Досмагулова Торгын Калдыбековна: педагог психолог. Туған күні мен жылы




Скачать 210.47 Kb.
НазваниеДосмагулова Торгын Калдыбековна: педагог психолог. Туған күні мен жылы
Дата конвертации19.05.2013
Размер210.47 Kb.
ТипДокументы
Досмагулова Торгын Калдыбековна: педагог - психолог.


Туған күні мен жылы: 09.03.1977. Ұлты: қазақ.

Педагогикалық стажы: 4жыл.

Атқарып отырған лауазымы бойынша еңбек стажы: 2жыл.

Аталған білім беру ұйымындағы еңбек стажы: 2 жыл.

Білімі: Алматы қаласындағы Абай атындағы Қаз ҰПУ, педагогика және психология факултетін 2007 жылы бітірген.


Кәсіптік лицейдегі психологиялық қызметтің мақсаты:


Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты – дамудың және оқу – тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақтауға арналған психологиялық жағдайларды қамтамасыз ете алатын, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық – педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру, құру және жүргізу.


Қызметтің негізгі мәселелеріне кіретіндер:


  • әрбір жас кезеңінде балалардың тұлғалық интеллектуалдық дамуына қолдау көрсету, олардың бойында өзін анықтау және өзін жетілдіру қабілеттерін қалыптастыру;

  • білім беру мекемелерінде әлеуметтік – психологиялық климаттың үйлесімделуіне қолдау көрсету;

  • білім беру бағдарламаларын олардың мазмұны мен игеру тәсілдерін оқушылардың, тәрбиелеушілердің интелектуалды және тұлғалық мүмкіндіктеріне бейімдеу мақсатында психологиялық қамтамасыз ету;

  • Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік жағдайды психологиялық талдау, негізгі мәселелерді айқындау және олардың туындау себептерін, шешілу жолдары мен құралдарын анықтау;

  • балалардың, жеткеншектер мен жастардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және жеңе білу;

  • мамандардың кәсіби іс - әрекетіне, білім беру бағдарламалары мен жобаларына, оқу - әдістемелік құралдарға психологиялық сараптама;

  • үздіксіз білім беру процесінде бір сатыдан екінші сатыға ауысу кезіндегі психологиялық – педагогикалық жағдайларды әзірлеу және жасау;

  • білім беру тәжірибесіне психологиялық ғылымның жетістіктерін енгізу мен оларды таратуға қолдау көрсету;

  • білім беру жүйесі мамандарының іс-әрекетін ғылыми - әдістемелік қамтамасыз ету.


Жұмыстың негізгі бағыттары:


  1. Психологиялық диагностика –

Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай – тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін де зерттеу.

  1. Психологиялық профилактика –

Мақсаты: Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау.

  1. Психотүзету (психокоррекция) және дамыту –

Мақсаты: Оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысымен біліктілік дамыту.

  1. Психологиялық консультация (кеңес) жүргізу, кәсіби кеңес (консультация) жүргізу –

Мақсаты: Педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек көрсету.

  1. Психологиялық білімді көтеру –

Мақсаты: Педагогикалық үрдістерге қатысушылардың психологиялық мәдениетін көтеру.

Психологтың жұмыс бөліктері:

  • оқушылармен жұмысы;

  • оқытушылармен жұмысы;

  • ата –аналармен жұмысы;

  • әкімшілікпен жұмысы.


Ата – аналармен жұмыс


Ι. «Ата – аналарға арналған тренинг»


Ортаға бір ана шығарылады, бір-бірлеп сұрақтар қойылып жауаптары тыңдалады.

Төртінші сұрақтан бастап, оған берген жауабы бойынша, дене мүшелері матамен байланады.

1. Сіз бала сүйетініңізді естігенде қандай сезімде болдыңыз?

2. Сіз балаңыздың қандай болғанын қаладыңыз?

3. Сіз балаңызды өмірге әкелген кезде қандай сезімде болдыңыз?

4. Сіздің балаңыз отыра бастап, қолын жанжақа созып бәрін алып - ұстап көргісі келгенде не деп айтасыз? (қолыңды тарт) қолын

5. Сіздің балаңыз өсіп еңбектеп одан соң жүре бастап жан-жақты шарлайды, сол кезде балаңызға не деп айтасыз? (жүрме) аяғын

7. Сіздің балаңыздың тілі шығып сөйлеп қоймағанда не деп айтасыз? (ауызыңды жап) аузын

8. Сіз жұбайыңызбен баланың көзінше ұрсып жатқанда, балаңызға не деп айтасыз? (сөз тыңдама) құлағын

9. Сіздің балаңыз теледидардан киноның ұятсыз фрагменттерін көрген кезде, балаңызға не деп айтасыз? (қарама) көзін

10 Сіздің балаңыз үйге, көшеде қаңғып жүрген күшікті алып келгенде, балаңызға не деп айтасыз? (керегі жоқ оны қайтесін) жүрегі

Ананың дене мүшелері байланғаннан кейін, талдауға мынандай сұрақтар қойылады:

Бірінші қай мүшені босатайық? (байланған матаны біртіндеп шешу)

Мүшелеріңізді байлап жатқанда қандай сезімде болдыңыз?

Ең ауыры қай мүше болды?


ΙΙ. Т.М.Ахенбахтың ата-аналарға арналған сауалнамасы


Баланың тегі, аты, әкесінің аты__________________________________________________________

Баланың туылған күні________________________________________

Жынысы_________, ұлты__________________________

Қай сыныпта оқиды______________________________

Сауалнаманы толтыру күні___________________________


Нұсқаунама: анкета сұрақтарына жауап бере отырып,жан ұяның басқа мүшелері СІЗБЕН келіспейді деп ойлағанның өзінде де ӨЗ көзқарасыныңызда болғаныңыз жөн ӨЗІҢІЗ келісетін жауаптар тұсына «галочка» қойыңыз.

Ата-аналардың мамандықтары:

Әкесінің________________________________________________

Анасының________________________________________________

Ата-аналарының білімі:анасы әкесі

Орталау_______________________________________________

Орта____________________________________________

Арнайы орта___________________________________

Аяқталмаған жоғары______________________________

Жоғары_______________________________


1.Қызығушылығын атаңыз (үйірмелер, спортпен айналысу, коллекциялау, ойындар т.б. балаға қызықты көрінетінің бәрі)

А._________________________

Ә._________________________

Б._________________________

В.Қызығушылығы жоқ.

Осы жастағы басқа балалармен салыстырғанда, бала осы қызығушылықтармен қанша уақыт өткізеді?


Білмеймін

Басқадан аз

Барлығы сияқты

Басқадан артық

А)










Ә)










Б)











Осы жастағы балалармен салыстырғанда бұл жерде ол қаншалықты табысты?

Білмеймін

Басқадан аз

Барлығы сияқты

Басқадан артық

А)










Ә)










Б)










2.Балаңызда бар міндеттерді тізіп шығыңыз (пәтерді жинау, нан сатып әкелу, ыдыс-аяқ жуу, т.б.)

А._____________________

Ә._____________________

Б._____________________

В.Менің баламда ешқандай міндеттеме жоқ.

Осы жастағы басқа балалармен салыстырғанда,ол міндеттерін қалай атқарады?

Білмеймін

Басқалардан нашар

Барлығы сияқты

Басқалардан жақсы

А)










Ә)










Б)











3.Сіздің балаңызда қанша жақын достары бар (бауырлары мен апа-қарындастарын қоспағанда)

Біреуі де жоқ _______________

1 _______________

2немесе 3 _______________

4немесе одан артық _________________

4.Сіздің балаңыз аптасына қанша рет әлде немен айналысады (ойнайды, үйірмеге қатысады, мектептен тыс қыдырады)?

Аптасына бір реттен аз _________________

1 немесе 2 _________________

3 немесе одан артық _________________

5.Осы жастағы басқа балалармен салыстырғанда, СІЗДІҢ балаңыз қаншалықты жақсы:




Басқалардан

нашар

Барлығы

сияқты

Басқалардан

жақсы

А.Бауырлары мен\апа-

қарындастары мен достасады










Ә.Үйірсек, басқа балалар мен

тез тіл табысады










Б.Ата-аналар мен өзін жақсы

ұстайды










В.Ойнайды және өзімен өзі

айналысады










Г.Бауырлары, апа-қарындас-

тары жоқ










6.Сіздің пікіріңізше балаңыз қалай оқиды? (оқушылар үшін)





Басқалардан

нашар

Барлығы

сияқты

Басқалардан

Жақсы

А.Оқу және әдебиет










Ә.Орыс тілі\қазақ тілі










Б.Тарих










В.Математика










Г.Физика










F.Химия










Д.Биология, табиғат тану










Басқа да мектептік пәндер________________________________

7.Сіздің балаңыз арнайы сыныпта немесе мектепте оқима?__________

Мамандануын атаңыз_______________________

8.Сіздің балаңыз екінші жылға қалды ма?_________________________

Қай жылы, қандай себеппен_____________________________________

9.Сіздің балаңыздың үлгерімге немесе мектептегі мінез-құлыққа байланысты мәселелері бар ма?_________________________________

Оларды атаңыз және қашан басталды?___________________________

10.Сіздің балаңызда қандай-да бір созылмалы науқас, дене ауытқуы немесе психикалық дамудың тежелуі бар ма?_____________________

11.Өз балаңызда СІЗДІ не қатты алаңдатады?____________________

СІЗДІ не көбірек қуантады?__________________________

12.Сіздің алдыңызда балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқын

сипаттайтын ұстанымдар тізімі тұр.Осы мінез-құлық сапаларының өз балаңызда болуын келесі шкалаларға сай белгілеңіз:

0-мүлдем жоқ;

1-кейде болады;

2-әрқашан да болады.

Ұстанымдар

0

1

2

1.Өзін кішкентай сияқты ұстайды










2.Тіл қайтарады, таласады










3.Мақтанады, беріледі










4.Жинақтала алмайды, назарын бір нәрсеге тоқтата алмайды










5.Еліктеу ойлардан арыла алмайды










6.Орнында отыра алмайды, шаршамайды, тым белсенді










7.Үлкендерге тым тәуелді










8.Жалғыздығына наз айтады










9.Ұйымдаспаған, бос










10.Көп жылайды










11.Қатыгез, соқтықпа және басқаларға ашулы










12.Көп қиялдайды, ойдан шығарады, өз ойына батады










13.Өзіне назар аударғанды ұнатады










14.Өзінің кітаптарын, заттарын әдейі бүлдіреді немесе құртады










15.Отбасына, жан ұя мүшелеріне тиесілі заттарды әдейі бүлдіреді және құртады










16.Үйде тыңдамайды










17.Мектепте тыңдамайды










18.Нашар тамақтанады










19.Басқа балалармен келісе алмайды










20.Бір нәрсені бүлдіргеннің өзінде де өзін кінәлі санамайды










21.Қызғаншақ










22.Жаман нәрсе ойлаудан немесе істеуден қорқады










23.Әрқашан да мүлтіксіз болуым керек деп ойлайды










24.Оған өзін ешкім жақсы көрмейтін сияқты сезінеді










25.Оған, басқа адамдар қиянат жасайтындай көрінеді










26.Өзін ештенеге жарамсыз, толыққанды емес сезіледі










27.Төбелеске араласады










28.Оны жиі мазақтайды










29.Қолайсыз жағдайларға жиі түсетін немесе оларды бастайтын басқа балалармен компания құрады










30.Одан басқа ешкім естімейтін заттарды естиді










31.Ұстамсыз, импульсивті, ойланбай қимылдайды










32.Жалғыздықты қалайды










33.Алдайды










34.Сезімтал, ашуланшақ, ызалы










35.Нервті қозғалыстар немесе бұлқыныстар (қастарының тартылуы,ернін тістелеу.т.с.с.)










36.Басқа балаларға ұнамсыз










37.Тым қорқақ және алаңдаушы










38.Басы жиі айналады










39.Барлығына өзін кінәлі санайды










40.Қатты торыққан










41.Салмағы тым артық










42.Денсаулығына байланысты, медициналық себебі белгісіз мәселелері бар:










а)денесі ауырады










ә)басы ауырады










б)көзінің мәселесі










в)жүрегі айныйды,әлсіздік










г)бөрткендер немесе басқа да тері аурулары










ғ)іші ауырады немесе қалшыл










д)кекіру










43.Агрессивті, адамдарға тиіседі










44.Нашар оқиды










45.Нашар жұмылдырылған, икемсіз










46.Үлкен жастағы балалармен уақыт өткізуді қалайды










47.Кіші жастағы балалармен уақыт өткізуді қалайды










48.Сөйлесуден бас тартады










49.Бір қимылды, қозғалысты қайта-қайта қайталайды(түймелерді тартқылайды, есіктер жабық па соны тексереді)










50.Үйден қашып кетеді










51.Айқалағыш










52.Тұйық бәрін іште сақтайды










53.Басқалар көрмегенді көреді










54.Ұялшақ, тез ыңғайсызданады










55.Отпен жиі ойнайды, өртеулер ұйымдастырады










56.Өзін көрсетеді, қылжақтайды










57.Ұялшақ немесе ебедейсіз










58.Қайдағы бір жаққа немесе бір нәрсеге қатысы жоқтай қарайды










59.Жан ұядан ұрлайды(ата-анасынан немесе бауырларынан,апа-қарындастарынан)










60.Үйден тыс жерде ұрлайды










61.Өзін біртүрлі алып жүреді










62.Біртүрлі идеялары бар










63.Бірбіткей, түюлі және ашуланшақ










64.Көңіл-күйі күрт өзгереді










65.Бұртияды, өкпелегіш










66.Сезікті










67.Боғауыз айтады, дөрекі сөздер айтады










68.Тым сөзшең










69.Мазаққа көнеді










70.Бұрқ еткіш, өзінен тез шығады










71.Секс туралы көп ойлайды










72.Адамдарды қорқытады










73.Мектепті жібереді










74.Белсенділігі мен энергиясы жеткіліксіз










75.Бақытсыз, көңілсіз, торыққан










76.Тым шулы, тым көп сөйлейді










77.Ішімдік немесе есірткі қабылдайды










78.Заттарды саналы түрде сындырады, бүлдіреді










79.Тұйық, басқалармен араласпайды










80.Бір нәрсеге алаңдаулы, тынымсыз














Ата-аналарға арналған жаднама. Ата-аналар нені білу керек?

  • 1.Өміріңіздегі жанұяда ең үлкен әрі қымбатты адам-балаңыз деп санаңыз.Сіз балаңыздың түсініп қана қоймай,оны тереңірек білуге әрдайым тырысыңыз.

  • 2.Сіз ең таңдаулы озық тәрбиелік әдістерді және тұрақты тәртіп жолдарын ұстаныңыз,оған үлкен құрметпен қараңыз.Осы бағытта сіз болашақта жақсы нәтижеге жетесіз.

  • 3.Баланы тұлға ретінде қабылдауға назар аударыңыз.Балаға әрдайым сыйластықпен қараңыз.

  • 4.Әр бала өзінің шешімін өзгертуге толық құқы бар,әртүрлі жағдайларға байланысты өзгертуге құқылы.

  • 5.Өзіңізді ойландыратын мәселелерге қайталап соқпауға тырысыңыз.Өмірдің үйреншікті ырғағына түспеңіз,бірақ шаршамаңыз.

  • 6.Егер бала тәрбиесі қиындық туғызса,не балаңызды жеке тұлға ретінде жасауға ниетіңіз,ұмтылысыңыз жетіспесе,сіз педагогтан және психологтан кеңес алғаныңыз жөн.

  • 7.Торықпаңыз.Есіңізде болсын,адамның ішкі жағдайы,көңіл-күйі өзгермелі,депрессия ерте ме,кеш пе өтеді де,қуанышты сергек көңіл-күй келеді.Жақсылыққа әр уақытта сену керек.

  • 8.Сіздің іс-әрекетіңіздің түзу және ісіңіздің жемісті болуына үміттенеміз.

  • 9.Сіз жақсы ата-анасыз.Ең дұрысы сіз сүйіспеншілік пен құрметтеу бірін-бірі өте жақсы толықтырады деп санайтын адамдардың қатарына жатасыз.


Ата-аналарға сауалнама

Қолыңыздан келе ме?


  • Кез келген сәтте бар жұмысыңызды тоқтатып, тек баламен айналысу?

  • Жасына қарамастан, баламен ақылдасып отыру?

  • Балаға байланысты жіберген кемшілігіңізді өзіне мойындау?

  • Қателескен болсаңыз, баладан кешірім сұрау?

  • Баланың қылығы шектен шығып кетсе де сабырлы қалпыңызды сақтап қалу?

  • Өзіңізді баланың орнына қойып көру?

  • Бір сәтке болса да өзіңізді қайырымды періште немесе көркем ханзада деп сенуге?

  • ӨЗіңізді жақсы жағыңыздан көрсететін, тағлым аларлық балалық кезіңізден бір оқиғаны айтып беру?

  • Баланың көңіліне келуі мүмкін ызалы сөздер мен дауыс көтеруден тыйылу?

  • Бала не істегісі келсе соны істейтін, бірақ сіз ештеңеге араласпайтын бір күнді белгілеу?

  • Егер балаңыз жолдасын, құрдасын ұрып, итеріп жіберсе, не жазықсыз жәбірлесе көңіл аудармай қою?

  • Баланың тілегі қисынсыз болса көз жасына да, қыңырлығы мен өтінішіне де құлақ аспай қою?



Ата аналарға арналған жаднама

Қолайлы отбасылық атмосфера құру үшін:


  • Баланы қалай оятасыз,оның сол күнге психологиялық бейімделуі соған байланысты екенін ұмытпаңыз.Әркімнің түңгі демалысқа қажетті уақыты әртүрлі болып келеді.Тек көрсеткіші біреу ғана- баланың ұйқысы қанып,сіз оятқан кезде жнңіл оянуы тиіс.

  • Егер сіздің баламен мектепке дейін бірге бару мүмкіндігіңіз болса,оны құр жібермеңіз.Бірге жүру –баламен қарым- қатынас жасау,еркін түрде ақыл-кеңес беру деген сөз.

  • Баланы мектептен қарсы алуды үйреніңіз.Бірден “ Бүгін қандай баға алдың?”-деп бастамау керек,одан да:”Мектепте қандай жаңалық болды?”,”Бүгін немен айналыстыңдар?”, “Мектептің жағдайы қандай?”деген сияқты бейтарап сұрақтардан бастаңыз.

  • Баланың табысына қуаныңыз.Уақытша сәтсіздіктеріне ашу шақырмаңыз.

  • Баланың өмірінде болған оқиғалар жайындағы әңгімесін төзімділікпен,көңіл қоя тыңдаңыз.

  • Еңбекқор етіп тәрбиелеу үшін:

  • Баланы өз бетімен жасаған ісі үшін,ынтасы,жасаған жұмысының сапасы үшін жиі көтермелеп отырыңыз.Егер қолынан келмей жатса-реніш білдірмей,мұқият қайта түсіндіріңіз.

  • Баланы үлкен отбасылық жұмыстарға қатыстырыңыз,және бастаған ісін аяғына дейін жеткізуіне үйретіңіз.

  • Отбасының әрбір мүшесінің,оның ішінде баланың да үйдегі өз атқаратын қызметі болуы керек.Баланы жазалау үшін еңбекті қолдануға болмайды!

  • Балаларды қайырымды етіп тәрбиелеу үшін:

  • Қарым – қатынас –адам өмірінің мәні.Егер біз балаларымыздың қайырымды болғанын қаласақ ,балаға бізбен қарым-қатынас жасау қуанышын сыйлауымыз керек-бұл бірге танып білу,бірлескен еңбек ,бірге ойнау,бірге демалу қуаныш.

  • Қайырымдылық адамдарға(ең алдымен өз жақындарына)және табиғатқа деген сүйіспеншіліктен басталады.Балаларда барлық жандыларға сүйіспеншілік ұрығын егеміз.

  • Балаларды жауыздықты және немқұрайдылықты жеккөруге баулимыз.

  • Баланы барынша жақсы көру керек,баладан барынша көп талап ету керек.Өзіміз қайырымды,жақсы істерді жасаудан тынбайық ,балалар бізден қайырымдылық үйренеді.

  • Өзімізді қолға ала білейік!Төзім!Шыдамдылық!Төзім!


Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Досмагулова Торгын Калдыбековна: педагог психолог. Туған күні мен жылы iconК екілбайұлы Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы
Гурьев облысы, Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген...
Досмагулова Торгын Калдыбековна: педагог психолог. Туған күні мен жылы iconБалқаш қалалық сотына
...
Досмагулова Торгын Калдыбековна: педагог психолог. Туған күні мен жылы iconБалқаш қалалық сотына
Т. А. Ж. (толық), тұрғылықты жері, тұрғылықты жер бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, туған күні, айы, жылы, телефон нөмірі, стн,...
Досмагулова Торгын Калдыбековна: педагог психолог. Туған күні мен жылы iconСтруктура классов в зависимости от реализуемых общеобразовательных программ
Специалисты, сопровождающие образовательный процесс (педагог-психолог, социальный педагог, логопед, классный воспитатель, медицинский...
Досмагулова Торгын Калдыбековна: педагог психолог. Туған күні мен жылы iconҚазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл -ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев
Дана ақын Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі Құнанбай...
Досмагулова Торгын Калдыбековна: педагог психолог. Туған күні мен жылы iconКүні № Астана қаласының демографиялық сипаты
Ерлер үлесі 2,3 пайыздық тармаққа (1998 жылы 46,7%-дан 2008 жылы 49,0%-ға дейін) өсіп, 2008 жылдың басына 295354 адамды құрады
Досмагулова Торгын Калдыбековна: педагог психолог. Туған күні мен жылы iconРазуанова Гульназ Жумагалиевна 2003 жылдан бері «Экономикалық лицей» мемлекеттік мекемесінде педагог-психолог қызметін атқарып келеді. Гульназ Жумагалиевна
Мамандыққа бейімділігін анықтау жолдары» тақырыбына баяндама жасады. Қалалық «Жаңашыл психолог-2007» сайысында І орынды жеңіп алды....
Досмагулова Торгын Калдыбековна: педагог психолог. Туған күні мен жылы icon«Учитель года»; «Педагог-психолог»; «Воспитатель года»; «Педагогический дебют»
Количество участников уменьшилось на 2 человека, при этом мужчин стало больше на 4 человека
Досмагулова Торгын Калдыбековна: педагог психолог. Туған күні мен жылы iconМуниципальное «утверждаю»
Директор моу сош, заместители директора по учебно-воспитательной, воспитательной работе, заместитель директора по ахч; социальный...
Досмагулова Торгын Калдыбековна: педагог психолог. Туған күні мен жылы iconПояснительная записка. Цель : подведение итогов работы по подготовке детей к школе. Задачи
Интеллектуальная игра проводится в Негосударственном дошкольном образовательном учреждении «Детский сад №2» с 2003 г. Ее автором...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница