Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйретудің маңызы




Скачать 25.72 Kb.
НазваниеМектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйретудің маңызы
Дата конвертации20.05.2013
Размер25.72 Kb.
ТипДокументы
Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйретудің маңызы


Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байланысты оқыту жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам өмірі ең алдымен адамның (баланың) өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын, педагогикалық теория мен практикаға ерекше мән бере бастады.

Біздің бөбекжайымызда балаларға компьютерлік сауаттылыққа үйретуге және үштілділікті меңгерту бағытындағы жұмыстарға баса назар аударылып отыр. Балаларға арналған компьютер сыныбы бар.

Мектеп жасына дейінгі балаларды информатикаға оқыту балалардың оқу тәрбие жұмысында қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, тіл дамыту, сурет салу, құрастыру оқу іс әрекеттеріне және экологиялық білімін кеңейтіп, баланың логикалық ойлау қабілетін дамытады. Ойын арқылы оқу іс әрекетін ұйымдастырғанда балалардың ойлау қабілетімен қатар есте сақтау, бақылай білу қабілеттері дамиды. Компьютерлік құрылғыларды қолдана отырып, бала алдына қойылған тапсырманы орындау барысында теориялық біліміне ой салып, тапсырманы шешудің жолын іздестіре бастайды. Компьютерлік технологияны меңгерген мектепке жасына дейінгі бала «өздігімен ойлай алады», ал бұл мектепке баратын оқушының ойлау қабілетін дамытудың негізгі қажеттілігі. Өзгерісі мол қазіргі ортада мектеп жасына дейінгі баланың ұйымдастырушылық, интеллектуалдық және ізденушілік қабілеті қалыптаса отырып, түрлі ақпарат көздеріне қызығушылығы қалыптасады. Жаңа ақпарат алудың қажеттілігін, оны қалай түсіндіру керектігін, оның кімге қызық екендігін түсінеді.

Жаңашыл баланың болашағы – өмір, шығармашылық, жұмыс, ақпаратты өмірдегі құзыреттілік.

Мемлекет мектепке дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа оқытуды қамтамасыз ету арқылы түрлі ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етіп отыр.

Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде құрылған «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары төмендегі негізгі міндеттерді жүктейді.

бала бойында маңызды, шешуші құзыреттіліктерді қалыптастыруға

мүмкіндік туғызатын қолайлы пәндік-даму ортасын құру;

тәжірибелік, танымдық, шығармашылық іскерлігі мен басқа да бала әрекеті түрлерін қалыптастыру;

әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту;

мектепте білім алуға жан-жақты дайындау.

Баланың өз білімін белгілі бір жағдаяттарда қолдануы – қазіргі қойылып отырған талаптың негізі.

Баланың шығармашылық және интеллектуалдық дамуының жаңа құралы компьютер десек, мектеп жасына дейінгі балалардың информатика оқу іс әрекетін күн тәртібі секілді ойын арқылы дұрыс ұйымдастыру қажет.

Ілгері жаңалықтар мен жаңа технологияларға толы ақпараттық қоғамда жаңаша ойлау стилін қалыптастырудың әлеуметтік маңызы зор. Көрнекі-бейнелік ойлаудан сөздік-логикалық ойлауға көшу, қабылдаудың, талдау және саралау сипатына ие болуы, жадының жетілдірілуі баланың мектеп жасына дейінгі уақытында қарқынды дамитындығын білдіреді.

Информатиканы оқыту қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, көркем әдебиеті, бейнелеу, ән, қоршаған ортамен танысу сияқты оқу іс әрекеттерімен интеграцияланған жеке пән шеңберінде өткізіледі.

Информатиканы оқыту үрдісінде оның әдістері мен құралдары тілдің, қарапайым математиканың, музыканың және көркем әдебиеттің түсініктерімен табиғи байланыста болады, яғни балалардың жалпы өзге сала бойынша алған білімдерін оқу мен бекітуде нақты материалдардың шектесуін көрсетеді.


№35 «Шұғыла» МКҚК бөбекжай

информатика пән мұғалімі

Утегулова Б.А

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйретудің маңызы icon«Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жолдама беру үшiн мектеп жасына (7 жасқа) дейiнгi балаларды тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті Негізгі ұғымдар
Мектепке дейінгі ұйым – мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпы білім беретін бағдарламасын іске асыратын білім ұйымы
Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйретудің маңызы iconВирус. Мақсаты
Мақсаты: Балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйрете отырып, вирус туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру Компьютерге қызығушылығын...
Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйретудің маңызы icon«Компьютерлік желілер»
Оқу такырыбы мен пәннің құрылымы, оның мамандықтың басқа пәндерімен байланысы. Компьютерлік тораптардың қысқаша даму тарихы. Компьютерлік...
Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйретудің маңызы iconБалаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы

Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйретудің маңызы iconХалықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту және тестілеу өткізу ережесі
Ережесі (бұдан әрі Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы №995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында...
Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйретудің маңызы iconЖоспар ы
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы №488 Қаулысымен бекітілген балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз...
Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйретудің маңызы iconПаспорт ы
«Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне ең төменгі күнкөрістің мөлшері өскеніне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік...
Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйретудің маңызы icon«математикалық және компьютерлік пішімдеу»
Шегір Ерден Қайыртайұлы 1994 жылдың 27 ақпанында Алматы қаласында туылған. 2001 жылы «Дарын» қазақ ұлттық гимназиясының бірінші сыныбына...
Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйретудің маңызы iconМектептер директорларына!
Манту сынамасынан соң нәтижесі теріс болған балаларды түберкүлезге қарсы егеді, егілу формасы жоқ балаларды сынаманың теріс нәтижесіне...
Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйретудің маңызы icon1. Төлқұжат
Р президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница