Флористика өнері Светлана Баженовна кожина




Скачать 44.51 Kb.
НазваниеФлористика өнері Светлана Баженовна кожина
Дата конвертации19.05.2013
Размер44.51 Kb.
ТипДокументы
Флористика өнері


Светлана Баженовна КОЖИНА,

57 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі.

Астана қаласы


Сабақтың мақсаты. Табиғат материалының көп түрлілігі және оны тұрғын үйді безендіру үшін пайдалану мүмкіндіктері туралы түсінік беру, үйлесімділіктің негізгі принциптерін ескеріп, композицияға өсімдіктерді дұрыс таңдап, үйлестіре білуге үйрету.

Тәрбиелік мәні. Еңбек пен тұрмыс мәдениетіне, эстетикалық талғам мен ұқыптылыққа, зеректілікке тәрбиелеу.

Дамыту. Шығармашылықты түрде ойлауды, сұлулық пен үйлесімділікті қабылдай білуді, көзбен мөлшерлеуді дамыту.

Сабақтың әдісі. Суретпен мысал келтіре отырып (әңгімелеу, көрсетіп айту), индуктивтік (жай нәрседен күрделіге ауысу), репродуктивтік (өз бетінше жұмыс істеу), зерттеулік (неғұрлым үйлесімділікті ішінара іздестіре таңдау) әдістермен түсіндіру.

Пәнаралық байланыстар. Биология, тарих, бейнелеу, математика (пропорциялар).

Керекті материалдар. Кептірілген өсімдіктер. Композициялар үлгілері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Қатысуға бақылау жасап, жұмыс киімі мен сабаққа әзірлікті тексереді.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау (сканвордтар, карточкалар, сұрақтар).

Сабақты пысықтай түсу үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қоюға болады

  1. Фитодизайн дегеніміз не?

  2. Флористика дегеніміз не?

  3. Фитодизайн мен флористикада қандай материалдар қолданылады?

  4. Композицияның негізгі стильдері қандай?

  5. Үйдің ішін безендіруге арналған гүлдердің қандай пішіндерін білесіңдер?

ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау.

1. Өсімдіктерді, тұрғын үйлерді безендіру үшін пайдаланады.

Кез келген бөлме егер онда гүлдерден жасалған композициялар болса, тартымды әрі сәнді болып көрінеді. Гүлдер үйге сұлулық әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар үй ішінің осы заманғы дизайнының элементтері болып табылады. Кептірілген гүлдерден жасалған композициялар үйдің ішін әдемілікпен толықтыра түседі немесе тамаша бір ландшафтарды еске түсіреді. Олардың нәзік, табиғи көрінісі, жазды еске түсіріп, қала пәтерлеріне табиғи әсемдік әкеледі.

2. Композицияның тұрғын үй ішімен, сәйкес келуінің өзіндік принциптері бар (түс үйлесімі, мөлшері, пропорциялар).

Кез келген композицияның эстетикалық тұтас болуы әрі үй ішінде орналасқан жеріне жарасып тұруы керек. Үйлесім кез келген композицияның эстетикалық құндылығын айқындайды, бұған ыдыс көрінісі, орналасу орны, пішіні, түр түсі, фактурасы, сызықтары қосылады. Композиция үй ішін толықтырады және байыта түседі.

3. Масштаб, пропорциялар – бұл өсімдіктер, гүлдер, жапырақтар, вазалар, сондай-ақ дайын композициялар мөлшерінің олар тұратын ғимараттар мөлшерімен арақатынасы.

Композицияның симметриялы, көлемді, жарасымды, пропорционалды (алтын түйісу), сондай-ақ дайын айналасындағы фонның (негізгі түс), өсімдік материалымен үйлесімді тұтас болуын ескеру керек. Түсі дәл келген фон гүлдер мен сызықтардың әсемдігі мен үндестігін арттыра түседі.

Сондай-ақ жеміс сабақтарының, жапырақтарының, қабықтарының және басқа композиция құрайтын заттардың фактурасын да ескеру керек.

Түс адам миына эстетикалық, физиологиялық және эмоциялық әсер етеді. Гүлдердің тартымдылығы да осында.

4. Жасалатын композицияның түсінің гаммасымен үлгілік пішінін анықтағаннан кейін, өсімдіктермен бояуларға таңдау жүргізіледі.

Ұсынылатын өсімдіктер: анемон, шамшат, камелия, қытай шырағы, көктікен, тұмсықгүл, сомасгүл, үшкір жапырақ, айгүл, барқытгүл, пион, үкікөз, көкнәр, примула, емен, сұлы, раушан, мыңжапырақ және т.б.

5. Өсімдікті кептірудің мынадай әдістері болады:

а) табиғи жағдайда (тегіс жерде, тұрғызу, ілу);

ә) сығымдап;

б) сусымалы материалдарда (құм, ұнтақ, селикат);

в) қыздырмалы қуыс пеште;

г) қанттандыру арқылы;

ғ) глицеринде, балауызда консервілеу арқылы.

6.Үй ішін безендіруге арналған өсімдіктерді реттеудің әдістері мен түрлері:

а) құмырада, кәрзеңкеде, табиғи материалда композициялар құрастыру (6-

сыныпты қайталау).

ә) жазық «сабанда» композициялар құрастыру;

б) рамаларға ашық хаттар мен суреттер жасау;

в) фон таңдау (жапырақтар, бұтақтар, дәнді өсімдік, кепкен гүлдер);

г) өсімдік таңдау (жапырақтар, бұтақтар, дәнді өсімдік, кепкен гүлдер);

ғ) рамканы таңдау және жасау (қағаздан, картоннан, бұтақтан және басқа

материалдардан).

IV. Кіріспе нұсқау.

Табиғи материалдан жасалған әр түрлі композициялар үлгілерін көрсетеді (суреттер, ашықхаттар, сабандар, гүлдестелер).

Оқушылардың өзіндік жұмысы: 1) өсімдіктердің бір-бірімен барынша үйлесімді қалыпта орналасуына арналған гүлдермен тәжірибелік жұмыс; 2) композицияны сабанмен немесе соған ұқсас қағазбен бекіту; 3)композиция элементтерінің үйлесімділігін өзара тексеру және талдау жасау.

V. Ағымдағы нұсқау.

Аяқталған жұмыс композициясындағы өсімдіктердің үйлесімділігін тексеру.


VІ. Қорытынды нұсқау.

Сипаттамалық бағаларға талдау жасау, оқушыларға баға қою, алған білімді бекіту.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Өсімдіктер композицияда қандай ұстаным бойынша үйлесуі керек?

  • Флористикада қандай өсімдіктер қолданылады?

  • Өсімдіктерді кептіру мен консервациялаудың тәсілдерін атаңдар.

VІІ. Қорытынды кезең.

Жұмыс орны мен кабинетті тазарту.









Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Флористика өнері Светлана Баженовна кожина iconСветлана Зачарованные смертью Светлана Алексиевич Зачарованные смертью
История с мальчиком, который писал стихи через сто лет после четвертого сна Веры Павловны
Флористика өнері Светлана Баженовна кожина icon5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша жеке пәндер мазмұны (курстар, юнит бірліктері)
В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша жеке пәндер мазмұны (курстар, юнит бірліктері)
Флористика өнері Светлана Баженовна кожина icon10 класс. Технологиядән ачык дәрес
Флористика белән шөгыльләнү укучыларны дизайн элемент-ларына өйрәтү, иҗади потенциалларын үстерү, табигать дөньясына тарту, матурлыкка...
Флористика өнері Светлана Баженовна кожина iconКурбаналиев бауржан умурзакович
Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Флористика өнері Светлана Баженовна кожина iconЗаконодательное собрание новосибирской области
Пенья Сиерра Светлана Альбертовна, Гершанов Дмитрий Владимирович, Куфарева Екатерина Леонидовна, Лаврентьев Александр Васильевич,...
Флористика өнері Светлана Баженовна кожина iconОбразовательная программа: 5В040400 а народные инструменты
В040400 – «Дәстүрлі музыка өнері» (бакалавриат) мамандығының элективті пәндер каталогы
Флористика өнері Светлана Баженовна кожина iconН. А. Грибанова «27» января 2012г
Совета – 9 чел.: Грибанова Надежда Александровна, Воробьев Павел Юрьевич, Габукова Светлана Сергеевна, Германова Галина Николаевна,...
Флористика өнері Светлана Баженовна кожина iconНиколай Левашов Источник жизни 10. Вперёд в будущее
Светлана пролежала в постели более месяца, в течение которого я восстанавливал её память, которую хотели уничтожить. У паразитов...
Флористика өнері Светлана Баженовна кожина iconФ кгму 4/3 – 08/02 пп кгму 4/02
Сабақтың мақсаты: студенттерге сақтардың аң стилі өнері, көш жөнінде кең түрде мағлұмат беру
Флористика өнері Светлана Баженовна кожина iconШеф-повар ресторана домашней кухни Светлана Обжорочкина, имела страсть к разного рода соусам, кетчупу и майонезу. Приправленная ими пища была гораздо вкуснее
Вместе с тем, росла и книга жалоб… на боли в печени, пищеварительные расстройства, гастриты, аллергии, лишний вес и тому подобное....
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница