Әл-Фараби 2010 Пәндік олимпиада (алда Олимпиада) туралы ереже Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырушылық-әдістемелік




Скачать 57.02 Kb.
НазваниеӘл-Фараби 2010 Пәндік олимпиада (алда Олимпиада) туралы ереже Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырушылық-әдістемелік
Дата конвертации20.05.2013
Размер57.02 Kb.
ТипДокументы
Әл-Фараби – 2010 Пәндік олимпиаданы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізеді.

 

Жалпы ережелер

 

Әл-Фараби – 2010 Пәндік олимпиада (алда – Олимпиада) туралы ереже Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыздандырылуын, қатысу тәртібін, жеңімпаздарды және жүлдегерлерді анықтау және құқықтарын, Олимпиада жұмыстарын орындауды бағалау әдістемесін анықтайды.


Олимпиаданың негізгі мақсаты және міндеті дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету, білімді насихаттау және мектеп оқушыларында шығармашылық қабілеттілігін дамыту.  


Олимпиада жеке пәндер олимпиадасынан (пәндер жиынтығынан) тұрады. Жеке Олимпиадалар келесі жалпыбілімдік пәндерден тұрады: география, биология, физика, математика, химия, дүниежүзілік тарих, Қазақстан тарихы, орыс тілі, қазақ тілі, орыс әдебиеті, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі.

 

Олимпиаданың ресми сайты: www.kaznu.kz.

 

 

Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі


Олимпиада бір турдан тұрады. 


Олимпиадаға білім беру мекемелерінің (мектеп, гимназия, лицей) 11 сынып оқушылары қатысады.


Олимпиаданы өткізу мерзімі: 15 қарашадан 2009 ж. 10 сәуір 2010 ж. дейін 


Қатысушыларды ҚазҰУ сайтында тіркеу – 15 қарашадан 2009 ж. 10 ақпан 2010 ж. дейін. Оқушыларға сайтта тіркелу қажет, сонымен қатар мектеп директоры облыстық Білім басқармасына қатысу туралы сұраным жіберу керек. Сұранымда мектеп директоры Олимпиада пәнін және пән бойынша қатысушылар санын көрсетеді.  


Олимпиаданы облыстарда өткізу: 

Алматы облысы, талдықорған қ. – 26 ақпан 2010 ж.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ. – 26 ақпан, 2010 ж.

Маңғыстау облысы, Ақтау қ. – 26 ақпан, 2010 ж.

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ. – 26 ақпан, 2010 ж.

Атырау облысы, Атырау қ. – 26 ақпан, 2010 ж.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ. – 26 ақпан, 2010 ж.

Қызылорда облысы, Қызылорда қ. – 26 ақпан, 2010 ж.

Жамбыл облысы, Тараз қ. – 26 ақпан, 2010 ж.

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ. – 26 ақпан, 2010 ж.

Ақмола облысы, Көкшетау қ. – 26 ақпан, 2010 ж.

Павлодар облысы, Павлодар қ. – 26 ақпан, 2010 ж.

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ. – 26 ақпан, 2010 ж.

Қостанай облысы, Қостанай қ. – 26 ақпан, 2010 ж.

Карағанды облысы, Қарағанды қ. – 26 ақпан, 2010 ж.

Астана қ. – 26 ақпан, 2010 ж.

Алматы қ. – 13 наурыз, 2010 ж.

 

Олимпиада қорытындысын шығару – 14 наурыз, 2010 ж. – 1 сәуір, 2010 ж.

 

Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау – 17 сәуір, 2010 ж.

 

Олимпиаданы ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыздандыру

 

Олимпиаданың ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарын жүргізу үшін Оргкомитет құрылады.

 

Оргкомитет құрамы Олимпиада өткізу тәжірибесі бар академиялық сұрақтар жөніндегі Департамент қызметкерлерінен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУтің профессорлық-оқытушы құрамынан және сыртқы сарапшылардан қалыптастырылады.

 

Оргкомитет келесі сұрақтарды шешеді:

Олимпиаданың бүкіл шараларының орындалуын қамтамасыздандырады;

Олимпиада өткізу орнын және мерзімін анықтайды;

on-line режимде қатысушылардың тіркелуін ұйымдастырады;

Олимпиада сайтын дайындайды және жетілдіреді;

Шығатын комиссия құрамын қалыптастырады;

Олимпиада сұрақтарын дайындайтын комиссия құрамын қалыптастырады;

Олимпиада жүлдегерлерін бекітеді;

Апелляциялық арыздарды қабылдайды және қарастырады;

Жылдық есеп тапсырады;

Олимпиада ережесі бойынша басқа да функцияларды орындайды;

 

Олимпиада сұрақтарын дайындайтын комиссияға Олимпиада пәндеріне сәйкес факультеттердің профессорлары және жетекші мұғалімдері кіреді.


Олимпиада сұрақтарын дайындайтын комиссия: 

Олимпиада пәндері бойынша сұрақтар дайындайды;

Олимпиаданың бүкіл пәндері бойынша жұмысты бағалау әдістерін және шарттарын дайындайды;

Олимпиада қатысушыларының жұмысын тексереді;

Оргкомитетке бекіту үшін бүкіл пәндер бойынша Олимпиада жеңімпаздарының тізімін ұсынады;

Олимпиада Оргкомитетіне есеп тапсырады;

Олимпиада ережесі бойынша басқа да функцияларды орындайды;

 

Сарапшы комиссия:

Олимпиада сұрақтарының мектеп бағдарламасына сәйкестігін тексереді;

Олимпиада сұрақтарын бекітеді, протоколдайды және ой-пікірмен бекітеді;

Олимпиада ережесі бойынша басқа да функцияларды орындайды;

 

 

Олимпиада жұмысын орындауын бағалау әдісі

 

Олимпиада жұмысын орындағаны үшін максималды балл – 100 балл.

 

Жеңімпаздар және жүлдегерлер облыс және пән бойынша Олимпиада жұмысын орындағаны үшін жоғары балл алғанына баланысты анықталады.

 

Олимпиада жеңімпаздары және жүлдегерлерінің құқықтары

 

Олимпиаданың әр пәні бойынша жеңімпаз болып, ең үздік көрсеткіш көрсеткен және І орын дипломын алған оқушы саналады. Жүлдегерлер болып, ІІ және ІІІ орын дипломын алған оқушылар саналады.


Егер таңдаған жоғарғы оқу орны 027 – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және мамандығы Олимпиада пәніне сәйкес келсе, білім грантын алуға конкурс өткізу кезінде, басымдылық құқығын әл-Фараби Олимпиадасының жеңімпаздары (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломмен марапатталғандар) алады.

 

Жүлделі орын алмағандар, бірақ қойылған Олимпиаданың деңгейін өткендер ҚазҰУне алғашқы қабылдануға құқық беретін сертификаттармен марапатталады және автоматты түрде тіркеу кезінде, қосымша түсу сынағынан өтті деп саналады

 

Олимпиада жеңімпаздарына, жүлдегерлеріне, қойылған деңгейді өткен қатысушыларға оқуға төлеу кезінде жеңілдіктер ұсынылады:

- I курс – жеңілдіктер болмайды;

- II курс – І курстың семестрлік сессия көрсеткіштеріне байланысты, оқуға 25% жеңілдік беріледі;

- III курс – І және ІІ курстың семестрлік сессия көрсеткіштеріне байланысты, оқуға 50% жеңілдік беріледі;

- IV курс – GPA көрсеткіші > 3.5 болса, оқуға 100% жеңілдік беріледі.

 

Олимпиада нәтижесімен келіспеген қатысушылар апелляцияға бере алады.

 

Аппеляция Олимпиада Оргкомитетіне беріледі және Оргкомитет берушінің қатысуымен қарастырады.

 

Олимпиаданы қайта тапсыруға болмайды.


 

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Әл-Фараби 2010 Пәндік олимпиада (алда Олимпиада) туралы ереже Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырушылық-әдістемелік icon2012/2013 оқу жылындағы «Леонард Эйлер атындағы Олимпиада» математикалық конкурсы туралы ереже
Олимпиада – осы Ереженің 1 және 2 тармақшаларына сай келетін, Ресей Федерациясының оқу орындарында оқитын оқушыларына арналған математикалық...
Әл-Фараби 2010 Пәндік олимпиада (алда Олимпиада) туралы ереже Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырушылық-әдістемелік icon2009/2010 оқу жылындағы Леонард Эйлер Олимпиадасы туралы ереже
Олимпиада – осы Ереженің 1 және 2 тармақшаларына сай келетін, Ресей Федерациясының оқу орындарында оқитын оқушыларына арналған математикалық...
Әл-Фараби 2010 Пәндік олимпиада (алда Олимпиада) туралы ереже Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырушылық-әдістемелік icon«Информатика пәні бойынша үздік оқу-әдістемелік кешені» облыстық байқауын өткізу туралы ереже
Осы Ереже информатика пәні бойынша үздік оқу-әдістемелік кешенін өңдеу бойынша облыстық байқаудың өткізілу тәртібі мен міндеттерін...
Әл-Фараби 2010 Пәндік олимпиада (алда Олимпиада) туралы ереже Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырушылық-әдістемелік iconІІ. Жас мамандар слетіне қатысушылар
Бұл ереже колледж бойынша жас мамандар слетінің мақсаты мен міндеттерін, және өткізу тәртібін анықтайды
Әл-Фараби 2010 Пәндік олимпиада (алда Олимпиада) туралы ереже Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырушылық-әдістемелік iconМақта саласын дамыту туралы
Осы Заң мақта саласын дамытудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасында...
Әл-Фараби 2010 Пәндік олимпиада (алда Олимпиада) туралы ереже Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырушылық-әдістемелік icon«Қазақстанның инвестициялық Қоры» акционерлік қОҒамының жарғысы алматы, 2011 жыл
«Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамының органдарымен шешімдер қабылдануы тәртібін, «Қазақстанның инвестициялық қоры»...
Әл-Фараби 2010 Пәндік олимпиада (алда Олимпиада) туралы ереже Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырушылық-әдістемелік iconМин. Қарауылдық қызметтің міндеттері және оны ұйымдастыру. Қарауылдың, сақшының тағайындалуы. Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру
Сабақтың тақырыбы: Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру
Әл-Фараби 2010 Пәндік олимпиада (алда Олимпиада) туралы ереже Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырушылық-әдістемелік iconЭлектр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдығына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидалары
Тр энергетикасы туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 33 тармақшасына сәйкес әзірленген және...
Әл-Фараби 2010 Пәндік олимпиада (алда Олимпиада) туралы ереже Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырушылық-әдістемелік icon1981 жылғы 26 қыркүйекте Найробиде қабылданған Олимпиада рәмiзiн қорғау туралы Найроби шартын ратификациялау туралы
Казахстанская правда" от 11. 11. 2010 г., №303-305 (26364-26366); "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 12 қарашадағы №478-482 (26325); Қазақстан...
Әл-Фараби 2010 Пәндік олимпиада (алда Олимпиада) туралы ереже Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырушылық-әдістемелік iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушы құрамын аттестаттаудан өткізу туралы ереже/з.ғ....
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница