«Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған




Скачать 360.1 Kb.
Название«Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған
страница1/3
Дата конвертации19.05.2013
Размер360.1 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3


Астана қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «___» _____

___________

қаулысымен

бекітілген


«Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары


Астана - 2012 жыл

Мазмұны



  1. Миссиясы және пайымы...............................................................................3




  1. Ағымдағы жай-күйді және тұрғын үй инспекциясы саласындағы даму үрдістерін талдау...........................................................................................................3




    1. Дамытудың негізгі көрсеткіштері .............................................................3




    1. Негізгі проблемаларды талдау...................................................................4




    1. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау........................................5




  1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар,

іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері.......................................................7


3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсат, міндеттер, нысаны индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері...................................................................7


3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі......................................................................11


  1. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту....................................................12


5. Ведомствоаралық байланыс.........................................................................13


6. Тәуекелдерді басқару....................................................................................14


7. Бюджеттік бағдарламалар ............................................................................15


7.1. Бюджеттік бағдарламалар..........................................................................15


7.2. Бюджеттік бағдарламалардың жинағы.....................................................20



  1. Миссиясы және пайымы


Миссия. Кондоминиумге қатысушылардың жалпы мүлкіне тексеріс жүргізу арқылы тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылау.


Пайым. Мемлекеттік орган, тұрғын үй қорын күтіп - ұстау сапасына, кондоминиум объектісінің жалпы мүлкіне техникалық тексеру ұйымдастыру, кондоминиум объектісінің жалпы мүлкіне күрделі немесе ағымдағы жөндеу жұмыстарының жекелеген түрлерін тізбесін, кезеңдері мен кезектілігін анықтау арқылы бақылауды жүзеге асырады.


  1. Ағымдағы жағдайды және тұрғын үй инспекциясы саласындағы

даму үрдістерін талдау.


1-стратегиялық бағыт. Астана қаласының тұрғын үй қорын сақтау мен дамыту.


2.1 Дамытудың негізгі көрсеткіштері

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша Астана қаласында 21416 тұрғын үй бар, оның ішінде ЖТҚ - 16573, көппәтерлі үй – 4843. Ағымдағы жылы көппәтерлі тұрғын үйлердің арасында 228-үй апатты және ескірген деп танылды.

Апатты және ескірген үйлерді қалпына келтіру мақсатында, тұрғын үй қорының техникалық жағдайын, күтіп-ұстауды бақылауды жүзеге асыратын және тұрғын үй-жайларын пайдалану ережелерін бұзушылықтың алдын алатын «Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) құрылды. Ағымдағы жылдың басынан бастап, Басқарма аудан әкімінің, «Астан қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Астана су арнасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өкілдерінің қатысуымен «Социал» тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабаттарында ыстық судың болмау мәселесі жөнінде жылжымалы жедел жиналыс өткізді. Осы мәселе бойынша «Астанақұрылыссервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тарту арқылы үйдің ыстық сумен қамтамасыз ететін ішкі желілеріне тексеріс жүргізу туралы шешімі қабылданды.

Басқарма өкілдері Күйші Дина көшесі, № 25/2-үй мекенжайындағы объектіде үйдің екі блогында орналасқан қасбетке жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі жөнінде тұрғындардың жалпы жиналысына қатысты. Бұл мәселе «Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей апаттардың алдын алуын және жоюын ұйымдастыру жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бақылауында тұр.

«Тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Абылайхан» тұрғын үй кешені, № 4 қала кешенінде жылжымалы жедел жиналыс жүргізілді. Объектілердің құрылыс салушысы «Корпорация Астана Стройинвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ескертулерді жұмыс өндіру кестесіне сәйкес қалпына келтіру тапсырылды.

«Астанақұрылыссервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп, І. Есенберлин көшесі, № 13 үй мекен-жайында орналасқан тұрғын үйге тексеріс жүргізілді, Астана қаласы прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, техникалық қорытынды дайындалуда.

Сонымен қатар, 2012-2013 жылдардың жылыту мезгіліне дайындық бойынша іс-шаралар басталды. 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «проблемалық» көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы саны 43, олардың ішінде аудандар бойынша: Сарыарқа ауданы бойынша – 20, Алматы ауданы бойынша – 16, Есіл ауданы бойынша – 7. Барлық объектілер бойынша нұсқама беріліп, қазіргі уақытта дайындық паспорттарын беру үшін материалдар дайындалып жатыр.

Бүгінгі күні, мердігерлік кәсіпорындармен 20 тұрғын үй қасбеттерінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша жұмыс жүргізілуде.

Басқармаға келіп түскен өтініштер бойынша күнделікті шығу жүзеге асырылуда, тұрғындарға «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жазбаша және ауызша түрде түсініктемелер беріледі.


2.2 Негізгі проблемаларды талдау

Тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды кондоминиум қатысушыларының жалпы мүлкіне жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - ЖАО) тұрғын үй инспекциясының лауазымды тұлғалары тексеріс жүргізу арқылы ЖАО жүзеге асырады.

Жоғарыда көрсетілген ағымдағы жағдайды талдау негізінде тұрғын үй қорының негізгі проблемалары:

кондоминиум объектілерін тіркеу бойынша негізгі проблема жалпы меншіктегі құқық иелену мөлшерін жазбаша растауы үшін барлық меншік иелерінің тіркеу барысына қатысу қажеттілігі болып табылады;

тұрғын үй инспекциясының қызметін қамтамасыз етуді қаржыландыруға мүмкіндік беретін бюджеттік бағдарламаның және технологиялық тексеру жүргізу үшін бағдарламаның болмауы;

тұрғын үй инспекциясының қызметін реттейтін нормативті-құқықтық актілердің болмауы;

ЖАО құрылымдық бөлімшесі ретінде тұрғын үй инспекциясын құру бойынша бірыңғай көзқарастың анықталмағаны;

пәтерлер мен үй-жайлар меншік иелерінің төлемдік тәртібінің төмендігі;

пәтерлер меншік иелері әртүрлі себептермен кондоминиум объектілерінің жөндеу жұмыстарына ақшалай қаражат жинақтауды жүргізбейді;

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде тұрғын үй инспекциясының тұрғын үй қоры объектілерін күтіп-ұстау ережелерін бұзған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша құзыретінің болмауы;

қаланың ескі орталығында апатты және ескі құрылыстардың болуы;

сапасы төмен тұрғын үйлердің жоғарғы үлесі;

тұрғын үй жағдайын жақсартуға аса мұқтаж азаматтар санының жыл сайын ұлғаюы;

қаланың шет аймақтарында инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі;

кондоминиум объектілерін басқарудағы пәтер меншік иелері белсенділігінің төмендігі;

пәтер меншік иелерінің кондоминиум объектілерін басқару органдары қызметімен қанағаттанбауы;

басқару органдарының қызметінде кондоминиум объектісін күтіп-ұстау және басқару функцияларының топталуы;

жалпы тұрғын үй мүлкін жөндеу үшін ақша қаражатын жинақтаудың әлсіз тәжірибесі;

кондоминиум объектілері басқару органдарының жалпы мүлігіне жөндеу жұмыстарына арналған қолжетімді несиелендіру тетіктерінің жоқтығы;

кондоминиум объектілерінің жалпы мүлігін басқару және күтіп-ұстау бойынша қызметтер үшін төлемдерді жинау деңгейінің төмендігі;

энергоресурстарды тұтыну деңгейінің жоғарылығы;

әділет органдарында жылжымайтын мүлік ретінде кондоминиум объектілерін мемлекеттік тіркелу пайызының төмендігі.

Бүгінгі күні көппәтерлі тұрғын үй қоры саласындағы күтіп-ұстау және басқару негізінен пәтер меншік иелері кооперативінің қызметімен (бұдан әрі - ПИК) ұсынылған, өз кезегінде ПИК жөндеу жұмыстарының тапсырыс берушісі мен мердігері болып табылады және нарықтағы «монополистік» жағдайды иеленіп, кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкіне жүргізілетін жөндеу жұмыстары бойынша сапалы қызмет көрсетуге талпынбайды.


    1. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Астана қаласының тұрғын үй қорын сақтау және дамыту мақсатында көппәтерлі тұрғын үйлерге техникалық тексеріс жүргізу, ағымдағы және кейінгі жылдары көппәтерлі тұрғын үйлерді пайдалану сипаттамасының техникалық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді, өз кезегінде бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында, кондоминиумды басқару органдарының күшімен тұрғын үйлерге жөндеу жүргізу бойынша, апатты және ескі үйлерді нақты бұзу бойынша бағдарламалардың іске асуына жол ашады.

Кондоминиум объектісіне қатысты халық мәдениеті мен құқықтық сана деңгейінің төмендігіне байланысты жалпы мүлікті басқаруда пәтер иелерінің немқұрайлы қатынас проблемасын шешпейінше, тұрғын үй секторындағы проблемаларды шешу мүмкін еместігін ескерген жөн. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған кондоминиум объектілерін басқаруды жүзеге асыратын тұлғалардың өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, сонымен қатар жеке пәтер иелері тұрғын үй жалпы мүлігін күтіп-ұстау және пайдалану бойынша өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, көппәтерлі тұрғын үйді жөндеу және күтіп-ұстау проблемаларын тиімді шешуге мүмкіндік бермейді.

Басқарма тұрғын үйлердің техникалық жағдайын анықтау мақсатында техникалық паспорттарды дайындау арқылы көппәтерлі тұрғын үйлерге тексерістер өткізу бойынша жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл астаналық тұрғын үй қорының техникалық жағдайы туралы нақты сипаттаманы қалыптастыруға және кондоминиум объектілерінің жалпы мүлігіне күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарының жеке түрлерін жүргізудің кезеңділігі мен тізімін анықтауға, тиісінше сақталуы бойынша уақтылы шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Жоғарыда жазылғанның негізінде, «Астана қаласындағы кондоминиум объектілерінің бірыңғай тұрғын үй мәліметтер базасы» - тұрғын үй қорының техникалық жағдайы жөніндегі бірыңғай жүйелендірілген мәліметтер жинағын құру жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта кондоминиум объектілерін сапалы басқару және күтіп-ұстауға тұрақты бақылау жүргізіліп жатыр, осы мақсатпен Басқарма мамандары аудандар бойынша бөлінген, ол өз кезегінде кондоминиум объектілеріне сапалы бақылауды жүргізуге мүмкіндік береді.

Кондоминиум объектілеріндегі тұрғын үй қорының сапалы күтіп-ұсталуына бақылау ай сайынғы тексерістерді өткізу кестесіне сәйкес жүргізіледі, оның негізінде нақты апта сайынғы кестелер құрастырылады. Қажеттілігі туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес аталған тексерістерге бақылау-қадағалау органдары тартылады.


3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері


3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсат, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері


1-стратегиялық бағыт. Астана қаласының тұрғын үй қорын сақтау және дамыту

1.1-мақсат. Астана қаласының аумағындағы тұрғын үй қоры саласындағы тиімділікті бақылауды жоғарылату

Осы мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды: 001



Нысаналы индикатор



Ақпарат көзі


Өлшем бірлігі

Соның ішінде аралық мән көрсеткіші:

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2011

жыл

2012 жыл

2013

жыл

2014

жыл

2015

жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

Күтіп-ұстау және пайдалану сапасы бойынша анықталған кемшіліктері мен ақаулары бар кондоминиум объектілері

Басқарма есебі

бірлік




20

50

50

55

Нормативтiк пайдаланушымен қамтамасыз етілетін кондоминиум объектерiнiң үлесі

Басқарма есебі

%




10

30

40

50


Мақсатты индикаторға қолжеткізу жолдары, тәсілдері мен әдістері

1.1.1-міндет. Кондоминиум объектілерінің тұрғын үй қорын ұстау ережесін бақылауды күшейтуді қамтамасыз ету



Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2011

жыл

2012 жыл

2013

жыл

2014

жыл

2015

жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

Жалпы саннан, бақылауға алынған кондоминиум объектілерінің саны


Басқарма есебі

Бірлік




20

50

50

55

Кондоминиум объектілеріне қызмет көрсету және оларды күтіп-ұстау ережелерін сақтау сапасы бойынша өткізген тексерістер саны


Басқарма есебі

Бірлік




30

100

120

70

Кондоминиум объектілеріне жөндеу жүргізу мен пайдалану, күтіп-ұстау, пайдалану тәртібін сақтамау бойынша анықталған бұзушылықтар саны


Басқарма есебі

Бірлік




15

70

60

30

Тұрғын үй қоры объектілеріне жүргізілген техникалық тексерістердің саны


Басқарма есебі

Бірлік




200

700

700

500

Жылуды тұтынуды реттеудің белгіленген

автоматтандырылған жүйесінің орнатылған көлемі

Басқарма есебі

%




10

20

30

50

Тікелей нәтижелерге қолжеткізу үшін қажетті

іс-шаралар

Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі

2011

жыл

2012 жыл

2013

жыл

2014

жыл

2015

жыл

1

2

3

4

5

6

1. Жоспарлы тексерістердің кестесін дайындау және бекіту







х

х

х

2. Бекітілген кестеге сәйкес жоспарлы және жоспардан тыс тексерістердің өткізілуі







х

х

х

  1. Өткізілген тексеріс нәтижесі бойынша уақтылы шаралар қолдану




х

х

х

х

4. Техникалық тексеруге жататын тұрғын үйлердің тiзiмін анықтау




х

х

х

х

5. Тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызметтер сапасының деңгейiне мониторинг жүргізу




х

х

х

х

1.1.2-міндет. Кондоминиум объектілеріне күрделі, ағымдағы жөндеудің жеке түрлерінің тізімі мен кезеңділігін анықтау үшін шығындар сметасына келісімін қамтамасыз ету

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2011

жыл

2012 жыл

2013

жыл

2014

жыл

2015

жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

Жалпы саннан, жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі

Басқарма есебі

Үйлер

саны




8

49

60

80

Кондоминиум объектілерінің келісілген шығындар сметасының саны

Басқарма есебі

Үйлер

саны




8

49

60

80

Жалпы саннан, жөндеуден өткен кондоминиум объектілерінің саны

Басқарма есебі

Үйлер

саны




8

49

60

80

Дайындалған техникалық паспорттардың саны

Басқарма есебі

үйлер

саны




10

20

20

20

Тікелей нәтижелерге қолжеткізу үшін қажетті

іс-шаралар

Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі

2011

жыл

2012 жыл

2013

жыл

2014

жыл

2015

жыл

1

2

3

4

5

6

1. Кондоминиум объектілеріне жүргізілетін күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жеке түрлерінің тізімін әзірлеу және бекіту




х

х

х

х

2. Кондоминиум объектілерінің келісілген шығындар сметасының тізілімін жүргізу




х

х

х

х

3. Кондоминиум объектілерінің күрделі немесе ағымдағы жөндеу жұмыстарының жекелеген түрлерінің өткізу мерзімдерін сақтау бойынша мониторинг жүргізу




х

х

х

х
  1   2   3

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

«Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған icon«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің...
«Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған icon«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыт, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының
«Тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тұрғын үй инспекциясы) тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге...
«Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған icon«Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы»
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2560 шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл...
«Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған icon«Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы»
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2571 шешімдеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл...
«Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған icon«Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
«Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015...
«Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған icon«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған iconҚР тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде тұрғын үйлерді алуға
Ылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде салынған тұрғын үйлердi сату ережесiнің 13-4-тармағын басшылыққа...
«Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған iconҚР тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде тұрғын үйлерді алуға
Ылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде салынған тұрғын үйлердi сату ережесiнің 13-4-тармағын басшылыққа...
«Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасы
Ы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница