Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы




Скачать 31.17 Kb.
НазваниеТұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы
Дата конвертации28.07.2013
Размер31.17 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық істері агенттігінің

2011 жылғы «___»_____________

№___________бұйрығымен

бекітілген


Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы

тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы

мөлшерін есептеу әдістемесі


1. Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңынына сәйкес әзірленген.

2. Әдістеме мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін өндіріп алынатын төлемақы мөлшерін есептеу үшін тұрғын үй қатынастары саласында қолдануға ұсыным ретінде ұсынылады.

3. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшеріне коммуналдық қызметтер үшін төлемақы кірмейді.

4. Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:

А – кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін, теңге);

Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);

Ц 1 – 20 жылдан астам пайдаланылған тұрғын үйлер үшін тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрінің құны (теңге);

Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;

Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтуіне қажетті көлемнің сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге).

Тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.

Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) «Коммуналдық және әлеуметтік-мәдениет мақсатындағы объектілер мен тұрғын үй ғимараттарын қайта жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеу» ҚР 1.04-26-2004 ҚНжЕ құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.

Пайдалануды, тұрғын үйді ағымдағы және күрделі жөндеуді, сондай-ақ жер учаскесін күтуді қамтамасыз ету үшін қажетті көлемнің сомасы (Р) мынадай формула бойынша анықталады:


Р= Гз /12/∑п

мұнда Гз – жергілікті атқарушы органы (мемлекеттік кәсіпорыны) тартқан немесе құрған тұрғын үй-пайдалану қызметінің тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеуге, сондай-ақ жер учаскесінің күтіміне арналған шығынының жылдық сметасы, қажетті көлемінің жылдық сомасы (жылына теңге);

∑п – тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы алаңының сомасы (шаршы метр).

5. Пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай есептеледі:

1) кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй, сондай-ақ жаңа салынған және пайдалану мерзімі 20 жылға дейін тұрғын үй үшін мынадай формула бойынша:


А= Ц/Т/12+Р


2) 20 жылдан астам пайдаланылған тұрғын үйлер үшін мынадай формула бойынша:


А= Ц1/Т/12+Р


6. Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:

А – кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін, теңге);

Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);

Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл.

Тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.

Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) «Коммуналдық және әлеуметтік-мәдениет мақсатындағы объектілер мен тұрғын үй ғимараттарын қайта жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеу» ҚР 1.04-26-2004 ҚНжЕ құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.

Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақының мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:


А= Ц/Т/12


________________________________


Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы icon«Кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді банкке несие ресімдеу үшін кепілге қоюға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді банкке несие ресімдеу үшін кепілге қоюға рұқсат беру – кәмелетке толмаған балалардың...
Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы iconБекітемін: «Қарағанды қ. Білім бөлімі» мм бастығы
Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға тиісті тұрғын үйді айырбастауды немесе сатуды шешу үшін нотариат кеңсесіне анықтамалар беру
Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы iconФлористика өнері Светлана Баженовна кожина
Сабақтың мақсаты. Табиғат материалының көп түрлілігі және оны тұрғын үйді безендіру үшін пайдалану мүмкіндіктері туралы түсінік беру,...
Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы iconКешкі және қашықтықтан оқыту факультетінің ақылы білім беру қызметін көрсету туралы келісім-шарт талаптарын бұзғандары (төлемақы төленбеген) үшін оқудан
Кешкі және қашықтықтан оқыту факультетінің ақылы білім беру қызметін көрсету туралы келісім-шарт талаптарын бұзғандары (төлемақы...
Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы icon«Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар
Тұрғын үй қоры –Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншік нысандарындағы тұрғын үйлер
Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы iconБос жерге тұрғын үй салу үшін сұраныс берген азаматтардың тізімі

Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы icon«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының
«Тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тұрғын үй инспекциясы) тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге...
Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы iconҚазақстан Республикасының
Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің тұрғын үй заемдарын (аралық тұрғын үй заемдарын) беру ережесін бекіту туралы
Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
Й қорын басқару тетіктерін жетілдіруге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница