттыруға, іс жүргізуге қатысты құжаттарды толық игеруге, сауатты толтыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы. Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен нәтижелері халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды. Диссертациялық жұмыстың мазмұны бойынша республикалық басылымдарда 8 ғылыми мақала жарияланды. Барлығы ғылыми жұмыс бойынша материал баспадан шықты. Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасында және біріктірілген әдістемелік семинарда талқыланды.

Зерттеу еңбегінің құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

  1   2   3   4

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Автореферат 2009 жылы «30» iconАвтореферат 2010 жылы «17»
Болашақ технология пәні мұҒалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары
Автореферат 2009 жылы «30» iconІс №3-245-09 Көшірме
Д. М., Байзақ аудандық ііб-нен Н. 00. 00. 1985 жылы, Жамбыл облысында туылған, жеке куәлігі №00000000, 10. 04. 2009 жылы ҚР ӘМ берілген,...
Автореферат 2009 жылы «30» iconАвтореферат разослан «22» марта 2009 г
Работа выполнена в Тюменском государственном нефтегазовом университете (Тюмгнгу), Государственном учреждении «Недра Ямала»
Автореферат 2009 жылы «30» iconДосмагулова Торгын Калдыбековна: педагог психолог. Туған күні мен жылы
Білімі: Алматы қаласындағы Абай атындағы Қаз ҰПУ, педагогика және психология факултетін 2007 жылы бітірген
Автореферат 2009 жылы «30» iconКүні № Астана қаласының демографиялық сипаты
Ерлер үлесі 2,3 пайыздық тармаққа (1998 жылы 46,7%-дан 2008 жылы 49,0%-ға дейін) өсіп, 2008 жылдың басына 295354 адамды құрады
Автореферат 2009 жылы «30» iconВин Зо Исследования процесса раскатки труб в производстве деталей летательных аппаратов
Автореферат и текст объявления были размещены на сайте «мати»−Российского государственного технологического университета им. К. Э....
Автореферат 2009 жылы «30» iconДиссертация 2009 жылы
Айкөзов С. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар (1991 – 2008 жж.)
Автореферат 2009 жылы «30» icon«математикалық және компьютерлік пішімдеу»
Шегір Ерден Қайыртайұлы 1994 жылдың 27 ақпанында Алматы қаласында туылған. 2001 жылы «Дарын» қазақ ұлттық гимназиясының бірінші сыныбына...
Автореферат 2009 жылы «30» icon2009 жылы облыс бойынша отын–энергетикалық ресурстар (оэр) 14,6 млн тонна шартты отынды немесе 2008 жылдың деңгейіне 96,5%-ды құрады
Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
Автореферат 2009 жылы «30» iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Жедел-ақпарат
Жедел деректер бойынша 2010 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің (қызметтерінің) нақты көлем индексі (нки) 88,3% құрады. Төмендеу...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница