Бекітемін: ШҚО ішкі саясат басқармасының бастығы




Скачать 32.91 Kb.
НазваниеБекітемін: ШҚО ішкі саясат басқармасының бастығы
Дата конвертации28.07.2013
Размер32.91 Kb.
ТипДокументы
БЕКІТЕМІН:

ШҚО ішкі саясат басқармасының бастығы

Е.Ж. Нұрғалиев

«____» ____________2012 ж


Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты жылсайынғы сыйлықтары туралы ереже


1. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты сыйлығы (бұдан әрі - сыйлық) Шығыс Қазақстан облысының аумағында тұратын 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына айрықша еңбектерін ынталандыру және бағалау мақсатында беріледі.

2. Сыйлық салтанатты жағдайда табыс етіледі; марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күніне ұштастырылып өткізіледі.

3. Сыйлық 7 номинация бойынша жылына бір рет беріледі:

1. Жылдың жас көшбасшысы;

2. Жылдың студент көшбасшысы;

3. Жас кәсіпқой;

4. Жылдың жастар ұйымы;

5. Жылдың жас журналисі;

6. Жылдың жастар акциясы;

7. Жас отбасы.

Бір үміткер екі және одан көп номинацияға ұсынылмайды.

4. Сыйлықтан үміткер жастарды жергілікті мемлекеттік органдар, шығармашыл және кәсіптік одақтар, жастардың қоғамдық бірлестіктері және басқа да ұйымдар ұсынады немесе өзін өзі ұсынады. Конкурс құжаттары (ұсыныс, өмірбаяны, мінездеме),сондай-ақ үміткердің айрықша үлесін дәлелдейтін шығармашылық және өзге де материалдар Ішкі саясат басқармасына немесе ШҚО «Жастар бастамаларын дамыту орталығына» ұсынылады.

5. Конкурс құжаттарын қабылдау, іріктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешімдер қабылдауды Комиссия жүзеге асырады. Комиссия мүшелері конкурсқа жіберілмейді. Комиссия құрамын Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы сыйлық берілетін жылы бекітеді.

6. Конкурстық құжаттарды қарау кезінде Комиссия номинантқа қатысты қосымша ақпарат сұрауға құқылы.

7. Сыйлық беру туралы шешім комиссия құрамының 2/3 кем емес мүшелері қатысқан отырысында көпшілік дауыспен шешіледі.

8. Сыйлықты Шығыс Қазақстан облысының әкімі табыс етеді.

9. Сыйлық үміткерге бір рет беріледі. Сыйлық мөлшері жыл сайын нақтыланып тұрады.

10. Облыс әкімінің сыйлығына үміткерлерді іріктеудің критерилері:

  1. жылдың жас көшбасшысы (жастар ұйымына басшылық жасауы, оқудағы, қоғамдық жұмыстардағы, мәдениеттегі, спорттағы жетістіктері, тілдерді меңгеруі, әлеуметтік маңызды және ауқымды саяси іс-шараларға қатысуы, ұсыныстары, табысты іске асырылған жобалары, оларды орындау арқылы қол жеткізген әлеуметтік жетістіктері, жұмыстарының бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі - БАҚ) жариялануы);

  2. жылдың студент көшбасшысы (облыстың жоғарғы оқу орындары немесе орта арнаулы оқу орындарының бірінде күндізгі бөлімде оқитын студент болуы, ғылыми және қоғамдық қызметтегі жетістігі, студенттік ұйымның жетекшісі);

  3. жас кәсіпқой (алған мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрген жас маман болуы, кәсіби жетістігі, қызметінде инновациялық компоненттердің болуы (дайындамалары, жаңа технологияларды енгізуі немесе қолдануы, ғылыми жұмыстары және ашқан жаңалықтары), белсенді азаматтық ұстанымы және қоғамдық пайдалы қызметі);

  4. жылдың жастар ұйымы (заңды тұлға мәртебесі, бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, маңызды іс-шараларды ұйымдастыруы және өткізуі, табысты іске асырылған әлеуметтік – маңызды жобалары, қол жеткізген әлеуметтік жетістіктері, қала, аудан, облыс, республиканың мақсатты топтарының, серіктестерінің, беделді тұлғалары және ұйымдарының пікірлері мен ұсыныстары, қызметтерінің БАҚ жариялануы);

  5. жылдың жас журналисі (бір жыл ішінде БАҚ-та жарияланған материалдарының бар болуы, телеарналардағы телехабарлары (сюжеттері), материалдарында көтерілген тақырыптардың мәнділігі мен өзектілігі, конкурсқа ұсынған материалдарының сапалық деңгейі, белгілі журналистік конкурстарға, форумдарға қатысуы, жеке көзқарасы және белсенді азаматтық ұстанымы);

  6. жылдың жастар акциясы (қоғамдық-саяси маңыздылығы, әлеуметтік тиімділігі, ауқымдылығы, бұқаралығы, нәтижелігі, БАҚ жариялануы, атрибутикасы, ұзақ мерзімді тиімділігі, қатысушылардың пікірі);

  7. жас отбасы (жас мөлшеріне шектеулер «Қазақстан Республикасындағы мемлекетік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 158 Заңының 1 - бабына сәйкес), кемінде бір баласының болуы, отбасы мүшелерінің белсенді азаматтық ұстанымдары, қала, аудан, облыс, республика кәсіпорындары мен ұйымдарының іс-шараларына қатысуы, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері жолын ұстауы, табысты кәсіби қызметі).

Материалдар 2012 жылғы 26 қарашаға дейін, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 (облыстық әкімдіктің ғимараты) мекенжайында орналасқан Ішкі саясат басқармасының 239 бөлмесіне немесе Өскемен қаласы, Киров көшесі, 61 мекенжайында орналасқан ШҚО «Жастар бастамаларын дамыту орталығына» тапсырылады.

Анықтама телефондары: 578651, 296980.

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Бекітемін: ШҚО ішкі саясат басқармасының бастығы iconБекітемін: ШҚО ішкі саясат басқармасының бастығы
...
Бекітемін: ШҚО ішкі саясат басқармасының бастығы iconАқпарат-релиз Өскемен қаласы
«ШҚО облысы бойынша Салық департаментінің 2010 жылы жүргізген бақылау-экономикалық жұмысының қорытындысы және 2011 жылына жүктелетін...
Бекітемін: ШҚО ішкі саясат басқармасының бастығы icon«Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы»

Бекітемін: ШҚО ішкі саясат басқармасының бастығы iconҚарағанды облысы әкімдігінің «Қарағанды облысы ішкі саясат департаментінің 2005 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарын бекіту туралы» 2005 жылғы 14
«Қарағанды облысы ішкі саясат департаментінің 2005 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарын бекіту туралы» 2005 жылғы...
Бекітемін: ШҚО ішкі саясат басқармасының бастығы iconБекітемін
Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2011 жылға арналған тексеру жоспары
Бекітемін: ШҚО ішкі саясат басқармасының бастығы iconБекітемін: Бородулиха ауданы әкімі аппаратының басшысы
«ШҚо бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мм ақпараттық технологияларды қолдану бойынша іс-шаралар
Бекітемін: ШҚО ішкі саясат басқармасының бастығы iconБекітемін: «Қарағанды қ. Білім бөлімі» мм бастығы
Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға тиісті тұрғын үйді айырбастауды немесе сатуды шешу үшін нотариат кеңсесіне анықтамалар беру
Бекітемін: ШҚО ішкі саясат басқармасының бастығы iconАтауы
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мм-не 2009 жылдың тамыз айына бағалық ұсыныс әдісімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді...
Бекітемін: ШҚО ішкі саясат басқармасының бастығы icon«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
Бекітемін: ШҚО ішкі саясат басқармасының бастығы iconҚызметтік тізім послужной список
ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының заң және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бастығы,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница