«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары




Название«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
страница2/7
Дата конвертации20.05.2013
Размер0.67 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7

5.1) Дамудың негізгі параметрлері

2010 жылы ауданның елді мекендеріндегі көшелерді жарықтандыруға аудан бюджетінен 6000,0 мың теңге бөлінген, елді мекендерді көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарына 16337,7 мың теңге, сондай-ақ ауданның елді мекендерінің тазалығын қамтамасыз етуге 7847,0 мың тенге бөлініп, игерілді.

Көкпекті ауылында көріктендіру бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар шеңберінде «Жеңіс» серуентоғайын бөлу және көріктендіру жұмыстары, сондай-ақ ауданның барлық елді мекендерінде көріктендіру жұмыстары жүргізілді, жұмыс барысында 60 км көшелер мен жолдар, 10 га серуентоғайлар, гүл бақтары және алаңдар, 9020 тұрғын үй ауласының аумақтары, мектеп, балабақша оқу орындарының және мәдениет мекемелерінің 70 аумағы тазаланды. Қатты – тұрмыстық қалдықтарды кәдеге асыру үшін 3 полигонның жағдайы ретке келтірілді, 5500 текше метр қоқыс шығарылды, 65,6 км су құбыры тораптарын тексеру және зарарсыздандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. 6700 ағаштар, 1400 қума метр бұталар, 2000 м2 гүлзарлар отырғызылды. 8 ескерткіштер және қоса берілген аумақтарына көріктендіру және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан үшін көріктендіру мәселелерінің бірі қатты тұрмыстық қалдықтар орнын күтіп ұстау болып табылады. Жылдан жылға қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы кейіңге қалдырылып келеді. Елді мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтарға ұйымдастырылған қоқыс тастайтын жерлер бар, ауылдық округтармен қоқысты өндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Жол картасы» бойынша жобаны іске асыру барысында 2010 жылы төмендегі жұмыстар жүргізілген:

1). Көкпекті ауылында Аухадиев, Би-Боранбай, Абай көшелерін жарықтандыру 4 км.

2). Казнаковка ауылының көшелерін жарықтандыруға ағымдағы жөндеу 1,6 км.

3). Самар ауылындағы жаяу жүретін көпірлерді, көшелерді, қоршауларды жарықтандыру, серуентоғай құрылғыларына ағымдағы жөндеу.

«Жол картасы» жобасын іске асыру бойынша 2011 жылы төмендегі жұмыстарды жүргізу қарастырылған:

1) 5891,0 мың теңге сомасына Самар ауылындағы Горохов көшесіндегі тротуарға орташа жөндеу.

2) 20000,0 мың теңге сомасына Самар ауылының көшелерін көріктендіру.

3) 7468,0 мың теңге сомасына Үлкенбөкен ауылын жарықтандыру.

4) 4571,0 мың теңге сомасына Преображенка ауылын жарықтандыру.

5.2) Негізгі мәселелердің анализі.

Өткізілген SWOT –анализі негізінде саланың келесі негізгі проблемалары анықталды.

1. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің аула аумақтарының 80 пайызы, ең алдымен өтетін жерге және балалар алаңы мен спорт алаңдарына жөндеу жұмыстарын, жасыл көшеттерді түгелдеу, ескі ағаштарды алып тастау жұмыстарын қажет етеді.

2. Орман алаңдарының қысқаруына байланысты елді мекендерді көгалдандыру, жол шетіне орман жолақтарын құру жұмыстарын жалғастыру қажеттілігі туындайды.

3. Аумақтарды көгалдандыру және көріктендіру бойынша конкурс өткізу үшін жыл сайын ауданның бюджетінен қаражат бөлуді қарастыру керек.

4. Аудан үшін көріктендіру мәселелерінің бірі қатты тұрмыстық қалдықтардың орнын күтіп ұстау болып табылады. Қоқыс экологиялық кодекстің талаптарына жауап бермейтін және қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына ресми мәртебесі жоқ ұйымдастырылмаған қоқыс тастайтын жерлерге шығарылып, өнделеді. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару бойынша арнайы кәсіпорындар жеткіліксіз.

5.3) Саланы дамытудың негізгі сыртқы және ішкі факторларын бағалау

Саланың жағдайын бағалау үшін SWOT анализ жүргізілген:

Күшті жақтары:

1. Көшелер мен жолдар, серуентоғайлар, алаңдар аумағын, тұрғын үй ауласының аумақтарын, кондоминиум объектілерін, мектеп және мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізілетін аумақтарды көріктендіру және көгалдандыру жөнінде іс-шаралар жоспарын жыл сайын өткізу.

Нашар жақтары:

1. аумақтарды көріктендіру және көгалдандыру бойынша іс-шараларды жеткіліксіз қаржыландыру.

Мүмкіндіктері:

1. Аумақтарды көріктендіру, қасбеттер, аула аумақтарын, гүл бақтарын, серуентоғайларды және т.б. жөндеу бойынша мемлекеттік-меншік әріптестігінің келешегі;

Қатерлері:

1. Ауданның елді мекендерінің нашар санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы, елді мекендердің жарамсыз бейнесі, шатырлар, қасбеттер жағдайының нашарлығы секілді тұрғын үй қорының, көркейту элементтерінің қарқынды ескіруі.


Жылумен жабдықтау

Ауданда орталық от жағу жүйесі жоқ, бірақ 42 ұсақ бюджет қазандықтары есептеледі, соның ішінде қатты отынмен 21 қазандық, сұйық отынмен 3, электр жүйесімен 18 қазандық.

Жылу тораптары мен қазандық жабдықтарының техникалық жағдайы қанағаттандырарлық. Қазандық жабдықтарының орташа тозуы 60,0%. Мәселені шешу үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлу қажет.

Білім беру объектілері бойынша жылыту жүйелері іске қосылған кезден бастап ауыстырылмаған, осыған байланысты ауданның 10 мектептерінің жылыту жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және қазандықтарын ауыстыру қажет. Жөндеу жұмыстарына шамамен 50.0 млн.теңге керек, сондай-ақ 70,0 млн. теңге сомасына Самар ауылындағы №1 аудандық аурухананың жылыту жүйесі және қазандығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Сонымен қатар, ауданда Көкпекті ауылындағы көп пәтерлі тұрғын үйлер және бюджет саласы объектілерінің қосылуымен орталық қазандық құрылысы, сондай-ақ қазіргі заманға сай энергия технологияларын, соның ішінде білім беру объектілерінде жылу насос қондырғыларын енгізу жоспарланып отыр.

Электрмен жабдықтау

Көкпекті аудандық электр станциясымен 2010 жылы электрмен үздіксіз қамтамасыз етуге 237,2 км электр беру желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді, 41 дана ТП/КТП жөнделді. 889 км, 666 дана ТП/КТП электр беру желілеріне пайдалану қызметтері жүргізілді. Жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде ВЛ 0,4 кВ және ВЛ 10 кВ электр беру желілерінде апаттық жағдайлар қысқарды. Көкпекті ауданының энергиямен жабдықтау ұйымы жоғары өткізгіштік техникалары бар ұйымдармен келісімшарт жасады, нәтижесінде елді мекендерде апатты жою уақыты қысқарды.


Газбен жабдықтау

Аудан бойынша орталық газбен жабдықталған тұрғын үйлер жоқ. Ауданның тұрғындары балон газды қолданады. Қазіргі уақытта балонның орташа құны: 27 литрі – 1600 теңге, 50 литрі – 3200 теңгені құрайды.


Тұрғын үй қоры

Ауданда барлығы тұрғын үйлер – 9507. Көп пәтерлі үйлер – 58, жалпы алаңы 19,1 мың м2. Тіркелген кондоминиумдар жоқ.

Қазіргі уақытта аудан бойынша инженерлік инфрақұрылымның тозуы 40-80%. Жалпы, коммуналдық қызмет көрсетіп отырған кәсіпорын өзін өзі ақтамайды. Сатып алушының өз құнынан артып кеткен тарифтер бойынша қызметтерге төлем жүргізудің төмен дайындығы және техникалық қызмет көрсетуді жеткіліксіз қаржыландыру.

Жалпы, аудан бойынша инженерлік инфрақұрылым объектілерін қалпына келтіру, қайта құру және жаңғырту бойынша дамыту мәселесі дереу шешуді талап етеді.

2011 жылы 6,0 млн. теңге сомасына Самар ауылындағы 6 коммуналдық пәтерлерді жөндеу жоспарланған.


6. Стратегиялық бағыты 6. Ауданның автожол инфрақұрылымын дамыту

6.1) Реттеуші саланы дамытудың негізгі параметрлері

Автожол саласының инфрақұрылымын дамыту деңгейін ұлғайту жөнделген жолдардың жеке көлемінің артуы.

6.2)Негізгі мәселелердің анализі

Ауданның аумағы бойынша 149 км республикалық маңызы бар жолдар, 221 км облыстық маңызы бар жолдар созылып жатыр,

Ауданда жергілікті маңызы бар жолдар 489 км құрайды, соның ішінде асфальт-бетон жамылғысымен 12 км (2,5%), қара қиыршық тас жамылғысымен 134,6 км (27,5%), қиыршық ұсақ тас жамылғысымен 321,9 км (65,8%), қара жол 20,5 км (4,2%). Жаңа автожолдардың құрылысы 2011-2015 жылдарға жоспарланбаған.

6.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Автомобиль жолдары және қоса берілген құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету және жағдайын жақсартудың негізгі бағыттары республикалық және жергілікті бюджет қаражаттарына үлесін қосу негізінде инвестициялық жобалар, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, барлық селолық елді мекендерде көлікке қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Жол жамылғысының шығынға ұшырау қабілеті жол шаруашылығының басты мәселесі болып тұр.

2010 жылы «Жол картасы» бойынша Көкпекті өзені арқылы өтетін көпір үсті және Көкпекті ауылының Аухадиев, Абылайхан, Әуезов, Абай, Астана көшелерімен жүретін жерлеріне 111840 мың теңге сомасына орташа жөндеу жұмыстары бойынша 4 жоба іске асырылды.

Өскемен-Тарғын-Самар автожолдарына күрделі жөндеу жұмыстары, 6,8 км асфальт-бетон жамылғысы жүргізілген, сондай-ақ Көкпекті-Самар автожолдарына күрделі жөндеу жұмыстары және 5052 м2 көлемінде Көкпекті-Самар-Васильевская су өткеліне шұңқырды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жүзағаш өзені арқылы бұзылған көпірді қалпына келтіру бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 82059 мың теңге сомасында ақша қаражаты «Парыз» қоғамдық қорынан бөлінді. 5,7 км жергілікті маңызы бар автожолдардың шайып кеткен телімдерінде 8 млн. 705 мың теңге сомасына қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 7,0 млн. теңге сомасына Көкпекті ауылындағы 0,4 км Абай және 0,4 км Аухадиев көшелерін асфальттау жұмыстары жүргізілген.

2010 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұсталуына 10650,0 мың теңге бөлінген, бірақ ауа-райының қиын жағдайынан (қардың жиі жаууы, боран) нақты жұмыс көлемі 57000,0 мың теңге сомасына орындалды. Қазіргі уақытта жол ұйымдарының алдында қарызы 13 млн. 368 мың теңге сомасында төленген.

2011 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұсталуына 16135,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінген. Ауданды дамыту өңірлік бағдарламасын іске асыру жоспары бойынша 2011 жылы «Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы» км 27-54 автожолдарына орташа жөндеу жұмыстары қарастырылған.

Жолдарды күтіп ұстау нормаларын қатаң сақтау кезінде ғана күні бұрын бұзылуын тоқтату мүмкін.

Бұл біріншіден, қайта құру және оңалтудан өткен жол телімдеріне қатысты. Сонымен қатар, қаражаттың жетіспеушілігі күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын орындау бойынша жөндеу аралық мерзімдерді сақтамауға әкеледі. Нәтижесінде автожолдар жылдан жылға жөнделмей қалып отырады, бұл келесі жолы толығымен қайта құру жұмыстарын жүргізуге әкеп соғады.

Ауданның автожол саласын дамыту үшін автомобиль жолдарына қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін жөндеу аралық мерзімдерді сақтау негізгі және маңызды факторлардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, мемлекеттік-меншік әріптестігінің механизімін дамыту керек. Автожол саласына халықаралық стандарттардың сапасын басқаруды енгізу қажеттілігі бар.

Аталған саланың тұрақты дамуына кедергі болатын қатерлер мыналар болып саналады:

  1. Сыртқы және ішкі конъюнктураның нашарлау мүмкіндігімен байланысты макроэкономикалық қатер;

  2. Бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

  3. Бағалы қатерлер;

  4. Заңнамалық қатерлер;

  5. Техногенді және экологиялық қатерлер;

  6. Кадрлар қаупі.



001 Бюджеттік бағдарламасы
                          Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі

«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдарының бөлімі» ММ

Бюджеттік бағдарламалар

001 «Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің

қызметін қамтамасыз ету»


Сипаттама

Еңбек ақы, салық және басқа да міндеттерге төлемдерді төлеу, негізгі қаражатты және т.б. күтіп ұстау және қызмет көрсету

Көрсеткіштер

Атауы

Өлшем бірліктері

Есеп беру кезеңі

Жоспарлау кезең

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Мақсатты трансферттердің аударылуы







Стратегиялық бағыты

Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

Мақсаты

Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

Міндеттері

Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

Сапа көрсеткіштері

ИСО СМК сәйкестігі

























Тиімділік көрсеткіштері

Тікелей нәтижеге сәйкес бюджет қаражатын пайдалану

%

100

100

100

100

100


100

100

Нәтиже көрсеткіштері

ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

























Сан көрсеткіштері

ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

























Бағдарламаны іске асыру шығындары

Аудандық бюджет қаражаты

мың
тенге

5840

8439

9230

10277

11716







             

1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
«Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015...
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары iconТапсырмашы: Мемлекеттік сатып алу жұмыстары «Ертіс ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
Мемлекеттік сатып алу жұмыстарының ұйымдастырушысы «Ертіс ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль...
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары iconТапсырмашы: Мемлекеттік сатып алу жұмыстары «Ертіс ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
Мемлекеттік сатып алу жұмыстарының ұйымдастырушысы «Ертіс ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль...
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon2010 – 2015 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің стратегиялық жоспары
Шемонаиха ауданында 40 елді мекен, сонымен қатар 2 кент (Усть-Таловка және Первомайский), 37 ауыл және аудан орталығы –Шемонаиха...
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыт, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралары мен көрсеткіш нәтижелері
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм павлодар қаласы, Кривенко,...
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм павлодар қаласы, Кривенко,...
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм павлодар қаласы, Кривенко,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница