1. Жалпы ережелер




Скачать 50.89 Kb.
Название1. Жалпы ережелер
Дата конвертации26.07.2013
Размер50.89 Kb.
ТипДокументы
1.Жалпы ережелер


  1. «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) заңды тұлғаның мәртебесіне ие, Орал қаласының аумағында құрылыс мәселелері бойынша құзыретін жүзеге асыру үшін құрылған, мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.

  2. Мемлекеттік мекемені Орал қаласының әкімдігі 2006 жылғы «19» қаңтардағы қаулысымен құрды.

  3. Орал қаласының әкімдігі атынан Орал қаласының әкімі мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі-уәкілетті орган) болып табылады.

  4. Мемлекеттік мекеменің толық атауы – «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

  5. Мемлекеттік мекеменің орналысқан жері – Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/21.



2.Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі

  1. Мемлекеттік мекеме өзі мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлғаның құқығына ие болады.

  2. Мемлекеттік мекеменің дербес балансы, заңдарға сәйкес банктерде шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған бланкілері, мөрлері және мөртаңбалары болады.

  3. Мемлекеттік мекеме белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке иелік ету, пайдалану, билік ету құқығы берілген мекемелерді қоспағанда басқа заңды тұлға ұүра, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

  4. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша уәкілетті орган жауаптылықта болады.

Мемлекеттік мекеме жасасатын азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен тіркеуге жатады.

  1. Шарттық міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі заңдарға сәйкес мекемені ұстауға арналып бекітілген сметаның шегінде болады.



3.Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мен түрлері.

  1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Орал қаласы мен оның құрамындағы елді мекендерде бекітілген қаланың бас жоспарына сәйкес бәрегей қала құрылысы саясатын белгілеу және жүзеге асыру болып табылады.

  2. .Мемлекеттік мекеме көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қызметтің мынадай түрлерін:

3.2.1. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді жобалар мен күрделі құрылыс пен қайта құралымдаудың ағымдағы жоспарларын дайындауға қатысу;

3.2.2.Қаражаттың толық және үнемді пайдаланылуын және олардың әсерлілігін көтеруді, құрылысы аяқталмаған көлемдерді қысқартуды қамтамасыз етеді;

3.2.4.Құрылыс және қайта құралымдау жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді, жобалау-сметалық құжаттаманы уақытылы береді, құрылыс жұмыстарының мерзімі мен сапасына, олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкестігіне техникалық қадағалау жасайды;

3.2.5.Қала аумағында қаржыландыру көздеріне қарамастан тұрғын үй, коммуналдық меншік және т.б. құрылыстары бойынша индикативті жоспарлар дайындауға қатысады;

3.2.6.Қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын белгіленген тәртіппен келісу және бекіту;

3.2.7.Жаңа құрылыстар салу, сондай-ақ бар құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік коммуникацияларды кеңейту, қалпына келтіру;

3.2.8.Аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру объектілерін салу;

3.2.10.Инжинирингтік қызметтерді тарту.

3.3.Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мекеме құрудың мақсатына жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

4.Мемлекеттік мекемені басқару.

4.1.Мемлекеттік мекмені жалпы басқаруды заңдарға сәйкес белгіленген уәкілетті орган жүзеге асырады.

4.2. Уәкілетті орган заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

4.2.1.Мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді.

4.2.2.Мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны «шығыстардың жоспарын) бекітеді.

4.2.3.Мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің тиімді пайдаланылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

4.2.4.Мемлекеттік мекеменің ережесін бекітеді, ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

4.2.5.Мемлекеттік мекемені басқару органдарының құрылымын, қалыптастырылу тәртібін және өкілеттігінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдауының тәртібін белгілейді.

4.2.6.Мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқаратын қызметінен босатудың негіздемесін белгілейді.

4.2.7.Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

4.2.8.Мемлекеттік мекеме басшысының ұсынысымен оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

4.2.9.Жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;

4.2.10.Заңдарда белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4.3.Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, уәкілетті органға (заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда) тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.

4.5.Мемлекеттік мекеменің басшысы бірыңғай басшылық принциптерінде қызмет атқарады және Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ережеде белгіленген өзінің құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметі мәселелерін дербес шешеді.

4.6.Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мемлекеттік қызметін жүзеге асыруы кезінде заңдарда белгіленген тәртіппен:

4.6.1. Мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;

4.6.2.Барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;

4.6.3.Заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді;

4.6.4.Шарттар жасасады;

4.6.5. Сенімхаттар береді;

4.6.6.Мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

4.6.7.Банктік шоттар ашады;

4.6.8.Барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

4.6.9.Мемлекеттік мекеменің уәкілетті орган тағайындайтыннан басқа қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады.

4.6.10.Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

4.6.11.Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің, орынбасарының (орынбасарларының) міндеттері мен өкілеттігінің шеңберін белгілейді;

4.6.12.Өзіне заңдарда, осы Ережеде жүктелген және уәкілетті орган жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5.Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру мен қызметін қаржыландырудың тәртібі.

5.1.Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны мемлекеттік мекеменің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

5.2. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған жедел басқару құқығында тиесілі болады және мемлекет меншікке жатады.

5.3.Егер мемлекеттік мекемеге кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне бағытталады.

5.4.Мемлекеттік мекеменің қызметі қаржыландыру, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана жүзеге асырылады.

5.5.Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңдарға сәйкес есеп береді.

5.6.Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді және тексеріс жүргізуді заңдарда белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.

6.Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

6.1.Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

1. Жалпы ережелер icon1 жалпы ережелер
Нормативтік сілтемелер
1. Жалпы ережелер iconҚазақстан республикасының бюджет кодексі
Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер iconКодексі 2010. 04. 05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Жалпы ережелер (1 27 баптар) 1-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар (1 6 баптар)
1. Жалпы ережелер icon1. Жалпы ережелер
Орал қаласының аумағында сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша құзыретін жүзеге асыру үшін құрылған, мекеменің үйымдастырушылық...
1. Жалпы ережелер icon«Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесінің жарғысы жалпы ережелер
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы №19 қаулысымен құрылды
1. Жалпы ережелер icon050511 «Маркетинг» мамандықтарының студенттеріне арналған
Мемлекеттік жалпы міндеті негізінде әзірленген Қр мжмбс 08. 315-2006 және Қр мжмбс 03. 005-2009 «Қазақстан Республикасының білім...
1. Жалпы ережелер icon1. Жалпы ережелер
Обаға қарсы ұйымдар, ал олар болмаған жағдайда – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның...
1. Жалпы ережелер icon«Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттiк қызмет регламенті жалпы ережелер
«Лебяжі ауданы ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, кентінің, ауылдары мен селолық округтер әкімдерінің аппараттарының (бұдан...
1. Жалпы ережелер icon«Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті жалпы ережелер
«Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, кентінің, ауылдары мен селолық округтер әкімдерінің аппараттарының (бұдан...
1. Жалпы ережелер icon«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережес І жалпы ережелер
«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Алматы облысының әкімдігі болып табылады
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница