«Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар




Скачать 168.68 Kb.
Название«Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар
Дата конвертации28.07.2013
Размер168.68 Kb.
ТипРегламент
«Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті


Негізгі ұғымдар


Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары:

тұрғын үй қоры –Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншік нысандарындағы тұрғын үйлер;

мемлекеттік тұрғын үй қоры - меншік құқығымен мемлекетке қарасты және жергілікті атқарушы органдардың қармағындағы (мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттік кәсіпорын қарамағындағы (мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын үйлер;

тұрғын үй – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй ( жеке- дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);

табысы аздар - мемлекеттік тұрғын -үй қорынан тұрғын үй беруді сұрар алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы жиынтық айлық табысы заңдарда осы мақсаттар үшін белгіленгенең төменгі күнкөріс деңгейне жетпейтін адамдар;

Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 2006 жылғы 24 қантардағы №9 әкімінің қаулысымен бекітілген, «Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің негізінде функцияды атқаратын заңды тұлға (бұдан әрі – уәкілетті орган);

алушы (бұдан әрі – тұтынушы) – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға.


1. Жалпы ережелер


1.1. Мемлекеттік қызметтің нормативтік-құқықтық анықтамасы:

Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою - тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою.

1.2. Аталған мемлекеттік қызмет көрсету түрін ұсынушы мемлекеттік ұйымның атауы мен мекен жайы:

Федоровка ауылы, Юбилейная көшесі, 20, «Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ кабинеті, телефоны: 8(71132)23-3-46, электрондық мекен жайы zhkх@mail.ru

1.3. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

1.4. Мемлекеттiк қызмет «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73 және 74-баптарының, «Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1292 қаулысы және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалары негізінде көрсетіледі.

1.5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтижесі): тұтынушыға кезек нөмірін көрсетіп есепке қою туралы немесе негізді себептерді көрсетіп есепке қоюдан бас тарту туралы жазбаша жауап беру болып табылады.

1.6.Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне келесі мүдделі мемлекеттік органдар қатысады:

1) Теректі ауданының халыққа қызмет көрсету орталықтары;

2) «Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар


2.1.Мемлекеттік органдардың, олардың құрылымдық бөлімшелері және аумақтық органдардың мекен-жайлары және жұмыс кестесі туралы ақпарат:

Уәкілетті органның мекенжайы «Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет регламентінің 1-қосымшасында көрсетілген.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайы «Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет регламентінің 2-қосымшасында көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет мереке және демалыс күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетіледі.

Орталықтың жұмыс кестесі: жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін түскi үзiлiспен (13.00-ден 14.00-ге дейін) сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн және сенбі күні сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн түскі үзіліссіз.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады.

Бөлімде мемлекеттік қызмет жұмыс күндері күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін көрсетіледі.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері кезексіз қабылданады.

2.2. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет алу мәліметінің тәртібі:

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің интернет-ресурсында орналасады: www.blogs.e.gov.kz. Уәкілетті органның жауапты тұлғасында және халыққа қызмет көрсету Орталықтарында, уәкілетті органның және халыққа қызмет көрсету Орталықтарының ақпараттық стенділер орналасқан.

2.3.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде бірнеше мүдделі органдар қатысады:

1. Халыққа қызмет көрсету орталықтары.

2. Уәкілетті орган.

Орталықтардың инспекторлары құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, құжаттардың толықтығын тексереді, жорналға тіркейді және құжаттарды жинақтау бөлімінің инспекторына береді. Орталықтардың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілім жасауды және бөлімге жөнелтуді жүзеге асырады.

Уәкілетті органның қызметкері құжаттарды қабылдайды, жорналға тіркеп, шешім шығару үшін бас маманға береді. Бас маман есепке қою туралы немесе негізді себептерді көрсетіп есепке қоюдан бас тарту туралы шешім шығарады, оны бөлім бастығына қол қоюға береді.

Бөлім бастығы есепке қою туралы немесе негізді себептерді көрсетіп есепке қоюдан бас тарту туралы шешімге және хабарламаға қол қояды және уәкілетті органның қызметкеріне тіркеу үшін береді.

Өтініштерге жауаптар қолхатта көрсетілген жауап беру мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын орталықтарға арнайы байланыс арқылы жеткізіледі.

2.4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап (тіркеу, талон, қолхат алу және т.б. сәттен бастап) 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін орталыққа қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 30 минут, ал бөлімде 15 минут.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алған кезде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты орталықтарда 30 минут, бөлімде 15 минут.

2.5. Келесі жағдайлар бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетілмейді:

Егер де азамат соңғы бес жыл аралығында өзінің тұрғын үй жағдайын әдейі нашарылату нәтижесінде мұқтаж болса:

1)тұрғын жайды айырбастау;

2) Қазақстан Республикасының осы немесе басқа елдi мекенiнде меншiк құқығында болған жарамды тәуелсiз тұрғын үйін жатсыну, осы заңның 98-1-шi бабымен сәйкес жергiлiктi атқарушы органмен алатында жағдайлардан басқа болғанда;

3) оның жазығы бойынша қиратулар немесе тұрғын үйдi бұзу;

4) мемлекеттiк тұрғын үй қор немесе тұрғын үй қор бөлiндiде жергiлiктi атқарушы орган жалға алған тұрғын үйден тұрғын үй берілгенге дейін мұқтаж болмаған тұрғын үйден шығу;

5) жұбайынан, кәмелет жасына толмаған және еңбекке жарамсыз баладан, сонымен бiрге еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа тұлғалардың қоныстандыру.

2.6. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алуға сұраныс алынғаннан оның нәтижесі берілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңі:

1) Орталықтардың инспекторлары құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, құжаттардың толықтығын тексереді, жорналға тіркейді және құжаттарды жинақтау бөлімінің инспекторына береді.

Орталықтардың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілім жасауды және бөлімге жөнелтуді жүзеге асырады.

Тұтынушыға көрсетiлген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi, онда:

құжаттарды қабылдау күні;

қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;

өтінішті қабылдаған инспектордың тегі, аты және әкесінің аты

2)Бөлімде құжаттарды қабылдауды белгіленген талаптарды сақтаумен тұтынушының тұрғылықты жері бойынша бөлімнің мамандары қабылдайды. Құжаттар дұрыс ұсынылған жағдайда бөлімнің қызметкері қабылданған өтінішті есепке алу жорналына тіркейді және қолхат береді,онда:

құжаттарды қабылдау күні;

қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;

өтінішті қабылдаған маманның тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді.

Қабылданған құжаттарды бөлім қарайды, бөлімнің кеңсесі нөмірін, күнін және парақ санын көрсете отырып тіркейді, бөлімнің бастығына қарау үшін енгізіледі. Бөлімнің бастығы құжаттарды қарауға жауапты орындаушыны белгілейді және құжатты бақылауға қояды. Тіркелген, тиісті түрде ресімделген хат-хабар тапсырмаға сәйкес орындаушыға тапсырылады.

3) Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезектілік нөмірін алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарды бөлімнің орындаушысы Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды.

4) Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қоюға арналған құжаттарды қарау оң нәтиже берген жағдайда, орындаушы есепке қою нөмірі мен күнін көрсетіп, жазбаша жауап әзірлейді, оған орындаушы бұрыштама, бөлім бастығы қол қояды және бөлімнің кеңсесі тіркейді.

2.7. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаумен айналасатын ең аз адам саны: бір адам.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс- әрекет (өзара іс- қимыл) тәртібін сипаттау


3.1. Тұтынушының кіріс (соның ішінде электрондық) хат – хабарын ресімдеу және мемлекеттік қызмет көрсетуге оның сауалын (өтінімін)қабылдау тіркеу) туралы ақпарат алу тәртібі:

Орталықтардың жинақтау бөлімінің инспекторы арызды қабылдаған инпектордың аты-жөнін, құжат берілген орны мен уақытын, күнін, қосымша тіркелген құжаттардың атауын және санын, құжаттарды қабылдау күнін көрсете отырып қолхатты ұсынады.

3.2. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) атқарушы органдар белгiлейтін нысан бойынша есепке қою туралы өтініш;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аумақтық органының анықтамасын (өтініш берушіде және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінде меншiк құқығында оларға тиесiлі тұрғын үйдің жоқтығы туралы);

3) әлеуметтiк қорғау органының өтініш берушінің (отбасының) әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға жататынын растайтын анықтамасын, не мемлекеттiк қызметшінің, бюджеттік ұйым қызметкерiнің, әскери қызметшінiң жұмыс (қызмет) орнынан анықтамасын;

4) азаматтарды тiркеу кiтабының көшірмесін және құжатты салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын. Қажет болған кезде өтiніш беруші жергiлікті атқарушы органдардың басқа адамдарды отбасының мүшесi деп тану туралы анықтамасын тапсырады.

Қажет болған кезде өтiніш беруші, сондай-ақ отбасында қосымша тұрғын бөлмеге құқық беретін ауыр сырқат түрiмен ауыратын адам бары туралы мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемесiнiң анықтамасын тапсырады.

3.3. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар жоқ.

3.4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктерді (бұдан әрі - ҚФБ),санамалау және сипаттау (ҚФБ – бұл уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері және т.с.с):

1.Халыққа қызмет көрсету орталығы арыздарды қабылдайды – 1 ҚФБ.

2.орталықтардың инспекторы істің үлгісін құрастырады – 2 ҚФБ.

3.бас маман тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қояды - 3 ҚФБ.

4.бастық шешімді тексереді және қол қояды - 4 ҚФБ.

5.уәкілетті органның хатшысы хаттаманы жеткізуді жүзеге асырады - 5 ҚФБ.

3.5. «Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» қызметін көрсету регламентінің 3 қосымшасы 1,2,3 кестесіндегі ҚФБ әрекеттін сипаттау.

3.6. «Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» қызметін көрсету регламентінің 4 қосымшасындағы 4 тарауында көрсетілген олардың сипаттасмасына ҚФБ сәйкес және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде логикалық реттілік арасындағы өзара байланыс әрекеттерін көрсететін сызба.


4.Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды адамдардың жауапкершілігі


4.1. Осы регламенттің 1, 2-қосымшада тiзбесi көрсетiлген орталықтардың, сондай-ақ уәкiлеттi органдардың мемлекеттiк қызмет көрсетуi сапасына наразылықтар болған жағдайда, шағым орталықтың немесе уәкiлеттi органның басшылығы атына берiледi.

Орталық инспекторының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты осы регламенттің 1 қосымшасы бойынша алуға болады.

4.2. Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде, не қолма-қол, осы регламенттің 1,2-қосымшасында тiзбесi көрсетiлген орталықтар арқылы қабылданады. Елдi мекенде орталықтар болмаған жағдайда шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не уәкiлеттi орган арқылы қолма-қол қабылданады.

4.3. Қабылданған шағым орталықта ақпаратты есепке алу журналында тiркеледi және 15 күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады.

Елдi мекенде орталық болмаған жағдайда қабылданған шағым уәкiлеттi органда шағымдар мен өтiнiштердi есепке алу журналында тiркеледi және 15 күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады.

Шағымды қарау нәтижелерi бойынша тұтынушы жазбаша хабардар етiледi.


«Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

1-қосымша



Р/ с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасқан мекенжайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

2

3

4

5

1

Теректі ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы

БҚО, Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Юбилейная көшесі 24

8(71132)23-3-77

8(71132)23-3-78 қабылдау бөлмесi

2

Теректі ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы

БҚО, Теректі ауданы, Ақжайық ауылы, Ақжайық көшесі 4

8(71143)91-3-16

8(71143)91-3-16 қабылдау бөлмесi



«Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

2-қосымша



Р/с




Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан мекен-жайлары

Операциялық залдың телефон нөмірі

Басшының телефон нөмірі

1

2

3

4

5

2

«Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

БҚО, Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Юбилейная көшесі , 20, 3 қабат

8(71132)23-3-46

8(71132)23-0-45



«Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

3-қосымша


1 кесте. ҚФБ әрекеттерін сипаттау


Негізгі процестің әрекеті (барысы, жұмыс тасқыны)

әрекет (барысы, жұмыс тасқыны)

1

2

3

4

5

ҚФБ атауы

Орталықтардың инспекторы

Орталықтардың жинақтау бөлімінің инспекторы

Уәкілетті органның хатшысы


Уәкілетті органның тағайындалған бас маманы

Уәкілетті органның бастығы

Әрекеттердің атауы (процесс, рәсім, операция) және олардың сипаты

Арызды барлық қажетті құжаттармен қабылдайды, көшірмелерін түпгұсқамен салыстырып қарайды, тіркейді және қолхат береді, құжаттарды жинақтау бөлімінің инспекторына жібереді.

Орталықтардың инспекторынан құжаттарды қабылдайды, тіркейді, құрайды және уәкілетті органға жібереді.

Барлық қажетті құжаттармен мемлекеттік қызметті тұтынушыдан арызды қабылдайды, тіркейді және қолхат береді.

Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қоюды жүзеге асырады.Кезекке қою немесе қоюдан бас тарту туралы шешім жобасын дайындайды, бастыққа қол қоюға береді.

Қою (қоюдан бас тарту) дұрыстығын тексереді. Қою (қоюдан бас тарту) туралы шешімге және хаттамаға қол қояды және уәкілетті органның хатшысына қайтарып береді

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімгерлік шешім)

Қолхат беру.

Қолхат беру, істің үлгісі.

Қолхат беру, істің үлгісі.

Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою (бас тарту) туралы шешім жобасы.

Шешім, хаттама.

Орындау мерзімдері

15 минут

30 минут

15 минут

30 дней

15 минут

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4

5

6

Негізгі процестің әрекеті (барысы, жұмыс тасқыны)

әрекет (барысы, жұмыс тасқыны)

6













ҚФБ атауы

Уәкілетті органның хатшысы













Әрекеттердің атауы (процесс, рәсім, операция) және олардың сипаты

Инспекторға, мемлекеттік қызметті тұтынушыға тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою (бас тарту) туралы шешім және хаттаманы береді.













Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімгерлік шешім)


Хаттама













Орындау мерзімдері

15 минут













Келесі әрекеттің нөмірі


















2 кесте. Пайдалану нұсқалары

«Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызметінің кезекке қою және қоюдан бас тарту шешімі бекітілсе – негізгі процесс.


Орталықтардың инспекторы

Орталықтардың жинақтау бөлімінің инспекторы

Уәкілетті органның хатшысы


Уәкілетті органның тағайындалған бас маманы

Уәкілетті органның бастығы

№1әрекет

Арызды барлық қажетті құжаттармен қабылдайды, көшірмелерін түпгұсқамен салыстырып қарайды, тіркейді және қолхат береді, құжаттарды жинақтау бөлімінің инспекторына жібереді.


(15 минут)

№2 әрекет

Орталықтардың инспекторынан құжаттарды қабылдайды, тіркейді, құрайды және уәкілетті органға жібереді.


(30 минут)

№3 әрекет

Барлық қажетті құжаттармен мемлекеттік қызметті тұтынушыдан арызды қабылдайды, тіркейді және қолхат береді.

( 15 минут)

№4 әрекет

Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қоюды жүзеге асырады.Кезекке қою немесе қоюдан бас тарту туралы шешім жобасын дайындайды, бастыққа қол қоюға береді.

( 30 дней )

№5 әрекет

Қою (қоюдан бас тарту) дұрыстығын тексереді. Қою (қоюдан бас тарту) туралы шешімге және хаттамаға қол қояды және уәкілетті органның хатшысына қайтарып береді


(15 минут)




№6 әрекет

Инспекторға, мемлекеттік қызметті тұтынушыға тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою (бас тарту) туралы шешім және хаттаманы береді.

( 15 минут)












«Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 4-қосымша


Өзара құрылымдық байланыс


1 ҚФБ, 2 ҚФБ, 3 ҚФБ, 4 ҚФБ, 5 ҚФБ, 6 ҚФБ


















































Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

«Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар icon«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

«Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар iconКодексінің 34-бабының 2-тармағына
Блыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында мемлекеттік тұрғын үй қорынан...
«Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар iconбұқаралық ақпарат құралдарындағы
Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою
«Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар iconАуданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге
Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 8 ақпандағы №76 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
«Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
Й қорын басқару тетіктерін жетілдіруге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан...
«Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының
«Тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тұрғын үй инспекциясы) тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге...
«Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар icon«Тұрғын үйдiң меншiк иелерi болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн қорғайтын мәмiлелердi ресімдеу үшiн қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамалар беруі» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Тұрғын үй меншік иесі болып табылатын кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мүддесін қозғайтын мәмлелер үшін қамқоршылық және...
«Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар icon«Кәмелетке толмаған балаларға тиесiлi тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшiн нотариалды кеңсеге анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет регламенті
Осы «Кәмелетке толмаған балаларға тиесiлi тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшiн нотариалды кеңсеге анықтамалар...
«Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар iconТұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы
Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі Әдістеме) «Тұрғын...
«Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар iconМемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде тұрған әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтардың тізімі

Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница