Қарағанды 2012




Скачать 100.5 Kb.
НазваниеҚарағанды 2012
Дата конвертации20.05.2013
Размер100.5 Kb.
ТипДокументы
ҚММУ 4/3-04/02

ҚММУ БЕ 4/02

2007 ж. 14 маусымдағы

ҚазММА жанындағы

ОӘК №6 НХ


Қарағанды мемлекеттік медицина университет

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы


Дәріс

Тақырыбы: Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Қырықбуынтәрізділер және қырықжапырақтәрізділер бөлімі.


Мамандығы: 051103 «Фармация»

Курс: 1

Уақыты: 50 мин.


Қарағанды 2012



Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

31.08.2012 ж №1 хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Құлтанов Б.Ж.


Дәрістің құрылымы

Тақырыбы: Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Қырықбуынтәрізділер және қырықжапырақтәрізділер бөлімі.


Мақсаты: өсімдік патшаны оқу. Споралы өсімдіктердің көбею әдістерің, құрылым ерекшеліктерің оқу.


изучение царства растений. Особенности строения мохообразных и плаунообразных.


Дәріс жоспары:

  1. Өсімдік патшасының систематикасы және жалпы сипаттамасы.

  2. Споралы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы.

  3. Мүк тәрізділердің бөлімі.

  4. Бауырлар класы.

  5. Жапырақ – сабақты мүктер класы.

  6. Плаунтәрізділер бөлімі.

  7. Қырықбуынтәрізділер бөлімі.

  8. Папоротиктәрізділер бөлімі.



Дәріс тезистері

Патша асты жоғары сатыдағы өсімдіктер Embryobint немесе Embryophyta

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер – Cormobionta


Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің денесі мүшелерге – тамырға, сабаққа және жапыраққа бөлінген болады. Бұл органдар жақсы жетілген, олар ұлпаларан тұрады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің өмірлік циклінде спорофіті ( 2 n ) мен гаметофитінің ( 1 n ) алмасып келуі айқын байқалады. Жыныстық көбею органдары көп клеткалы. Аналық жыныс органы архегоний құмыра тәрізді болып келеді. Аталық жыныс органы антеридий – қапшық тәрізді болып келеді, оның ішінде көптеген спермазоидтар пайда болады. Жаланыш тұқымдылардың тек антеридийлері ғана редукцияға ұшыраған, ал жабық тұқымдылардың антеридийлері де, архегонийлері да редукцияға ұшыраған. Жыныстық көбею органдары құрылыстарына қарай жоғары сатыдағы өсімдіктер аохегониялы ( Archegoniata ) және пестикті (Gynoeciatae) болып екі топқа бөледі. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің зиготасынан ұрық пайда болады. Ол дегеніміз спорфиттің бастамасы болып табылады. Архегониялы өсімдіктерде ұрық гаметофиттің (n) есебінен, ал пестікті өсімдіктерде спорфиттің қоржинайтын ұлпасы эндоспермнің (3 n) есебінен жетіледі.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер 9 бөлімде бөлінеді:

  1. Ринофиттер бөлімі – Rhiniphyte

  2. Зоотерофилді – Zosterophyltophyta

  3. Мүк тәрізділер – Bryophyta

  4. Плаун тәрізділер – Zycopodiophita

  5. Псилофит тәрізділер – Psilotophute

  6. Қырықбуын тәрізділер – Eguisefophyta

  7. Папоротник тәрізділер бөлімі ( шанжапырақтылар) - Polypodiophyta

  8. Жаланаш тұқымдылар – Gymnospermae, немесе Pinophyta

  9. Жабық тұқымдылар ( гүлділер ) - Angiospermae, немесе Magnoliophyta



Мүк тәрізділер бөлімі – Bryophyta.

Түрлердің жалпы саны 35 мыңдай, мүк тәрізділерді зерттейтің ғылым бриология деп аталады.

Құрылысы. Мүк тәрізділердің өмірлік циклінде, басқа жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей екі фазасының – спорофіті мен гаметофітінің алмасуы байқалады. Бұлардың гаметофитті басым болып келеді, ал қалған жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің барлығының спорофиті басым болады.

Гаметофит дегеніміз жапырақ тектес таллом, немесе сабақтан және жапырақтан тұратын өсімдік. Тамырлары жоқ, олардың қызметін ризоидтары атқарады.

Мүк тәрізділер сырт құрылысы және экологиясы жағынан балдырларға жақын. Балдырлар секілді, олардын да сосудтары мен тамырлары болмайды. Кейбір қарапайым өкілдерінің вегетативтік денесі жерге төселіп өсетін дихотомиялық бұтақтанған балдырлардың талломына ұқсас талломнан тұрады. Мүк тәрізділердің түктері мен тамырлары болмайды. Ұрықтануы сумен тікелей байланысты.

ТАРАЛУЫ: Мүк тәрізділер дүниежүзінің барлық құрлықтарында кездеседі, бірақ таралуы бір келкі емес. Тропикалық елдерде олар негізінен таулы жерлерде өседі. Аздаған түрлері ылғалы жеткіліксіз жерлерде, мысалы шөлейт аймақтарда кезеседі. Кейбір түрлері ағаштардың қабығында эпифит ретінде немесе суда өмір сүреді. Түрлердің басым көпшілігі солтүстік ендіктің қоңыржай және суық климатты облыстарының ылғылы мол жерлерде өседі. Мүк тәрізділердің тундраның, батпақты жерлердің және орманның өсімдіктер жабынының қалыптасуында алатын орны ерекше. Мүк тәрізділер тек қана теңізде және өте тұзды топырақтарда өспейді.

Классификациясы: мүк тәрізділер үш класқа бөлінеді:

  1. Бауыр мүктер класы (печеночники) – Marschantiopsida.

  2. Жапырақ сабақты мүктер, немесе нағыз мүктер класы (Листостибельные) – Bryopsida немесе Musci

  3. Антоцероттылар класы (антоцеротовые) – Anthocerotopsida

Ең маңыздылары бауыр және нағыз мүктер кластарының өкілдері.


БАУЫР МҮКТЕР КЛАСЫ - HEPATICOPSIDA.

Түрлердің жалпы саны 10 мыңдай болады. Барлық жерлерде кездеседі. Басқа мүктәрізділерге қарағанда бауыр мүктердің гаметофиті қарапайым, ал спорофиті күрделі дамыған. Спорофиті ұзақ өседі.

Кластың негізгі өкілі кәдімгі маршанция (Marschantia polymorpha, сурет және жұзых жүретін purrus – riccia fiuiftfns.Ол гаметофитінің ұзындығы 10 - 20 см болатын, дихотомиялы бұтақталған, табаққша тәрізді талломынан тұрады.

Жұмыртқа клеткасы мен спермотозоид ұрықтанғаннан соң зигота түзіледіде, зиготадан спорогон жетіледі. Ол қысқа сағақты (тіркесті) қорапшадан тұрады және гаусториялары арқылы гаметофитке бекініп тұрады. Қорапшаның ішінде спора түзетін клеткаларынан мейоздың нәтижесінде гаплоиды споралар мен элатералар пайда болады.

Маршанциялардың түрлері табиғатта кен таралған. Оларды көп жағдайда мол ылғалы жерлерден: көлдер, өзендердің жағасынан, жыралардан, ормандардағы төменгі ярусты түзетін шөптесін өсімдіктердің арасынан кездестіруге болады.

Бауыр мүктер класы екі класс тармағынан тұрады.

  1. Маршанциялар кластармағы – Marchantiidae

- сферокарпалар қатары – Sphaerocarpales

- маршанциялар қатары – Marchantiales

2. Юнгерманиялар кластармағы – Iungermannidae

- метцгериялар қатары – Metzgeriales

- гапломитриялар қатары – Haplomitriales

- юнгерманиялар қатары – Iungermanniales

ЖАЛПАҚСАБАҚТЫ НЕМЕСЕ НАҒЫЗ МҮКТЕР КЛАСЫ

(листостебельные) – Bryopsida, немесе music.

Түрлерінің жалпы саны 25 мыңдай болады. Көптеген түрлері солтүстік ендіктің поляр шеңберіне жақын орналасқан елдерінде өседі. Тундараның үлкен кеністігінде, батпақты және орманды жерлердің өсімдіктер жабынында олар басым болып келеді, (доминантті) және құрлықтың сумен қамтамасыз етілуіне үлкен әсері болады.

Жердің қоныр салқын және салқын зоналарының тундра мен батпақ өсімдіктерінің арасында нағыз мүктер өседі.

Нағыз мүктер класы 3 клас тармағынан тұрады.

1 – андреев мүктері (андреевые или андреды) – Andreaidae

2 – шымтезек мүктері (сорагновы или сфагниды) – Sphagnidae

3 – жасыл мүктер ( бриевые, или брииды) – Bryidae

Соңғы екі кластармағының өкілдерінің маңызы үлкен.

Шымтезек мүктер кластармағы – Sphagnidae

Бұл кластармағы бір қатардан (Sphagnidae) тұрады. Оған жалғыз сфагнум (Sphagnum) туысы жатады. Туысқа 300 – ден астам түр жатады, оның 42 – сі бұрынғы одақтас республикалардың территориясында кездеседі.

Шымтезек мүктерінің құрылысы бір тектес болып келеді. Олардың гаметофиттері, әсіресе жоғарғы жағынан қатты тарамдалған өсімдіктер (3 сурет).

Тарамдалған бұтақтарының жапырақтары қалың болып жауып тұрады. Шымтезек мүктері ылғылдылығы өте жоғары болып келетін ортада өмір сүреді. Соған байланысты олардың ризоидтары болмайды және су тікелей сабағына өтеді, ал соңғысы біртіндеп ескере келе түр жағынан өле бастайды. Сабағының құрылысы күрделі болмайды.

Шымтезек мүгінің (сфагнумның) құрылысы өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді протонемасы табақша тәрізді, өткізгіш шоғы менризоидтары болмайды, қорапшасы нашар дефференцияланған.

Шымтезек мүктерінің табиғаттағы маңызы өте зор. Олар өз бойына көп мөлшерде су жинап, қалын шым түзеп көптеген жерлерді алып жатады. Сөйтіп олар тундра зонасына дейін жететін көптеген кеңістікті батпаққа айналдырады.

Ескі шаруашылыққа маңызы үлкен болады. Шымтезек қабаттарының қалындауы ең қолайлы жағдайлардың өзіне өте баяу жүреді. Қолындағы 1 см болатын шымтезек қабатының түзілуіне шамамен 10 жылдай уақыт қажет.

Жасыл мүктер кластармағы (зеленые мхи) – Bryidae

Түрлердің жалпы саны 24.6 мыңдай болады. Шымтезек мүтеріне қарағанда біршама көп таралған. Тундардан бастап шөлді аймақтарға дейіні әртүрлі экологиялық жағдайларда өседі. Жасыл мүктердің ең негізгі өсетін жерлері, еңі олардың айқын басым болып келетін немесе біртұтас өсімдіктер жабынын түзетін жерлері тундра, батпақты жерлер және ормандардың кейбір типтері. Әбір ортаның өзіне тән түрлері болады.

Жасыл мүктердің ең кең таралған өкілдерінің біріне көкек зығыры ( политрих обыкновенный – кукушкин лен) – Polytrichum commune ( 176 сурет) жайады. Ол орманда орманның ашық жерлерінде және батпақты жерлердің шеттерінде өседі.

Гермафродиттің сабағы тік, бұтақталынбаған, биіктігі 15 см, кейде оданда биіктеу болып келеді.

Сабағын жапырақтары қалың болып жауып тұрады. Гаметофиттің жер асты бөлігі горизонталь бағытта төселіп жатады, онда ризоидтары пайда болады. Сабақтың ортасында флоэма мен ксилемаға сәйкес келетің, ұзынша клеткалардан тұратын өткізгіш шоқтары болады. Ол склеродермасы мен гиалодермасы бар қабық қабатымен қоршалған болады.

Халық шаруашылық және медициналық маңызы.


Шымтезек мүктердің табиғаттағы маңызы өте зор. Олар өз бойына көп мөлшерде су жинап, калың шым түзіп көптеген жерлерді алып жатады. Сөйтіп олар тундра зонасына дейін жететін көптеген кеңістікті батпаққа айналдырады. Екішіден ескі батпақтардың, шымтезектің кені (залежь) ретінде шаруашылыққа маңызы үлкен болады.


ПЛАУН ТӘРІЗДІЛЕР БӨЛІМІ – Zycopodiophyta

Плаун тәрізділер өте ертеде пайда болған өсімдіктердің бірі. Олар эволюцияның ұсақ жапырақтылар линиясын түзеді. Қазіргі өкілдері көп жылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдіктер, ал жойылып кеткен түрлерінің ішінде ағаштары да болған. Плаун тәрізділердің жалпы саны 1000 түрден аспайды.

Гаметофиттері жердің астында жетіледі, ұзындығы 2 – 20 мм ден аспайды, сапрофитті қоректенеді. Ұрықтануы сумен байланысты.

Классификациясы. Бұл бөлім 2 кластан тұрады:

Плаундар класы – Zycopodiapsida

Полушниктер класы – Isaetopsida


Плаундар класы – Zycopodiapsida

Бұл класқа тең споралы плаун тәрізділер жатады. Плаундердің сабағы мен тамырларының камбий болмайды. Жапырақтарының тілшелері болмайды. Спораларының мөлшері бірдей. Гаметофиттері қос жынысты 1 – 15 жылдың арасында пісіп жетіледі. Көптеген түрлері жойылып кеткен. Қазіргі кезде кластын 2 туысы бар.

Плаун – Zycopodium

Баренц – Huperzia

Шоқпарбас ( Плаун булавовидный) плаун ( Zycopodium clavatum) (131 сурет).

Қылқан жапырақты ормандарда кең таралған өсімдік. Спорофиті жерге төселіп өсетін сабақтан тұрады. Оның вертикаль бағытта көтеріліп тұрған бұтақтары мен төмен қарай кететін қосалқы тамырлары болады. Сабағы мен тамырларының төбелік тарамдалған бұтақтары болады.Өткізгіш шоқтары сабақтың ортасында орналасады.

Папоротник тәрізділер бөлімі.

Бұрынғы геологиялық кезеңдерге қарағанда бәсендеу болғанмен, өзінің шарықтап өсуін әліде жалғастырып келеді. Қазіргі кезде олардың түрлерінің саны 10 мыңнан астам. Олардың таралғаны жиі. Бірақ алуан түрлілігі ылғалды орманда ерекше орын алады: олар эпифит ретінде басқа ағаштардың діндерінде де өседі.

Құрлысы: Қазіргі кездегі папоротник тәрізділердің басым көпшілігі көпжылдық шөптесін өсімдіктер.

Жапырақтары ұзақ уақыттар бойы төбесінен өседі. Жапырақтары талломдардың жалпайуының нәтижесінде пайда болған деп айтуға негіз болады. Соңдықтанда оларды вайялар деп атайды. Көп жағдайда жапырақтар 2 қызмет атқарады – фотосинтетикалық және спора түзу. Кейбір түрлерінде жоғарғы вайялары спора түзуге, ал төменгілері фотосинтезге маманданған болып келеді.

Гаметофиті көп жағдайда қос жынысты. Қоңырқай климатты зоналарда өсетіндерінде ол жүрек тәрізді, тропикалық зонадағы түрлерінде жіп тәрізді, немесе тармақталған пластинка тәрізді. Ылғалы жеде өсуге бейімделген, ұрықтануы сумен байланысты.

Спорофит құрғақта өсетін өсімдік болғанмен, папоротник тәрізділер құрлықты басым ала алмаған.

Маңызы:

1. Ормандардың компоненті.

  1. Бақтарда өсіру үшін ең қажетті өсімдіктер.

  2. Дәрі – дәрмек.

Еркек папоротник. Ормандардың ылғалды, көленкелі жерлерінде кең таралған өкіліне еркек папоротник (Dryopteris filix – mass) жатады. Спорофитінің биіктігі 1 метрдей, көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы жер асты тамырсабағы түрінде берілген. Тамырсабағы қысқа, жуан, қаралау – қоңыр түсті, құрылысы айқын байқалатын дорсовентральды болып келеді. Тамырсабағы жас жапырақтармен қоршалған, өсу конусынан тұратын, төбе бүшіктерімен аяқталады.

Жапырақтарының астынғы бетінде орталық жүйкесін бойлай спорангилердің тобы – сорустар – сории орналасады. Спорангилердің формасы жасымықшаға ( чечевичкаға ) ұқсас болады. Спорангилері жапырақтың кіндігіне ( плацентаға) ұзын аяқшалары арқылы бекініп тұрады. Сорустін үстін жауып тұратын бүйрек формалы жамылғысы ( индузии) болады. Спорангидің бір қатар қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды:қабақшасы жұқа және қабықшасы таға тәрізді қалындаған клеткалар. Осы клеткалардың бір қатарға орналасқан тізбегі, спорангийдің сыртын айналып, шеңбер түзеді. Оны сақина деп атайды, бірақ оны түзетін клеткалар еш уақытта қосылмайды.

Гаметофит қос жынысты. Алдымен антеридийлердің формасы шар тәрізді, оның ішінде онша көп болмайтын спираль тәрізді, көп талшықты сперматозоидтары жетіледі.

Архегонийдің құрылысы құмыра тәрізді, архегонийдің кеңейген құрсағада жұмыртқа клеткасы пісіп жетіледі. Жұмыртқа клеткасының қозғалғыш сперматозоидпен ұрықтануы, ауарайы жаңбырлы кездерде ғана өтеді. Зиготадан көп ұзамай спорофиттің ұрығы пайда болады, ол бастапқы кезде өскіншенің есебінен қоректенеді. Папоротниктердің алғашқы тамыры, сабағы және жапырағы пайда болғаннан соң, ұрық өз бетімен өмір сүре бастайды. Келешегінде оның тамыры жерге енеді, сабағы түзуленеді, ал жапырағы ұлғайып өседі. Алғашқы жапырақтан кейін, сабақта жаңа жапырақтар пайда болады, содан соң, біртіндеп нағыз папоротник өсімдігі қалыптасады.

Жүзгіш сальвиния. Кластын әр түрлі споралы өкілдері негізінен тропикалық және субтропикалық ормандарда өседі. Болатын судын бетінде жүзіп жүретін, тармдалған бұтақтан тұрады. Сабақтын орталық цилиндірінің ортасында концентрлік өткізгіш шоқтары болады. Қабық қабатында аздаған ауа қуыстары болады. Жапырақтары сабаққа топтасып орналасқан. Әрбір топта (мутовка) үш жапырақтан болады, оның екеуі сопақша, жасыл түсті, судың бетінде жүзіп жүреді.

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Қарағанды 2012 iconӘкім И. Тоғайбаев
«ііі шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы кезекті XLІІ сессиясының «Қарағанды қаласының 2007 жылға...
Қарағанды 2012 icon«Қарағанды облысы бойынша автокөлік жолдарын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған» аймақТЫҚ бағдарламасы
«Қарағанды облысы бойынша автокөлік жолдарын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған»
Қарағанды 2012 iconҚалалық мәслихатының кезекті LIV сессиясының
...
Қарағанды 2012 iconДата и время рассмотрения
«Қарағанды қаласының Әкімі» мм-нің, «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» мм-нің жауапкер «Карағанды-Нан» жшс-не
Қарағанды 2012 iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушы құрамын аттестаттаудан өткізу туралы ереже/з.ғ....
Қарағанды 2012 iconҚарағанды 2012 ж
Тақырыбы 1: Медициналық биолгия және генетикаға кіріспе. Тұқымқуалаушылықтың молекулалық негіздері
Қарағанды 2012 iconҚарағанды 2012
Мақсаты: Тұқымды өсімдіктердің, жалаңаштұқымдылар және жабықтұқымдылардың көбею әдістерің, құрылым ерешеліктерің оқу
Қарағанды 2012 iconҚарағанды 2012
Гүлдің құрылысы, оның шығу тегі (жалған және нағыз гүл концепциясы, стробилярлық теория)
Қарағанды 2012 iconҚарағанды 2012
Тақырыбы: «Клеткалық цикл және клетканың бөлінуі, клеткалық бөлінудің реттелуі. Апоптоз»
Қарағанды 2012 iconУақыты (ұзақтығы): 1 сағат Қарағанды 2012 ж. Курстың отырысында талқыланған және бекітілген
Тақырыбы: «Ыстық климатта (Оңтүстік Қазақстан) әскерлерді сумен қамтамасыздандыруды ұйымдастыру»
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница