«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты




Скачать 155.01 Kb.
Название«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты
Дата конвертации18.05.2013
Размер155.01 Kb.
ТипДокументы




«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты

(мемлекеттік қызметтің атауы)



1

Қызметтің атауы

Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру

2

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитеті

3

Қызметтің тұтынушалары

Заңды және жеке тұлғалар

4

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны *

Ішінара автоматтандырылған

5

Қызметтің көрсетілетін орын

Мемлекеттік қызметті Өнеркәсіп комитеті мына мекенжай бойынша: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кіреберіс, тел: 8 (7172) 29-90-93, 24-14-07, факс: 24-16-05 көрсетеді, сондай-ақ алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда «www.e.gov.kz электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы көрсетіледі.

6

Қызметті көрсету тәртiбi

Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы немесе оның өкілі (сенімхат бойынша) Комитетке құжаттарды береді немесе веб-порталға сауал жібереді.

Комитетте құжаттарды қабылдау почта арқылы жіберу не Комитеттің кеңсесіне тапсыру жолымен мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кіреберіс, тел: 8 (7172) 29-90-73, факс: 24-16-05.

Порталда электрондық сұрауды қабылдау мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетінен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушыға барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде:

1) қағаз түріндегі өтінішті қабылдауды растау оның көшірмесінде тіркеу күнін және нөмірін көрсете отырып, Комитеттің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады.

2) портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұрауды қабылдау туралы хабарлама есеп жіберіледі.

Комитет мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiлерi анықталған жағдайда Комитет аталған мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi түрде немесе электронды құжат нысанында бас тартады.

Бұдан әрі Комитет мемлекеттік қызметті беруден осы негіздемемен бас тартуға құқығы жоқ.

Комитетте дайын құжаттарды беруді Комитеттің қызметкері жүзеге асырады.

Сауалды өз бетінше жіберген жағдайда – жеке кабинет арқылы порталда жүзеге асырылады.

7

Қажетті құжаттар

Мемлекеттік қызметті алушы не оның өкілі (сенімхат бойынша) мемлекеттік қызметті алу үшін уәкілетті органға не порталға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) заңды немесе жеке тұлғалар үшін белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) заңды тұлға үшін – мемлекеттік қызметті алушының жарғысының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларды ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған).

3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжат;

4) жеке кәсіпкер үшін – мемлекеттік қызметті алушының жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған).

5) мемлекеттік қызметті алушыны салық органында есепке қою туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда) көшірмесі;

6) қызметтiң жекелеген түрiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы тапсырылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:

1) заңды немесе жеке тұлға үшін белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) лицензияның көшiрмесi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырған);

3) қызметтің кiшi түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.

Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру туралы өтініш;

2) бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшiрмесi.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайларда:

1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгергенде;

2) дара кәсiпкердi қайта тiркеген, оның атауы мен мекен-жайы өзгерген кезде;

3) заңды тұлғаны бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде;

4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекен-жайы өзгергенде қайта ресiмдеуге жатады.

Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының осы тармақта белгiленген тәртiппен лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар.

Мемлекеттік қызметті алушы қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжаттарды және лицензия мен лицензияға қосымшаның (болған жағдайда) көшiрмелерiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.

Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызмет түрін жүзеге асыруға лицензияны қайта ресiмдеу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) өтiнiш;

2) бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшiрмесi.

3) лицензияның мәліметтері (www.elicense.kz порталында болған жағдайда) немесе лицензия мен лицензияға қосымшаның (болған жағдайда) көшiрмелерi.

Құжаттарды қабылдау кезіңде Комитеттің қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынған мәліметтермен салыстырады, одан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.

порталға:

ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті алушының сұрауы.

Құжаттардың деректері:

жеке басының куәлігі;

жарғы электронды сканерленген түрінде электронды сұрауға бекітіледі;

заңды тұлғалар үшін - өтініш берушіні заңды тұлға ретінде тіркеу туралы куәлік;

дара кәсіпкерлер үшін - өтініш берушіні дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлік;

ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымды төлеу бойынша ақпарат;

біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар сканерленген көшірмелер түрінде электронды сұрауға бекітіледі.

Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшин мынадай құжаттар қажет:

Лицензияның мәліметтері (www.elicense.kz) порталын бар болған жағдайда лицензия болған жағдайда сканерленген көшірмесі электрондық сұрауға бекітіледі.

Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметтің түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта рәсімдеу үшін:

мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электронды құжат түріндегі сұрау;

ЭҮТШ арқылы лицензиялық алымды бюджетке төлегені туралы ақпарат;

лицензиялық мәліметті (www.elicense.kz порталында болған жағдайда) не сканерленген көшірме түріндегі лицензия электронды сұрауға бекітіледі.

Жеке басты куәландыратын құжаттардың мәліметтерін және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу туралы куәлікті Комитет мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстары болып табылатын портал арқылы ЭЦҚ-мен куәландырған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.


Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары


1. Уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1) мыналардың болуын қамтитын жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық база:

технологиялық желі;

сынақ зертханасы;

арнайы өндірістік ғимарат;

арнайы жабдықталған қойма;

жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай;

2) уларды дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық регламенттің;

3) мыналарды:

жабдықтарды, тетіктерді, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;

еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;

медициналық бақылауды;

метрологиялық бақылауды;

улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтер;

4) тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органда аттестацияланған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамы;

5) күзет қызметіне лицензияның немесе өндірістік-техникалық базаны күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;

6) арнайы қорғаныш киімі, жеке қорғаныш құралдары;

7) ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын жүргізу кезінде ықтимал апаттарды жою жоспары;

8) ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулық.

2. Уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1) мыналардың болуын қамтитын жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық база:

сынақ зертханасы;

арнайы өндірістік ғимарат;

өндірістің техникалық жобасына сәйкес уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма (үй-жай) немесе мамандандырылған сыйымдылық;

жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай;

3) мыналарды:

жабдықтарды, тетіктерді, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;

еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;

медициналық бақылауды;

метрологиялық бақылауды;

улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтер;

3) тиісті арнайы білімі мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органда аттестацияланған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамы;

4) күзет қызметіне лицензияның немесе күзетуге өндірістік-техникалық базаны иесі мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы шарттың көшірмесі;

5) арнайы қорғаныш киім, жеке қорғаныш құралдары;

6) ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын жүргізу кезінде ықтимал апаттарды жою жоспары;

7) ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулық.

3. Уларды сатып алу, сақтау, өткізу жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1) уларды сақтауға арналған жеке меншік құқығындағы арнайы жабдықталған қойма;

2) мыналарды:

еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;

медициналық бақылауды;

улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтер;

3) тиісті арнайы білімі мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органда аттестацияланған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамы;

4) күзет қызметіне арналған лицензия немесе арнайы жабдықталған қойманы күзетуге тиісті лицензиясы бар күзет ұйымымен шарт;

5) арнайы қорғаныш киім, жеке қорғаныш құралдары;

6) ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулық.

8

Қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін лицензиялық алым алынады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 471 бабына сәйкес лицензиялық алымның мөлшерлемесі:

1) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызмет түрін жүзеге асыру құқығын бергені үшін – 10 айлық есептік көрсеткішті;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензиялық алым лицензия берген кездегі мөлшерлеменің 10%-н құрайды, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;

3) лицензияның телнұсқасын бергені үшін – лицензия беру кезінде мөлшерлеменің 100 %-н құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз түрде екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекеленген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдар арқылы мынадай реквизиттер бойынша жүзеге асырылады: бюджеттік сыныптаманың коды – 105402, төлемнің мақсатының коды – 911.

Мемлекеттiк қызметті портал арқылы алуға электронды сауал берген жағдайда, төлем «электронды үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

9

Қызмет көрсеті үрдісінің сипаттамасы

Тұтынушыдан өтініш түскен уақыттан бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін беру уақытына дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) тұтынушы Өнеркәсіп комитетінің кеңсесіне құжаттарды қоса бере отырып өтініш немесе веб-портал арқылы сауал береді;

2) Өнеркәсіп комитеті кеңсесінің маманы өтінішті қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оны Өнеркәсіп комитетінің басшылығына қарауға жібереді;

3) Өнеркәсіп комитетінің басшылығы өтінішті Өнеркәсіп комитеті Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бастығына қарауға жібереді;

4) Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бастығы жауапты орындаушыны анықтайды;

5) Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының маманы берілген құжаттарды қарайды және олар тiркелген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi мәнiне аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік қауіпсіздік органдарының келiсiмдерiн алу үшiн өтiнiш берушiнiң лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын орны бойынша аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік қауіпсіздік органдарына сауал жiбередi немесе дәлелді бас тартудың жобасын әзірлейді;

6) Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының маманы аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік қауіпсіздік органдарының келiсiмдерiн алған соң заңнамамен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарағаннан кейін лицензияның жобасын не оны беруден дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды және оны Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бастығына келісуге жібереді;

7) Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бастығы ұсынылған құжаттарды қарап, лицензияның жобасын не оны беруден дәлелді бас тартудың жобасына келіседі;

8) Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының маманы лицензияның жобасын не оны беруден дәлелді бас тартудың жобасын Өнеркәсіп комитетінің басшылығына қол қоюға жібереді;

9) Өнеркәсіп комитетінің басшылығы лицензияның жобасын не оны беруден дәлелді бас тартудың жобасына қол қояды;

10) дайын құжаттарды беруді:

- Комитетте – Комитеттің қызметкері жүзеге асырады.

- сұрауды өз бетінше жіберген жағдайда – жеке кабинет арқылы порталда жүзеге асырылады.

10

Қызметті көрсету мерзімдері

Мемлекеттiк қызметтерді көрсету мерзімдері:

лицензия беру – қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушы тапсырған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияны қайта ресімдеу – қажетті құжаттарды алушы тапсырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;

лицензияның түпнұсқаларын беру – қажетті құжаттарды алушы берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде.

11

Қызмет көрсету нәтижесі

Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не қызметті көрсетуден уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қол қойылған мемлекеттік қызметті беруден бас тартуы туралы қағаз тасығышта немесе электронды құжат түріндегі уәжді жауап болып табылады.

12

Нормативтік құқықтық актілер**

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы, «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысы

13

2011 жылы көрсетілген қызметтің саны

12

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты icon«Техникалық және кәсiптік бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік
«Техникалық және кәсiптік бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын...
«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты icon«Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті
...
«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты icon«Тауарларды импорттауға лицензияларды, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты

«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты iconҚазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы
Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру мемлекеттік қызмет регламентін бекіту...
«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты icon«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000...
«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты icon«Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты iconКонкурстық комиссия құрамасы
Республикалық маңызы бар автомобиль жолы учаскелерін қайта жаңарту барысын техникалық қадағалау мен технологиялық қамтамасыз етуді...
«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты icon«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Рі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары...
«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты iconКонкурсқа қатысу үшін өтінім
Республикалық маңызы бар автомобиль жолы учаскелерін қайта жаңарту барысын техникалық қадағалау мен технологиялық қамтамасыз етуді...
«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты iconШарбақты аудандық оқу бөлімі мемлекеттік мекемесі бойынша құнды ұсыныстарға жұмыс және қызмет етуде сұраныс тәсілімен, мемлекеттік сатып алынған тауарларды жүзеге асыру жөніндегі электрондық хабарландыру
Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде 2009 жылғы «Шарбақты ауданының Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» мм күрделі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница