Тәуелсіз Қазақстанның құрметті ханымдары мен мырзалары!




Скачать 402.21 Kb.
НазваниеТәуелсіз Қазақстанның құрметті ханымдары мен мырзалары!
страница1/4
Дата конвертации28.07.2013
Размер402.21 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
«Азаматтық бюджет»


Тәуелсіз Қазақстанның құрметті ханымдары мен мырзалары!

Мен Сіздерді Қостанай облысы әкімдігінің ресми веб-сайтына құттықтағаныма қуаныштымын. Маған Сіздерге 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы, ол қалай құрастырылатыны және мемлекеттік қаражат қайда жұмсалатыны туралы ақпаратты ұсынуға рұқсат етіңіздер. Мұндай түрдегі ақпарат тұңғыш рет орналастырылып отыр.

Бұдан әрі жұртшылықтың пікірін ескере отырып, ақпарат беру пішімі пысықталатын және жетілдірілетін болады. Азаматтық бюджеттің маңыздылығын сезіне отырып, тұрғындарға толық және қолжетімді ақпарат беру мақсатында Сіздермен сындарлы сұхбат жүргізуге және ынтымақтастыққа дайынбыз.

Құрылған «Азаматтық бюджет» жаңа айдарында азаматтық бюджеттің мынадай құрылымдық элементтерін орналастыру жоспарланып отыр:

- жоспарланып отырған үшжылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат;

- есептік кезеңде облыстық бюджетті атқару қорытындылары туралы талдамалық ақпарат.


2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеттің негізгі параметрлері жөніндегі ақпарат

2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, 2011-2014 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларының негізінде жүзеге асырылады.

Республикалық және облыстық бюджеттердің арасындағы өзара қатынастар «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2011-2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 қарашадағы № 359-IV Заңында белгіленген.

Осы Заңға сәйкес республикалық бюджеттен облыстық бюджетке берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 2011 жылға 48 552 068 мың теңге сомасында, 2012 жылға 52 272 915 мың теңге сомасында, 2013 жылға 51 166 230 мың теңге сомасында белгіленді.

Өз кезегінде үш жылға арналған облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы бюджетаралық қатынастар «Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті мен аудандар (облыстық маңыздағы қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 356 шешімімен бекітілді.

«Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихатының шешімі облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 357 сессиясында бекітілді.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерді нақтылауға, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2011 жылғы 28 қаңтардағы Жолдауын іске асыру мақсатында қаражаттарды шығыстардың басым бағыттарына қайта бөлуге, «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы» мәслихаттың 2009 жылғы № 233 шешіміне толықтырулар енгізуге, 2011 жылға арналған үстіңгі қабаттағы су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемесін бекітуге байланысты «Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихатының шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:


2011 жылғы 12 қаңтардағы № 367 бюджетті нақтылаудың негізгі себептері Қостанай облысының бюджетіне 23575502 мың теңге сомасында қосымша нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлінген «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған № 1350 қаулысын іске асыру қажеттілігі болып табылады;

2011 жылғы 5 сәуірдегі № 378 облыстық бюджетті нақтылаудың негізгі себептері «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 214 қаулысымен республикалық бюджетке енгізілген өзгерістер және облыс бюджетінің қажеттіліктеріне резервтік қаражаттарды бөлу болып табылады. Осылайша, республикалық бюджетті нақтылаумен Қостанай облысының бюджетіне 4 587 137 мың теңге сомасында қосымша қаражаттар бөлінді;

2011 жылғы 23 сәуірдегі № 387 ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 420 қаулысын іске асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының бюджетіне 2011 жылғы көктемгі су тасқындарының салдарынан бұзылған тұрғын үйлерді, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіруге 100000 мың теңге сомасында аудару үшін жүзеге асырылды;

2011 жылғы 30 маусымдағы № 407 облыстық бюджетті нақтылаудың негізгі себептері «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 656 қаулысымен республикалық бюджетке енгізілген өзгерістер болып табылады, оның негізінде облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге нысаналы ағымдағы трансферт 326 700 мың теңгеге қысқартылды;

2011 жылғы 15 шілдедегі № 414 облыстық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасы бюджет кодексінің 106-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша өткізілді, облыс бюджетінің қажеттіліктеріне резервтік қаражаттар бөлінді;

2011 жылғы 19 тамыздағы № 427 нақтылау «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 шілдедегі № 871 қаулысын іске асыру мақсатында өткізілді, онда Қостанай облысына көші-қон полициясының қосымша штаттық санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға нысаналы ағымдағы трансферт 21477,0 мың теңге сомасында ұлғайтылды.

2011 жылғы 20 қазандағы № 432 облыстық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасы бюджет кодексінің 106-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша өткізілді;

2011 жылғы 4 қарашадағы № 444 облыстық бюджетті нақтылаудың негізгі себептері «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 1203 қаулысымен республикалық бюджетке енгізілген өзгерістер болып табылады;

Елдегі экономикалық ахуалды талдау базасында макроэкономикалық көрсеткіштердің параметрлерін нақтылау, 2011 жылдың 1 сәуірінен бастап Қостанай облысында күл және күл-қоқыс қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемдерді ұлғайту, тұтыну бағаларының индекстеріне пропорциялы үстіңгі қабаттағы су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдердің мөлшерлемесін ұлғайту, сондай-ақ 2010 жылғы және 2011 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытындылар бойынша кірістердің нақты түсімдеріне сүйене отырып, есептерді нақтылау 2011 жылғы облыстық бюджеттің кірістерін қайта қарау үшін негіз болып табылды.


1-кесте

Облыстық бюджеттің 2011-2013 жылдарға арналған негізгі параметрлері

млн. теңге


2011 2012 2013



Түсімдер


Кірістер, олардың ішінен:

92473,6


89 370,5

77 513,7


75 646,3

78 241,1


76 395,9

Салықтық түсімдер

5 608,5

5 254,3

5 623,4

Салықтық емес түсімдер

492,2

55,1

55,4

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

4,2

0

0

Трансферттердің түсімдері

83 265,6

70 336,8

70 717,3

Бюджеттік кредиттерді өтеу

568,7

520,9

498,7

Займдардың түсімі

1 631,6

1 346,5

1 346,5

Бюджеттік қалдықтарды тарту


902,8


0


0


Шығыстар


92473,6


77 513,7


78 241,1


Шығындар, олардың ішінен:

87691,5

75 436,7

76 164,2

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

1 087,0

1 352,2

1 391,0

Қорғаныс

68,3

74,0

77,5

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

4 835,9

5 008,8

5 072,5

Білім

11 031,5

10 728,9

9 926,1

Денсаулық сақтау

17 634,7

14 324,2

13 095,7

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

3 167,1

2 924,6

3 014,1

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

5 428,3

3 953,1

4 444,7

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

4 548,5

3 248,6

3 247,7

Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану

2 327,2

1 245,2

3 604,8

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, айрықша қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары

9 499,0

7 208,9

10 321,2

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

106,9

119,7

122,4

Көлік және коммуникация

7162,7

5 114,3

2 837,1

Басқалары

1 527,3

1 560,4

779,0

Трансферттер

19 267,1

18 573,8

18 230,4

Қаржы активтерін сатып алу

2 638,7

279,0

279,0

Займдарды өтеу

511,8

451,5

451,5

Бюджеттік кредиттер

1 631,6

1 346,5

1346,5



Түсімдер


Үшжылдық кезеңге арналған түсімдердің құрамында кірістердің болжамы аудандар мен қалалардың бюджеттеріне 100% мөлшерінде жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша бөлу нормативтерін сақтауды ескеріп, құрастырылды.

Нәтижесінде 2011 жылға арналған облыстық бюджет кірістерінің болжамы (трансферттердің түсімін ескермегенде) 2010 жылғы фактіні 1 163 млн. теңгеге, оның ішінде:

- күл және күл-қоқыс қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемдердің мөлшерлемесін ұлғайту есебінен – 256,1 млн. теңгеге;

- макроэкономикалық көрсеткіштердің атаулы өсімі, сондай-ақ кәсіпорындар өндірісінің көлемін ұлғайту есебінен – 906,1 млн. теңгеге жоғарылатып, 6 104,9 млн. теңге сомасында белгіленді немесе ЖӨӨ қарағанда 0,7% құрады.

Облыстық бюджет кірістерінің болжамы (трансферттердің түсімін ескермегенде) 2011 жылғы нақтыланған болжамға қарағанда 795,5 млн. теңгеге төмендеп, 2012 жылға 5 309,4 млн. теңге сомасында белгіленді, бұл 2011 жылғы жоспарды нақтылау кезінде осы көз бойынша нақты түсімдер ескерілген әкімшілік айыппұлдар мен санкциялар бойынша болжамды алдағы жылға арналған жоспардан алып тастауға байланысты болды.

2013 жылға арналған болжам 2012 жылғыға қарағанда 369,2 млн. теңге өсіммен 5 678,6 млн. теңге сомасында белгіленді.

Бюджеттік алымдар (облыстық бюджетке жергілікті бюджеттерден алымдар) 2011-2013 жылдарға 6 201,4 млн. теңге, 8 238,6 млн. теңге және тиісінше 9 223,4 млн. теңге көлемінде жоспарланды.

2-кесте


Бюджеттік алымдар

млн. теңге

Атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Барлығы

6 201,4

8 238,6

9 223,4

Қостанай қаласы

3 207,9

4 407,4

5 060,9

Лисаков қаласы

193,1

271,1

244,6

Рудный қаласы

2 800,4

3 560,1

3 917,9


Субвенциялар (облыстық бюджеттен аудандар мен Арқалық қаласының бюджеттеріне берілетін бюджеттік қаражаттар) 2011-2013 жылдарға 17 893,8 млн. теңгені, 18 573,8 млн. теңгені және тиісінше 18 230,4 млн. теңгені құрайды.
  1   2   3   4

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Тәуелсіз Қазақстанның құрметті ханымдары мен мырзалары! icon«Тәуелсіз салалық реттеушілердің қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті «Тәуелсіз салалық реттеушілердің қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының...
Тәуелсіз Қазақстанның құрметті ханымдары мен мырзалары! iconТәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
Астана қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің көліктегі қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығы...
Тәуелсіз Қазақстанның құрметті ханымдары мен мырзалары! iconСабақтың технологиялық кестесі Сынып: 8 Тақырып
Білімділік: Қазақстанның көлдері, олардың шаруашылықтағы маңызы мен қазіргі таңдағы экологиялық жағдайы туралы білім беру
Тәуелсіз Қазақстанның құрметті ханымдары мен мырзалары! iconҚабиден байтілесов, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденінің иегері
Біз тәуелсіз ел болғанымызға қалай қуансақ, егемендігіміздің жаршысына айналған Мемлекеттік рәміздерімізді солай қадір тұтамыз. Себебі,...
Тәуелсіз Қазақстанның құрметті ханымдары мен мырзалары! icon«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ
Міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеу мөлшерін мен тәртібін анықтау ережелеріне 6-Қосымша
Тәуелсіз Қазақстанның құрметті ханымдары мен мырзалары! icon«Қазақстанның инвестициялық Қоры» акционерлік қОҒамының жарғысы алматы, 2011 жыл
«Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамының органдарымен шешімдер қабылдануы тәртібін, «Қазақстанның инвестициялық қоры»...
Тәуелсіз Қазақстанның құрметті ханымдары мен мырзалары! iconУрок Области Казахстана. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген сызба бойынша әңгімелеңдер
Центр Центрального Казахстана – город Караганда). Оңтүстік Қазақстанның орталығы – Шымкент. (Центр Южного Казахстана – Шымкент)....
Тәуелсіз Қазақстанның құрметті ханымдары мен мырзалары! iconҚазақстан халықтары Ассамблеясының Стратегиясы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесі туралы//Н. Назарбаев – этносаралық және конфессияаралық келісімінің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы / Жалпы ред басқ. Ж.Ә.Әлиев. А., 2006. б. 163 – 182
«Аcсамблея Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бір белгісіне айналды, ол барлық этностардың мүдделерін бірарнаға тоғыстырады, ұлттың...
Тәуелсіз Қазақстанның құрметті ханымдары мен мырзалары! icon“Қазақстанның инвестициялық қоры” АҚ корпоративтік оқиғаларының 2011 жылға арналған күнтізбесі
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Жалғыз акционерімен өзара ықпалдастығы туралы ережені” бекіту
Тәуелсіз Қазақстанның құрметті ханымдары мен мырзалары! icon1992 жылы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері ретінде- мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран алғаш рет
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран алғаш рет бекітілді. Бұл күн -ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница