Қарағанды 2012




Скачать 78.99 Kb.
НазваниеҚарағанды 2012
Дата конвертации20.05.2013
Размер78.99 Kb.
ТипДокументы
ҚММУ 4/3-04/02

ҚММУ БЕ 4/02

2007 ж. 14 маусымдағы

ҚазММА жанындағы

ОӘК №6 НХ


Қарағанды мемлекеттік медицина университет

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы


Дәріс

Тақырыбы: «Өсімдік ұлпалары: түзуші, негізгі, жабындық»


Мамандығы: 051103 «Фармация»

Курс: 1

Уақыты: 50 мин.


Қарағанды 2012



Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

31.08.2012 ж №1 хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Құлтанов Б.Ж.


Дәрістің құрылымы

Тақырыбы: «Өсімдік ұлпалары: Түзуші, негізгі, жабындық»


Мақсаты: Ұлпалардың құрылысы мен шығу тегін оқу. Ұлпалардың жіктелуі.

Дәріс жоспары:

  1. Ұлпалардың жалпы сипаттамасы.

  2. Ұлпалардың жіктелуі.

  3. Түзуші ұлпалардың құрылысы және қызметі.

  4. Ассимиляциялық ұлпалар, құрылысы және қызметі.

  5. Қор жинаушы ұлпалар, қор жинаушы заттардың типтері.

  6. Аэренхима.

  7. Жабындық ұлпалар. Эпидерма. Перидерма. Қыртыс (корка).

  8. Ішкі жабындық ұлпалар.


Дәріс тезистері


ӨСІМДІК ҰЛПАЛАРЫ, ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Өсімдіктердің біркелкі болып келетін сулы ортадан жер бетіне аусуы олардың біртектес вегетативтік денесінің белсенді түрде ортандарға сабаққа, жапыраққа, тамырға бөлінуіне әкеліп соқтырды. Бұл орғандардың, құрылысы әртүрлі болып келетін, алайда қалай болса солай емес, белгілі бір жүйеде орналасқан, бір-бірінен оңай ажыраты латын клеткалардың тобынан тұрады. Аткаратын қызметі бірдей және шығу тегі бір, морфологиялық жағынан біртектес болып келетін клеткалардың тобын ұлпа деп атайды.

Ұлпа туралы ғылымның негізін салған белгілі Италия ғалымы М.Мальпиги мен ағылшын ғалымы Н. Грю (1671 ж.) болған.

Ұлпаларды негізінен мынадай алты топқа бөледі:

  1. Түзүші (меристемалық) (образовательная)

  2. Жабындық (покровная)

  3. Негізгі (основная)

  4. Арқаулық (механическая)

  5. Өткізгіш (проводящая)

  6. Бөліп шығарушы (выводящая)

  7. Артық қор жинаушы (запасающая)

Түзуші үлпалар (меристемалық)

Өсімдіқтердің жануарлардан айырмашылығы:

  1. Өмірінің сонына дейән өсуін тоқтатпайды

  2. Өмірінің сонына дейін түзіп тұрады.

Бұл жағдай өсімдіктердің білгілі бір жерлерінде түзіліп қалыптасатын

меристемалық ұлпалардың болуымен байланысты. Меристемалық ұлпа тығыз болып орналасқан тірі клеткалардын тобынан тұрады. Мұндай клеткалардың кеністігін цитоплазма толтырып тұрады, оның ортасында ядро орналасады, үлкен вакуольдері болмайды, клетка қабықшасы өте жұқа болып келеді және алғашқы қабықшадан тұрады. Меристемалық клеткалардың негізгі екі қасиеті болады – бельсенді түрде бөлінеді және дифференцияланады, яғні басқа ұлпалардың клеткаларына айналады. Алғашқы және сонғы меристема. Алғашқы меристема өскіннің, ұрықтың клеткаларынан дами бастаған кезінен пайда болады. Соңғы меристема, әдетте алғашқы меристемадан кейін тұрақтанған (дифференцияланған) ұлпалардан пайда болады. Алғашқы меристемадан алғашқы ұлпалар, ал оңғы меристемадан сонғы ұлпалар түзіледі.

Орналасу ерекшеліктеріне қарай меристемаларды төрт топқа бөледі: төбелік (апикальдық), бүйірлік (латеральды), қыстырмалы (интеркалярлық), зақымдық (травматикалық).

Төбеллік (апикальдық) меристема. Төбелік меристема сабақтың тамырдың негізгі және бүйірлік осьтерінің ұштарында орналасады.

Ол негізінен органдардың ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Шығу тегі жағынан төбелік меристема алғашқы меристемаға жатады. Сабақ пен тамырдың ең жоғаргы және төменгі үштанында, тез бөлуіне қабылетті паренхималық клеткалардың аздаған тобы (сиректеу бір клетка) орналасады. Оларды белсенді (инициальды) клеткалар деп атайды. Бұлардан сөл төмендеу сирек бөлінетін клеткалар орналасады. Олардан төменірек, меристемадан үш түрлі клеткалардың тобы оқшауланып (обособляются) шығады. Осы клеткалардан алғашқы вегетативтік дененің тұрақты ұлпалары қалыптасады (дифференцияланады):

  1. Протодерма – клеткалардың үстінгі қабаты, олар жабын ұлпасының бастамасын береді.

  2. Прокамбий – вертикальды щсьтің ұзына бойында топтасып (тяжами) орналасқан, ұштары үшкір болып келетін меристеманың ұзынша клеткалары, олардан өткізгіш және арқаулық механикалық ұлпалар, түзіледі.

  3. Камбий – соңғы меристема, - негізгі ұлпаларға бастама береді.

Бүйірлік (латкральды) меристема. Өстік органдардың ұзына бойында,

олардың үстіне параллель, цилиндр тәрізді орналасады. Әдетте ол соңғы меристемаға жатады және органдардың көлдененінен өсіп жуандауын қамтамасыз етеді. Көп жағдайда оны камбий деп атайды.

Қыстырмалы (интеркалярлық) меристема. Сабақтың буын аралықтарының төменгі жағында және жапырақтың гүл сағағының түл жағында орналасады. Бұл алғышқы меристема болып табылады, ол органдардың ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді.

Зақымдық (травматикалық) меристема. Өсімдіктің денесінің кез-келген зақымдалған бөлігінде пайда болады. Шығу тегі жағынан ол соңғы меристемаға жатады.

Жабындық үлпалар.

Жабындық ұлпалардың негізгі атқыратын қызметі:

  1. Өсімдікті кеуіп қалудан сақтайды.

  2. Сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен сақтайды.

Шығу тегіне байланысты жабындық ұлпаларды үш тпқа бөлуге болады:

Эпидермаға, қабыққа, қыртысқа (корку).

Эпидерма – протодермадан пайда болатын алғышқы жабын ұлпасы. Олар жапырақты және жас сабақты жауып тұрады. Көп жағдайда эпидерма бір қабат тірі, тығыз орналасқан, хлорофилдері жоқ клеткалардан тұрады. Клетка қабықшалары әдетте иректелген болып келеді, соған байланысты олар озыра тығыз байланысты болады. Қабықшалардың қалындығы бірдей емес. Қоршаған ортамен шектесетін, сыртқы қабықша басқаларына қарағанда біршама қалындау және кутинмен (кутикула) немесе балауызбен (воск) жабанған болып келеді. Эпидерманың қорғаныш қызметі, оның клеткасының бетінде, құрылысы әртүрлі болып келетің ерекше өсіндердің түктердің (трихомдардың) пайда болуына байланысты арта түседі. Эпидермада зат алмасуды және судың бұлануын (транспирация) реттеп отыратын ерекше устьица, аппараты болады. Ол екі мамандаған түйістіргіш (көмкерме) клеткадан және олардың арасында болатын устьице саңылауынан тұрады. Түйістіргіш клеткаларда хлоропластар болады. Олардың эпидерманың клеткасы жағындағы қабықшасы санылау жағындағы қабықшасына қарағанда көп жұқа болады.

Эпидерманың түйістіргіш клеткаларға тиісіп тұратын клеткаларының формасы қалған клеткаларынан өзгеше болады. Оларды қосымша (побочный) клеткалар деп атайды. Устьице аппараты жапырақ тақтасының екі бетінде де орналасады. Жер бетіндегі өсімдіктерде олар негізінен жапырақтын астынғы бетінде, судағы өсімдіктердің жүзіп жұретін жапырақтарының тек үстінгі бетінде орналасады.

Перидерма (пробка). Эпидермистің клеткалары сабақтың жуандап өсуінің нәтижесінде өзгеріске ұшырап (деформацияланды) өледі. Күзде соңғы жабын ұлпасы-перидерма пайда болады. Оның пайда болуы соңғы меристема тоздық камбийдің жұмысына байланысты. Тоздік камбий субэпидермалық клеткалардан, ал кейде тіптен эпидермалық клеткалардан дамиды. Тоздық камбийдің клеткалары тангентальды (сабақтің үстіне параллель орналасқан перделермен) бөлініп сабақтын ортасына (өзегіне) қарай тірі паренхималық клеткалардың қабатын (феллодерманы) бөліп шығарады. Үш ұлпадан феллогеннен, феллемадан ж»не феллодермадан тұратын комплекс күрделі жабындық ұлпа перидерма деп аталынады. Қорғаныштық қызметті тек тоз (феллема) ғана атқарады. Ол тығыз орналасқан клеткалардың дұрыс радиальды қатарларынан тұрады. Олардың қабық шаларында суберин жиналады. Қабықшасының тозға айналануына байланысты клетканың ішіндегі заттары өледі. Тоздық қабатта судың бұлануын және газдың алмасуын қамтамасыз ететін ерекше жасымықшалар (чечевичкілер) деп атыланатын қуыстар пайда болады. Жасымықшалар клетка аралық қустары үлкен болып келетін дөнгелек клеткалармен төлтырылған. Жасымықшаны толтыратын ұлпалар тоздық камбийдің тұтас қабаты қалаттасқанға дейін, устьица аппаратынның астында орналасқан, паренхималық клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болады.

Қыртыс (корка, немесе ритидом). Ағаштармен бұталардың қабықтары сабақтың жуандап өсуінің нәтижесінде 2-3 жылдап соң жыртылады, ал оны тоз қабат алмастырады. Қабықтың тереңдеу орналасқан ұлпаларында тоздық камбийдің жаңа бөліктері (участкілері) пайда болады, олар тоздың жаңа қабаттарының бастамасын береді. Осыған байланысты сыртқы ұлпалар сабақтың ортанғы бөлігінен бөлектеніп өзгеріске (деформацияға) ұшырайды да өледі.

Сөйтіп, сабақтың сыртында қабықтың бірнеше қабатынан және қабықтың өлі бөліктерінен (участкілерінен) тұратың өлі тканьдердің комплексі түзіледі. Тоздың сыртқы қабаттары біртіндеп бұзылып, қабыршақтанып түсіп отырады.

Негізгі ұлпалар

Өсімдіктің әртүрлі органдарының негізғі бөлігін құрайтын ұлпаларды негізгі ұлпалар деп атайды. Сонымен бірге оларды орындаушы перенхима, негізгі паренхима, жай паренхима деп атайды. Негізгі ұлпалардың клетка қабықшалары жұқа болып келетін тірі паренхималық клеткалардан тұрады. Бұл клеткалардың клетка аралық қуыстары болады. Паренхималық клеткалар әртүрлі қызмет атқарады. Оларда 1 фотосинтез процесі жүреді, 2 артық қор заттары жиналады, 3 әртүрлі заттарды бойына сініреді және басқа да қызметтерді атқарады. Негізгі ұлпалардың мынаңдай түрлері болады.

Ассимиляциялық, немесе хлорофиллтасымалдаушы паренхима (хлоренхима). Жапырақтарда және жас сабақтардың қабығында орналасады. Ассимиляциялық паренхималардың клеткаларында хлоропластар болады. Олар фотосинтез процесін іске асырады.

Қор жинаушы паренхима. Негізінен сабақтың өзегінде тамырдың тоздық бөлігінде, сонымен бірге көбею органдарында – дәндерінде, жемістеринде, баданаларында, жерасты түйнектеринде және басқаларда жиналады. Қорлық ұлпаларға шөлді аймақтарда өсетің өсімдіктердің бойына су жинайтын ұлпаларында жатқызуға болады (кактустардың, алоэнің, және т.б.)

Сорушы паренхима. Бұл ұлпаларға тамырдың, тамыр түктері бар аймағындағы клеткалардың (эпиблема) тобы жатады.

Ауалық паренхима (Аәренхима). Бұл ұлпа әсерісе өсімдіктің су асты мүшелерінде, аудағы және тыныс алу үшін қажетті тамырларында жақсы жетілген. Олардың клетка аралық қуыстары аса үлкен болып келеді және озара байланысып, ауаны тазартып тұратын бір жүйе түзеді.

Дәріс тезистері

Әдебиет:Негізгі

1. Әметов Ә. Ботаника. –Алматы -2003 ж.-511 б.

2. Яковлев Г.П., Челомбитько В.А., «Ботаника», //Санкт-Петербург, 3003-647 с.

3. Жуковский. «Ботаника».-М.,; «Колос»-1982г,586с.

4. В.Т. Хржановский «Курс общей ботаники», т.2,М.,ВШ,1982

5. В.Т.Хржановский, С.Ф. Пономаренко «Практикум по общей ботанике»,М.,ВШ,1979.

Қосымша:

1.Рейвн П., Эверт Р., Айкхорн С. «Современная ботаника»,М., Мир,1990.

2. Бавтуто Г.А., Еремин В.М. Практикум по анатомии и морфологии растений //Минск: ООО «Новое знание», 2002-464 с.

3. Бавтуто Г.А., Еремин В.М., Жигар М.П. Атлас по анатомии растений //Минск. Ураджай, 2001 -306 с.

4. Болотина А. Словарь лекарственных растений (латинский, английский, немецкий, русский) //М.,Руссо, 2004-384 с.

5. Дербуш С.Н. Основные черты строения и жизнедеятельности растительных клеток //Учебное пособие. –Караганды, 2005. – 61 с.

6. Еленевский А.Г., Соловьева М.П., Тихомиров В.И. Ботаника. Систематика высших, или наземных растений //М.: Асаdema, 2001. – 429 с.

7. Рахимов К.Д. Русско-казахско-латинский словарь растений, используемых в медицине и биологии //Алматы, 2003. – 172 с.

8. Сергиевская Е. Систематика высших растений /парктический курс. –Санкт-Петербург, 2002.-447 с.

Бақылау сұрақтары:

  1. Меристеманың негізгі қызметін атаңыз.

  2. Негізгі ұлпаларға не жатады.

  3. Қандай ұлпалар алғашқы жабындық деп аталады.

  4. Қандай ұлпалар екінші жабындық деп аталады.

  5. Ритидом дегеніміз не.

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Қарағанды 2012 iconӘкім И. Тоғайбаев
«ііі шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы кезекті XLІІ сессиясының «Қарағанды қаласының 2007 жылға...
Қарағанды 2012 icon«Қарағанды облысы бойынша автокөлік жолдарын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған» аймақТЫҚ бағдарламасы
«Қарағанды облысы бойынша автокөлік жолдарын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған»
Қарағанды 2012 iconҚалалық мәслихатының кезекті LIV сессиясының
...
Қарағанды 2012 iconҚарағанды 2012
Тақырыбы: Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Қырықбуынтәрізділер және қырықжапырақтәрізділер бөлімі
Қарағанды 2012 iconДата и время рассмотрения
«Қарағанды қаласының Әкімі» мм-нің, «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» мм-нің жауапкер «Карағанды-Нан» жшс-не
Қарағанды 2012 iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушы құрамын аттестаттаудан өткізу туралы ереже/з.ғ....
Қарағанды 2012 iconҚарағанды 2012 ж
Тақырыбы 1: Медициналық биолгия және генетикаға кіріспе. Тұқымқуалаушылықтың молекулалық негіздері
Қарағанды 2012 iconҚарағанды 2012
Мақсаты: Тұқымды өсімдіктердің, жалаңаштұқымдылар және жабықтұқымдылардың көбею әдістерің, құрылым ерешеліктерің оқу
Қарағанды 2012 iconҚарағанды 2012
Гүлдің құрылысы, оның шығу тегі (жалған және нағыз гүл концепциясы, стробилярлық теория)
Қарағанды 2012 iconҚарағанды 2012
Тақырыбы: «Клеткалық цикл және клетканың бөлінуі, клеткалық бөлінудің реттелуі. Апоптоз»
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница