Бұрынғы өзіңіз басқарған Ауыл шаруашылығы министрлігінің қазір шет елден сиыр сатып алумен аты шығып тұр. Бақташыны да Америкадан оқыту керек деген мәселе көтеріп отыр. Мұны қарапайым жұрт ақша шашудың бір жолы деп жүр. Сіз осы «сиыр саудасы» жайында не дер едіңіз?




НазваниеБұрынғы өзіңіз басқарған Ауыл шаруашылығы министрлігінің қазір шет елден сиыр сатып алумен аты шығып тұр. Бақташыны да Америкадан оқыту керек деген мәселе көтеріп отыр. Мұны қарапайым жұрт ақша шашудың бір жолы деп жүр. Сіз осы «сиыр саудасы» жайында не дер едіңіз?
Дата конвертации01.07.2013
Размер93.1 Kb.
ТипДокументы
Халық сөзі. – 2012. - №101. – 21 желтоқсан

Тоқтарбай Б.


Министр кезімде шет елден жаппай мал сатып алуға қарсы болдым

Ақылбек Күрішбаев С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор

- Сіз С.Сейфуллин атындағы университетке ректор болып келетін кезіңізде біраз қарсылық болды. Тіпті студенттер де қарсылық акциясын ұйымдастырды. Бұл сізге қалай әсер етті?

- Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды. Әрине өз мүдделерін ойлаған бұрынғы университет басшылығында болған адамдардың сөзіне еріп, кейбір жастардың осындай әрекетке барғаны рас. Бірақ бұл барлығы бірдей саналы түрде қарсы болды дегенді білдірмесе керек. Ат төбеліндей топтың даурығуы. Оның да басым бөлігі мәжбүрлікпен барған. Әсіресе, жастарды адастырды. Сол жаныма батады. Ол кісілердің біразы қазір ортамызда қызмет істеп жүр. Сәлеміміз түзу. Мен барлығына түсіністікпен қарадым. Барлығын уақыт төрелігіне қалдырдым. 10-15 күннің ішінде-ақ ешнәрсе болмағандай, ұжыммен де, студенттермен де емен-жарқын араласып кеттік.

Ең басты мақсат, біз өз еліміздің келешегі үшін жастарды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруымыз керек. Мен студент жастармен осы бағытта пікірлесіп отырамын. Біз жастардың «орындаушы» ретінде ғана емес, өзіндік ой-пікірі бар азамат болып қалыптасуы үшін қызмет етуіміз керек.

- Бұрынғы өзіңіз басқарған Ауыл шаруашылығы министрлігінің қазір шет елден сиыр сатып алумен аты шығып тұр. Бақташыны да Америкадан оқыту керек деген мәселе көтеріп отыр. Мұны қарапайым жұрт ақша шашудың бір жолы деп жүр. Сіз осы «сиыр саудасы» жайында не дер едіңіз?

- Жалпы асыл тұқымды малдың санын көбейту үшін сырттан мал әкелу тәжірибеде бар.

- Бірақ олардан асыл тұқымды шаруашылықтардың базасында шағылыстыру арқылы өзіміздің табиғатымызға бейімделген тұқым алуымыз керек. Яғни асыл тұқымды малдың жүйесі қалыптасуы керек. Егер осыған қол жеткізіп, асыл тұқымды малдың басын көбейтпейтін болсақ, осылай сырттан мал сатып алып, шет елдің малына мемлекет қазынасынан миллиардтаған қаражат шығарып отырамыз.

- Барлық атқарылатын іс селекциялық жұмыстың қажеттілігінен туындайды және жеткілікті жоғары протеинді жем-шөп қорын дайындамай, шеттен мал әкелудің ешқандай пайдасы жоқ. Өйткені малды әкеліп, оны не болса сонымен азықтандыру - оның генетикасын тоздырады. Мен министр кезімде де осындай себептеріне байланысты шет елден жаппай мал сатып алуға қарсы болдым. Әлі күнге дейін сол пікірімнен айныған емеспін.

Ал бақташылардың тәжірибе алмасуы туралы министрлік тарапынан көтерілген бұл бастама ел ішінде, журналистер арасында да көп талқыланды. Дегенмен камшысы қолынан түспеген қазақ халқы қашан да мал күтімін жақсы біледі. Сондықтан мен қазақка мал бағуды үйрету туралы бастамаға екі қырынан қарағанды жөн деп білемін. Қазақ мал баға алады, бұл даусыз. Ал малды күтіп-баптаудың заманауи технологиясын меңгеру үшін шет елдерде тәжірибе алмасудың еш сөкеттігі жоқ.

- Білім мен ғылым сабақты инедей бірін-бірінсіз кәдеге аспайды.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде осындай орта қалыптасқан ба?

- Жасыратыны жоқ, қазір студенттердің білім деңгейі төмен. Мен мұнымен жаңалық ашып отырған жоқпын. Біз осы кемшілікті жоюымыз керек. Ол үшін дәрісханадан шықпай, кітаптан оқығанын жатқа білетін студенттерге тәжірибе жинақтап, өз мамандығына машықтануды біліммен қатар сіңірген дұрыс. Шет елдегі университеттерде білім, ғылым, өндірістік тәжірибе, инновация процестері біте қайнасып біртұтас жүйе болып қалыптасқан. Қазіргі таңда біздің Білім және ғылым министрлігі де осындай саясатты жүзеге асыруды мақсат етіп, нақты істерді жүзеге асыруда. Мемлекеттік деңгейде ғылым саласына бөлінетін каржы көзі әртүрлендіріліп, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға мол мүмкіндік жасалынуда. Біздің университетіміздің өзінде былтырғы жылмен салыстырғанда ғылымға тартылған қаражат 3 есеге көбейді, материалдық-техникалық базаны да нығайту мақсатында министрлік тарапынан қолдау тауып отырмыз. Қазір университетіміздің жанында басымды бағыттағы салалық проблемаларды зерттеп, тиісті ұсыныс беретін 5 ғылыми-зерттеу орталығы мен конструкторлық бюро жұмыс жасауда. Сонымен қоса биылғы жылы университет қарамағында тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, заман талабына сай Ауыл шаруашылығы биотехнологиясы ғылыми-зерттеу институты жеке кәсіпорын ретінде құрылды. Бұл - университеттің стратегиялық жоспарына сәйкес зерттеу университеті мәртебесіне ұмтылған алғашқы және негізгі бастамаларының бірі. Қазіргі уақытта жаңа ғылыми технологияларды білмейтін маман кімге керек? Олар бәсекеге қабілетті өндірісті дамытып, басқара алмайды. Бұл мәселені шешу үшін ЖОО-ның ғылыми әлеуетін ұлғайту мақсатында салалық ғылыми-зерттеу институттарының потенциалын тиімді пайдаланып, біріккен ғылым-білім орталықтарын құру керектігін біздің ғалымдар әр деңгейде көтеріп жүр. Ондағы мақсат - білім мен ғылымды ұштастырып, халықаралық деңгейде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ел экономикасының үдемелі инновациялық жолмен дамуын қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті білікті мамандар дайындау. Дегенмен, бұл мәселе әр түрлі себептерге байланысты өзінің тиісті шешімін таппай тұр.

Дамыған елдердің тәжірибесіне қарасақ, аграрлық білім беру мен ғылым біртұтас жүйе. Ал бізде аграрлық ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары тек зерттеу жұмыстарымен шұғылданады, ал жоғары оқу орындарының ғалымдары көбіне оқытушылықпен айналысады. Тоқетерін айтқанда, аграрлық жоғары оку орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының арасында байланыстың тиісті дәрежеде болмауынан бұл саладағы жұмысты ақсатып отыр. Жағдайды өзгертіп, білім мен ғылымды сәтті байланыстыра білсек, көптеген мәселелер шешімін табатынына сенемін.

-Өзіңіз басқарып отырған оқу орнының қызметкерлері мемлекеттік тілді жақсы меңгерсе, жалақыға үстеме қосылатындығы жайында бастама көтергеніңізді білеміз...

-Бұл бастама астарында мемлекеттік тілді меңгеру, іс-құжаттарын қазақ тілінде жүргізуді арттыру деген игі насихат жатыр. Мәселен, жылына екі мәрте тоқсан сайын профессор-оқытушылар кұрамы арасында рейтинг жүргізіліп, ұстаздың біліктілігі, студенттермен тіл табысуымен қатар мемлекеттік тілде жұмыс істеуіне назар аударылады. Рейтингте жақсы көрсеткішке қол жеткізген қызметкерлеріміз сыйақыға ие болады. Сонымен қатар, қазақ тілінде оқулық жазған ұстаздарымызға да қосымша сыйақылар қарастырылған. Біздің агротехникалық университеттің студенттер қауымының дені ауылдық жерден келген жастар, олардың ішінде мүлдем орыс тілін білмейтіндері де бар. Сондай-ақ қазақ тілінде тіл сындырмаған студенттер де жеткілікті. Сондықтан, «жеті жұрттың тілін біл» деген қағиданы ескеріп, тіл үйренемін деген студенттер үшін қосымша курстар ұйымдастырылған.

- Жоғары оқу орнының басшысы ретінде мемлекет тарапынан бөлініп отырған білім гранты ауылдық жерлерді, туралап қалған ауыл шаруашылығын көтеретін мамандар даярлауға жеткілікті деп ойлайсыз ба?

- Мемлекеттік гранттарды, әрине, көбейту керек. Бірақ оның ел экономикасына тиімді жағына көп көңіл бөлген жөн.

Ал өз кезегінде мемлекеттік грантпен білім алған жас мамандарды ауылдарға арнайы жолдамамен жіберу керек. Бұл ауылдық жерлердегі маман тапшылығын шешеді. Одан бөлек ауылдан өсіп келе жатқан балалардың білімді, дені сау болуына ықпал етсе, кәсіпорындарға келген жас мамандар өндірістің өнімділігін арттырады.

Міне, сонда ғана мемлекеттік гранттың қайтарымын көре аламыз. Осы жерде тағы бір өзекті мәселе-дайын мамандарды жұмысқа орналастыру мәселесімен ЖОО ғана емес, әкімдер арнайы бағдарлама дайындап шұғылданатын болса түйін тарқатылар еді. Ауылға қажетті мамандардың тапшылығын реттеу, жағдайларын жасау тікелей әкімдердің міндеті. Мысалға, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерге барған мамандардың біразы қалаға қайтып келді. Неге? Сол бағдарлама шеңберінде, заң талаптарына сәйкес баспана сатып алуға берілетін пайызсыз несие, тағы басқа да тиісті жәрдемақылар берілмей, бағдарламаның толық жүзеге асуына кедергі жасалып отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған заң бар, бағдарлама дайын. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауылдық жерлердегі маман тапшылығын шешуге, әрі бюджет қаржысына білім алған түлектерді ауылдың өркендеуіне жұмылдыруға үлкен мүмкіндік береді.

-Сіз ауыл шаруашылығының жайын жақсы білетін мамансыз. Базарларымыз қысы-жазы қытайдың құрт жемейтін көкөнісімен толып тұрады. Біз не себептен соңғы жылдары азық-түлік өнімдерін шет елден көбірек тасуға мәжбүр болып отырмыз?

-Бұл қате пікір. Біз отандық жылыжайлардан да тонналап өнімдер алудамыз. Дегенмен, жалпы халық арасында Қытайдың қызанағы, Польшаның алмасы деген сияқты пікірлер етек алып кеткен. Осыдан 2-3 жыл бұрын басталған біздің отандық жылыжайлардың өнімін қазір халық тұтынып отыр. Енді өнімділік артқан сайын, отандық өнім көлемі көбейе түседі. Сондықтан әрбір казақстандық отандық өнімді тұтынуды өз міндетінди қабылдап, сәл қымбаттығын ауырсынбаса, бұл тығырықтан ертең-ақ шығамыз деп ойлаймын. Бұл отандық шаруашылықтарды қолдаумен қатар, таза табиғи жеміс-жидек, көкөніс жейтініміздің кепілі.

Барлық ауылшаруашылық өндірісі дамыған елдерде, оның негізгі үлесі шағын және орта фермерлік қожалықтарға тиесілі. Оның ішінде көптеген отбасылық фермерлер бар. Деректерге сүйенетін болсақ, дағдарыс кезеңінде әлемде көптеген ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ірі кәсіпорындар қысқарып, біразы бизнестің басқа саласына өтіп кеткен. Ал шағын шаруашылықтар төзімділік танытқан. Демек, ауыл шаруашылығын тиімді дамыту үшін ұсақ шаруашылықтарды кооперативтерге біріктірген жөн.

Бау-бақша өсіріп, жылыжаймен айналысып отырғандардың дені - шағын шаруашылыктар. Ауылдық жерлердегі шағын шаруашылықтар кооперативтерге бірікпесе мемлекет тарапынан бөлінетін жеңілдетілген арнайы несиеге де, субсидияға да қол жеткізе алмайды. Қазір сондай қиындық бар. Бұл ауыл шаруашылығының дамуына үлкен кедергі жасайды. Жаңағы сіз айтып отырған көкөністер мен бау-бақша өнімдерінің барлығын сол шағын шаруашылықтар өндіретінін ескерсек, мәселенің төркінін түсінуге болады. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев елімізде кооперация жүйесін құру туралы Үкіметке тапсырма жүктеп, бірнеше жыл бұрын ауыл шаруашылығы кооперациялары туралы заң қабылданды. Жаңадан құрылған ауыл шаруашылығы тұтыну кооперацияларын мемлекеттік тұрғыдан қорғаудың механизмі қалыптасты. Облыс әкімдерімен бірлесе отырып, аймақтарда ауылшаруашылық тұтыну кооперациялары (АТК) қолға алынып, елімізде тиімді АТК пайда бола бастады. Өкінішке қарай, соңғы кезде осы бастаманы жалғастыруға деген салғырттық аңғарылады. Бұл ауыл шаруашылығын сөзсіз жаңа деңгейге көтеретін тетік еді.

-Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте болдыңыз, бір емес екі мәрте Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, 3 жыл министр қызметің атқардыңыз. Биліктегі қызметіңіз ғылыммен шындап айналысуға кедергі болған жоқпа?

-Ғылымға кездейсоқ келіп қосылып, атақ алған жоқпын. Институт үздік бітіріп, Қазақ егіншілік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында агроном болып қызмет еттім. Сөйтіп мен өз мамандығым бойынша ғылыми ортада қызмет етіп, әрі ғылымды игере бастадым. Аспирантураға түсіп, ғылымға түбегейлі бет бұрып, ғылыми зерттеулерімді жүргіздім. А. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒЗИ-ді басқардым. Кандидаттықты да, докторлықты да ғылымның ортасында жүріп, өз еңбегіммен қорғадым. Нақты айтатын болсам, ғылымдағы сол жетістіктерімнің аркасында мемлекеттік қызметке келдім.

-Ауыл шаруашылығы саласының екі қанатының бірі - мал шаруашылығы егіншілікке қарағанда жетім қыздың күйін кешіп отыр. Министр кезіңізде «мал дәрігерлік қызметін мемлекеттік монополияға айналдыру керек» деп мәселе көтердіңіз. Мұндағы ойыңыздың төркіні не?

-Өкінішке қарай, осыдан 20 жылдай бұрын ветеринария саласына нарықтық көзқараспен қарап, құлдыратып алдық. Ендігі мақсат - жекеменшікке өтіп кеткен мал дәрігерлік қызметін мемлекеттік монополияға қайтаруымыз керек. «Медицина адамды емдейді, ал ветеринария - адамзатты емдейді», - деген қанатты сөз бар. Сондықтан ветеринарияны тек мал шаруашылығы деп емес, адамзат баласының тіршілігінің бір тармағы деп карағанымыз жөн.

Бұл мәселеге тиісті заң 2 жыл бұрын дайындалған. Сол заңның тезірек орындалуын қамтамасыз ету қажет. Қазір, өкінішке карай, бұл салада нақты істен гөрі, сөз көбейіп кетті.

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Бұрынғы өзіңіз басқарған Ауыл шаруашылығы министрлігінің қазір шет елден сиыр сатып алумен аты шығып тұр. Бақташыны да Америкадан оқыту керек деген мәселе көтеріп отыр. Мұны қарапайым жұрт ақша шашудың бір жолы деп жүр. Сіз осы «сиыр саудасы» жайында не дер едіңіз? iconAbcnet бұл қазақша sms мәлімет
Ал егер тіл жұтыла бастаса, мұны мемлекеттің әлсіреуінен деп түсінуіміз керек. Қазақтарда “Мың өліп, мың тірілген ” деген сөз бар....
Бұрынғы өзіңіз басқарған Ауыл шаруашылығы министрлігінің қазір шет елден сиыр сатып алумен аты шығып тұр. Бақташыны да Америкадан оқыту керек деген мәселе көтеріп отыр. Мұны қарапайым жұрт ақша шашудың бір жолы деп жүр. Сіз осы «сиыр саудасы» жайында не дер едіңіз? iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен олардың еншілес мемлекеттік кәсіпорындары...
Бұрынғы өзіңіз басқарған Ауыл шаруашылығы министрлігінің қазір шет елден сиыр сатып алумен аты шығып тұр. Бақташыны да Америкадан оқыту керек деген мәселе көтеріп отыр. Мұны қарапайым жұрт ақша шашудың бір жолы деп жүр. Сіз осы «сиыр саудасы» жайында не дер едіңіз? iconАуыл шаруашылығы
Аудан бойынша 2006 жылдың 1 тоқсанына 52810 ірі қара мал басы есептелді, оның ішінде 18749 сиыр; 90449 қой басы, 9116 жылқы басы,...
Бұрынғы өзіңіз басқарған Ауыл шаруашылығы министрлігінің қазір шет елден сиыр сатып алумен аты шығып тұр. Бақташыны да Америкадан оқыту керек деген мәселе көтеріп отыр. Мұны қарапайым жұрт ақша шашудың бір жолы деп жүр. Сіз осы «сиыр саудасы» жайында не дер едіңіз? iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Бүгінгі таңда республиканың агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдай өндіріс тиімділігінің өсуімен, ауылдағы қаржы қызметі нарығының дамуымен,...
Бұрынғы өзіңіз басқарған Ауыл шаруашылығы министрлігінің қазір шет елден сиыр сатып алумен аты шығып тұр. Бақташыны да Америкадан оқыту керек деген мәселе көтеріп отыр. Мұны қарапайым жұрт ақша шашудың бір жолы деп жүр. Сіз осы «сиыр саудасы» жайында не дер едіңіз? icon«Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы»
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2560 шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл...
Бұрынғы өзіңіз басқарған Ауыл шаруашылығы министрлігінің қазір шет елден сиыр сатып алумен аты шығып тұр. Бақташыны да Америкадан оқыту керек деген мәселе көтеріп отыр. Мұны қарапайым жұрт ақша шашудың бір жолы деп жүр. Сіз осы «сиыр саудасы» жайында не дер едіңіз? icon«Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы»
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2571 шешімдеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл...
Бұрынғы өзіңіз басқарған Ауыл шаруашылығы министрлігінің қазір шет елден сиыр сатып алумен аты шығып тұр. Бақташыны да Америкадан оқыту керек деген мәселе көтеріп отыр. Мұны қарапайым жұрт ақша шашудың бір жолы деп жүр. Сіз осы «сиыр саудасы» жайында не дер едіңіз? iconКатонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы
Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің ( бұдан әрі- «Бөлім») миссиясы мен көзқарасы
Бұрынғы өзіңіз басқарған Ауыл шаруашылығы министрлігінің қазір шет елден сиыр сатып алумен аты шығып тұр. Бақташыны да Америкадан оқыту керек деген мәселе көтеріп отыр. Мұны қарапайым жұрт ақша шашудың бір жолы деп жүр. Сіз осы «сиыр саудасы» жайында не дер едіңіз? icon2. Бұрынғы қатаң кредит саясатының сақталуы байқалып отыр: респонденттердің 90% кредит саясатын бұрынғы деңгейде қалдырды (2-диаграмма)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы шілде
Бұрынғы өзіңіз басқарған Ауыл шаруашылығы министрлігінің қазір шет елден сиыр сатып алумен аты шығып тұр. Бақташыны да Америкадан оқыту керек деген мәселе көтеріп отыр. Мұны қарапайым жұрт ақша шашудың бір жолы деп жүр. Сіз осы «сиыр саудасы» жайында не дер едіңіз? iconАуыл шаруашылығы тауарын
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қантардағы №38 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі...
Бұрынғы өзіңіз басқарған Ауыл шаруашылығы министрлігінің қазір шет елден сиыр сатып алумен аты шығып тұр. Бақташыны да Америкадан оқыту керек деген мәселе көтеріп отыр. Мұны қарапайым жұрт ақша шашудың бір жолы деп жүр. Сіз осы «сиыр саудасы» жайында не дер едіңіз? icon1. Мыналар: 1 осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдарының 2012 жылға арналған тізбесі
«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница