Қыз Жібек ( 1894 жылы Қазан қаласында жарияланған нұсқа) Толық нұсқасы




Скачать 240.1 Kb.
НазваниеҚыз Жібек ( 1894 жылы Қазан қаласында жарияланған нұсқа) Толық нұсқасы
страница1/3
Дата конвертации14.05.2013
Размер240.1 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
http://ushkin.kazjur.kz/?p=48

Қыз Жібек” жыры


Қыз Жібек ( 1894 жылы Қазан қаласында жарияланған нұсқа) Толық нұсқасы


Әлқисса, төменгі Мекке жолында жеті тылсым дариялар бар еді, осы дариялардың һәммасы Черный море дегенге құяды екен. Осы теңіз жағасында Жүз жағалбайлы деген ел бер екен. Сол елде Базарбай деген бір бай бар екен. Базарбайдың байлығын ешкім есеп етіп болмас екен, үш қатыннан тоғыз ұлы бар екен. Сол елге бір қалың дерт – оба келіп, сонда Базарбайдың тоғыз ұлының бәрі өліпті, содан кейін және алты қатын алыпты, еш перзенті болмады. Базарбай сексенге келгенде, оның кіші қатыны қырық төртке келгенде бір ұл тауыпты, басқа қатындарда еш бала жоқ, оның атын Төлеген қойды, осы Төлеген періште сипатты, хор құлықты боп туды, оның артынан тоғызыншы жылда бір ұл туды, оның атын Сансызбай қойды. Екеуіне де Базарбай қалың бермеді,тірі болса өздері бір қыз алар, патшаның қызын алса да мал жетеді деп. Сол уақытта Төлеген 12 жасқа келді, ешкімнің қызын жақтырмады, 16 жасқа келді, сонда бұл елге бір сәудегер кеп сұрады: бұл Базарбай екі ұлына неге қалыңдық бермеген деп, соның жайын әркімнен сұрап біліп, бір күні Төлегенге айтады.

- Қыз жақтырмай жүрген болсаң, мен саған қызы жағатын елді айтайын. Алты арыс Шекті деген ел бар. Ақжайық деген өзеннің бойында болады. Сіз соған барыңыз. Шектіден бір қыз тауып қайтасыз,- деді. Төлеген айтты:

- Қанша күнде барамын?- деп. Сәудегер айтты:

- Жүз күнде барасың деді және жетпіс бес күндік бір жолы бар, оның қырық күншілік шөлі бар онымен жүре алмайсың,-деді.

Онда Төлеген тұлпардан туған бір көк жорға атты алдырып, алтын-күміс тұрман жасатып, гауһардан тастар орнаттырып қасына сексен жігіт жолдас алып, қырық нарға азық арттырып, тоғыз түйеге ділдә, жамбы артып Наурыз айы туғанда жүрді дейді.

Базарбайдың Төлеген,

Ерте туған көбеген.

Сексен жігіт қосшы алып,

Он бес жігіт басшы алып,

Ақжайыққа жөнеген.

Айдың өткен шешесі,

Ай қараңғы кешесі,

Падишадан кем емес,

Ер Төлеген мүшесі.

Әулиеге ат айтып,

Қорасанға қой айтып,

Артынан қуып келіпті,

Өлгенде көрген шешесі.

Шешесі келіп сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

«Мінгене аттың аласын,

Менен туған баласың.

Қал дегенде қаласың,

Айтқан тілді аласың!

Қал дегенде қалмасаң,

Айтқан тілдді алмасаң,

Құрттың анаң шарасын!

Өлгенде көрген қарағым,

Ата-анаңды зарлатып,

Қай жаққа кетіп барасың?

Анаң келді зарланып,

Әкең отыр сандалып.

Көре алмаған көп дұшпан

Сыртыңнан келер қамданып,

Сен кеткен соң, қарағым,

Кім ойлайды кемпір-шалыңды?

Сансызбай болса жас еді,

Жүреміз кімге алданып?»

Төлеген сонда сөйлейді:

«Қой, шеше-еке-ау, жылама,

Жылағаның бола ма?

Бекер босқа шеше-еке-ау,

Көзіңнің жасын бұлама!

Жиырмаға келгенше,

Маған қалың бермеген,

Тең құрбымдай көрмеген,

Құм құйылсын көзіңе,

Осы екен саған сыбаға!»

Шешесі сонда сөйлейді,

Сөйлегене не дейді;

« Кейін, балам, қайт-сана,

Анаңа сырың айт-сана.

Патша қызын алсаң да,

Өз еліңде жат- сана.

Біреудің тілі тимей ме?

Қартайған атаң Базарбай,

Сенің үшін күймей ме?

Ел ішінде тентек көп,

Дүние кезіп жүргенде,

Тентіреген демей ме?!

Ата-анасын зарлатып,

Бір қыз үшін кетті деп,

Дос-дұшпаның күлмей ме?»

Төлеген сонда сөйлейді:

«Айналайын шеше-еке-ау,

Құмар иттей қаңғырып,

Бұралқы болар қораға,

Бір жорытпай шеше-еке-ау.

Сірә, көңілім тынар ма?

Талап қылға ісінен –

Ат басын ерлер бұра ма?

Жаман, жақсы болса да,

Алланың болар әмірі,

Өз айтқаның болар ма?

Тілімді алмай кетті деп,

Қапа болып жылама.

Мен Жайықтан қайтқанша,

Жүзіңді есен көргенше,

Ата-анамды, мал-жанды,

Тапсырым алла, құдаға».

Анасы сонда сөйлейді,

Сөйлегене бүй дейді:

«Өлкенің көркі тал болар,

Өзеннің көркі жар болар,

Жігіттің көркі мал болар,

Малың болса, қарағым,

Қара басың хан болар.

Алуа асап, іштің бал,

Жая шайнап, жедің жал,

Кетер болсаң, қарағым,

Жылқыдан таңдап қырық жорға,

Өзіңменен айдап ал.

Сансызбай болса, жас еді,

Сен кеткен соң қарағым,

Сүйеніп кімге күн елтер –

Артыңда қалған кемпір, шал?»

Төлеген сондай сөйлейді:

«Мінгене атым ала-ды,

Сенен туған баламын.

Көңіліме түсіп бір хиял,

Сапар шегіп барамын.

Алла нәсіп айдаса –

Бір сұлу қызды аламын.

Алла нәсіп етпесе,

Ендігі сөздің қысқасы,

Мекке таман барамын».

Әлқисса, сонда анасы бұл балам қайтпайын деп талап қылған екен, енді бұған ризалық батамды беріп жіберейін деп ойлайды:

Анасы ғаріп жылайды,

Жылайды да толғайды,

Қой десе де баласы

Оған да сірә болмайды.

Шешесі сонда сөйлейді:

«Аһа дедім құдая –

Дарғаһыңа бас ұрдым!

Сөзді сөзге ап келіп,

Күйгенімнен жапсырдым.

Кетер болсаң мен сені,

Аллаға әуел қарағым,

Екінші пірге тапсырдым!

Көл иесі Қамбар-ау,

Жол иесі Қамбар-ау,

Қарағыма көз сал-ау,

Рахым қылсаң құдай-ау,

Сенен өзге кім бар-ау!

Ғашықтардың пірі едің,

Ләйлі Мәжнүн саруар-ау!

Ғашықтардың саруары –

Зұлиха Юсуф пайғамбар,

Әйелдің пірі Бибі Фатима,

Баламды сізге тапсырым!

Аасса жолға салып жүр,

Сүрінсе қолдан алып жүр,

Хазіреті ер Сұлтан –

Рақым қылып тұрыңыз.

Баба түкті шашты әзиз.

Баламды сізге тапсырдым».

Әлқисса, бұл сөзді айтып шешесі қайтып кетті.

Енді Төлеген жігіттерге айтты:

- Маған шешем жылқыдан жорға ал деп айтты. Мен я кірекеш, я жортуылшы емеспін, маған байлық, ырзалықты елге көрсетіп жүру керек, – деді. Жылқыдан жорға аламын деп қайтып келіп, екі жүз елу жорға таңдап алып айдап, бірнеше күн жол жүріп, Шекті деген елге келді. Сонда елге хабар салды, әркімнің жақсы қызы бар болса, маған алып көрсетсе, қызын қаласам да, қаламасам да бір жорғадан беремін деп жар шақырды. Әркімдер өздерінде бар қыздарын әкеп көрсетті, ешбірі жақпады, бірнеше күнде екі жүз он қызды көрді, екі жүз он жорға берді. Сонда қасындағы сексен жолдастары өздері ақылдасып, мынау Төлеген бекер малын шашты, оны біздер не қылайық, бірақ жорға ада болған соң біздің атымызға көз салар. Енді өзіміз келісіп, мынау қалай деп соны көрсетейік. Болмаса, Төлегеніңді білмейміз десек, бізде не хақы бар деп уағада қылып қояды.

Осы Шекті деген ел алты тайпа боладды екен, һәммасының ханы Сырлыбай деген болады екен, ол Сырлыбайдың алты ұлы бар екен, ең кенжесі жалғыз қызы Жібек сұлу деген екен және Сырлыбайдың Қаршыға хабаршы деген ақын уәзірі бар екен. Қаршығаның ақылы зерек, өзі адал екен, ханның тоғыз мың жылқысы бар екен, (Қаршығаны) сол жылқының басына қойып, отарға жіберген екен. Отарда жатып Қаршыға Төлегеннің хабарын есітіп, мен Төлегенді көрейін деп ойлаы. Егерде Төлеген маған ұнаса, оны Жібек жақтырар, Төлеген маған ұнамаса,өзі не қылса да мейлі деп жылқыддан бір бееу атты алдырып мініп, Төлегенге жүреді.

Отарда жатқан Қаршыға,

Бір бедеуге мінеді,

Алладан пәрмен тіледі,

Ойпаң жердден орғытып,

Тегіс жерден сырғытып,

Аяңдамай желеді.

Сексен жігіт елшіге

Сәлем беріп келеді,

Келіп сөйлей береді:

«Асуда-асу бел деді,

Аса бір соққан жел деді.

Сексен жігіт ішінде,

Базарбайдың баласы

Төлеген мырза кім деді?»

Басыр-басыр басырды,

Аққа құлпы жасылды

Сексен жігіт арасында

Төлегені жасырды.

«Мінген атың дөненді,

Көкке тойған көбеңді

Біз білмейміз Қаршыға-ау,

Төлеген мырза дегенді».

Онда Қаршыға жол болсын сұрайды:

- Ассалаумағалейкүм, көп жігіттер,

Сайланған бәрің бірдей бек жігіттер,

Сайланып шыға қапсыз тобыңызбен,

Сөйлей тұр, сөзің болса, ей жігіттер.

- Келеміз елімізден біз жолаушы,

Бет алып шыққан жерім Көкбояушы.

Үйірін қысырақтың жауға алдырып,

Келеміз сұрақ салып біз сұрақшы.

-Әр жере асып туған тегім деп ем,

Төлеген жұрттан асқан бегім деп ем

Сұрасам жолаушыдан сіздер деді,

Жасырдың Төлегенді менен деді.

Осынша ол Төлеген жасырынып,

Өзі ол кімнің ұрлап хақын жеді?

Әлқисса, сонда Төлеген шатырдда жатыр екен. Қаршығаның бұл сөзін есітіп, мені бұлар неге жасырып тұр деп, шатырдың есігіндегі жігіттерге былай тұр деп айтпады, іргеден Қаршығаны көріп далаға шығады, өзін танытып былай дейді:

Ассалаумағалейкүм, Қаршыға-еке,

Мен едім Базарбайдың Төлегені,

Қозының ерте туған көбегені,

Қаршы-екем араз ба еді бұрын маған,

Қасыма танып тұрып келмегені.

Мен едім Базарбайдың үлкен ұлы,

Алланың шыныменен сүйген құлы,

Қаршы-екм сәлем берсем қарамайды,

Бар еді Төлегеннің неден міні?»

Осы келген Қаршыға,

Топтан асқан ер еді.

Төлегенге келедді –

Келіп сөйлей береді:

«Ауыл алды бел дейді

Белден көшкен ел деді.

Сексен жігіт ішінде

Базарбайдың баласы,

Төлеген мырза сен деді.

Нәсіліңе қарасам,

Қас паддишамен тең деді.

Мен жайымды айтайын,

Алты Шекті елінде,

Сырлыбай датқа уәзірі –

Қаршыға жыршы мен деді.

Төлеген болсаң сен деді

Кел соңымнан ер деді.

Жұртқа берген олжаңнан

Білдірмей маған бер деді.

Мен бір сұлу табайын

Падишамыздың жалғызы,

Аты Жібек сұрасаң,

Кереметім көр деді».

Базарбайдың Төлеген,

Қаршығадай ақынның

Бұл сөзін мақұл көреді.

Алдырып атын мінеді.

Сексен жігіт елшіден

Бес жігітті бөледі.

Өзгесін елге қайтарып,

Қаршығамен ілесіп,

Ақжайыққа жөнеді.

…Дәл сегіз күн жол жүріп,

Аз ғана емес, мол жүріп,

Сонда жеткен секілді,

Ақжайықтың шетіне.

Құланнан атты қодықты,

Көлден тартты борықты,

Арада неше қоныпты.

Сәске мезгіл болғанда,

Қыз іздеген Төлеген,

Көшкен бір елге жолықты.

Әлқисса, ені Қаршыға айтты: – Біздің ел жайлауға қарай бұзыла көшкен екен, мен енді Жібекті Төлегенге көш жөнекей көрсетейін, – деп, қасынағы бес жолдасын сол жерге тастап, жай келерсіздер деп, екеуі қалың көшті аралап жүрді.

Базарбайдың Төлеген

Талай көштен өтеді.

Көш алдына қараса,

Бір қыз кетіп барады;

Шытырма көйлек етінде,

Нұр сәулесі бетінде,

Бұралып кетіп барады,

Перінің қызы секілді.

Осы екен деп Қыз Жібек,

Жетіп келді қасына –

Базарбайдың Төлеген.

Артынан келіп Қаршыға,

Жібек емес деген соң,

Онан өтіп жөнеген.

Енді онан өтеді,

Және бір көшке жетеді.

Көш алдына қараса,

Бір қыз кетіп барады;

Таң мезгілі болғанда,

Шолпанның туған жұлдызы,

Кигені алтын, құндызы,

Бейіштен шығып келмесе,

Бұл жалғанда хор қызы.

Осы екен деп Қыз Жібек,

Жетіп келді қасына –

Базарбайдың Төлеген.

Артынан келіп Қаршыға,

Жібек емес деген соң,

Онан өтіп жөнеген.

Қаршығамен ілесіп,

Төлеген көңілі түзелді.

Асығып жүрді тез енді.

Бір көрмекке Жібекті

Төлеген мырза кезенді.

Қаршыға менен Төлеген

Жағалай салды өзенді.

Сол уақытта алдынан

Бір көш шықты түбектен.

Көш алдына қараса,

Бір қыз кетіп барады,

Отыз түйе жетелеп,

Сары мая үлектен.

Мұрындағы сары жез,

Бұйдасын ескен жібектен.

Толған айдай толықсып,

Ақ сазандай бұлықсып,

Бұралып кетіп барады,

Неше алуан қылықсып.

Мұны көріп Төлеген,

Атының басын бұрады,

Әңгіме дүкен құрады.

Осы ма деп Қыз Жібек

Қаршығаан сұрады.

Қаршыға жетіп келеді,

Әзіл айтып күледі,

Бұл емес, Жібек деген соң.

Онан дда өтіп жөнелді.

Онан өтіп Төлеген

Атқа қамшы басады,

Тұлпардан туған көк жорға ат,

Аузынан көбік шашады.

Жер тарпынып жануар

Ауыздықты басады.

Алдындағы белестен –

Орғытып келіп асады.

Белестен түсіп желеді,

Ойға түсіп келеді,

Тағы айқасты бір көшке,

Көш алдына қараса

Бір қыз кетіп барады,

Төлеген мырза көреді.

Жанасалай сұлудың

Қасына жетіп келеді.

Көш алдындағы сұлуддың

Он қыз нөкер қасында.

Өзі он бес жасында.

Ақ маңдайы жалтылдап,

Танадай көзі жарқылдап,

Алтын шашбау шашында.

Қырық нарға жүк арттырған.

Қамқа зерлі кілемді,

Жүк үстіне жаптырған

Казинелі қырық нарға

Жібектен арқан тарттырған.

Дүрия бешпент белсеніп,

Бұл дүниені кең салып,

Алтынды қамшы қолға алып,

Абжыландай толғанып,

Бұралып кетіп барады.

Осы екен деп Қыз Жібек,

Жетіп келді қасына –

Базарбайдың Төлеген.

Артынан келіп Қаршыға,

Жібек емес деген соң,

Онан да өтіп жөнеген.

Тау басында қарағай,

Төлегеннің мінезі –

Болып кетті баладай.

Осындай болып әр жерден,

Он бір қыз өтті сәндікпен,

Бәрі де қалды жарамай.

Тағы айқасты бір көшке,

Көш алдына қараса,

Бір қыз кетіп барады,

Орта бойлы дембілше,

Алтынды камзол жегдеше,

Шын сипатын қараса,

Бұрынғы қызан өңгеше.

Алтын шышы кеседей –

Екі көздің шарасы.

Бейіште жанған шамшырақ,

Көзінің гауһар қарасы.

Туған айдай иілген,

Екі қастың арасы.

Сымға тартқан күмістей,

Он саусақтың саласы.

Сондай-ақ болып туар да,

Адамзаттың баласы!

Осы екен деп Қыз Жібек,

Жетіп келді қасына –

Базарбайдың Төлеген.

Артынан келіп Қаршыға,

Жібек емес деген соң,

Онан да өтіп жөнеген.

Ені онан өтеді –
  1   2   3

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Қыз Жібек ( 1894 жылы Қазан қаласында жарияланған нұсқа) Толық нұсқасы icon«математикалық және компьютерлік пішімдеу»
Шегір Ерден Қайыртайұлы 1994 жылдың 27 ақпанында Алматы қаласында туылған. 2001 жылы «Дарын» қазақ ұлттық гимназиясының бірінші сыныбына...
Қыз Жібек ( 1894 жылы Қазан қаласында жарияланған нұсқа) Толық нұсқасы iconБалқаш қалалық сотына
...
Қыз Жібек ( 1894 жылы Қазан қаласында жарияланған нұсқа) Толық нұсқасы iconБалқаш қалалық сотына
Т. А. Ж. (толық), тұрғылықты жері, тұрғылықты жер бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, туған күні, айы, жылы, телефон нөмірі, стн,...
Қыз Жібек ( 1894 жылы Қазан қаласында жарияланған нұсқа) Толық нұсқасы icon1991-2002 жылдар аралығында «Васильков тау-кен ба-йыту комбинаты» ашық акционерлік қоғамында бас кенші, ашық тау-кен жұмыстары руднигінің бас инженері, осы
Байбол Өтепбаев 1957 жы-лы 3 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында көп балалы кеншілер отбасында дүниеге келген....
Қыз Жібек ( 1894 жылы Қазан қаласында жарияланған нұсқа) Толық нұсқасы iconА тырау облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары Жамбыл Амангелдіұлы Сұрағанов
Жамбыл Аманглдіұлы Сұрағанов 1977 жылы 16 мамырда Жамбыл қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар
Қыз Жібек ( 1894 жылы Қазан қаласында жарияланған нұсқа) Толық нұсқасы iconСиллабус «Гистология 2» пәні бойынша бекітілген жұмыс бағдарламасының негізінде 051301 «Жалпы медицина» мамандығы үшін құрастырылған
«Гестоз жағдайындағы даму кезеңіндегі адам ұрықтарының бауыр гистогенезі», 2004 жылы Алматы қаласында мемлекеттік тілде қорғалды....
Қыз Жібек ( 1894 жылы Қазан қаласында жарияланған нұсқа) Толық нұсқасы iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Мақсаты: Қазан төңкерісінің жеңісі өлкедегі өкімет билігінің кеңестер қолына өтуі үшін шешуші маңызын көрсету. Қазан төнкерісінің...
Қыз Жібек ( 1894 жылы Қазан қаласында жарияланған нұсқа) Толық нұсқасы iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Мақсаты: Қазан төңкерісінің жеңісі өлкедегі өкімет билігінің кеңестер қолына өтуі үшін шешуші маңызын көрсету. Қазан төнкерісінің...
Қыз Жібек ( 1894 жылы Қазан қаласында жарияланған нұсқа) Толық нұсқасы iconСұраунаманың әр бабын зейін салып қарап әр сұрағына толық жауап беруіңіз сұралады
Сұраунаманың барлық сұрақтарына толық жауап берілген жағдайда ғана ол әрі қарай қаралуға қабылданады
Қыз Жібек ( 1894 жылы Қазан қаласында жарияланған нұсқа) Толық нұсқасы iconДосмагулова Торгын Калдыбековна: педагог психолог. Туған күні мен жылы
Білімі: Алматы қаласындағы Абай атындағы Қаз ҰПУ, педагогика және психология факултетін 2007 жылы бітірген
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница