2012/2013 оқу жылындағы «Леонард Эйлер атындағы Олимпиада» математикалық конкурсы туралы ереже




Скачать 60.55 Kb.
Название2012/2013 оқу жылындағы «Леонард Эйлер атындағы Олимпиада» математикалық конкурсы туралы ереже
Дата конвертации18.05.2013
Размер60.55 Kb.
ТипКонкурс
2012/2013 оқу жылындағы «Леонард Эйлер атындағы Олимпиада» математикалық конкурсы туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.1 «Леонард Эйлер атындағы Олимпиада» математикалық конкурсы (осыдан былай – Олимпиада) – осы Ереженің 3.1 және 3.2 тармақшаларына сай келетін, Ресей Федерациясының оқу орындарында оқитын оқушыларына арналған математикалық жарыс. 2.3, 3.1, 3.2 тармақшаларының шарттарын қанағаттандыратындай, бұл олимпиадаға шетелдік оқушылар қатысу мүмкін.

1.2 Олимпиада көздейтін мақсаттары:

  • оқушылардың математикаға деген қызығушылығын тудыру;

  • сегізінші сынып оқушыларына жоғарғы деңгейдегі олимпиадаларға қатысуына мүмкіндік беру;

  • дарынды балалардың деңгейіне сәйкес келетін, сабақтан тыс қосымша сабақтарға ерте кезден тарту;

  • дарынды балалармен жұмыс істеуді ынталандыру

2. Олимпиада ұйымдастырушылары

2.1 Олимпиада ұйымдастырушылары (осыдан былай – Ұйымдастырушылар) АНОО “Вятск қосымша білім беру орталығы” (Киров қ.) және Мәскеу үздіксіз математика білім беру орталығы болып табылады (Мәскеу қ.)

2.2 Ұйымдастырушылар Координациялық және Әдістемелік кеңес құрайды. Координациялық кеңес олимпиаданың басқаруын, оның Ресейде өтуін және басқа елдердің Ұлттық оргкомитеттерімен қарым қатынасын қамтамасыз етеді.(2.3 т.). Әдістемелік кеңес есеп нұсқаларын құру (Бүкілресейлік олимпиадасының Әдістемелік комиссиясымен бірлесе отырып), бағалау, Олимпиаданың екінші және үшінші этапқа іріктемесін өткізу, жеңімпаздарды анықтау, жұмыстарды тексеруге жюри құруға жауапты.

Әдістемелік кеңес Бүкілресейлік олимпиадасының Әдістемелік комиссиясымен бірлесе отырып жұмыс істейді.

Координациялық және Әдістемелік кеңестер шешімді қарапайым дауыс беру арқылы қабылдайды.

2.3 Ұйымдастырушылар құрған, Ұлттық оргкомитеттері бар шетелдік елдерде Олимпиада өте алады. Ұлттық оргкомитет есеп берілгендерін мемлекеттік тілге аударуға, жұмыстарды тексеру мен бағалауға, өзінің елінде Олимпиаданың күндізгі кезеңін өткізу мен жүлдегерлерді марапаттауды қамтамасыз етеді. Ұлттық оргкомитеттер Әдістемелік кеңеске өзінің адамдарын тағайындау мүмкіндігі бар.

3. Олимпиада қатысушылары

3.1 2012/2013 оқу жылындағы олимпиадасына 8 сыныптарында оқитын Ресейдің орта мектеп оқушылары мен cәйкесінше сыныпта оқитын 1Ұлттық оргкомитеттері бар шетелдік орта мектеп оқушылары қатыса алады. Қатысушылардың жасқа қатысты шектеуін Олимпиаданың Ұлттық оргкомитеттері Координациалық кеңеспен бірлесе отырып ауыстыра алады.

3.2 Олимпиадада, сондай-ақ, кіші сыныпта оқитын оқушылар жалпы негізде қатыса алады.

4. Олимпиада өту тәртібі

4.1 Олимпиада 3 кезеңнен тұрады: бірінші — дистанциондық, екінші — аймақтық, үшінші – қортынды. Әр кезеңнін жұмыстарын тексеру мен бағалау, Әдістемелік кеңес бекіткен, ортақ өлшем арқылы жүргізіледі.

4.2 Дистанциондық кезең

4.2.1 Дистанциондық кезең 4 турдан тұрып, 2012 жылдың желтоқсан айында өтеді. Әр кезеңнең өту мүмкіндігі бөлек боп табылады.

4.2.2 Әр турдың есеп берілгендері Олимпиаданың сайтында жарияланады. Координациалық кеңес Олимпиада сайтында турлардың өту кестесі мен дистанциондық кезеңнің қорытындылау ережелерін 2012 жылдың 30 қарашасына дейін бекіту қажет.

4.2.3 Олимпиада сайтында қатысушыларды тіркеу мен сауалдау жүргізіледі. Әр тіркелген қатысушыға тіркеу номері мен жеке кабинеті беріледі. Қатысушының тіркеу номері көрсетілмеген жұмыс қарастырылмайды.

4.2.4 Әр дистанциондық турдың қатысушысы өз жұмысын өзінің жеке кабинетінің терезесіне жазып немесе мәтін редакторында жазылған не суретке түсірілген не сканерленген түрінде Олимпиада сайтының электрондық адресіне есептерді жариялағаннан кейін Олимпиада сайтына көрсетілген мерзімде жіберуі тиіс.

4.2.5 Координациалық кеңес сенімді тұлғаларды бекіте алады. Сенімді тұлғалар Координациалық кеңес тағайындаған ережелеріне сәйкес дистанциондық турды күндізгі түрде өткізе алады.

4.2.6 Егер де, дистанциондық тур Ресей аймағының күндізгі түрдегі математикалық жарысы ретінде өтсе, онда сол аймақтың оқушылары сол турға қатыспайды. Ал сол турға қатысқандардың нәтижесі ретінде, сол турда көрсеткен көрсеткіші есептелінеді.

4.2.7 Қатысушылар жұмысты сыртқы көмексіз, өз бетінше жасау міндетті. Осы ережені бұзған қатысушы жарыстан босатылу мүмкін.

4.2.8 Дистанциондық турдың нәтижелері мен аймақтық кезеңге өткендердің тізімі Олимпиада сайтында 2013жылдың қаңтар айының 12-не дейін жарияланады.

4.3 Аймақтық кезең

4.3.1 Аймақтық кезеңге, дистанциондық этап нәтижесінде таңдап алынған қатысушылар қатысады және Бүкілресейлік олимпиадасының аймақтық кезеңі өту уақыты барысында өтеді, Бүкілресейлік математика2 олимпиадасының Әдістемелік комиссия мақұлдаған есеп берілгендері бойынша өтеді. 2012/2013 оқу жылында сегіз не одан кіші оқитын, Олимпиаданың 2011/2012 оқу жылында 32 балл, не жоғары алған оқушылар алдын ала өтуіне болады.

4.3.2 Аймақтық кезеңге сондай-ақ, басқа математикалық жарыстарда жоғары көрсеткіш көрсеткен (олардың тізімі мен өту шарттарын Координациялық кеңес аймақтық кезеңге 2 апта қалғанға дейін шығаруы тиіс) оқушылар өтеді. Жеке жағдайларда, Координациалық кеңес аймақтық кезеңге өзінің сенімді мүшелерінің не Әдістемелік бөлімнің сұрауы бойынша өткен оқушылар қатыса алады.

4.3.3 Аймақтық кезең көбінесе күндізгі түрде Координациялық кеңес тағайындаған сенімді мүшелермен өткізіледі. Координациялық кеңес шешімімен, аймақтық кезең, кейбір оқушыларға сырттай өту мүмкін. Шетелдік елдерде Аймақтық кезеңнің өту тәртібін Ұлттық оргкомитет анықтайды.

4.3.4 Аймақтық кезеңнің нәтижесі ретінде есепке алынады:

- Бүкілресейлік әдістемелік комиссиясы өткізген, Бүкілресейлік аймақтық кезеңі кезінде өтілген олимпиадалар нәтижелері;

- 9-11 арасында өткен Бүкілресейлік олимпиаданың аймақтық кезеңінде 8 сыныптан аспайтын қатысушылардың нәтижелері;

Қатысушының аймақтық кезеңіндегі көрсеткіші нәтижесі бойынша, Олимпиаданың ақырғы кезеңіне шақыру туралы шешімінде, қатысушының жұмысын Әдістемелік кеңес қойған талаптары бойынша терсеру мақстында, жұмыстың көшірме нұсқасы сұралуы мүмкін. Ондай келісім болмаған жағдайда шақыру берілмеу мүмкін.

4.3.5 Аймақтық кезеңнің нәтижелері мен ақырғы кезеңге өткендердің тізімі Олимпиада сайтында 2013 жылдың 5 наурызына дейін жариялану керек.

4.3.6 Жеңімпаз бен жүлдегерлерді Координациялық кеңес тағайындаған сенімді мүшелер өзінің аймағында анықтап, оларды марапаттау рәсімін өткізу мүмкіндігі болады.

4.4 Ақырғы кезең

4.4.1 Олимпиаданың Ақырғы кезеңі аймақтық кезеңнің нәтижесінде тандалған оқушылар арасында өтеді: Қиыршығыс өлкесі мен Сібір ФӨ – Барнауыл қ. “математика қосымша білім беру орталығы” Алтай балалар қоғамдық ұжымы, Приволга мен Орал ФӨ – Киров қ. АНОО “ Вятск қосымша білім беру орталығы ”, Мәскеу, Орталық және Оңтүстік ФӨ – Мәскеу қ. Мәскеу үздіксіз математика білім беру орталығы, Санкт-Петербург қ. және Солтүстік ФӨ – Санкт – Петербург қ. Леонард Эйлер атындағы россия математикасын қолдау қайырымдылық қоры болып табылады. Өзара келісу арқылы, олимпиаданың ақырғы кезеңінің өту аймағы мен қатысушыларын басқа өту аймақтарына ауыстыруға болады. Координациялық кеңес шешімімен жоғарыда айтылған Олимпиада өту аймақтары өзгертілуі мүмкін.

Шетел елдерде ақырғы кезеңнің өту ережелері ұлттық оргкомитеттермен тағайындалады.

4.4.2 Ақырғы кезеңге 2011/2012 оқу жылындағы аймақтық кезеңінде I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталған, 2012/2013 оқу жылында сегіз не одан кіші оқитын оқушыларды алдын ала өткізуге болады. Олимпиаданың ақырғы кезеңіне дәстүрлі Мәскеу және Санкт-Петербург қалалық олимпиадаларында және 7 сыныптар арасында аймақтық математика олимпиадаларында жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар шақырыла алады. Өту шартын Координациалық кеңес анықтайды.

4.4.3 Ақырғы кезең есеп берілгендері, 8 сынып оқушылар арасындағы өтетін математикадан Бүкілресейлік олимпиадасының ақырғы кезеңінің қиындығына сай келеді.

4.4.4 Ақырғы кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері жалпыресейлік сынақта анықталады және Координациалық кеңес тағайындаған дипломдары мен сыйлықтарымен марапатталады. Жеңімпазды анықтау мен марапаттау рәсімін шетелдік елдерде Ұлттық оргкомитет жүргізеді. Екі жақты өзара келісіммен жеңімпазды анықтау және марапаттау халықаралық сынақта өту мүмкін.

4.4.5 Олимпиада ұйымдастырушылар жеңімпаздарға өздері ұйымдастырушлар өздері дарында баларға өткізетін шараларға жеңілдіктер тағайындайды(жарыстар, жазғы мектеп т.с.с).

5. Олимпиаданы қаражаттандыру

5.1 Олимпиада өткізуге кеткен шығындарды қаражаттандыру үшін Ұйымдастырушының өзінің және демеулік қаржыларды қолданады. Олимпиада қатысушыларынан, қатысқаны үшін ақша алынбайды.

5.2 Олимпиада Ұйымдастырушылары жол үшін төлемейді және қатысушыларды шығарып салушылардың шығынын төлемейді .

5.3 Қаржы жобасы мен есептемелер Ұйымдастырушылармен бекітіледі.

1 Кейбір жағдайларда 2 және 3 кезеңге Координациялық кеңес шешімі бойынша оқушылар шақырыла алады

2 Бүкілресейлік математика олимпиадасының Әдістемелік комиссиясының мақұладауымен

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

2012/2013 оқу жылындағы «Леонард Эйлер атындағы Олимпиада» математикалық конкурсы туралы ереже icon2009/2010 оқу жылындағы Леонард Эйлер Олимпиадасы туралы ереже
Олимпиада – осы Ереженің 1 және 2 тармақшаларына сай келетін, Ресей Федерациясының оқу орындарында оқитын оқушыларына арналған математикалық...
2012/2013 оқу жылындағы «Леонард Эйлер атындағы Олимпиада» математикалық конкурсы туралы ереже icon2012/2013 оқу жылындағы Леонард Эйлер атындағы олимпиадасының дистанциондық кезеңінің ережесі
Олимпиада жұмыстарын өз бетімен шығару керек. Осы ережені бұзған қатысушы, олимпиадаға қатысу құқығынан айырылады (былтыр, ондай...
2012/2013 оқу жылындағы «Леонард Эйлер атындағы Олимпиада» математикалық конкурсы туралы ереже icon«Информатика пәні бойынша үздік оқу-әдістемелік кешені» облыстық байқауын өткізу туралы ереже
Осы Ереже информатика пәні бойынша үздік оқу-әдістемелік кешенін өңдеу бойынша облыстық байқаудың өткізілу тәртібі мен міндеттерін...
2012/2013 оқу жылындағы «Леонард Эйлер атындағы Олимпиада» математикалық конкурсы туралы ереже icon1 Оқытушылар туралы мәліметтер Кагибат Азамат Кагибатович
Оқу жұмыс бағдарламасы жұмыстың оқу жоспары және мамандықтың элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген, С. Торайғыров атындағы...
2012/2013 оқу жылындағы «Леонард Эйлер атындағы Олимпиада» математикалық конкурсы туралы ереже iconА. И. Еремеева. Гаиш
Леонард Эйлер (1707 – 1783) и Петербургская астрономическая и астрофизическая школа
2012/2013 оқу жылындағы «Леонард Эйлер атындағы Олимпиада» математикалық конкурсы туралы ереже iconӘл-Фараби 2010 Пәндік олимпиада (алда Олимпиада) туралы ереже Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырушылық-әдістемелік
...
2012/2013 оқу жылындағы «Леонард Эйлер атындағы Олимпиада» математикалық конкурсы туралы ереже icon2010- 11 оқу жылындағы математика пән мұғалімдер бірлестігінде атқарылған жұмыстарының есебі
«Білім сапасын көтеру мақсатында жанашыл педагогикалық технологияларды оқу процесіне еңгізу» мәселе бойынша жұмыс атқарды
2012/2013 оқу жылындағы «Леонард Эйлер атындағы Олимпиада» математикалық конкурсы туралы ереже iconШ. Есенов атындағы кмтжиу 2011/2012 оқу жылдарына арналған силлабустарды баспадан шығару жоспары
РМҚК «Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті»
2012/2013 оқу жылындағы «Леонард Эйлер атындағы Олимпиада» математикалық конкурсы туралы ереже iconҮкіметтің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бар мөрлері туралы ереже туралы
Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бар мөрлері туралы ереже бекітілсін (қоса беріліп отыр)
2012/2013 оқу жылындағы «Леонард Эйлер атындағы Олимпиада» математикалық конкурсы туралы ереже iconОқушылардың бойында адам туралы, оның табиғи ішкі мүмкіндіктері, мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптастыра отырып, оларға өзін-өзі қадағалай алу
Биылғы оқу жылындағы алғашқы сабақ болғандықтан, мұғалім оқушылармен жазғы демалыстуралы әңгіме жүргізеді. Олар бір-бірімен сағынысып...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница