«Жылылық пен сезім сәулесін сепкен кеш»




Скачать 43.48 Kb.
Название«Жылылық пен сезім сәулесін сепкен кеш»
Дата конвертации21.07.2013
Размер43.48 Kb.
ТипДокументы
«Жылылық пен сезім сәулесін сепкен кеш»


Жылдар, күндер зулайды, оралмайды,

Дамыл көрмей самғауды оған жайлы.

Жас ұрпақты көшіне ілестіріп,

Сыр шертеді оларға өмір жайлы.

Қош айтысып, балаң шақ өткеліне,

Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар.

Аттанып барады көктеміне.

Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,

Бұндай күй болған бәлкім баршаңыз да.

Қол соғып қошеметпен қарсы алайық,

Түлектер келсін кәне ортамызға, - деп түлектерді ортаға шақырды.

Осы сәтте түлектер екі-екіден музыка ырғағымен ортаға шығып жатты. Осыдан кейін мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру рәсімі және құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Оңайбай Есентурлиев алды. Одан кейін ауыл әкімі Базарбай Нұрқожаев жас түлектерді құттықтап, оларға сәт-сапар тіледі.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдын алған баласы.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой сарасы

Сүйенерге жарар ол, - деп ұлы Абай айтқандай, Манас Абдуллаев, Саламат Бабасов, Айса Изжанов, Масқар Сүгіралиев, Жылқыбай Шотбасов сынды ата-аналар да өздерінің ұл-қыздарына ақ жол тілесе, ұстаздарына алғыстарын айтып, игі лебіздерін білдірді.

«Ұстаз – ана» әнін тарту еткен Берік Сәбиевтің әсем даусы ұстаздар мен ата-аналарды бір серпілтіп тастады.

Ұстаз деген – ұлағаттың шайыры,

Қадірінің тиетұғын қадірі.

Ұстаз деген шуағы мол шапағат,

Шаршамайтын, шалдықпайтын тәйірі, - деген ақын жырын оқыған Маржан Жұмағазина келесі сөз кезегін ұлағатты ұстаздарға берді. Галина Сүйеу, Зинашхан Наужанова, Түзелбай Қозбеков, Самат Бабас сынды майталман ұстаздар жасөспірім жеткіншектерге мамандық таңдауда адаспауларын ескертіп, болашақтарына баянды бақыт тіледі.

Осы ұстаздарға арнап Айтқұл Қалжан «Ұстазым» әнін тарту етті.

Мектеп үйім, ұстаздарым ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа таралған,-деген кеш жүргізушісінің сөзінен соң, келесі кезек жас ұстаздарға да келіп жетті. Қарлығаш Елхондиева, Маржан Райымбердиева, Қаламқас Тіленбаева, Нұрғаным Қоңырбаева сияқты жас ұстаздар лебізінен соң Маржан Жұмағазина шәкірттеріне және мұғалімдерге сұрақтар қойды. «Қай мұғалімнің сабағы сен үшін қызықты өткен болатын?» - деген сұраққа Айдана Шотбасова: мен үшін Зинашхан апайдың әр сабағы ерекше,– дей келе апайының әр сабағының жүрегіне жылу берген жерлерін әсерлеп әңгімелеп берді. «Қандай оқуға түскің келеді?» деген сұраққа бірі мұнай, бірі дәрігер, бірі заң, енді бірі ата-анасындай білікті теміржолшы, ал кейбіреуі Ақбала, Маржан апайларындай ұстаз болғысы келетіндерін айтты. «Мектеп қабырғасында қандай қызықты кезеңдер болды?» деген сұраққа 9 жыл бірге оқыған сыныптастары Берік Сәбиевтің 9-сыныпты бітіргеннен кейін аяқ астынан ән айту өнері бар екенін көрсеткені түлектер арасында күлкілі бір әңгіме болды. «Осы оқушылардан болашақта қандай үміт күтесіз?» деген мұғалімдерге қойылған сұраққа кешке қатысушы барлық мұғалімдер де «Зор үміт күтеміз» деп жауап берді. «Осы түлектердің қай қылығы көз алдыңызда?» деген сауалға – «Оқушылардың қай кезде болмасын ұйымшылдығы, белсенділігі – бәрі де өзіне тартқан» деп әзіл-шыны аралас жауап берді.

«Шәкірттеріңіздің көрінген биік белестері туралы айтсаңыздар» деген кезекті сауалға орай мұғалімдер мектепішілік, ауылдық, аудандық сайыстарда әр оқушының жеткен жетістіктерін айтып өтті. «Оқушылық – балғын шақ» көрінісі интерактивті тақтадан көсетілді. Бұл көріністен оқушылардың 1-сыныптағы балдәурен кезінен 11-сыныптағы сәттерін көпшілік тамашалап жатқанда «Ұстазым» әні баяу естіліп жатты. Жалпы осы сыныптың жетекшісі Маржан Бектұрғанқызы тек қана қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маманы ғана емес, сонымен қатар ақын да. Шәкірттеріне арнап жазған, әлі де сиясы кеппеген жырын сол кеште бір ақтарып өтті:

Ұстаз деген – жайқалған мәуелі бақ,

Шәкірт – оның жемісі,

Ұстаз деген – мөлдір бұлақ,

Сол бұлақтың шәкірт ағар жемісі.

Шәкірттерің, сүйкімді балаларым,

Ойға жүйрік, ақылға даналарым.

Білім менен талапты қатар қойсаң,

Ізденумен алдыңнан жанар бағың.

Деп әр кез ақыл қосқан даналарым,

Ұстаздарым –

Қандай теңеу сіздерге таба алармын?!

Ұстазым – күнім, мол шапағы тараған,

Шуақ шашқан сол шапақтан өзім дағы нәр алғам.

Шәкірттері күн көзінен нәр алып,

Сан тарапқа, сан тарауға тараған,

Ұстаз – күнім, шапағыңды шаша бер.

Шәкірттерің сан тарапқа сәуле болып шашылсын.

Сол сәуледен бақыт гүлі ашылсын.

Ұстаз арнауынан соң Айтқұл Қалжан «Жас талапкер» атты көркем сөзін оқыды. Жұртшылық ұйып тыңдап, ойда қалды.

Қуаныштан алаулайды іреңі,

Толқып та тұр, кеудедегі жүрегі,

Есінде қалсын ұстазының мәңгілік,

Шәкіртінің толқып айтқан тілегі, - дегендей, ендігі сөз кезегі шәкірттеріне берілді. Қобалжулы, толқулы күйде тұрған түлектер қысқа-қысқа тілектерін айтып өтті. Олар: сынып старостасы Лаура Абдуллаева, Айтқұл Қалжан, Гүлдана Бабасова, Жолдасқали Сүгіралиев, Айдана Шотбасова, Жібек Сақтағанова, Әсел Қуанышева, Айгүл Изжанова барлық сыныптастары атынан мектеп атына кір келтірмейтіндігін, егемен елімізді елу елдің қатарына қосатын қазақтың азаматы мен азаматшасы боламыз деп сенім білдіріп, өздерінің жүрек жарды лебіздерін айтты. Түлектердің орындауындағы «Қоштасу» әні көпшіліктің көңілін елжіретті.

Думан қызды, көрсетті түлек өнерін,

Жатыр небір айтылып сөз де керім.

Ән бұлақ қайнарынан қанып ішкен

Көрсетсінші ата-ана да өз өнерін, - деген жүргізуші сөзінен соң ата-аналардан өз өнерлерін көрсету сұралды. Ата-аналар атынан ұлттық биден сайыс ұйымдастырылды. Гүлжан-Жылқыбай, Бағила-Масқар, Орал-Жандос сынды ата-аналар сайысқа қатысып, жұптарымен жүлделі орындар иеленіп марапатталды. Осыдан соң, осы кештегі бар адамның құрметіне арналып, Маржан Жұмағазинаның «Мектеп-ана» әні оқушылар хорымен орындалды. Келесі сөз кезегін өзі алған Маржан апай: осы кешке атсалысып көмектескен Берік Мусиевке, интерактивті тақтамен безендірген білікті маман Маржан Райымбердиеваға үлкен алғыс айтамын,-деді. Манас Абдуллаев ата-аналар атынан Маржан Жұмағазинаға және басқа ұстаздарға ризашылығын білдірді. Мектеп директоры Оңайбай Есентурлиев оқушыларға ақ батасын берді. Ал кештің келесі бөлімі жастар биіне және көңілді от шашуларға ұласты.

Бақыт гүлі алдарыңнан ашылсын,

Арман ару ақ тілекпен асылсын!

Біз тілеген ақ тілектер қабыл боп,

Құс жолындай ғұмырларға шашылсын!

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

«Жылылық пен сезім сәулесін сепкен кеш» icon2012 жылдың қазан айының 10-ы күні Зеленов аудандық окж-де мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардагер оқырмандарымызбен «Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі» атты мерекелік кеш өткізілді
Зеленов аудандық окж-де мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардагер оқырмандарымызбен «Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі» атты мерекелік...
«Жылылық пен сезім сәулесін сепкен кеш» iconИслам Республикасының Үкіметі арасындағы табыс пен
Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі табыс пен капиталға қосарланған салық салуды жою және салық төлеуден...
«Жылылық пен сезім сәулесін сепкен кеш» icon«Жаңа жыл – 2012» мерекелік кеш. 9-11сыныптар. Мақсаты
Мақсаты: Оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жаңа жыл мерекесінде оқушыларды өнерпаздылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
«Жылылық пен сезім сәулесін сепкен кеш» iconФ кгма 1-8-22/02 му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г
Тақырып: Сезім мүшелерінің анатомиясы мен топографиясы. Көру мүшелері: көру (ІІ), көзді қозғалту (ІІІ), шығыршықты (ІУ), әкеткіш...
«Жылылық пен сезім сәулесін сепкен кеш» iconШкала бойынша әрбiр жобалаушыға «1» мен «5» пен аралығындағы баға қойылады

«Жылылық пен сезім сәулесін сепкен кеш» iconҚ азақ өлеңінің асқар белі
Бауыржан батыр мен Мәлік батыр осының бәрі ақынды қазақ ұлы ел басына күн туған шақта кім болып танылмақ деген толғанысқа тарту....
«Жылылық пен сезім сәулесін сепкен кеш» iconЗертханалық сабақтың мазмұны
Тері жамылғысы және оның туындылары. Бұлшықет жүйесі. Қанаттары және иық белдеуі. Артқы аяқтары және оның белдеуі. Ас қорыту, қан...
«Жылылық пен сезім сәулесін сепкен кеш» icon«Өмірде ана бұлақ, ана-пана, Өмірді өркендетер ана ғана»
Аналар,қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар!Көгімізде бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде азаматты қуанышқа бөлеп,адам...
«Жылылық пен сезім сәулесін сепкен кеш» iconҚазақ тіліндегі әдебиеттер оқу залы және қазақ тілі кафедрасымен бірлесіп Кәкімбек Салықовтың 80 жылдығына «Жүйітки бер, қазақтың Жезкиігі» атты әдеби-сазды шығармашылық кеш өткізді
К. Салықовты үлкен лирик десек, оған да дәлеліміз жеткілікті. Алпыстан астам композитор бес жүздей ән шығарыпты, өз басына қонған...
«Жылылық пен сезім сәулесін сепкен кеш» iconМарғұлан Ә. Қазақстан тарихы Конференция Пленарлық мәжіліс Сый Омашев Н. 6
Тауқымет пен тағзым/ [құраст. Б. Төлепберген]. Алматы: рииц азия, 2007. 296, [1] б
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница