«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама




Скачать 97.56 Kb.
Название«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
Дата конвертации28.07.2013
Размер97.56 Kb.
ТипДокументы







№ исх: 01-2-02-3/7362 от: 21.06.2012


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама



  1. Заң жобасының атауы.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»



  1. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі.

1997 жылғы 16 сәуірде қабылданған «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2011 жылы тұрғын үй қатынастарының оңтайлы үлгісін құруға және мемлекеттік тұрғын үй қорын басқару тетіктерін жетілдіруге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру бөлігінде тұрғын үй қатынастары туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолданудың жүргізілген талдауы тұрғын үй заңнамасын жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы қызметінің қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттері туралы» Үкімет сағатының нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ұсынымына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне тұрғын үй қорының техникалық жағдайын бақылауды ұйымдастыру мақсатында тұрғын үй инспекцияларының қызметін күшейту және белсендету жөнінде пәрменді шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды.

Өз кезегінде, осы мәселені пысықтау тұрғын үй инспекцияларының қызметін заңнамалық базамен қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу қажеттілігін дәлелдейді. Атап айтқанда, тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекцияларының лауазымдық тұлғаларының ұйғарымдарын орындамағаны үшін кондоминиум объектілерін басқару органдарының және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерін бұзғаны және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, үйді күтіп ұстауға арналған шығыстарға қатысу міндетінен меншік иелерінің жалтаруы үшін және т.б. үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің әкімшілік жауапкершілігін белгілеу қажет.

Сонымен қатар, тұрғын үй заңнамасын қолдану практикасы Заңның жетілдіруді талап ететін бірқатар қағидаларын айқындады.

Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 67-бабының 3) тармақшасына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын және мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасында бүгінгі таңда «бюджеттік ұйымның қызметкері» деген ұғым жоқ.

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу бойынша

Заңның 13-бабының 8-тармағының 4) тармақшасымен Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұрып жатқан тұрғын үйлерді ақысыз меншігіне алу құқығы көзделген.

Сондай-ақ, Заңның 67-бабы аталған адамдардың санатын коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж ретінде көздемейді.

Сонымен, Заңның көрсетілген баптарын әртүрлі түсінуге болады.

Оралмандарды есепке қою бойынша

Заңның 67-бабының 1-тармағының 2) тармақшасы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беруді көздейді.

Заңның 68-бабының 7) тармақшасына сәйкес оралмандар халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жатады.

«Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары.

Бұл орайда, «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 25-бабы мынаны көздейді:

оралман мәртебесі:

1) оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін;

2) егер ол Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш бермеген болса, оралман мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткен соң тоқтатылады.

Оралман мәртебесінің тоқтату негіздемесін ескере отырып, қысқа мерзімге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп тануды жөнсіз деп санаймыз. Бұл қысқа мерзім ішінде факт бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған адамдардың көп санына және пайдалануға беріліп жатқан тұрғын үйдің көп емес санына байланысты тұрғын үй берілмейді.

Тұрғын үйге қойылатын санитарлық және техникалық нормаларды анықтау тәртібіне қатысты

Заңның 67-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.

Бұл орайда Қазақстан Республикасының азаматтары, егер отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылады (Заңның 69-бабы, 4) тармақшасы).

Бүгінгі таңда мемлекеттік уәкілетті органдар тұрғын үйге қойылатын санитарлық және техникалық нормаларды белгілеген жоқ, осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар Заңның жоғарыда көрсетілген нормасын іс жүзінде қолданбайды, бұл осы мәселеде құқық қорғау практикасын бір мағынада қолданбауға әкеп соғады.

Ерлі-зайыптылардың тұрғын үйді жекешелендіру құқығына қатысты

Заңның 13-бабының 9-тармағымен Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір тұрғын үйді ғана жекешелендіруге құқылы екені көзделген.

Бұл орайда, Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес бiрнеше адамның меншiгiндегi тұрғын үй оларға ортақ бiрлескен меншiк құқығымен:

1) ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi;

2) жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк түрiнде тиесiлi болады.

Яғни, Заңның 13-тармағының 2-тармағына сәйкес отбасының бір мүшесімен жекешелендірілген тұрғын үй жалдаушының және онымен тұрақты бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң, оның iшiнде уақытша тұрмайтындарының, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ортақ бiрлескен меншiгiне өтедi.

Сонымен қатар, Заңның 70-бабына сәйкес ерлi-зайыптылардың әрқайсысында некеге тұрғанға дейiн осындай тұрғын үйi болған жағдайларды қоспағанда, азамат (зайыбымен және кәмелетке толмаған балаларымен бiрге) осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiр тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға құқылы.

Осыған байланысты, жекешелендіру тәртібінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрып жатқан тұрғын үйге меншік құқығын алуға ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке құқығы бар болғандықтан, ерлі-зайптыларға тұрғын үйді жекешелендіруге құқық беру мүмкіндігімен байланысты түсінбеушілік туады.

Тұрғын үй заңнамасын қолдану саласына қатысты

Заңның 1-бабының 3-тармағына сәйкес тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға, тұрғын үй қорының дамытылуы мен ұлғайтылуына байланысты қатынастар осы Заңда белгiленген талаптарды ескере отырып, тиiстi Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

Бұл орайда, Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiк органдардың қатысуымен:

1) тұрғын үйлерге меншiк құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негiздерiне;

2) тұрғын үйлердi пайдалану құқығының жүзеге асырылуына;

3) тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға;

4) тұрғын үй қорларының сақталуы мен жөнделуiнiң қамтамасыз етiлуiне;

5) азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының пайдаланылуын мемлекеттiк органдардың бақылауына байланысты қатынастарды реттейдi.

Сонымен қатар, бүгінгі күні Заңда тұрғын үй құрылысы кооперативтерін құруды реттейтін нормалар бар, тұрғын үй құрылысы кооперативтері тұрғын үй салу үшін және кооперативтің мүшелері тұру үшін кейін тұрғын үй-жайларды пайдалану үшін құрылады.

Бұл орайда, Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалардың арасында пайда болған және адамның толық мекен және өмір сүру ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қыстақ арасындағы аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған қатынастар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңмен реттеледі.

Сонымен, тұрғын үй құрылысы кооперативтерін құруға қатысты нормаларды Заңнан алып тастау қажет, себебі олар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заң реттейтін салаға ілігу қажет.

Сонымен, бүгінгі таңда заңнамалық реттеуді талап ететін қағидалардың белгілі саны бар.


  1. Заң жобасын қабылдау мақсаты.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға мүмкіндік туғызатын әртүрлі заңнамалық актілер мен нормалардың құқық нормаларының арасындағы қайшылықтарды, кемістіктерді, қақтығыстарды айқындау және алып тастау жолымен тұрғын үй заңнамасын жетілдіру.


  1. Заң жобасының реттеу мәні.

Заң жобасы тұрғын үй саласында қоғамдық қатынастарды реттейді.


  1. Заң жобасының құрылымы.

Заң жобасы екі баптан тұратын болады.

1-баппен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Заң жобасының 2-бабында заң жобасының мерзімдері мен күшіне ену тәртібі белгіленетін болады.


  1. Заң жобасы қабылданған жағдайда күтілетін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдары.

«Кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу:

«бюджеттік ұйым» ұғымын анықтауға;

коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж адамдардың нақты тізбесін белгілеуге;

тұрғын үйге қойылатын санитарлық және техникалық талаптарды бекіту жөнінде ашықтықты енгізуге;

ерлі-зайыптылардың әрқайсысына мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілген кезде ерлі-зайыптылардың тұрғын үйді жекешелендіру құқығын анықтау.

Сонымен қатар, заң жобасын қабылдаудың күтілетін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдары мыналар болуы мүмкін:

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға мүмкіндік туғызатын әртүрлі заңнамалық актілер мен нормалардың құқық нормаларының арасындағы қайшылықтарды, кемістіктерді, қақтығыстарды айқындау және алып тастау;

мағаналық және құқықтық жүктемесі жоқ ресми сипатты қағидаларды алып тастау;

тұрғын үй заңнамасының нормаларын біркелкі қолдану;

коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуі мүмкін Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою жөнінде жергілікті атқарушы органдар қызметінің ашықтығын арттыру;

тұрғын үй инспекцияларының қызметін заңнамалық базамен қамтамасыз ету.


  1. Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасына бір уақытта (кейін) сәйкес келтіру қажеттілігі.

Заң жобасын қабылдағаннан кейін басқа заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу жоспарланбайды.


  1. Өзге нормативтік құқықтық актілермен заң жобасының мәнінің регламенттелуі.

Бүгінгі таңда тұрғын үй қатынастары азаматтық заңнамамен, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және оған сәйкес шығарылып жатқан заңға тәуелді актілермен реттеледі.


  1. Қаралып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы.

Бюджеттік ұйымдарға қатысты

Ресей Федерациясында бюджеттік ұйым – мемлекет қамтамасыз ететін және табыс алумен байланысты емес барлық мүмкін функцияларды орындайтын мекеме.

Дамыған елдерде – мемлекеттің бюджетінен қаржыланатын муниципалдық ұйымдар немесе бюджеттік ұйым деген ұғым жоқ.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 67-бабының 3) тармақшасына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын және мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының заңнамасында «бюджеттік ұйымның қызметкері» деген ұғымға анықтама жоқ.


  1. Заң жобасын іске асыруға байланысты күтілетін қаржылық шығындар.

Заң жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды қажет етпейді.


Результаты согласования
12.6.2012: Едильбаева Р. Т. (Управление жилищных отношений) - - cогласовано без замечаний

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық  актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама icon«Тәуелсіз салалық реттеушілердің қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті «Тәуелсіз салалық реттеушілердің қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама iconҚазақстан республикасының заңЫ
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік – жеке меншік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және олардың қолдану...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама iconҚазақстан Республикасының «Концессиялар туралы» және «Концессия мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңдық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі қаулы етеді
Коммуналдық меншікке жатқызылған нысандарға қатысты концессиялар бойынша комиссия құрылсын (бұдан әрі Комиссия)
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3 тармақшасын басшылыққа алып, БҰйырамын
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру мәселелерi бойынша өзгерiстер...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама icon01. 11. 2012 ЭҚабж мо 4 версия)
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әр түрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қарама- қайшылықтарды, олқылықтарды,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница