Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы




Скачать 68.71 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы
Дата конвертации19.05.2013
Размер68.71 Kb.
ТипДокументы




Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы

2012 жыл 9 шілде №388 Астана қаласы


Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы


«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес, бұйырамын;

  1. Қоса. беріліп отырған «Күзет кызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет регламеиті бекітілсін.

  2. Қазақстаи Республикасы Гшкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

  2. осы бу-йрықты Қазақстан Республикасы Ішкі. істер министрлігінің интернет-ресурсьшда жариялауды қамтамасыз етсін.

  1. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін үішмдастырсьш жэне оны бүлжытпай орындауды қамтамасыз етеін.

  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Қ.С. Тыныбековке жүктелсін.

  3. Осы бүйрық алғаш ресми жарияланған күинен кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.


Мннистр

полиция генерал-лейтенанты Қ.Қасымов


Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2012 жылғы 9 шілдедегі № 388

бұйрығымен бекітілген


«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік қызмет анықтамасы: «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

2. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет:

1) «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 5-бабының;

2) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 27-бабының;

3) «Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысының;

4) «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 764 қаулысының:

5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 67-тарауының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Астана, Алматы қалалары мен облыстардың ішкі істер департаменттері (бұдан әрі – ІІД) көрсетеді.

5. Заңды тұлғаларға күзет қызметімен айналысу құқығына қағаз тасымалдағышта берілген лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасы не болмаса қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі –алушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады. Салық кодексінің 67-тарауына сәйкес күзет қызметін жүзеге асыруға мемлекеттік қызмет көрсету үшін алушылардан қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына 6 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) көлемінде лицензиялық алым (бұдан әрі – лицензиялық алым) алынады.

Алым сомасы лицензиялық алым алушының тұрғылықты жері бойынша бюджетке лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.

Алушылар күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия қайта ресімдеген кезде лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі ставкадан 10 пайыз көлемінде, бірақ лицензиялық алымды төлеу күніне белгіленген төлемнен 4 АЕК-ден көп емес мөлшерде алынады.

Лицензияның телнұсқасын алған кезде лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі ставкадан лицензия алу күніне белгіленген төлемнің 100 пайыз мөлшерінде алынады.

Осы Регламентте мынадай анықтамалар мен қысқартулар пайдаланылады:

Құрылымдық-функционалдық бірліктер (ҚФБ) – мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын лауазымды тұлғалар;

алушы – мемлекеттік қызметті алу үшін ішкі істер органына жүгінген заңды тұлға;

басшылық – ІІД бастығы не болмаса оны алмастыратын адам;

лицензия – ішкі істер органы заңды тұлғаға күзет қызметімен айналысуға беретін құжат.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар


8. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы ІІД-ге жүгінеді, олардың орналасқан жерлері Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде уақыт бойынша шектеулер:

1) алушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

құжаттарды тапсырған сәттен бастап және лицензияны алғанға дейін – он бес жұмыс күні;

құжаттарды тапсырған сәттен бастап және лицензияның телнұсқасын алғанға дейін – екі жұмыс күні;

құжаттарды тапсырған сәттен бастап және қайта ресімделген лицензияны алғанға дейін – он жұмыс күні;

2) алушы өтініш білдірген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін берілетін ең ұзақ уақыт – 15 минут;

3) алушы өтініш білдірген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты – 30 минут.

10. Мемлекеттік қызмет мереке және демалыс күндерін қоспағанда аптасына бес күн (дүйсенбі – жұма сағат 9-00-ден 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30 дейін) көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және тездетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл жасасу) тәртібінің сипаттамасы


11. Алушыға оның сұрау салуы (өтініші) қабылданғаны (тіркелгені) туралы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон (хабарлама) беріледі, онда ішкі істер органының атауы, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты-жөні және лауазымы, оны қабылдаған күні және уақыты, алушының мемлекеттік қызметті алған күні көрсетіледі.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын құжаттар мен талаптар тізбесі Стандарттың 11-тармағында көрсетілген.

13. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай ҚФБ:

1) кеңсе;

2) басшылық;

3) ІІД мемлекеттік күзет қызметі бөлімі;

4) алушы қатысады.

15. Кестелік сипаттама және реттілік сызбасы, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекетінің (рәсімдер) өзара іс-қимыл жасасуы әрбір әкімшілік әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, осы Регламентке қосымшада көрсетілген.


«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет регламентіне қосымша


Реттілік сызбасының кестелік сипаттамасы және әрбір құрылымдық-функционалдық бірліктің әкімшілік әрекетінің (рәсімдер) өзара іс-қимыл жасасуы


Негізгі процестің әрекеті (жүрісі, жұмыс ағымы)

1

әрекет (жүріс, жұмыс ағымы) №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

ІІО кеңсесі

ІІД басшылығы

ІІД МКҚб

3

Әрекет атауы (процестің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамасы

Құжаттардың мазмұнымен танысу және оларға бұрыштамалар қою.

Құжаттарды қарау және орындаушыға тапсыру.

Құжаттардың заңнамаға сәйкестігін қарау, құжаттардың толықтығын тексеру, жауап жобасын әзірлеу.

4

Аяқталу нысаны (дерек, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Хатшының жауапты тіркеуі. Жауапты алушыға беру

Құжаттарды орындаудың негізділігін тексеру, жауапқа қол қою.


Қол қоюға әзірленген лицензия, қайта ресімделген лицензия, телнұсқа

5

Орындау мерзімдері

Лицензия беру - 1 жұмыс күні;


Телнұсқалар беру – 6 сағаттан көп емес;

Лицензияны қайта ресімдеу - 1 жұмыс күні

Лицензия беру - 1 жұмыс күні;


Телнұсқалар беру – 2 сағаттан көп емес;

Лицензияны қайта ресімдеу - 1 жұмыс күні

Лицензия беру - 13 жұмыс күні;


Телнұсқалар беру – 6 сағаттан көп емес;

Лицензияны қайта ресімдеу - 8 жұмыс күні



Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 6 тамызда Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7828 болып енгізілді.

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
М қызметтерінің бизнес-процестерін электрондық түрде іске асыру жөніндегі ұсынымдармен және ұсыныстармен бірге оларды зерттеу және...
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы
Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 Қаулысы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 26 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Экономикалық даму және сауда министрлігі
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 3 және 4-тармақтарына...
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы iconЗейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің
«Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі...
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы iconКеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 27 тармақшасына...
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы iconМемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер Департаментінің Емханасы бар госпиталі» мм 160000, ҚР, Шымкент қ., Тәуке хан
Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 70 үй) тапсырыс беруші «Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер Департаментінің Емханасы бар госпиталі»...
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдануы туралы
Азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы Қазақстан Республикасының заңдарын біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы iconКонкурстық ҚҰжаттама
Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті Мемлекеттік мекемесі, пошталық мекен-жайы: 130000...
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы iconКемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 16 тармақшасына және 33-бабының 4-тармағына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница