«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары




Название«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
страница1/7
Дата конвертации20.05.2013
Размер0.67 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7
Көкпекті ауданы әкімдігінің

2011 жылғы «____» _______

№ ______ қаулысымен бекітілген


«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары


Көкпекті ауылы

2011 ж


1. «Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы және пайымдауы


Миссия – тұрғын үй коммуналды кешені саласының дамуына және көлік пен коммуникациялар дамуына ықпал ету.

Пайымдау – өңір тұрғындарының қажеттілігін қанағаттандыратын коммуналдық шаруашылықтың бәсекеге қабілетті, дүние жүзілік стандарттарға сай, тиімді және дамыған жүйесі.

2. Ағымдағы ахуалды талдау


Көкпекті ауданында 56 елді мекен есептелген ауданның орталығы – Көкпекті ауылы. 2008 жылы «Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесі селолық округ әкімдерімен бірлесіп жылу көздері және инженерлік инфрақұрылым объектілеріне түгелдеу жұмыстарын жүргізген. Жүргізілген талдау жұмыстарының орташа тозуы қазандық жабдықтарына - 70%, жылу жүйелеріне - 65%, су құбыры тораптары мен канализация жүйелеріне - 85% көрсетті. Нақты шығындарға бекітілген тарифтердің сәйкессіздігінен ауданның коммуналдық кәсіпорындары өзін-өзі ақтамайды және инженерлік тораптар мен жабдықтарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қаражат жоқ.

2010 жылы Көкпекті көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның табысын ұлғайту үшін осы ұйым арқылы ауданның жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 5,0 млн. теңге табыс кіргізілді, ал Самар көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорныменжол картасы бойынша 30557,0 мың теңге сомасына жұмыстар жүргізіліп, табыс 1,5 млн. теңгені құрады және ол еңбекақы мен электр энергиясына қарызын өтеуге жұмсалды.

Сондай-ақ коммуналдық кәсіпорындардың әдеттегі жұмысының ең маңызды проблемаларының бірі материалдық-техникалық базаны күшейту, арнайы техника сатып алу болып табылады. Ассенизатор машиналар, эксковаторлар, арнайы техника аса қажет.

2011 жылы Көкпекті және Самар көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарымен «Жол картасы» бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарланып отыр. Екі кәсіпорынның жиналған қарызын қаңтар айында төлеуге және тұрғындарға қызмет көрсету саласын кеңейту есебінен өз шығынын өзі өтеуге ауыстыру жөнінде шешімі қабылданды.


1. Стратегиялық бағыты 1. Сумен қамту және суәкеткі жүйелерін дамыту және қызметін қамтамасыз ету

1.1) Дамудың негізгі параметрлері

Сумен жабдықтау

Көкпекті ауданының аумағында жалпы саны 34,905 мың адам тұратын 56 елді мекен бар. 4 елді мекеннің тұрғындары орталықтандырылған суды, 52-сі жергілікті санитарлық нормаларға сай су көздерін пайдаланады. Өңір тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамту жүйесінің қамтамасыздығы – 34,6%, орталықтандырылмағандары - 65,4% құрайды.


2007-2009 жылдардағы аудан тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамту жүйесін және тораптардың ұзындығын қамтамасыз ету туралы ақпарат



Сумен қамтамасыз етілген, %

Барлығы су құбыры тораптарының ұзындығы, км

Соның ішінде ауыстыруды қажет етеді

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Барлығы, км

Жалпы ұзындығына %

34.6

34.6

34.6

88.1

61.8

70


Аудан бойынша елді мекендердің сумен қамту және суәкеткі жүйелерінің жағдайы көкейкесті болып отыр. Көкпекті ауылының сумен қамту жүйесі Көкпекті көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның теңгерімінде тұр, ұзындығы 21,6 шақырымды құрайды. Су құбыры тораптарының тозуы 50 пайыз.

Самар ауылының су құбыры тораптары 44 км, канализация жүйесі 18,6 км құрайды, Самар көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның теңгерімінде тұр. Су құбыры тораптары және канализация жүйесінің тозуы 70 пайыз.

Новотимофеевка (16.5 км) және Палатцы (6,0 км) елді мекендерінің су құбыры тораптары және су айдауыш мұнарасы Самар көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның теңгерімінде тұр, тозуы 90 пайыз.

2010 жылы коммуналдық кәсіпорындармен тұрғындарды сумен қамтамасыздығын жақсарту бойынша біршама жұмыстар атқарылған. Су тасқыны зардаптарына қарамастан Көкпекті, Самар, Новотимофеевка, Палатцы ауылдарының тұрғындарына үздіксіз ауыз су берілді. 2010 жылы су құбырының жұмысына 10,0 млн.теңге бөлініп, игерілді.

Сапалы сумен қамту саласындағы проблемалық мәселелерді шешу үшін Новотимофеевка және Палатцы ауылдарындағы су құбыры тораптарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Самар және Көкпекті елді мекендерін сумен қамтамасыз ету бойынше жобалауға қаражаттың жоқтығынан, жобалық-сметалық құжаттама дайындауға инвесторларды тарту жұмыстарын жүргізу керек.

Көкпекті ауданының тұрғындарын қажетті көлемде және кепілдендірілген сапада ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін Тассай, Казнаковка, Үлгілімалшы, Бастаушы, Теректі, Белое, Көкжайық, Преображенка, Үлкенбөкен, Ажа ауылдарында сумен қамту жүйелерінің құрылысы және қайта құру жұмыстарына бағытталған ауданның селолық елді мекендерінде инвестициялық жобаларды іске асыру қажет.

Суәкеткі

Ауданда орталықтандырылған суәкеткі жүйесі Самар ауылында жұмыс істейді. Канализация тораптары 22,1 км құрайды, тораптардың тозуы 70%. Суәкеткі тарифі 36,1 теңге/м3. 2009 жылы Көкпекті ауылының канализация тораптарының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, құны 305,0 млн. теңге.


2007-2009 жылдарға аудан тұрғындарының суәкеткі қызметтерімен қамсыздандырылу деңгейі:







2007

2008

2009

Тұрғындарды суәкеткі қызметтермен қамсыздандырылу деңгейі

%

6,6

6,6

6,6

Канализация тораптарын жөндеу

км

-

-

-

Тазарту құрылыстарын күрделі жөндеу

дана




-

-


1.2) негізгі мәселелердің анализі

Сумен жабдықтау

Аудан тұрғындарын коммуналдық-тұрмыстық сумен жабдықтау жүйесінде 61,8 шақырым су құбыры бар. Тораптардың жағдайы нашар, мұның себебі тұрғындармен тораптарға су шығынының қайтарылмайтын зор көлемі және су тұтынудың меншікті нормаларын ұлғайту болып табылады.

Саланың жағдайын бағалау үшін SWOT анализ жүргізілген:

Күшті жақтары:

1. тұщы жер асты су қорының жеткілікті деңгейі;

2. ауыз суға жоғары мұқтаждығы;

3. жұмыс істеп тұрған сумен жабдықтау жүйелерінің бары;

4. тұрғындардың сапалы ауыз суға 62,9 пайызға дейін қол жеткізу көрсеткішіне жетуі;

5. жұмыс істеп тұрған пайдалану қызметтерінің бары;

Нашар жақтары:

1. қолдағы бар тұщы жер асты суларын жеткіліксіз пайдалану;

2. сумен жабдықтау объектілері және тораптарында апаттық жағдайлар, шығындар, ауыз су сапасының төмен деңгейі секілді тозудың бар болуы;

3. негізгі өндіріс қорының оны жаңартудан қарағанда тозу процесі өте тез қарқынмен жүруде;

4. жаңа сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы және қолдағы бар жүйелерді қайта құруға мемлекеттік және меншік инвестициялардың жетіспеушілігі;

5. жұқпалы аурулардың туындау қаупі;

6. ауданда берілетін судың сапасына бақылау жүргізетін зертханалардың жоқтығы.

Қатерлері:

1. табиғи тозуына байланысты жабдықтан бас тарту мүмкіндігі, қоршаған ортаға келеңсіз әсер ету қаупі;

2. ұзақ мерзім бойы пайдалану салдарынан туындаған сумен жабдықтау объектілерінің қанағаттандырылмаған техникалық жағдайы;

3. тұрғындар денсаулығының нашарлауына әкеп соғатын ескірген су дайындау технологиялары қолданылады;

4. апаттың өсуі.

Мүмкіндіктері:

1. тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

2. сумен жабдықтау жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту, су және су дайындау технологияларын тазарту шығындарын өсіру;

3. қазіргі заман талабына сай тиімді технологияларды еңгізу мүмкіндігі;

4. материалдық-техникалық базасын жарақтандыру жолымен пайдалану қызметін жетілдіру.

Суәкеткі

Саланың жағдайын бағалау үшін SWOT анализ жүргізілген:

Күшті жақтары:

Нашар жақтары:

1. канализация тораптарының 70% нашар жағдайда тұр және ауыстыруды қажет етеді.

Мүмкіндіктері:

1. Суәкеткі, канализация жүйелері, тазарту құрылыстары және канализация тораптарын жөндеу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру тұрғындардың суәкеткі қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қатерлері:

1. Суәкеткі, канализация жүйелері, тазарту құрылыстары және канализация тораптарының объектілерін жөндеу бойынша жобалардың мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыруы объектілерді іске қосуға еңгізу мерзімдерін үзуі мүмкін және тұрғындардың санитарлық-экологиялық салауаттылығына келеңсіз әсер етеді.

1.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сумен жабдықтау

Сумен жабдықтау жүйесін дамытуға сыртқы факторлар сияқты ішкі факторларда ықпал етті.

Тұрғындарды сумен қамтамасыз етуді шешу жолы 2010-2015 жылдарға арналған «Ауыз су» өңірлік бағдарламасында көрсетілген. Әрекет етіп отырған «Ауыз су» бағдарламасы шегінде 2007 жылдан 2009 жылға дейін бюджет қаражатынан 199,215 млн. теңге, республикалық бюджеттен 174,615 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 24,6 млн. теңге игерілген (2 кестені қараңыз).

2003-2010 жылдар аралығында Көкпекті және Самар ауылдарының сумен жабдықтау жүйелерінде күрделі жөндеу жұмыстары, сыйымдылығы 25 текше метр су құбыры мұнарасына және 0,6 км Көкпекті ауылының су құбыры тораптарына ағымдағы жөндеу жұмыстары іске асырылып, 8,6 км Самар ауылындағы айдамалы су құбырына қайта құру жұмыстары жүргізілген.


«Ауыз су» бағдарламасы шеңберінде бюджеттен игерілген қаражат көлемінің өзгеру динамикасы





2007-2009

2007

2008

2009

Барлығы, млн.теңге:

199,215

101,615

0,600

97,0

РБ

174,615

101,615

-

73,0

МБ

24,600

-

0,600

24,0



Суәкеткі

70 жылдары салынған тазарту құрылыстары өз пайдалану ресурстарын әлдеқашан істеп шығарды, құрылыстың жобалық қуаттылығы жеткіліксіз, осының салдарынан ауданның өзеніне жеткіліксіз тазаланған шаруашылық-тұрмыстық, өндіріс ағынды сулары мен жауын-шашын сулары төгіледі.

Себебі тазарту құрылыстарының кешені шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды тазалауға арналған, өндіріс ағынды сулары түскен кезде биологиялық тазалау қиындайды (микрофлора өледі), қоршаған ортаға нұқсан келтіріледі. Нәтижесінде ауданның су шаруашылық жүйелерінде нормативтік техникалық шығындардың орташа деңгейі 30-35 пайызды құрайды.

2. Стратегиялық бағыты 2. Елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету

2.1) Дамудың негізгі параметрлері

Ауданның елді мекендерінде автокөлік апатының төмендеуі және жол қозғалысы қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі.

2.2) Негізгі мәселелердің анализі

Елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін мақсатында алдын алу және жөндеу жұмыстарын дер кезінде жүргізу арқылы жол қозғалысын реттеуді қамтамасыз ететін құрылғылардың тиісті дәрежедегі техникалық жағдайын қамтамасыз ету қажет.

2.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Қойылған мақсатқа қол жеткізу және белгіленген міндеттерді шешу үшін техникалық талаптарға сай бағдаршамды уақытында күтіп ұстау және қажетті жөндеу жұмыстары іске асырылатын болады, нәтижесінде бағдаршамның жұмыс істемей тұрған уақыты азаяды, 2009 жылдың деңгейінен 2013 жылға 2,5 сағат және 2015 жылға 2 сағат.

Тазарту құрылыстарын тым сапалы пайдалану және істен шығуына жол бермеу мәселелерін шешу мақсатында канализация тораптарына жөндеу жұмыстары қажет.

3. Стратегиялық бағыты 3. Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының саласында мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде жүзеге асыру бойынша қызметтер

3.1) Дамудың негізгі параметрлері

Мемлекеттік орган жұмыстарының жетістіктері бірінші кезекте кадрлардың кәсіби дайындығына байланысты.

Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыруға бөлімнің қажеттілігін қанағаттандыру бойынша біріңғай мемлекеттік кадрлар саясатын іске асыру мақсатында, мемлекеттік қызметті кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру Ережелерін бекіту туралы» №1457 Жарлығына сәйкес жүргізіледі.

Алдына қойылған міндеттердің барлық кешенін тиісті деңгейде шешуге қабілетті кәсіби кадрларды іріктеу және орналастыруға қатты көңіл аударылады.

2011 жылдың 1 қаңтарына бөлімнің штаттық саны 5 бірлікті құрайды.

3.2) Негізгі мәселелердің анализі

Коммуналдық сала, жол тораптары, инженерлік коммуникация объектілерінің тиісті дәрежедегі жағдайда тұруына байланысты өтініштер мөлшері және оны дер кезінде қарау, жауап қайтару үшін мемлекеттік қызметкерлердің үнемі біліктілігін арттыру көкейтестілігі артты.

2009-2010 жылдардың есеп беру кезеңіне азаматтардан түскен өтініштердің тиісінше 65-70 пайызы қанағаттандырылды, бұл стратегияға бағытталған жоспарды дамытуға жеткіліксіз.

Басты мақсат – орындаушылық және еңбек тәртібін, жұмыс сапасын тиісті деңгейге көтеру, ұжымда дұрыс моральдық-психологиялық климатты қамтамасыз ету, басшылық пен қызметкерлер арасында өзара құрметтеу және сенім білдіруге негізделген басқарудың қазіргі заманға сай формалары мен әдістемесін енгізу. Осының негізінде аппараттың тиімді қызметіне қол жеткізу.

3.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

2009-2010 жылдардың есеп беру кезеңіне азаматтардан түскен өтініштердің тиісінше 65-70 пайызы қанағаттандырылды, бұл стратегияға бағытталған жоспарды дамытуға жеткіліксіз.

Сонымен қатар бөлімнің қызметі ішкі факторлардың мынандай қатарына да байланысты:

- мемлекеттік қызметтің кәсіби мүмкіндігінің күрт төмендеуіне әкеп соғатын білікті кадрлардың тапшылығы – дамытуға арналған міндеттерінің жолын орындауға қабілетсіздігі;

Тұрғын үй коммуналды шаруашылық саласы, көлік және жол саласының спецификасына байланысты, бөлімге азаматтардан көптеген өтініштер түседі, туындаған мәселені жою бойынша өтініштерді қарап, тиісті шаралар қабылдау керек. Сонымен қатар, бөлімнің мамандарымен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізу жұмыстары, объектілерде, соның ішінде 2009-2010 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру шегінде өте көп орындалған жұмыс көлемін құраған жөндеу жұмыстарын жүргізу барысына бақылау жүргізіледі. Ауданның жылумен, сумен жабдықтау және суәкеткі жүйелерінің ескіруіне байланысты күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын және уақыт өтуіне байланысты үлкен шығынды қажет етеді, Бөліммен іске асырылатын көптеген бюджеттік бағдарламалар осыған байланысты. Соңғы жылдары ақпараттың көп түсуі 5-6 есеге өскенін атап айту керек, ал барлық жұмысты 3 маман жүргізеді. Барлық түскен ақпаратты толық көлемде және уақытында орындауға мүмкіндік жоқ.


4. Стратегиялық бағыты 4. Жеке санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету

4.1 Саланы дамытудың негізгі параметрлері

2011 жылдың 1 қаңтарына Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға №1 тізім бойынша кезектілігі (әлеуметтік қорғалған топтағы тұрғындар) 176 отбасыны, №2 тізім бойынша кезектілігі (мемлекеттік қызметкерлер, бюджет саласының жұмысшылары, әскери қызметшілер) 72 отбасыны құрайды. Ауданда мемлекеттік, кредиттік және жалға беру пәтерлері салынбайды. 2009 жылы облыстық бюджет қаражатынан Көкпекті ауылында 36 пәтерлі тұрғын үй құрылысының жерін бекітумен жобалық-сметалық құжаттама жасалған, ауданды дамыту жоспары бойынша құрылысы 2011 жылға жоспарланған.

4.2 негізгі мәселелердің анализі

2009-2010 жылдары ауданда бюджет қаражатынан кредиттік және жалға беру пәтерлерінің құрылысы жүзеге асқан жоқ. . 2009 жылы облыстық бюджет қаражатынан Көкпекті ауылында 36 пәтерлі тұрғын үй құрылысының жерін бекітумен жобалық-сметалық құжаттама жасалған, ауданды дамыту жоспары бойынша құрылысы 2011 жылға жоспарланған.

Әлеуметтік шиеленісушілікті төмендету мақсатында тұргын үйлерге сұранысты қанағаттандыру, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру саласының кәсіби кадрларын орнықтыру үшін 2011 жылы коммуналдық пәтерлер сатып алу жоспарланып отыр.

4.3 Негізгі сыртқы және ішкі факторлады бағалау

2010 жылдың есеп беру кезеңінде 4 пәтер сатып алынды. Бөлінген қаражат 100 пайызға игерілді.

Жоспардың одан әрі орындалуын қамтамасыз ету үшін «Жеке санаттағы азаматтарды пәтермен қамтамасыз ету» 004 бағдарламасы бойынша 2011-2013 жылдарға қаржыландыру қарастырылған.


5. Стратегиялық бағыты 5. Ауданның елді мекендерінің тазалығын қамтамасыз ету
  1   2   3   4   5   6   7

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
«Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015...
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары iconТапсырмашы: Мемлекеттік сатып алу жұмыстары «Ертіс ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
Мемлекеттік сатып алу жұмыстарының ұйымдастырушысы «Ертіс ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль...
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары iconТапсырмашы: Мемлекеттік сатып алу жұмыстары «Ертіс ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
Мемлекеттік сатып алу жұмыстарының ұйымдастырушысы «Ертіс ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль...
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon2010 – 2015 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің стратегиялық жоспары
Шемонаиха ауданында 40 елді мекен, сонымен қатар 2 кент (Усть-Таловка және Первомайский), 37 ауыл және аудан орталығы –Шемонаиха...
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыт, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралары мен көрсеткіш нәтижелері
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм павлодар қаласы, Кривенко,...
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм павлодар қаласы, Кривенко,...
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм павлодар қаласы, Кривенко,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница