Шиелі аудандық білім бөлімінің бастығы




Скачать 349.45 Kb.
НазваниеШиелі аудандық білім бөлімінің бастығы
страница1/4
Дата конвертации25.07.2013
Размер349.45 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
Бекітемін:


Шиелі аудандық білім бөлімінің бастығы


________________________Қ. К. Оңғаров


45 «Ақ Орда» мектеп – гимназиясының


ЖАРҒЫСЫ


Меншік түрі : мемлекеттік мекеме


Шиелі кенті

2010 жыл


Жарғы

Мемлекеттік оқу орны - №45 «Ақ Орда» мектеп - гимназиясы


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1.1 №45 «Ақ Орда» мектеп – гимназиясы – жалпы білім беретін мектеп пен гимназияның білім беретін бағдарламаларын жүзеге асыратын Жалпы білім беретін мемлекеттік оқу орны болып табылады. Мектеп – гимназия Шиелі ауданындағы Білім беру мекемесіне жатады. Қазақстан Республикасының

2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы»Заңы негізінде қызмет атқарады. Оқу – тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі бекіткен нормативті құжаттар арқылы жүргізіледі.

1.2 Мектеп – гимназия – заңды тұлға болып табылады. Жеке мүліктік және негізгі мүліктік жедел басқаруға, өз атынан келісім шарттар жасауға, мүлік алуға және пайдалануға міндетті. Заң алдында талапкер және жауапкер болуға ерікті. Дербес балансы, банкіде есепшоты, дөңгелек мөрі, бұрыштамасы бар.

1.3 Мектеп – гимназияның заңды мекен – жайы:

Индекс 120700

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, М. Шоқай көшесі №1 үй

Мекеменің толық атауы:

Мемлекеттік тілде: №45 «Ақ Орда» мектеп – гимназиясы Мемлекеттік мекемесі

Қысқаша атауы: №45 «Ақ Ода»мектеп – гимназиясы М.М.

Орыс тілінде: Государственное учреждение школа – гимназия №45

«Ак Орда»

Қысқаша атауы: Г.У. школа – гимназия №45 «Ак Орда»


ІІ. Құрылтайшылар


2.1 Мектеп – гимназия Құрылтайшысы Шиелі аудандық Әкімдігі болып табылады. Шиелі аудандық білім бөлімі Уәкілетті орган болып есептеледі.

2.2 Мектеп – гимназия мен Уәкілетті орган арасындағы қатынас осы Жарғы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

2.3 Уәкілетті орган мектеп – гимназия директорын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындайды және лауазымнан босатады. Мектеп – гимназия директорының орынбасарларын тағайындау жайлы ұсынысын қарайды.

2.4 Мектеп – гимназия Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы және басқа да нормативтік актілерде белгіленген тәртіппен аттестациядан өткізіледі.

2.5 Мектеп – гимназия педагогикалық, ғылыми және тағы басқа халықаралық ассоциациялар, бірлестіктер мен қоғамдарға кіруге ерікті. Кәсіби, шығармашылық, ғылыми, спорттық байқауларға, олимпиадаларға, конференция, конгрестерге, білім қызметкерлері мен білім алушылардың түрлі формадағы тәжірибе алмасуларына валютасыз негізде қатыса алады.

2.6 Мектеп – гимназия мемлекеттік саясаттың білім беру жүйесіндегі зиялы және діни білім берудің принциптерін сақтауға міндетті.

2.7 Мектеп – гимназияда ұйымдық құрылымдарды, саяси партияларды, қоғамдық - саяси қозғалыстарды және діни бірлестіктерді құруға тыйым салынады.

2.8 Мектеп – гимназия білім беру үрдісін жүзеге асыруда кадрлар іріктеуді, орналастыруды, ауыстыруды Қазақстан Республикасы заңнамалары мен осы Жарғыға сәйкес дербес атқарады.


ІІІ. Мектеп – гимназияның негізгі мақсат – міндеттері


3.1 Мектеп – гимназия қызметінің негізгі мақсаты:

Жалпыға міндетті Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларын игертуді жүзеге асыру;

Білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш білім беруді, негізгі орта білім беруді, жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету;

3.2 Мектеп – гимназия қызметінің негізгі міндеттері:

  1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiптiк шыңдауға бағытталған сапалы бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау;

      2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, даралықты дамыту үшiн жағдай жасау арқылы ой-өрiсiн байыту;

      3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;

      4) белсендi азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;

      5) отандық және әлемдiк мәдениеттiң жетiстiктерiне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерiн зерделеу; мемлекеттiк тiлдi, орыс, шетел тiлдерiн меңгерту;

3.3 Мектеп – гимназияның негізгі функционалдық қызметі

1) iшкi тәртiп ережелерiн әзiрлеу және бекiту;

  2)жұмыстық оқу бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарларын әзiрлеу және бекiту;

      3) егер осы Заңда және қабылдаудың Үлгiлiк ережесiнде өзгеше көзделмесе, бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензияға сәйкес бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң контингентiн қалыптастыру;

      4) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу;

      5) бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдық бақылауды, аралық және қорытынды аттестатталуын жүргiзу;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
      8) бiлiм беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау;
9) бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;

10) Білім алушыларға инклюзивті білім беру;

11) Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға психологиялық, дәрігерлік кеңес беру, логопедтың, дефектологтың көмегін ұсыну;

      12) бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңiлдiктер материалдық қамсыздандыру түрлерiнiң уақтылы берiлуiн қамтамасыз ету;

13) Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы мектеп – гимназияға келе алмайтын балалар үшін үйде тегін жеке оқыту ұйымдастыру;

      13) қоғамдық өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне жәрдемдесу;
      14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаржылық есептiлiктi табыс ету;

ІҮ) Бiлiм беру процесiн ұйымдастыру тәртiбi


4.1 Мектеп – гимназияда білім мен тәрбие беру мемлекеттік тіл - қазақ тілінде жүргізіледі

Мектеп – гимназияда шетел тілі есебінде орыс тілі және ағылшын тілі пәні оқытылады.

Жалпы білім беру бағдарламалары мектеп – гимназияда күндізгі формада жүзеге асырылады.

4.2 Мектеп – гимназиядағы білім беру үрдісі мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына және оқу жоспарына сәйкес дербес құрылады және оны мектеп – гимназия директоры бекітеді

4.3 Мектеп – гимназияның білім беру бағдарламалары негізгі және қосымша компоненттерден тұрады;

4.4 Мектеп – гимназияның білім беру үрдісі төмендегідей сатыларды қамтиды:

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу (оқу мерзімі 1 жыл) – мектепалды дайындық тобы

Бастауыш бiлiм беру (оқу мерзімі 4 жыл) – 1 - 4 сыныптар

Негiзгi орта және қосымша білім беру , Прогимназия (гимназияға бағытталу) (оқу мерзімі 5 жыл) - 5- 9 сыныптар

Қоғамдық – гуманитарлық, жаратылыстану – математикалық бағытты гимназия (оқу мерзімі 2 жыл) - 10-11 сыныптар

Білім алушылар мен ата – аналардың сұранысы бойынша мектеп – гимназия түрлі профильдер мен бағыттар бойынша білім бере алады.

 4.5 Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгеру бiлiм алушыларды мiндеттi қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
Жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды және оқуын бiтiретiн жылы орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiм беретiн ұйымдарға оқуға түсуге ниет бiлдiрушiлердi қорытынды аттестаттау ұлттық бiрыңғай тестiлеу нысанында жүзеге асырылады.

Мектеп – гимназия қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар береді

Білім алуды аяқтамаған не қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

4.6 Оқу жылының бағдарламасын толық игерген, үздік білім нәтижесі мен үлгілі тәртіп көрсеткен білім алушылар мектеп – гимназияның педагогикалық кеңесінің шешіміне сәйкес сыныптан сыныпқа емтихансыз көшіріледі.

4.7 Оқу жылының бағдарламасын орта деңгейде игерген білім алушылар сынақ тапсыруға міндетті. Сынақтан «қанағаттанғысыз» баға алған жағдайда күзгі сынаққа қалдырылады. Күзгі сынақтан өте алмаған жағдайда келесі сыныпқа көшірілмейді.

4.8 Жалпы білім беру бағдарламасын игермеген білім алушылар білім берудің келесі сатысына көшірілмейді

4.9 Білім алушыны келесі сыныпқа көшіру кез –келген жағдайда мектеп – гимназияның педагогикалық кеңесінің Шешіміне сәйкес жүргізіледі.


Ү. Бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң сабақ РЕЖИМ


5.1 Ереже бойынша оқу жылы 1 қыркүйекте басталады;

5.2 Мектеп – гимназия алты күндік оқу аптасы бойынша жұмыс жасайды. Сабақ ұзақтығы – астрономиялық уақытпен 45 минут. Сабақ екі кезекте оқытылады.

5.3 Оқу жылының ұзақтығы мемлекеттік және қорытынды аттестацияны есепке алмағанда 34 апта. Мектепалды дайындық тобы тәрбиеленушілері мен бірінші сынып оқушылары үшін қосымша апталық демалыс белгіленеді.

5.4 Сабақ кестесі мен күн тәртібін мектеп – гимназия директоры бекітеді.

5.5 Мектеп – гимназиядағы Жалпы білім беретін оқу мазмұнына қарай мынадай оқу бағдарламаларымен жүргізіледі :

1) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

2) Бастауыш білім беру;

3) Негізгі орта білім беру;

4) Жалпы орта білім беру;

5) Дарынды балалардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық дамыту үшін оқу бағдарламасының жекелеген пәндерін тереңдетіп оқытуды көздейтін кәсіби білім беру;

6) Эксперименттік білім беретін оқу бағдарламалары;

7) Қосымша білім беру бағдарламалары

8) Үйден оқыту жеке арнаулы бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.

ҮІ. Сыныптардың саны мен топтастырылуы


6.1 Мектеп – гимназиядағы сыныптардың саны ата – аналардың (заңды өкілдерінің) берген өтініштері мен жалпы білім беру үрдісін жүзеге асыру жағдайларын , санитарлық-гигиеналық нормаларын есепке ала отырып, Уәкілетті органның келісімімен директордың бұйрығы арқылы жасақталады.

6.2 Мектепалды дайындық топтарында тәрбиеленушілер саны 20 , басқа сыныптарда оқушы саны 25 білім алушыдан аспауға тиіс.

6.3 Мектеп сыныптары орыс тілін, ағылшын тілін оқытуда екі топқа бөлінеді.Оқушы саны сәйкес болған жағдайда дене шынықтыру,технология пәндері бөлініп оқытылады.

6.4 Гимназияның бастауыш, гимназияға бағдарлану (прогимназия), гимназия сыныптарында мемлекеттік тілді , орыс тілін , информатика , технология, дене шынықтыру пәндері екі топқа, ағылшын тілін оқыту үш топқа бөлініп оқытылу арқылы жүргізіледі.

6.5 Гимназияның бастауыш, гимназияға бағдарлану (прогимназия), гимназия сыныптарына оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курс жүргізу үшін әр сыныпқа 4 сағат бөлінеді. Түрлі үйірмелер жүргізуге 0,25 жүктеме белгіленеді.

6.6 Білім алушының таңдауы бойынша өткізілетін элективті курстар бір топта 8 оқушыдан кем болмаған жағдайда жүргізіледі.


ҮІІ Мектеп – гимназияға қабылдау,мектеп – гимназиядан шығару тәртібі

7.1 Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқуға бес жастан бастап мектепалды даярлық түрiнде жүзеге асырылады.

      Мектепалды даярлық мiндеттi және мектеп –гимназияның мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.

7.2 1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады.

7.3 Мектеп – гимназияда білім алуға өтініш берген білім алушылардың тұрғылықты жері мектеп – гимназияның қызмет көрсету аумағына енетін болса, қабылданады. Ал басқа аумақтан келген ата – аналар (заңды өкілдер) өтініштері бос орын болмаған жағдайда қанағаттандырылмайды.

7.4 Он алты жасқа дейiнгi балаларды мектеп – гимназиядан шығару құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, бiлiм беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бiрнеше рет бұзғаны үшiн педагогикалық Кеңестің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

      Жетiм балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешiм қорғаншы және қамқоршы ұйымдардың келiсiмiмен қабылданады.

    1. Гимназия сыныптары 25 оқушыға толмаған жағдайда 5,10 сыныптарға конкурстық негізде оқушы қабылдау жүргізіледі. Конкурс талаптары мен ережелерін мектеп – гимназия директоры бекітеді.

    2. Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар гимназия сынып оқушылары Педагогикалық Кеңес шешіміне сәйкес оқуын мектеп сыныбында жалғастыруға міндетті.

    3. Мектеп – гимназияға қабылданған оқушының ата – анасын (заңды өкілдерін) мектеп дирекциясы мектеп – гимназия Жарғысымен таныстыруға міндетті.



ҮІІІ. Мектеп – гимназияның қаржы және шаруашылық қызметінің құрылымы

8.1 Мектеп – гимназия лицензия алып , тіркелген күннен бастап, өзінің Жарғысы, мөрі, атауы мен есепшоты бар заңды тұлға болып табылады.

8.2 Мектеп – гимназияның қаржылық және заттай қорының қайнар көзі:

Бюджеттік;

Меншік иесі немесе өкілетті органның мектеп – гимназияға берген заттары;

Басқа заңды және жеке тұлғалардың ерікті көмектері;

Басқа да заңға сәйкес табыс көздері;

8.3 Білім беру қызметін қамтамасыз ету мақсатында Уәкілетті орган Жарғы бойынша өз жеке меншігіндегі нысандарын (жер, мектеп құрылысы, жабдықтар және т.б) мектепке бекітеді.

8.4 Жер учаскесі мектеп – гимназияға тегін және мерзімсіз пайдалануға беріледі. Осы меншік құралдарын сақтау мен тиімді пайдалану жөнінде мектеп- гимназия Уәкілетті ұйым алдында жауапты. Мектеп-гимназия қызметін бақылау Уәкілетті ұйым немесе осыған қатысты басқа заңды тұлғалар арқылы жүргізіледі.

8.5. Мектеп-гимназияға жеке және заңды тұлғалардың ақшалай, заттай берген сыйлары, қалдырған мұралары мектеп-гимназия меншігіне жатады.

8.6. Мектеп гимназия өз меншігіндегі ақша қорларының жұмсалуына жауап береді.

8.7. Мектеп-гимназия өз меншігін жалға беруге және жалға алуға құқылы. Өз меншігін жалға беру тиісті заңнамаларға сәйкес жүргізіледі.

8.8. Уәкілетті ұйым бекіткен ақшалай және заттай қорлар мектеп-гимназияның меншігі болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамаларға сәйкес жұмсалады.

8.9. Мектеп-гимназияның материалдық-техникалық базасының дамуы өзіне бекітілген бюджеттік және меншік қорлары арқылы жүргізіледі.

Қаржы қорының жұмсалуы бекітілген смета бойынша жүргізіледі.

ІХ. Мектеп-гимназияны басқару


9.1. Уәкілетті ұйым мен мектеп-гимназия арасындағы өзара жасалған келісім- шарт бойынша Уәкілетті ұйым құзыреті:

- Жарғыны бекіту және жарғыға енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды бекіту.

- Мектеп-гимназияның мүлік-қаржы қызметін бақылау;

- Мектеп-гимназияның білім беру қызметін бақылау;

- Мектеп-гимназияның директорын тағайындау;

- Мектеп-гимназияны жою және қайта құру туралы шешім қабылдау;

- Білім беру сапасын басқару, меткеп – гимназия ұсынатын білім беру қызметін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

9.2. Мектеп-гимназияны басқару, ашық, жалпыға бірдей, өзін-өзі басқару негіздері бойынша жүргізіледі және өзінің алға қойған мақсаттарын ата-аналармен бірлесе отырып, шешеді.

9.3. Мектеп-гимназияны жалпылай басқару Мектеп-гимназияның педагогикалық Кеңесі арқылы жүргізіледі.

9.4.1. Мектеп-гимназияның педагогикалық Кеңесі мектеп-гимназия жағдайын ойлайтын мүдделі қоғам өкілінен, ата-ана өкілінен, оқушыдан, оқытушыдан құралады. Кеңесті мектеп-гимназия Директоры басқарады.

9.5.2. Төраға шешімі бойынша Кеңес отырысы үш айда бір рет шақырылады. Кеңестің шұғыл отырысы кем дегенде 1/3 кеңес мүшелерінің талабы бойынша немесе Кеңес төрағасының шақыруы бойынша өткізіледі.

9.6.3. Кеңес отырысының хаттамасын төраға тағайындаған хатшы жүргізеді.

  1   2   3   4

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Шиелі аудандық білім бөлімінің бастығы icon«Айнабұлақ орта мектебі»
Директоры, Мүшелері: М. Көкенов- аудандық құрылыс бөлімінің бастығы, Т. Окісханов- аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы...
Шиелі аудандық білім бөлімінің бастығы iconМм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған
Зайсан аудандық білім бөлімінің білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және бағдарламаны іске асыру тетігі
Шиелі аудандық білім бөлімінің бастығы icon«Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттiк қызмет регламенті Негізгі ұғымдар
Зеленов аудандық білім беру бөлімі –2006 жылғы 24 қаңтардағы №39 Әкімдіктің қаулысымен бекітілген, заңды тұлға, мемлекеттік мекеме...
Шиелі аудандық білім бөлімінің бастығы iconБекітемін аудандық білім, дене шынықтыру
Аққайың ауданының білім мекемелеріндегі «Рухани келісім күніне» арналған іс-шаралар дайындау және өткізу жоспары
Шиелі аудандық білім бөлімінің бастығы iconҚалалық білім беру бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарған жұмыстары
...
Шиелі аудандық білім бөлімінің бастығы iconҚызметтік тізім послужной список
ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының заң және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бастығы,...
Шиелі аудандық білім бөлімінің бастығы icon5. Конкурстық өтінімдерді ұсынудың бастапқы мерзімі: 2009 жыл 12 мамыр сағат 00 ден
«Екібастұз қалалық әкімдігінің білім бөлімінің №4 жалпы орта білім беретін мектеп» Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алу бойынша...
Шиелі аудандық білім бөлімінің бастығы iconБ иыл Ауған жерінен Кеңес армиясының шығарылғанына 15 ақпанда 22 жыл толып отыр. Міне, осыған байланысты аудандық кітапхана мен тарихи өлкетану мұражайы
«Ауған асуында от кешкендер» атты тақырыпта Х. Мұстафина атындағы орта мектептің оқушыларымен Ауған ардагері Б. Типеевпен кездесу...
Шиелі аудандық білім бөлімінің бастығы icon«Өзіңнен баста» акциясының аясында «Нұр Отан» пратиясының аудандық филиалының бастығы Сапаргелді Смағұлов партияның саяси кеңесінің бюросы мүшелерімен
Спубликалық және облыстық бақ-тарға айтып берген алғашқылар партияның облыстық филиалы басшысы А. Вербняк және оның орынбасары А....
Шиелі аудандық білім бөлімінің бастығы iconСот алқасында апелляциялық сатыда тыңдалуға тағайындалған азаматтық істер
Махамбет аудандық Салық басқармасы бастығы А. М. Мухтаровтың әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысын заңсыз деп тану туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница