Кодексінің 155-бабының 10-тармағына




Скачать 221.5 Kb.
НазваниеКодексінің 155-бабының 10-тармағына
Дата конвертации15.05.2013
Размер221.5 Kb.
ТипКодекс
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 20.12.2011 15:02:55


Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1240 Қаулысы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 155-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 31 қазандағы

1240 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 155-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Қағидалар жеке медициналық кітапшаларды берудің, есепке алудың және жүргізудің бірыңғай тәртібін айқындайды.

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) жеке медициналық кітапша - жұмысқа жіберу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық тексеріп-қараулардың нәтижелері енгізілетін, халықтың декреттелген тобының өкіліне берілетін жеке құжат;

2) халықтың декреттелген тобы - айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі барынша жоғары қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар.

4. Жеке медициналық кітапшаны алуды халықтың декреттелген тобының өкілі оларды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өткізетін жеке және заңды тұлғалардан жүзеге асырады.

 

 

2. Жеке медициналық кітапшаны беру, есепке алу және жүргізу тәртібі

 

5. Қызметтің осы түріне лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісінің жауапты маманы (бұдан әрі - маман) жеке медициналық кітапшаны халықтың декреттелген тобының өкіліне медициналық тексеріп-қарау және зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша береді.

6. Жеке медициналық кітапшаны есепке алу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық тексеріп-қарауды жүзеге асырған денсаулық сақтау субъектісінің жеке медициналық кітапшаны есепке алу журналында жүргізіледі.

7. Декреттелген топ адамдарының жеке медициналық кітапшалары жұмыс орнында сақталады.

8. Жеке медициналық кітапшаны маман мемлекеттік немесе орыс тілдерінде түзетусіз толтырады.

9. Жеке медициналық кітапшадағы иесінің фотосуреті медициналық тексеріп-қарауды жүзеге асырған денсаулық сақтау субъектісінің мөрімен бекітіледі.

10. Жеке медициналық кітапшаның «Паспорт деректері» деген 1-бөліміне жеке медициналық кітапша иесінің жеке куәлігі немесе паспорты бойынша деректері, оның жеке қолы, жеке медициналық кітапшаның сериясы мен нөмірі енгізіледі.

11. Жеке медициналық кітапшаның «Жеке медициналық кітапша иесі туралы мәліметтер» деген 2-бөліміне жеке медициналық кітапша иесінің кәсібі және лауазымы, жұмыс орны, туған күні, айы, жылы, тұрғылықты мекенжайы туралы мәліметтер енгізіледі.

12. Жеке медициналық кітапшаның «Бұрын ауырған инфекциялық аурулары» деген 3-бөліміне маман бұрын ауырған инфекциялық ауруларын енгізеді.

13. «Медициналық тексеріп-қарау нәтижесі, терапевт» деген 4-бөлімге жеке медициналық кітапшаның иесін медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша дәрігердің қорытындысы енгізіліп, дәрігердің қолымен және тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.) көрсетілген мөрімен бекітіледі.

14. «Туберкулезге тексеру нәтижесі» деген 5-бөлімге жеке медициналық кітапша иесін рентгенологиялық зерттеу нәтижесі енгізіліп, рентген суреті және медициналық тексеріп-қарауды жүргізген медициналық ұйым дәрігерінің немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіліп, оның қолымен және мөрімен бекітілетін қорытындысы қоса салынады.

15. «Жыныстық ауруларға тексеріп-қарау және зертханалық зерттеудің нәтижесі» деген 6-бөлім мен «Гинекологиялық тексеріп-қарау нәтижесі» деген 7-бөлімге жеке медициналық кітапша иесін зертханалық зерттеу нәтижелері және медициналық тексеріп-қарауды жүргізген мемлекеттік (жеке) медициналық ұйымның тиісті дәрігерінің немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіліп, оның қолымен және мөрімен бекітілетін қорытындысы енгізіледі.

16. «Патогенді стафилококты тасымалдауды зерттеу нәтижесі» деген 8-бөлімге, «Гельминт жұмыртқаларына зерттеу нәтижесі» деген 9-бөлімге және «Бактериологиялық зерттеу нәтижесі» деген 10-бөлімге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымның немесе мемлекеттік (жеке) медициналық ұйым маманының, жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіле отырып және зертханалық зерттеу жүргізген ұйымның мөрі қойылып, жеке медициналық кітапша иесінің зертханалық зерттеулер нәтижелері енгізіледі.

17. «Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерін және гигиеналық нормативтерді білуін аттестаттау туралы белгі» деген 11-бөлімге оқыту және аттестаттау туралы тиісті белгі енгізіліп, Т.А.Ә. көрсетіле отырып басшының қолымен және оқыту мен аттестаттауды өткізген ұйымның мөрімен бекітіледі.

18. «Жұмыс істеуге рұқсат беру» деген 12-бөлімде күні көрсетілген жұмысқа рұқсат беру мерзімі, маманның Т.А.Ә. мен қолы және денсаулық сақтау субъектісінің мөрі көрсетіледі.

19. Дұрыс емес немесе нақты емес мәліметтердің жазылғаны анықталған жағдайда түзетулерді тиісті жазбаны енгізген маман жүргізеді.

Жеке медициналық кітапшадағы түзетілген мәліметтер маманның қолымен және денсаулық сақтау субъектісінің мөрімен куәландырылады.

 

Жеке медициналық

кітапшаларды беру, есепке алу

және жүргізу қағидаларына

1-қосымша

 

 

Халықтың декреттелген тобына арналған жеке медициналық кітапша

 

1. Паспорт деректері

Паспортные данные

 

Фотосурет

орны

Место

фотографии

 

М.О.

М.П.

 

1) Тегі ________________________________________________________________________________________________________________

Фамилия

2) Аты ________________________________________________________________________________________________________________

Имя

3) Әкесінің аты _________________________________________________________________________________________________________

Отчество

4) ____________________ № __________________

сериясы/серия                           нөмірі/номер

5) Кітапша иесінің жеке қолы _____________________________________________________________________________________________

Личная подпись владельца

6) Жеке медициналық кітапшаның сериясы № _______________________________

Серия личной медицинской книжки

жеке медициналық кітапша

личная медицинская книжка

 

2. Жеке медициналық кітапшаның иесі туралы мәліметтер

Сведения о владельце личной медицинской книжки

1) Негізгі кәсібі _________________________________________________________________________________________________________

Основная профессия

2) Лауазымы ___________________________________________________________________________________________________________

Должность

3) Жұмыс орны _________________________________________________________________________________________________________

Место работы

4) Туған жылы, айы, күні _________________________________________________________________________________________________

Дата рождения

5) Тұратын жері _______________________________________________________________________________________________________

Место жительства

_______________________________________________________________________________________________________________________

жеке медициналық кітапша

личная медицинская книжка

 

3. Бұрын ауырған инфекциялық аурулары туралы деректер

Данные о перенесенных инфекционных заболеваниях

Бұрын ауырған инфекциялық аурулар _____________________________________________________________________________________

Ранее перенесенные инфекционные заболевания

_______________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

жеке медициналық кітапша

личная медицинская книжка

 

4. Медициналық тексеріп-қарау нәтижесі, терапевт

Результат медицинского осмотра, терапевт

 

Күні

Дата

Дәрігердің қорытындысы

Заключение врача

Дәрігердің Т.А.Ә., қолы және медициналық тексеріп-қарауды жүргізген ұйымның мөрі

Ф.И.О., подпись и печать организации, проводившего медицинский осмотр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жеке медициналық кітапша

личная медицинская книжка

 

5. Туберкулезге тексеру нәтижесі

Результат обследования на туберкулез

 

Күні

Дата

Зертханалық зерттеулер және медициналық тексеріп-қарау нәтижесі бойынша дәрігердің қорытындысы Заключение врача по результатам лабораторных исследований и медицинского осмотра

Медициналық тексеріп-қарауды жүргізген дәрігердің Т.А.Ә., қолы және мөрі Ф.И.О., подпись и печать врача, проводившего медицинский осмотр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жеке медициналық кітапша

личная медицинская книжка

 

6. Жыныстық ауруларға медициналық тексеріп-қарау және зертханалық зерттеудің нәтижесі

Результат медицинского осмотра и лабораторного исследования на венерические заболевания

 

Күні Дата

Зертханалық зерттеулер және медициналық тексеріп-қарау нәтижесі бойынша дәрігердің қорытындысы

Заключение врача по результатам лабораторных исследований и медицинского осмотра

Медициналық тексеріп-қарауды жүргізген дәрігердің Т.А.Ә., қолы және мөрі

Ф.И.О., подпись и печать врача, проводившего медицинский осмотр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жеке медициналық кітапша

личная медицинская книжка

 

7. Гинекологиялық тексеріп-қарау нәтижесі

Результат гинекологического осмотра

 

Күні

Дата

Зертханалық зерттеулер және медициналық тексеріп-қарау нәтижесі бойынша дәрігердің қорытындысы

Заключение врача по результатам лабораторных исследований и медицинского осмотра

Медициналық тексеріп-қарауды жүргізген дәрігердің Т.А.Ә, қолы және мөрі

Ф.И.О., подпись и печать врача, проводившего медицинский осмотр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жеке медициналық кітапша

личная медицинская книжка

 

8. Патогенді стафилококты тасымалдауға зерттеу нәтижесі

Результат исследования на носительство патогенного стафилококка

 

Күні

Дата

Дәрігердің қорытындысы

Заключение врача

Тексеруді жүргізген дәрігердің Т.А.Ә., қолы және ұйымның мөрі

Ф.И.О., подпись врача, проводившего обследование и печать организации

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жеке медициналық кітапшасы

личная медицинская книжка

 

9. Гельминт жұмыртқаларына зерттеу нәтижесі

Результат исследования на яйца гельминтов

 

Күні

Дата

Дәрігердің қорытындысы

Заключение врача

Тексеруді жүргізген дәрігердің Т.А.Ә., қолы және ұйымның мөрі

Ф.И.О., подпись врача, проводившего обследование и печать организации

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жеке медициналық кітапша

личная медицинская книжка

 

10. Бактериологиялық зерттеу нәтижесі

Результат бактериологического исследования

 

Күні

Дата

Дәрігердің қорытындысы

Заключение врача

Тексеруді жүргізген дәрігердің Т.А.Ә., қолы және ұйымның мөрі

Ф.И.О., подпись врача, проводившего обследование и печать организации

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жеке медициналық кітапша

личная медицинская книжка

 

11. Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді білуін аттестаттау туралы белгі

Отметка об аттестации на знание нормативных правовых актов Республики Казахстан в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения и гигиенических нормативов

 

Күні

Дата

Аттестаттау туралы белгі

Отметка об аттестации

Оқыту мен аттестаттауды өткізген ұйым басшысының Т.А.Ә., қолы, мөр

Ф.И.О., подпись

руководителя организации проводившего обучение и аттестацию, печать

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жеке медициналық кітапша

личная медицинская книжка

 

12. Жұмыс істеуге рұқсат беру

Допуск к работе

 

Күні

Дата

Жұмыс істеуге рұқсат _____ «___» ______ жылы күні айы

Допуск к работе «___» ______ ____ дата месяц год

Денсаулық сақтау субъектілерінің жауапты маманының Т.А.Ә., қолы, мөр

Ф.И.О., подпись ответственного специалиста субъектов здравоохранения, печать

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жеке медициналық кітапша

личная медицинская книжка

 

Ескертпе:

1. Жеке медициналық кітапшаның мұқабасы мен беттері ұзақ пайдаланылатын құжаттарға (паспорт, әскери билет, еңбек кітапшасы) қойылатын талаптарға сәйкес келетін технология бойынша арнайы материалдардан дайындалады.

2. Жеке медициналық кітапшаның өлшемі 97 Х 135 мм, бұрыштары дөңгелетілген, мұқабасы қара-көк түсті.

3. Жеке медициналық кітапшаны қолдан жасаудан қорғау мақсатында онда қосымша:

1) мұқабасының ортасында мемлекеттік және орыс тілдерінде алтын түстес әріптермен өрнектелген:

Жеке медициналық кітапша

Личная медицинская книжка деген жазу;

2) мұқабасының ішкі жағында және барлық беттерде ортасында «талшықтармен» жарты айшық түріндегі көгілдір тор бейнеленген,

төменгі жақта ортасында:

жеке медициналық кітапша

личная медицинская книжка деген жазу жазылады.

4. Жеке медициналық кітапшаның бөлімдеріндегі, кестелерінің үстіндегі және бағандарындағы жазулардың барлығы мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

5. Әрбір беттің жоғары жағынан ортасына қарай жеке медициналық кітапшаның бөлімі көрсетіледі.

6. Екі және одан астам беттерге 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-бөлімдерді қайталап жазуға рұқсат етіледі.

 

Примечание:

1. Обложка и страницы личной медицинской книжки изготавливаются из специальных материалов по технологии, соответствующей требованиям, предъявляемым к документам длительного пользования (паспорт, военный билет, трудовая книжка).

2. Размер личной медицинской книжки 97 Х 135 мм, уголки округлены, цвет обложки темно-синий.

3. В целях защиты личной медицинской книжки от подделки на ней дополнительно размещаются:

1) в центре обложки тисненая надпись, выполненная золотистым цветом на государственном и русском языках:

Жеке Медициналық Кітапша

Личная Медицинская Книжка;

2) на внутренних сторонах обложки и всех страницах в центре голубая сетка в виде полуколец с «волосками», ниже по центру надпись:

жеке медициналық кітапша

личная медицинская книжка.

4. Все надписи в разделах, над таблицами и в графах личной медицинской книжки производятся на государственном и русском языках.

5. На каждой странице вверху по центру обозначается раздел личной медицинской книжки.

6. Допускается дублирование разделов 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 на две и более страницы.

 

Жеке медициналық

кітапшаларды беру, есепке алу

және жүргізу қағидаларына

2-қосымша

 

 

Жеке медициналық кітапшаларды есепке алу журналы

 

Р/с №

пп

Жеке медициналық кітапша иесінің тегі, аты, әкесінің аты

Фамилия, имя, отчество владельца личной медицинской книжки

Жұмыс орны, лауазымы

Место работы, должность

Тұратын жері

Место жительства

ЖМК нөмірі

Номер ЛМК

Рұқсат туралы белгі

Отметка о допуске

1

2

3

4

5

6

 

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Кодексінің 155-бабының 10-тармағына iconКеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰйырамын
Кодексінің 155-бабының 10-тармағына iconКөкпекті ауданының әкімдігі
Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы...
Кодексінің 155-бабының 10-тармағына iconКоммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бөлігін бөліп шығару нормативі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемдекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан...
Кодексінің 155-бабының 10-тармағына iconАтом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
Нда «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 8-бабының 11-тармағына және «Қазақстан...
Кодексінің 155-бабының 10-тармағына icon«Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттау»
Азақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Кодексінің 155-бабының 10-тармағына iconХалықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Азақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан...
Кодексінің 155-бабының 10-тармағына iconКемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 16 тармақшасына және 33-бабының 4-тармағына...
Кодексінің 155-бабының 10-тармағына iconКодексінің 34-бабының 2-тармағына
Блыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында мемлекеттік тұрғын үй қорынан...
Кодексінің 155-бабының 10-тармағына iconАкимат города усть-каменогорский усть-каменогорска городской маслихат постановление решение
Заңының 6-бабының 1-тармағының 4 тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Өскемен қалалық ономастикалық комиссиясының 2012 жылғы 30...
Кодексінің 155-бабының 10-тармағына iconАкимат города усть-каменогорский усть-каменогорска городской маслихат постановление решение
Заңының 6-бабының 1-тармағының 4 тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Өскемен қалалық ономастикалық комиссиясының 2012 жылғы 30...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница