1 сағат-уақыт (узақтығы) Қарағанды 2011 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген




Скачать 184.15 Kb.
Название1 сағат-уақыт (узақтығы) Қарағанды 2011 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
Дата конвертации20.05.2013
Размер184.15 Kb.
ТипДокументы
Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП № 6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.




ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы


ДӘРІС


«Демографияның медико-әлеуметтік аспектісі. Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай» тақырыбы

«Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні


051102- «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы

V курс

1 сағат-уақыт (узақтығы)




Қарағанды 2011

Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген

2011 № ____ Хаттама



Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Н.К. Смагулов



  • Тақырыбы: «Демографияның медико-әлеуметтік аспектісі. Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай»




  • Мақсаты: Демография ілімінің мақсаты. Қазіргі кездегі және өткендегі демографиялық жағдайлармен студенттерді таныстыру. Демография ілімінің медицинадағы маңызы. Демографиялық жағдайларды оқу әдісі.




  • Дәріс жоспары:

1. Демография ілімінің мақсаты

2. Демографиялық жағдайларды талдау

3. Демографиялық көрсеткіштерді оқу әдісі

4. Демографиялық көрсеткіштердің медицинадағы маңызы

5. Демографияның медико әлеуметтік маңызы

6. Қорытынды


Топтың денсаулығын, тұрғындар денсаулығын және қоғамдық денсаулықты медико-әлеуметтік тексеруге келесі негізгі индикаторлар немесе көрсеткіш топтары қолданылады:

1. Медико - демографиялық көрсеткіштер

2. Арушаңдықтың көрсеткіштері

3. Мешелдік көрсеткіштері

4. Тұрғындардың физикалық даму көрсеткіштері


Денсаулықтың әлеуметтік қамтылуын бағалаған кезде бірінші ретте өзіндік белгілерін, оган әсер етуші әлеуметтік қауіп факторларын, яғни ағзаның компенсаторлы - бейімдеушілік механизмінің бұзылуын және патологиялық жағдайдың дамуын есте ұстаған жөн. Демографиялық көрсеткіштер. «Демография» термині гректің demos-халық, тұрғын, grapho - жазу, суреттеу сөздерінен шыққан. Сондықтан, демография - бұл тұрғындар туралы ғылым. Демографияның негізгі мәселелеріне халықтың жергілікті орналасу процестері мен тенденциялары, халықтың әлеуметтік - экономикалық өмір сүру жағдайлары, салт-дәстүрлері, экологиялық, медициналық құқықтары мен басқа факторлары кіреді. Өмір сүру жағдайлары ұқсас сол немесе басқа елдердің немесе сол территория бөлігі (облыс, аймақ, аудан, қала), мемлекет тобы, бүкіл әлем халқының жиынтығын құрайды (ел тұргындары).

Халықтың ең басты мәселесі-оның денсаулық жағдайы болып табылады.


Жалпы демография (экономикалық) және әләуметтік медицинадан медициналық демография ғылымы бөлініп шықты. Медициналық демография ғылымының атақты маманы профессор М.С. Бедный (1984) жазды: «Медициналық демография бұл - адамның денсаулығына және оның өзгеру тенденцияларына әсер ететін сапалық аспектілері, яғни адам популяциясының әлеуметтік және табиғи факторларымен қарым-қатынасын оқытатын ғылым».


Тұрғындарды статистикалық оқыту екі басты бағытта жүргізіледі:

1 Тұрғындар статикасы.

2 Тұрғындар динамикасы.


Тұрғындар статикасы дегеніміз - белгілі уақыт аралығындағы тұрғындардың сандық құрамы. Тұрғындар құрамы негізгі белгілермен анықталады: жынысы, жасы, әлеуметтік тобы, мамандығы және оқуы, жанұялық жағдайы, ұлты, тілі, мәдениетілігі, сауаттылығы, білімділігі, мекен етуі, географиялық таралуы және тұрғындар тығыздығы.


Тұрғындар динамикасы дегеніміз - тұрғындардың қозғалысы мен санының өзгерісі. Халықтың сандық өзгерісі миграция процестерінің әсерінен, механикалық қозғалыстан болады. Сонымен бірге халық саны туылу мен өлімнің нәтижесінде өзгереді. Барлық елдерде нәрестелер өлемін бөлек қарастарады. (Бір жасқа дейінгі балалар өлімі)

Табиғи қозғалыстың негізгі көрсеткіші ретінде келесілер қолданылады: түсік тастау, аналар өлімі, перинатальді өлім, әр түрлі жағдайлар бойынша өлім құрылымы және т.б.


Халық статикасы.


Халықтың сандық құрамын анықтауда басты сенімді негізгі әдіс ол халықты кезекті тіркеу болып табылады. Ең алғаш халықты тіркеу б.з.д. 238 жылы Қытайда жүргізілген. 1846 жылы Бельгияда ең бірінші халықтың ғылым принциптерінен негізделген тіркеу жүргізілген. Русте рациональды салық төлеу мақсатында халықты шаруашылық емес тіркеу жүргізілді (үй, көше бойынша).

Ресейде 1918 жылдан 1860 жыл аралығында он тексеру жүргізілді «Кімде қанша ерлерге арналған жуыну бөлмесі бар».

1897 жылы Ресейде жалпы тұрғындарды тіркеу жүргізілді.

XX ғғ. бойы біздің елде жалпы сегіз тіркеу жүргізілді|: 1920, 1926, 1937, 1939, 1959, 1970 және 1989 ж.

Соңғы тіркеу Қазақстанда 1999 жылы жүргізілді.

Тіркеу алдында әлеуметтік - демографиялық таңдау жүргізіледі; ол тіркеу аралық кезеңінде халық құрамының өзгерісін байқауға мүмкіндік береді, сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік дамуытуды жоспарлауға әсерін тигізеді. Таңдамалы әлеуметтік - демографиялық тексеру кең түрдегі бағдарлама бойынша жүргізіледі және халық денсаулығын оқудың ақпаратты көзі болады, денсаулықты сақтауда әртүрлі қызметтерді жоспарлауда колданылады.

Тұрғындардың санына ағымды баға беру жылына әр бір тіркеу аралығында жүргізіледі, ол жалпы жыл сайын туылатын және сол территорияга көшіп келушілер, өлім саны және көшіп кетушілер санымен анықталады.

Халық санын анықтау сол уақытта тұрып жатқан халық санымен анықталады, уақытша тұрғындармен қоса тұрақты тұрғындар қатарына белгілі бір территорияда үнемімі түратындар уақытша тұрғындардан басқасы халықтың орташа жылдық саны.

Сол жылдың нәтижесі бойынша алынған бағадан бастапқы және соңғы арифметикалық нәтижесімен анықталады.

0-14, 15 - 49, 50 жас және одан жоғары жастағы адамдар өсуші типтегі тұрғындар қатарына жатады. Өсуші құрамы бойынша тұрғындар прогрессивті, регрессивті, стационарлы типтерге бөлінеді.

Егер 0-14 жас аралығындағы балалар 50 және одан жоғары жастағы халықтан көп болса, прогрессивті тип деп аталады.

Егер елу жас және одан жоғары жас аралығындағылар, балалар санынан артса, регрессивті
тип деп аталады.

Егер балалар саны мен 50 және одан жоғары жас аралығындағы санымен тең болса, ол стационарлы типті деп аталады.

Көптеген елдердің көзқарасы бойынша 50 жастағылар еңбекке қабілетті топ болғандықтан өсуші құрамды анықтауда қоспайды. Сондықтан, көптеген ғалымдар демографиялык картаюды 60 жас және одан жоғарыларды есепке алуды ұсынған. Егер жалпы халық санының 12% 60 және одан жоғары жастағы адамдар болса, онда бұл демографияның қартаю типі болып саналады. Тұрғындардың статика көрсеткіштері тәжірибелік денсаулық сақтауда маңызды болып саналады.


Олардың маңыздылығы:


  • Халықтың табиғи қозғалыс көрсеткіштерін санау;

  • Денсаулық сақтауды жоспарлау жүйесі;

  • Амбулаторлы- емханалық және стационарлық көмек, жалпы және арнайыланған түрде;

  • Денсаулық сақтау мекемелері мен мүшелеріне сандық көрсеткіштерді санау;

  • Эпидемияға қарсы жүмыстарды ұйымдастыру және т.б.


Әр бір амбулаторлы-емханалық мекемелер өз ауданындағы халық санын және құрамын білу керек.


Халықтың механикалық қозғалысы.

Халықтың механикалық қозғалысы барлық адамдардың көшіп қону нәтижесінде болады.

Миграция сөзі латын тілінен аударғанда орын ауыстыру деген мағана береді.

Сонымен, халықтың көшіп қонуы дегеніміз - бұл адамдардың тұрғылықты жерін ауыстыру. Миграция:

1. Қайтымсыз яғни тұрғылықты жерін толығымен ауыстыру;

2. Уақытша - ұзақ уақытқа бірақ шектелген мезгілге орын ауыстыру;

3. Маусымдық- жылдың белгілі уақытында орын ауыстыру;

4. Маятниктік - үнемі жұмыс барысымен немесе оқу білім алуы бойынша орын ауыстырып жүруі.

Сонымен қатар.

5. Сыртқы миграция - мемлекеттен тыс көшу,

6. Ішкі миграция - мемлекет ішінде орын ауыстырулар жатады.


Сыртқыға эмиграцияны жатқызамыз - азаматтардың өз мемлекетінен басқа мемлекетке кетуі;

Иммиграция дегеніміз - сырттан басқа мемлекеттен осы мемлекетке келуі.

Ішкі миграцияға аудан аралық, ауыл аралық көшуі, сонымен қатар ауыл тұрғындарының қалаға көшуі жатады, бұл урбанизация процесінің құрамды бөлігі болып саналады.

Урбанизация - коғам дамуындағы қала рөлінің жоғарлау процессі. Урбанизацияның басты әлеуметтік белгісі қалалық қатынастар, халықтың өмір сүруі, мәдениеті, құрылымдық күштердің таралуы, орналасуы. Урбанизация көрінісі болып қалалардағы индустрияның дамуы, олардың мәдеинеттілік және саясаттылық қызметінің дамуы жатады. Ауыл тұғындарының қалаға көшуі, халықтардың маятникті қозғалысы, кішігірім қалалардан үлкен қалалрға көшуі урбанизацияга тән.

Миграциондық процестерді бағалау үшін көрсеткіштер қатары саналады. Жиі қолданылатын көрсеткіштер: мың тұрғынға көшіп келу саны, мың тұрғынға көшіп кеткендер саны, миграциондық өсу, миграцияның эффективті коэфиценті.

Бүл көрсеткіштер келесі формула бойынша саналады:


Миграциондық өсу = келушілер саны - кеткен саны


Миграциондық өсу абсолюттік және салыстырмалы есептелу мүмкін.


Келушілер (кетушілер) саны мың = келушілер саны / тұргындардың орташа жылдық саны * мың.

Эффективтілк коэффициенті = миграциондық өсу / келушілер мен кеткендер қосындысы * жүз %


Миграциондық процестерді оқу практикалық денсаулық сақтауда маңызды болып табылады, атап айтқанда:


• Урбанизация процесі экологиялық жагдайды өзгертеді, жоспарлы медициналық көмек

көрсетуді талап етеді, медициналық мекемелер жүйесінің жоспарын өзгертеді, сырқаттанушылық пен өлім санының кұрылымына, ауданның эпидемиялық жагдайынада әсер етеді, сонымен қатар туу көрсеткіштерінің өзгеруіне алып келеді;

  • сақтаудың тәсілдері мен зерттеу әдістері

  • ғылымның кысқаша даму тарихы

  • халық денсаулығы және оны оқып үйрену әдістері



Елдің географиялық жағдайы

Қазақстан Республикасы - Орталық Азия аумағында орналасқан егемен мемлекет. Қазақстанның аумағы 2724,9 мың шаршы км, шекарасының жалпы ұзындығы 13394 км. Қазақстан көлемі жағынан әлемде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралиядан кейін 9-шы орында. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның жалпы ұзындығы 7591 км, Түрікменстанмен 426 км, Өзбекстанмен 2354 км, Қырғыз Республикасымен 1241 км және Қытаймен 1782 км құрайды. Бұған қоса, Қазақстан Каспий теңізі бойынша Әзірбайжанмен және Иранмен шектесіп отыр. Қазақстан аумағының басым бөлігін далалық өңір мен жартылай шөлді дала алып жатыр. Климаты - күрт континенттік. Халық тығыздығы 1 шаршы км-ге 5,7 адам. Қазақстан Республикасының құрамына 14 облыс, 169 аудан, 86 қала, оның ішінде республикалық маңызы бар 2 қала, 157 кенттік және 2469 ауылдық округ, 163 кент және 7178 ауыл кіреді.

Қазақстанның астанасы - Астана қаласы, халқының жалпы саны 602,7 мың адам. Ең ірі қаласы - Алматы, онда тұратын адамдардың саны 1,3 миллион. Халқының саны ең көп қалалар: Шымкент (554,6), Қарағанды (459,3), Тараз (342,5), Павлодар (323,8), Өскемен (298,1).

Қазақстан Республикасы халқының саны


Қазақстан халқының саны 2007 жылдың қорытындысы бойынша 15571506 адамды құрады, олардың 70,4 % (10954,5 мың адам) - ересектер (18 жастан жоғары), 5,6 % - жасөспірімдер (15-17 жас) және 23,9 % балалар (0-14 жас). Халықтың жалпы санының еңбекке қабілетті жасынан төмен жастағылар 25,9 %-ды құрайды - бұл балалар (23,9%) мен жасөспірімдер (2,0%). Еңбекке қабілетті жастағы адамдары 63,8%, егде жастағы халқы 10,3%. Халық құлымындағы әйелдер саны 51,9%, ерлер 48,1%. Қала халқының үлес салмағы – 57,4% және ауыл халқының үлес салмағы – 42,6%.

Медициналық - демографиялық көрсеткіштер


Қазақстанда соңғы жылдары оң демографиялық үрдіс орын алды. Республикадағы халық саны 2007 жылы 2003 жылмен салыстырғанда, 617,6 мың адамға өсті.

2006 жылы туылу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 19,71-ді құрады. Бұл Ресей федерациясы – 10,38, Молдова Республикасы – 10,48 және жалпы ТМД – 12,76 сияқты әлеуметтік экономикалық жағдайы ұқсас елдер көрсеткіштерінің орташа деңгейінен жоғары.

Еліміздегі өлім жітім деңгейі 2006 жылы 1000 адамға шаққанда 10,27 - ні құрады, бұл Ресей Федерациясы – 15,21, Украина – 16,27 және Молдова – 12,03 көрсеткіштерінен төмен.

2003 жылы халықтың табиғи өсімінің қолайлы даму қарқыны байқалды. Бұл 1000 адамға шаққандағы 2003 жылғы 17,2 туылу өрсеткішінің 2007 жылы 20,79 көрсеткішіне дейін 20,9%-ға артуымен және өлім-жітім деңгейінің 2003 жылғы 10,5 көрсеткішінен 2007 жылы 10,22 көрсеткішіне дейін төмендеуімен байланысты. Республика бойынша туылу көрсеткішінің өсу қарқыны 2003 жылмен салыстырғанда, соңғы 5 жыл аралығында Астана қаласында 68,7%, Маңғыстау облысында 29,0%, Жамбыл облысында 28,3 %, Қызылорда облысында 25,5 %-ға және Алматы қаласында 25,3%-ға артты.

Ел өңірлерінде 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім көрсеткішін қарастыру барысында, оның орташа республикалық көрсеткіштен жоғары мәні Солтүстік Қазақстан (13,91), Қарағанды (13,34), Шығыс Қазақстан (13,28), Қостанай (13,25) және Ақмола (13,18) облыстарында анықталған.

Эмпирикалық зерттеулер көрсетіп отырғандай, халықтың өмір сүру ұзақтығы мен денсаулығының жағдайы 51,2% өмір салтына, 10,4% адамның биологиялық көрсеткіштеріне, 19,9% қоршаған орта жағдайына және 8,5% денсаулық сақтау саласының даму деңгейіне байланысты. Өлім-жітім деңгейінің орны, өкінішке орай, туылудың барабар қарқынымен толмайды. Қайтыс болғандардың жалпы санының 51,7%-ын қанайналым жүйесінің ауруларынан қайтыс болғандар, 14,2%-жазатайым оқиғалардан, жарақаттану мен уланулардан, 11,5% - қатерлі және қатерсіз ісіктерден, 5,5% - тыныс алу ағзалары ауруларынан, 4,9% - асқорыту ағзалары ауруларынан, 2,3% - жұқпалы және паразиттік аурулардан және 9,9% - басқа аурулардан қайтыс болғандар құрайды.

Халықтың табиғи өсімінің көрсеткіші 5 жыл аралығында 57,8%-ға, 2003 жылғы 6,7 2007жылы 10,6-ға дейін ұлғайды. Бұл ретте оның өсу қарқындары өңірлер
бойынша бөлінді .Орташа республикалық көрсеткіштен екі және одан да есе жоғары
көрсеткіштер 1000 адамға шаққанда Маңғыстау (23,5), Оңтүстік Қазақстан (22,5), Қызылорда (18,5), Атырау (16,6) және Жамбыл облыстарында байқалады. Орташа республикалық көрсеткіштен төмен мәндер Павлодар (3,4), Қарағанды (2,9), Ақмола (2,3) және Шығыс Қазақстан (2,0) облыстарында.

2004 жылдан бастап республикада қолайлы көшіп-қону сальдосы байқалады. 2003 жылға дейін халықтың ТМД елдеріне көшіп-қонуы басымдыққа ие болып келген, кейінгі жылдары керісінше - елге келуші адамдар санының өсуі байқалады, бұл эмигранттардың қайта оралып келуімен және оралмандар санының артуымен түсіндіріледі.


Туылғанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы


ТМД елдері арасында туылғанда күтілетін өмір сүру ұзақтығының ең төмен көрсеткіші 2006 жылы Қазақстанда алды: барлық халық арасында - 66,19, ерлер - 60,55 жас және әйелдер - 73,03 және Ресейде: барлық халық арасында – 66,67 жас, ерлер - 60,47 жас және әйелдер – 73,27 жас. Барлық халық арасындағы өмір ұзақтығының неғұрлым жоғары көрсеткіші Хорватияда байқалды - 76,01 жас, ерлер - 72,55 жас және әйелдер – 79,37 жас.

Қазақстан Республикасында туылғанда күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші соңғы 5 жылда 0,48 жасқа, ерлер 0,19 жасқа, әйелдер 0,82 жасқа ұлғайды.

Қазақстанда, бүкіл әлемдегідей, туылғанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы бойынша ерлер мен әйелдер арасында теңсіздік орын алып отыр. Республика бойынша 2007 жылы туылғандағы ерлердің өмір сүру ұзақтығы әйелдерге қарағанда 11,63 жасқа қысқа. Өңірлер бойынша гендерлік жас айырмасының ауытқуы Павлодар облысында 13,72 жас (тиісінше 59,09 және 72,81 жас), Қарағанды облысында 13,45 жас (тиісінше 57,14 және 70,59 жас) және Батыс Қазақстан облысында 12,77 жас (тиісінше 60,43 және 73,20 жас) шамасында байқалады.

Демографиялық жағдайды зерттеу халық санының ұлғаюы негізінен туылудың артуы, туылғанда күтілетін өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы мен қолайлы көші-қон сальдосының есебінен болып отырғандығын көрсетті.


  • Иллюстрациялы материалдар

Біріншілік оқу көздері

  • Әдебиеттер

  1. 2004 жылғы 13 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарлама.

  2. ҚР Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қаблетті Қазақстан үшін, бәсекеге қаблетті экономика үшін,бәсекеге қаблетті халық үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауы

  3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2030 жылға дейнгі даму стратегисын іске асырудың одан арғы шаралары туралы» 2002 жылғы 28 наурыздағы №827 Жарлығы

  4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпанда «Жана әлемдегі жана Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы

  5. Қазақстанның статистикалық жылнамасы.Статистикалық жинақ /Б.Сұлтановтың редакциясымен \ҚР статистика агенттігі – Алматы,2003

  6. Қазақстанның статистикалық жылнамасы.Статистикалық жинақ /Б.Сұлтановтың редакциясымен \ҚР статистика агенттігі – Алматы,2004

  7. Қазақстанның статистикалық жылнамасы.Статистикалық жинақ /Б.Сұлтановтың редакциясымен \ҚР статистика агенттігі – Алматы,2005

  8. Қазақстанның статистикалық жылнамасы.Статистикалық жинақ /Б.Сұлтановтың редакциясымен \ҚР статистика агенттігі – Алматы,2006

  9. Қазақстанның статистикалық жылнамасы.Статистикалық жинақ /Б.Сұлтановтың редакциясымен \ҚР статистика агенттігі – Алматы,2007

  10. Қазақстанның демографиялық жылнамасы.Статистикалық жинақ / Б.Сұлтановтың редакцисымен \ҚР статистика агенттігі – Алматы,2003

  11. Қазақстанның демографиялық жылнамасы.Статистикалық жинақ / Б.Сұлтановтың редакцисымен \ҚР статистика агенттігі – Алматы,2004

  12. Қазақстанның демографиялық жылнамасы.Статистикалық жинақ / Б.Сұлтановтың редакцисымен \ҚР статистика агенттігі – Алматы,2005

  13. Қазақстанның демографиялық жылнамасы.Статистикалық жинақ / Б.Сұлтановтың редакцисымен \ҚР статистика агенттігі – Алматы,2006

  14. Қазақстанның демографиялық жылнамасы.Статистикалық жинақ / Б.Сұлтановтың редакцисымен \ҚР статистика агенттігі – Алматы,2007

  15. Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын және денсаулық сақтау ұйымдарының 2003жылғы қызметі – Астана – Алматы,2004

  16. Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын және денсаулық сақтау ұйымдарының 2003жылғы қызметі – Астана – Алматы,2005

  17. Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын және денсаулық сақтау ұйымдарының 2003жылғы қызметі – Астана – Алматы,2006

  18. Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын және денсаулық сақтау ұйымдарының 2003жылғы қызметі – Астана – Алматы,2007

  19. Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын және денсаулық сақтау ұйымдарының 2003жылғы қызметі – Астана – Алматы,2008

  20. Қазақстан Республикасындағы БҰҰ бағдарламасы «2006 жылдағы адами даму жөніндегі Ұлттық есеп»,Алматы,2005

  21. Қазақстан Республикасының БҰҰ өкілдегі «Мынжылдық қарсанында Қазақстандағы даму мақсаттары» Аналитикалық шолу. – Алматы қ.,2005

  22. Еуропалық деректер «Денсаулық баршаға». – Копенгагер, 2006

  23. A.M. Мерков, Поляков Л.Е. «Санитарная статистика» Л. Медицина 1974

  24. Актуальные проблемы социальной медицины и управления здравоохранением. /В сб : Избранные лекции ( под редакцией д.м.н. Кулжанова М.К) - Алматы, 1994.- 175 с.

  25. Юрьев .В.К., Куценко Г. И. Общественное здоровье и здравоохранение.-Санкт-Петербург, Петрополис -2000. - 910с.

  26. Учебник « Социальная гигиена и организация здравоохранения». Под ред . Лисицина Ю.П. -казань, 1999.



  • Бақылау сұрақтары

  1. Демография ілімінің негізгі бөлімдері қандай?

  2. Медициналық демография нені зерттейді?

  3. Тұрғындардың құрамы және саны туралы мәлімет қалай сарапталады?

  4. Тұрғындардың табиғи қозғалысы деген не?

  5. Туу деңгейін есептеу және бағалау қалай жүргізіледі?

  6. Жалпы және әр жасқа қатысты өлім көрсеткіштерін қалай есептейді?

  7. Көбеюге қабілеттілік көрсеткішінің есептелуі және бағалануы қалай жүргізіледі?

  8. Табиғи көбеюдің көрсеткішінің есептелуі және бағалануы қалай жүргізіледі?

  9. Сәби өлімінің көрсеткішінің есептелуі және бағалануы қалай жүргізіледі?

  10. ҚР өлім-жітімнің себептерінің құрылымы қандай?

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

1 сағат-уақыт (узақтығы) Қарағанды 2011 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген icon2 сағат- уақыт Караганда 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
Мақсаты: Отандық экономиканың нарықтық қатынасына өтуінің сипаттамасы. Меншік формасының өзгерісін қарастыру. Нарықтық экономика...
1 сағат-уақыт (узақтығы) Қарағанды 2011 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconКафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
«Электролиттер ерітінділердің электрлі еткізгіштігі. Организмнің сүйықтықтары мен тіндері екінші текті өткізгіштер ретінде. Кольрауш...
1 сағат-уақыт (узақтығы) Қарағанды 2011 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconУақыты-1 сағ Қарағанды 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
Еуропа және Ресей елдеріндегі медицинаның дамуы мен студенттерді таныстыру. Ұлы шнайы ашылулар, француз материализмінің медицинаға...
1 сағат-уақыт (узақтығы) Қарағанды 2011 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconКафедраның жиналысында бекітілген 29. 08. 2011. №1 Хаттама
Мақсаты: Комплексті қосылыстар, олардың қөұрылысы және биологиялық маңызды өкілдерінің табиғатын қарастыру
1 сағат-уақыт (узақтығы) Қарағанды 2011 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconКафедраның жиналысында бекітілген 29. 08. 2011. №1 Хаттама
Мақсаты: Жанды ағзалардағы тіршілік процесстеріне қатысатынжәне емдеу ісіне қолданылатын маңызды поли және гетерофункционалдық қосылыстар...
1 сағат-уақыт (узақтығы) Қарағанды 2011 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconКафедраның отырысында талқыланған және бекітілген
Оқытушылардың басқаруымен студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқау №4
1 сағат-уақыт (узақтығы) Қарағанды 2011 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconҚарағанды 2010 ж Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген
Тақырыбы: Қазақстандағы жэс. Өлкедегі кеңестік мемлекет құрылысы. Жэс – тің әлеуметтік экономикалық нәтижелері
1 сағат-уақыт (узақтығы) Қарағанды 2011 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconУақыты (ұзақтығы): 1 сағат Қарағанды 2012 ж. Курстың отырысында талқыланған және бекітілген
Тақырыбы: «Ыстық климатта (Оңтүстік Қазақстан) әскерлерді сумен қамтамасыздандыруды ұйымдастыру»
1 сағат-уақыт (узақтығы) Қарағанды 2011 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconУақыты (ұзақтығы): 1 сағат Қарағанды 2012 ж. Курстың отырысында талқыланған және бекітілген
Тақырыбы: «Адам денсаулығын және қоршаған ортаны қорғаудың басты элементі ретінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау»
1 сағат-уақыт (узақтығы) Қарағанды 2011 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген icon1 сағ-уақыт (узақтығы)
«Қазіргі кездегі денсаулық сақтаудағы қаржыландыру ерекшеліктері. ҚР ғы еңбек ақысын төлеудегі құқықтық реттеу» тақырыбы
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница