2 сағат- уақыт Караганда 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген




Скачать 130.11 Kb.
Название2 сағат- уақыт Караганда 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
Дата конвертации26.07.2013
Размер130.11 Kb.
ТипДокументы
Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП №6 УМС при КазГМА


от 14 июня 2007 г.


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


Әлеуметтік медицина және қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы


ДӘРІС


«Нарықтық экономика шартында отандық фармацияның дамуы» тақырыбы


«Фармация тарихы» пәні


«Фармация» 051103 мамандығы


II- курс

2 сағат- уақыт




Караганда 2010

Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген




2010 № ____ Хаттама



Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., профессор Н.К. Смагулов


Тақырыбы «Нарықтық экономика жағдайындағы отандық фармацияның дамуы»


Мақсаты: Отандық экономиканың нарықтық қатынасына өтуінің сипаттамасы.Меншік формасының өзгерісін қарастыру. Нарықтық экономика шартында Фармацевтиканың ереже – құқықтық негізінің құрлуы.


Дәріс жоспары:

1. Отандық экономиканың нарықтық экономикаға ауысуы. Меншік формасының өзгеруі.

2. Фармацевтикалық экономиканың ереже құқықтық негізінің құрылуы


1.Отандық экономиканың нарықтық қатынасқа ауысуы.

Жеке меншік формаларының өзгеруі.

Қазақстан экономикасының барлық тармақтарында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде дәрілік заттардың өндірілуі мен таратылу жүйесін басқару өзгерді.

1995 жылға дейін тұрғындарды және денсаулық сақтау орындарының дәрімен қамтамасыз етілуі мемлекетпен басқарылатын және қарапайым, бірақ тиімді құрылым болатын. Жұмыстың негізгі принципі келесі шарттарды орындауда: мемлекет бөлген дәрілік заттарды республикаға тарату, олардың дәріханаларда бағаларының бірқалыпты болуы. Бұл көп өзгерістерге ұшырады – дәрілермен қамтамасыз етудің орталықтанған жүйесі сұраныстар мен ұсыныстарға негізделген жеке меншік фармацевтиканың нарықтық жүйесіне ауыстырылды.

Мемлекеттің дәріхана мекемелерінің нарықтық формаға ауысуы әдістемелік және ереже құқықтық негіздерінің шарттарынсыз іске асты. «Фармация» мемлекеттік мекемелерінің демонополизациясы нәтижесінде нарықтық экономикада жаңадан құрылған иелік етуші субъектілер пайда болды. Олар 1997 жылға дейін, яғни денсаулық сақтау орындары мен тұрғындарды дәрілермен қамтамассыз ету бағдарламасы мемлекет меншігінде болатын. Жаңа түзілген иеліктердің 95,7% мемлекттік емес меншік формасын құрды. 1995 – 1998 медикаменттердің сақталуы мен пайдаланылуы республикада 20 – 2400 ге дейін өсті.

Барлық экономикалық қатынастарда сонымен қатар фармацевтикада міндетті екі жақтың қатынасымен тығыз байланысты: сатушы және сатып алушы, өндіруші және тұтынушы. Бірақ фармацевтика сферасында сонымен бірге үшінші делдал бар, яғни ол фармацевтикалық өнімдердің жеткізілуі мен сатылуына жауап беретіндер (олар бірнеше болуы мүмкін). Бұл үш тізбек өз ара ең маңызды мәселені шешу керек - жеткізілетін медикаменттердің тиімді есебін өз ара келісу.

Отандық фармацевтика саласында делдалдардың көп мөлшерде пайда болуы Қазақстанға тән теріс жақтармен көрінеді. Ол бір дәәрілік заттың тек әр түрлі аудандарда ғана емес бір қала ішінде минимальды және максимальды бағасының өте үлкен айырмашылығынан байқалды.

Бұл кезде бағалардың айырмашылығы делдалдардың санына пропорционал. Өйткені олардың әр қайсысы өз табысын есептейді. Дәрілердің бағасының айырмашылығы он есе және одан да жоғары болуы мүмкін. Сондықтан дәрілердің бағасының мәселері ең маңызды проблемалардың бірі, себебі көптеген медикаменттерге бағасы қымбаттығынан тұрғындардың қолы жетпейді.

Кейде аурухана бас дәрігерлері мемлекеттік бюджет бөлген қаражат есебінен дәрілерді жеке меншік фирмалардан екі – он есе жоғары бағамен сатып алады. Дәрігерлердің дәрілік заттардың сатылуына қатысуын мүлдем тоқтату керек, барлық мемлекттерде бұл жазылмаған заң қатарына жатады. Дәрігер мен провизордың ара қатынасын түзету арқылы науқас адам сапалы препараттар мен жақсы ем қабылдай алады.

Дәріханаларды дәрілермен қамтамассыз ету дұрыс басқарылмағандықтан, барлық аудандарда медикаменттердің азаюына, рецептурасыз және сапасы төмен дәрілерге сұраныс өте жоғарлап кетуіне алып келді. Сонымен қатар бұл мәселе қатаң конкуренция принципіне негізделген.

Тауар өндіруші дәріханалардың 99% жеке меншікте. Медикаменттердің көтерме өндірмесі мен 2400 компания айналысады. Көтерме мекемелердің неггізгі массасы мемлекеттік емес меншікке жатады: 84% - кіші кәсіп орын субъектілеріне, 8% - ашық акционерлік қоғам, мемлекеттік және біріккен мекемелердің үлесіне қалған 8% келеді. Көптеген ұйымдар ірі тасмалдаушылар болып табылады. Оларда бүкіл Қазақстан территориясына дәрі тасымалдауға болатын Республикалық лицензиясы бар. Олардың көбісі Алматыда орналасқан.

Дәрілік қамтамассыз етуді қаржыландыруда негізгі шарттар және бұл процесті басқару - тек үкіметтің ғана сұрағы емес. Мұнда дәріханалық мекемелердегі жұмысшылардың жұмысының схемасы мен стилін өзгерту және де емдеу мекемелерінің дәрігерлерінің де, сонымен бірге тұрғындардың өз денсаулықтарына көз қарасын өзгерту өте маңызды.

Бұл кезде дәріханалық жүйелердің реттелуі мемлекет қолына көшеді. Өйткені өндірілетін дәрілік заттардың 30 – 40% мемлекет пен және міндетті медициналық сақтандыру қорлары мен қаржыландырады. Сондықтан мемлекет бюджеттік шығындарды өзі қадағалап отыруы керек. Реттелу механизімі ретінде әлеуметтік және ауыр созылмалы аурулармен ауыратын науқастарға мемлекеттік емдік бағдарламалар ұйымдастыруға болады.

Соңғы жылдарда фармацияның белсенді дамуы үшін мемлекетте тәуелсіздік жылдарында не істелгенін еске түсіру керек.



2.Фармацевтикалық қатынасты реттеудің

ереже-құқықтық негізінің құрылуы

Алғашқы Республиканың фармациялық проблемасына арналған ереже құқықтық құжаттың Қазақстан Республикасының министрлер кабинетінде 05.08.1992 жылдан бастап № 657 «Денсаулық сақтауды шыңдаудың жедел шаралары» жарлығы қабылданды. Бұл жарлықтың негізінде Денсаулық сақтау министрлігінде дәрілік зат сапасын бақылау Басқармасы құрылды. Бұл жарлықпен «Фармация» холдингі құрылды. Сондықтан қазіргі ҚР фармацевтикалық экономикасы 1992 жылдан бастап құрыла бастады деген негіз бар.

1993 жылы 2 қарашада № 1090 «Дәрілік заттардың медициналық белгілердің және емдеу профилактикалық өнімдерінің сапасын мемлекттік бақылау» жарлығы қабылданды. Бұл жарлық бойынша дәрілік заттың сапасын қадағалау жүйесін ұйымдастыру денсаулық сақтау министрлігіне жүктелді. Бұл қызметті орындау үшін Денсаулық Сақтау министрлігінде Фармакопеялық және Фармакологиялық Комитеттер құрылды. Дәрілік затттардың сапалық бақылауын басқару фармацевтикалық инспекциянаң құрлуына әкелді.

Осы жылы «ҚР фармацевтикалық өндірісті дамыту туралы» 18.11.1993 жылғы ҚР Министрлер Кабинетінің жарлығысы бойынша ҚР фармацевтикалық өндірісті дамыту Концепциясы қабылданды және Денсаулық Министрлігі Білім және Ғылым министрлігімен бірлесе ҚР фармацевтикалық өндірісті дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға кірісті. Ол үшін Денсаулық министрлігінде 1994 жылдың басында фармацевтикалық және медициналық өндірісті Басқармасы құрылды және оған дәрігерлік қамтамассыз етудің барлық міндеттері жүктелді.

Қайта құрылған Денсаулық Сақтау министрлігінің Басқармасы дәрілік зат айналымдағы тәртіпті түзетуден бастады. Нәтижесінде 1994 жылы № 398 «Медициналық және емдеу өнімдерінің, фармацевтика өнімдерінің сертификациясы, сапасын қадағалайтын мемлекеттік жүйе» жарлығы қабылданды. Осы жарлық негізінде саудаға түсетін медикаменттердің міндетті тіркелуі жүретін мемлекеттік «Медстандарт» ғылыми өндірістік орталық құрылды.

Инфляция, қаржылық дағдарыс, мемлекеттік қаражаттың жеткіліксіздігі дәрілердің бағасының есепсіз өсуіне әкелді. Ал ол өз кезінде тұрғындардың дәрілерді пайданылуының төмендеуіне әкеп соқты. ҚР Денсаулық Сақтау министрлігіне дайындалған ЮСАИД баяндамасы бойынша 1994 жылы 21 қарашасынан «Қазақстанға керекті бір жылдық дәрілердің жалпы құны 1993 жылмен салыстырганда 154 есе көбейген».

Бұл жағдайды түзету үшін фармацевтикалық сектордың шыңдалуы қажет. Сондықтан 10.04.1995 жылы № 444 «Мемлекеттік акционерлік холдингтік компания «Фармацияның»қайта ұйымдастырылу сұрақтары және дәрілік зат айналымынын дамыту» жарлығы шықты. Фармецевтикалық сектордың капитализациясы басталды. Бұл процесс ҚР 17.04.1997. № 2200 «Лицензиялау туралы» заңымен қатар келді. Қабылданған заңда фармацевтикадағы тәртіпті түзетуге көмектесті. Сонымен 1995 ж бастап дәрілік заттарға лиценция алу керек.

Осы жылы 24 шілдеде Денсаулық Сақтау министрлігінің № 24\2 «Дәрілік заттардың саясаты негіздері» жарлығы қабылданды. Бұл жарлықтың негізгі шешімі дәрілік заттардың өндірілуі мен пайданылуының ДДҰ рекомендациясына сай қолдану болатын.

Мұндай тізім дәрілер бағасының арасындағы айырмашылықты төмендетті.

1995 ж 30 тамызда қабылданған ҚР 29 бабында былай делінген: «ҚР азаматтары денсаулық сақтауға құқылы» және «ҚР азаматтары заңмен белгіленген тегін медициналық көмек алуға құқылы». Бұл конституциялық нормалар ҚР Президентінің 23.11.1995 ж № 2655 «Дәрілік заттар туралы » және ҚР 19.05.1997 ж «Азаматтардың Денсаулығын сақтау туралы» заңында орындалды. Дәрілік айналым заңдары 35,36,48 баптарында баяндалған.

Бұл кезде Денсаулық Сақтау министрлігінде фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту бөлімі жұмыс істей бастады. Бұл жұмыстың нәтижесі 18.07.1997 № 1137 «ҚР Фармацевтикалық өнімдерді шығарудағы мемлекеттік демеушілік туралы» жарлығы болды. Ол бойынша дәрі өндірушілер спирттің акциздік салығынан босатылды. 1997 ж ҚР Президенттінің 20.08.1997 №3621 бұйрығы бойынша ҚР Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жарық көрді.

Жоғарыда айтылған құжаттар шығу нәтижесінде отандық өндірушілердің жжұмысы арта түсті. Қазақстанның Фармацевтикалық өнімінің көлемі 9 млн. АҚШ долларына жетті.

Осы кезде ҚР Фармацевтикалық өнімдерді көтерме бағамен импортқа шығаруы өсті. Сонымен қатар 17.11.1997 ж №1591 «Дәрі дәрмек дәрілік зат Орталығын құру туралы» жарлық шықты.

Аталған заңдардан басқа ҚР 16.07.1997 ж №1630 «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы айтарлықтай әсер етті. Бұл заң бойынша дәрілік заттарды сатып алу мемлекеттік және облыстық деңгейде конкурстық негізде өтеді.

1998 ж ҚР Президентінің 18.05.1998 ж № 3956 «Қр азаматтарының денсаулықтарын сақтаудың алғашқы шаралары туралы» бұйрығы шықты. Бұл бұйрықтың 2,9 п бойынша «халық денсаулығы мемлекеттік бағдарламасы, дәрілік қамтамассыз ету, медициналық және фармацевтикалық өнер кәсіп» бөлім берілген.

1999ж отандық фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуына оң әсер еткен «ҚР Президентінің бұйрықтарына заң күші бар өзгертулер енгізу туралы», «Мемлекетке міндетті төлемдер мен салықтар туралы» 31.03.1999ж № 356-13 ҚР заңы шықты.Бұл заң бойынша дәрілік заттардың,медициналық өнімдері мен техникасының импортына салық төлеу қысқартылды.

2000 жылы Денсаулық сақтау мен фармацевтикалық сектор жүйесінің шыңдалуы жүре бастады.Осы жылы шықты:

  • ҚР 27.01. 2000 ж № 135 «Медициналық тегін көмек беру туралы» жарлық

  • ҚР 05.05.2000 ж №674 «Ауру түрлері бойынша дәрілермен балалар мен тұрғындарды арнайы өнімдермен қамтамассыз етілуі туралы» жарлық

  • 27.05.2000 жылы ҚР «Медициналық көмектің шығындарын өтеу ережелері туралы» жарлық


Бұл жарлықтар ҚР Денсаулық Сақтау министрлігінде қаражат дифицтінде мемлекеттік қаржыны қолдану арқылы медициналық көмекті тегін жүргізу үшін негізделген болатын.

Осы кезде ҚР 25.05.2000 №790 «ҚР 2000-2005жылдары денсаулық сақтауды ары қарай дамыту концепциясы» қабылданды. Бұл құжаттың 9 тарауы фармацевтикалық және медициналық өнеркйсіпті дамытуға арналған. Сонымен бірге ҚР үкіметінің 28.10.2000 ж №1624 «дәрілік препараттарды дайындаумен байланысты лицензиялау ережелері» қабылданды.

Отандық фармацевтика және медициналық өнеркәсіпті дамыту мақсатымен 2001 жылы 29 қазаннан 2002 жыл 5 наурыз аралыгында – үкімет басшысы мен оның орындасарлары арасында жиналыстар өткізілді. Хаттамалық шешімдерге сәйкес бірнеше министрлікке және ведомствоваларға тапсырмалар берілді.

2001 ж 29 қарашасында № 1547 ҚР «10.03.2000ж. №378 Жарлы5ына енгізілген өзгертулер туралы» жарлық қабылданды. Мұнда фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпте қолданылатын өнім өндірушілер салықтан босатылған болатын.

2002 ж Мемлекет басшысының «Денсаулық сақтау» жылы деп жариялауымен отандық фармация одаг да жақсы дами түсті.

ҚР Үкіметінің 10 қаңтар 2002 ж №22 жарлығы бойынша ҚР Денсаулық Сақтау министрлігінің ведомствовасы болып табылатын Фармация, Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп комитеті құрылды. Комитет дәрілік зат айналымын бақылау орындаушы, медициналық техника жөніндегі қызметтерді атқарды. Оның құрлысы мынадай: Орталық аппарат (25 адам) және комитеттің териториялық бөлімдерінен (160 адам) тұрды.

Фармация, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп комитеті ТМД елдерінің ешқайсысында кездеспейді. Ол мемлекетімізде алғаш құрылды.

Мемлекттің дәрілік саясаты дәрілік концепциясында фармацевтикалық тармақтардың негізгі преоритеттері, тұрғындарды дәрімен қамтамассыз етілуі туралы 2002ж 29 мамыр №584 «ҚР жарлығы жарық көрді».

Концепция негізінде дәрілік зат айналымындағы катынастар, ҚР дәрілік заттар туралы заңы, тұрғындарды сапалы, қауіпсіз дәрілермен қамтамассыз ету, біртіндеп халықаралық стандартқа көшетін құқықтық актілер қабылданды.

Тұрғындарды және емдеу мекемелерін дәрілермен қамтамассыз ету мақсатымен жүргізілген мемлекеттік саясат, отандық тауар өндірушілерді демеу, сонымен қатар дәрілік саясат сұрақтары жөнінде халықаралық қатынастар – комитеттің негізгі міндеті болып табылады. Олардың жұмысын жақсату үшін 14 облыста және Астана, Алматы қалаларында Комитетің аймақтық бөлімдері орналасқан.

Үлкен көнілді отандық фармацевтика мен медицинаның өнеркәсіпке аударады,себебі дәрілік заттардың 6% отандық өнеркәсәпке қажеттелінеді және 94% импортқа байланысты.Ескере кететін бір жай,Қазақ Республикасының Үкіметі дәрілік заттардың сатылуына,өндірілуіне,әлеуметтік ауруларға қымбат медициналық құрамдарға және санитарлық транспортқа ерекше көңіл бөледі және оларға деген шығынды Республика бюджеті бөледі.

Бұл бағдарлан бағдарламаның негізгі мақсаты-ол халықты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету.Олар халықты мынандай дәрілермен;диабетке қарсы заттармен туберкулезге қарсы,лейкемиямен ауыратын науқастарға емдік дәрілермен,бүйрек алмастыру операциясын кешкен науқастарға химиопрепараттармен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді.

Бұл камитеттің аса маңызды бағыттары болып басқа елдің мемлекеттік органдары мен фармацевтикалық тармақтарда басқару мен реттеу жайлы сұрақтарын шешу болып табылады.2002жыл 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлерінің,Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің министрімен,Қазақстан Республикасы Эканомика және сауда министірінің жалпы шешімімен“медицинанық және фармацевтикалық өнімдерді инпорт және экспортқа шығару” жөніндегі хаттамаға қол қойылды.

Фармацевтикалық өнімдерге лецензия беру созылды,яғни 2002-2003ж 3965лицензия берілді.Ал 2004-2005ж фармацевтикалық өнімдерге деген жұмыс жалғастырылды.Бұл кезде мынандай заңдар шықты.

-2004ж 13қаңтарда “Дәрілік заттар туралы заң.”

-Денсаулық сақтау министрлігі мен фрамацевтикалық,фрамацевтикелық комитеттің 2004ж 11 ақпенда “Қазақсиан Республикасындағы бүкіл әлемдік фармакалогиялық және дәрілік заттардың классификацмясы”туралы заң.

-Қазақстан республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 2004ж 9 маусымындағы№465 бұйрығыуруламен «медицинасының немесе фармацевтикалық білімі бар мамандарды дайындау және олардың квалификайиысын жоғарлату туралы ережелер»

-2004ж 23 шілдеде Денсаулық сақтау министірінің №554 бұйрығында «аурулардың түрлерін қарастырып,амбулаторлық емдеудегі науқастарға дәрілік заттарды,арнайы дәрілік өнімдерді, емдік коректік тегін тарату»

-Мемлекеттік саясатты ұйымдастыру мақсатымен дәрілік заттарды,ғылымның жетістіктерін,дәрілік заттардың әлемдік орындары туралы « Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің фармациялық комитеттік орнату»

-Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі 2004ж 2желтоқсанда №885 бұйрығында «Дәрілік заттарды,медициналық техникаларды әкелу және шығару »

-фармация комитеттік№142 бұйрығы 2004ж 15желтоқсанды «Дәрілік заттарды шығару туралы ережелер»

-2004ж 22желтоқсанда Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі №883 бұйрығында өмірге қажетті аса маңызды дәрілік заттардың тізімін жазды.

-2005ж 14 ақпанында Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Менистрлігі №52бұйрығында «Дәрілік заттардың кері әсерлері туралы»

-2005ж 5 шілдесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №692 бұйрығында «Фармакалогиялық өнімдердің лицензиялық және квалификационды ережелері»туралы заңдар қабылданды.

Осылай Қазақстан Республикасы халықтарын медициналық көмекпен толық қамтамасыз ету үшін бірнеше маңызды заңдар қабылданды.Бүгінде экономикалық импорттордың өзгеруімен фармацевтикалық өнімдер жаңа сапалы дәрежеге көтерілу керек.Оның негізгң міндеттері дәрілік заттар сапалы.Бірақ қәзіргі таңда дәрілік заттардың тиімді болуы негізгң мәселе болып тұр,себебі ол науқастарға әсер етеді және де ол саясаттық және әлеуметтік тұрғыдан үлкен орынды алады.

Дәрілік саясаттың негізгі міндеті болып-халықты қәуіпсіз,сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету.Оларды дұрыс қабылдау туралы ережелермен таныстыру.Болашақта фармацевтикалық ғылымның дамуына импортқа тәуелділіктің төмендеуіне,дәрілік заттардың халықаралық стандарқа көнуіне үлкен маңыз аударуда.


Иллюстрациялы материалдар


Біріншілік және екіншілік оқу көздері


Әдебиеттер:

    1. Абдуллин К.А. Экономические проблемы в фармацевтической промышленности / К.А. Абдуллин, Ф.Е. Темиргалиева. // Фармация Казахстана. – 2002. - №2.- С. 23 – 25.

    2. Заблудовский П.Е, Крючок Г.Р, . Кузьмин М.К,. Левит М.М.- История медицины . - М.: Медицина, 1987. - 352 с.

    3. 2.Лисицын Ю.П. История медицины / Ю.П. Лисицын.- М., ГЭОТАР-МЕД, 2004. -393 с.

    4. Люди, события, факты. Здравоохранение Карагандинской области / К.К. Ермекбаев, В.Б. Аликов, Е.Т. Токбергенов и др. – Караганда, 2003. – 104 с.

    5. Сайфулина Н.Ф. Курс лекций по истории медицины: Учебное пособие/ Н.Ф. Сайфулина. – Караганда, 2008.- 122 с.

    6. Семенченко В.Ф. История фармации: Учебное пособие.- Москва: ИКЦ «МарТ»; Ростов н/Д: Издательский центр «МарТ», 2003.- 640 с.

    7. Сорокина Т.С. История медицины. Краткий курс лекций /Т.С. Сорокина.- М.: УДН., 1988.-72с.

    8. Сорокина Т.С. История медицины / Т.С. Сорокина. - М.: Медицина, 1994. - 384с.

    9. Сорокина Т.С. История медицины: Учебник для студ. высш. мед. учеб. заведений / Т.С. Сорокина. – 4-е изд., стер.- М.: «Академия», 2005.-560с.

    10. Шарманов Т.Ш. Ұлы Алматы конференциясында дейінгі және одан кейінгі кезеңдегі әлемдік денсаулық сақтау ісі / Т.Ш. Шарманов. – Алматы, 2003. – 211 б.

  • Бақылау сұрақтары:

  1. ҚР-да денсаулық жылы қай жылы жарияланды.?

  2. ҚР-да фармацевтикалық және медициналық өндіріс фармация комитетінде кашан құрылды?

  3. Әлеуметтік қайшылықтары бар категорияларды қорғаудың РҚ-ның қандай мақсаты көрінеді?

  4. Медикаментті реализациялау бойынша ҚР-да кім айналысады?

  5. Ең алғашқы рет ҚРөда вармация проблемалары бойынша қандай нормативті құқықты документке қол қойылды?

  6. Қазақстанда фармацевтикалық сектордың приоритеті қандай?

  7. Дәрілік заттардың айналым сферасында лицензияның қажеттілігі керек екендігі ҚР-да қай жылдан бастап тағайындалды?

  8. Фармацевтикалық жүйенің дамуы ҚР-ның қандай документінде ең басты приоритеттер жайлы айтылды?

  9. Қандай документте РҚ- да дәрәләк заттардың зияндылықсыздығы жайлы айтылады?

  10. ҚР-ның дәрілік политиканың ең басты тапсырмалары қандай?

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

2 сағат- уақыт Караганда 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген icon1 сағат-уақыт (узақтығы) Қарағанды 2011 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
«Демографияның медико-әлеуметтік аспектісі. Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай» тақырыбы
2 сағат- уақыт Караганда 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconКафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
«Электролиттер ерітінділердің электрлі еткізгіштігі. Организмнің сүйықтықтары мен тіндері екінші текті өткізгіштер ретінде. Кольрауш...
2 сағат- уақыт Караганда 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconУақыты-1 сағ Қарағанды 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
Еуропа және Ресей елдеріндегі медицинаның дамуы мен студенттерді таныстыру. Ұлы шнайы ашылулар, француз материализмінің медицинаға...
2 сағат- уақыт Караганда 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconКафедраның жиналысында бекітілген 29. 08. 2011. №1 Хаттама
Мақсаты: Комплексті қосылыстар, олардың қөұрылысы және биологиялық маңызды өкілдерінің табиғатын қарастыру
2 сағат- уақыт Караганда 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconКафедраның отырысында талқыланған және бекітілген
Оқытушылардың басқаруымен студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқау №4
2 сағат- уақыт Караганда 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconКафедраның жиналысында бекітілген 29. 08. 2011. №1 Хаттама
Мақсаты: Жанды ағзалардағы тіршілік процесстеріне қатысатынжәне емдеу ісіне қолданылатын маңызды поли және гетерофункционалдық қосылыстар...
2 сағат- уақыт Караганда 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconҚарағанды 2010 ж Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген
Тақырыбы: Қазақстандағы жэс. Өлкедегі кеңестік мемлекет құрылысы. Жэс – тің әлеуметтік экономикалық нәтижелері
2 сағат- уақыт Караганда 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconУақыт (ұзақтығы) 1 сағат
Мақсаты: Кәсіби аурулардың макро- және микроскопиялық деңгейлерін зерттеудің морфологиясын студентерге таныстыру
2 сағат- уақыт Караганда 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconУақыт (ұзақтығы) 1 сағат
Мақсаты: Ісіктің анықтамасын беру, олардың морфогенезін түсіндіру, ісіктердің морфогенезі мен гистогенезін анықтау, ісік клеткасының...
2 сағат- уақыт Караганда 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconҚарағанды 2010 ж Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген
Республикадағы әлеуметтік экономикалық және қоғамдық саяси ахуалдың мәнін ашу. Экономиканы бейбіт өмірге лайық қайта құру. Саяси...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница