Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген




Скачать 107.12 Kb.
НазваниеКафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
Дата конвертации09.08.2013
Размер107.12 Kb.
ТипДокументы
Ф КГМУ 4/3-03/02

ПП КГМУ 4/02

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті


Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы




ДӘРІС


«Электролиттер ерітінділердің электрлі еткізгіштігі. Организмнің сүйықтықтары мен тіндері екінші текті өткізгіштер ретінде. Кольрауш заңы. Кондуктометрия.» тақырыбы.


Химия пәні


5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы


1 курс


1 сағат уақыт (ұзақтығы)


Қарағанды 2011 ж.


Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген

_29_._08_. 2011ж. №1 ____ Хаттама


Курс меңгерушісі х.ғ.к., доцент________________ Власова Л.М.


Тақырыбы: Электролиттер ерітінділердің электрлі еткізгіштігі. Организмнің сүйықтықтары мен тіндері екінші текті өткізгіштер ретінде. Кольрауш заңы. Кондуктометрия.

Мақсаты: студенттерді биологиялық сұйықтық және тірі ағза ұлпасы мысалында ерітінділердің электрөткізгіштіктің заңдылықтарымен таныстыру. Металдар және ерітінділердің электрөткізгіштігін сипаттау. Иондардың тәуелсіз қозғалғыштығы туралы Кольрауш заңын өрнектеу. Кондуктометриялық титрлеу қисықтығын қарастыру.

Дәріс жоспары:

  1. Электрөткізгіштік, жалпы түсінік.

  2. 1 ретті және 2 ретті өткізгіштер.

  3. Меншікті электрөткізгіштік және оған әсер ететін факторлар.

  4. Эквивалентті электрөткізгіштік және оған әсер ететін факторлар.

  5. Кольрауш заңы иондардың қозғалғыштығы.

  6. Кондуктометрия және кондуктометриялық титрлеу.

  7. Биологиялық сұйықтық және ұлпалар электрөткізгіштігі.

  8. Кондуктометрияның медицинада қолданылуы.



Дәріс тезисі

Электрліхимиялық нализ. Кондуктометрия.


1. Электрөткізгіштік. Меншікті және эквивалентті электрөткізгіштік.


Заттардың электр тогын өткізу өабылеті электрөткізгіштік деп аталады.


L= 1/R ; Ом-1 L - электрөткізгіштік

R - кедергі


Екінші ретті өткізгіштерде (электролиттердің ерітінділері мен балқымалары) электр тогын иондар тасымалдайды, бірақ олардың қозғалғыштығы электрондарға қарағанда төмен болады, сол себепті металдардың, мысалы, мыс пен күмістің электрөткізгішітігі ерітінділердікінен 10000000 есе артық болып келеді.

Ерітінділердің электрөткізгіштігі меншікті және эквивалентті болып бөлінеді.

Аудандары 1 см2 және ара қашықтары 1 см юолып келген екі электродтың арасындағы ертіндінің электрөткізгіштігі меншікті деп аталады.


χ = l L/S ; Ом-1 см-1

χ - меншікті электрөткізгіштік

S - өткізгіштің көлденең қиындысының ауданы

l - өткізгіщтің ұзындығы

L - электрөткізгіштік


Меншікті электрөткізгіштікке температура және концентрация әсер етеді. Температура жоғарыдағанда, меншікті электрөткізгіштік те жоғарылайды.

Концентрленген ерітінділер сұйытылғанда меншікті электрөткізгішітік бастапқыда жоғарылап, одан кейін біртіндеп төмендейді. Меншікті электрөткізгіштің алғашқыда жоғарылауы күшті электролиттерде иондар аралық әрекеттесу күштерінің төмендеуіне, ал әлсіз электролиттерде диссоциациялану дәрежесінің күрт жоғарылауына байланысты болады.

Электролит ерітінділерінің меншікті электрөткізгіштігі негізінен ертінді көлеміндегі иондардың санына және қозғалу жылдамдығына тәуелді болып келеді. Иондардың қозғалу жылдамдығы гидратталған иондардың мөлшеріне, ертіндінің тұтқырлығын және иондардың гидратациясын өзгертетін температураға, иондардың заряд шамасына және электролитің концентрациясына (ертіндінің иондық күші жоғары болса, иондардың қоғалу жылдамдығы қатты төмендейді) байланысты. Иондардың мөлшері электролиттің концентрациясына және диссоцияиациялану дәрежесіне тәуелді, ал диссоциациялану дәрежесі температураға және концентрацияға (Оствальдтың сұйылту заңы) байланысты болады.

Әр түрлі электролиттердің өткізгішітігін салыстыру үшін эквивалентті электрөткізгіштік қолданылады.

Бір бірінен 1 см қашықтықта орналасқан электродтардың арасындағы құрамында 1 моль эквивалент электролиті быр ерітіндінің электрөткізгіштігі эквивалентті деп аталады.


λV = χV, Ом-1 см2


λV - эквивалентті электрөткізгіштік

χ - меншікті электрөткізгіштік

V - ерітіндінің көлемі


Меншікті электрөткізгіштікке әсер ететін факторлар, эквиваленттікке де әсер етеді. Тек қана меншікті электрөткізгіштік үшін тұрақты болып есептелетін ерітіндінің көлемі (1 см3), эквивалентті үшін тұрақсыз болуы мүмкін.

Әлсіз және күшті электролиттердің эквивалентті электрөткізгіштігі сұйылту барысында жоғарылап, шексіз сұйылту (күшті электролиттерде иондар аралық әрекеттесу болмайды, ал әлсіз электролиттерде иондалу дәрежесі ( α) бірге тең кезінде ең жоғарғы мәніне ие болады. Эквивалентті электрөткізгіштік мұндай сұылту кезінде иондардың қозғалу жылдамдығына ғана тәуелді болады.


K = Cλ2V / λ( λ- λV)


Күшті электролиттер үшін белгілі және шексіз сұйытылғандағы электрөткізгіштердің қатынасы электрөткізгіштік коэффициентімен (fλ) сипатталады:

fλ = λVтеор.


3. Кондуктометриялық титрлеу.

Ерітінділердің электрөткізгішітігін өлшеу кондуктометрия деп аталады. Кондуктометрияны электролиттердің диссоциациялану дәрежесін және константасын, сол сияқты ерітінділердегі электролиттердің концентрациясын, олардың ерігіштігін, қышқылдардың негізділігін анықтау үшін қолдануға болады. Әсіресе кондуктометриялық титрлеу әдісінің практикалық маңызы өте зор. Эквиваленттік нүкте зерттелетін ерітіндінің электрөткізгіштігінің күрт өзгерісі бойынша анықталатын титрлеу кондуктометриялық деп аталады. Бұл әдіс индикаторларды пайдалануға келмейтін бұлыңғыр немесе боялған ерітінділерді зерттеу үшін қолданылады. Әдіс қышқылдардың немесе негіздердің ерітінділерінде жақсы электрөткізгіштікті қамтамасыз ететін қозғалғыштығы жоғары Н+ немесе ОН- болуына негізделген. Титрлеу барысында бейтараптану процесі жүріп, аталған иондардың орнына қозғалғыштығы төмен тұз иондары пайда болады, мысалы:

Н+ + СІ- + Na+ + OH- - H2O + Na+ + CI-


Барлық қышқыл (немесе негіз) негіздің (немесе қышқылдың) эквивалентті мөлшерімен титрленгенде, электрөткізгіштік ең төменгі шегіне жетеді. Негіздің немесе қышқылдың артық мөлшері қосылғанда, қозғалғыштығы жоғары ОН- немесе Н+ - иондары пайда болып, электрөткізгіштік күрт жоғарылайды.

Кондуктометриялық титрлеу қисық

сызығы бойынша эквиваленттік

нүкте (Т) белгіленіп, титрленген

сілті ерітіндісінің сәйкес көлемі

анықталады, ал зерттелетін ерітін-

дінің белгілі көлемі бойынша,

қышқылдың концентрациясы

есептеледі.


Әлсіз қышқылдарды күшті негіздермен немесе әлсіз негіздерді күшті қышқылдармен кондуктометриялық титрлеу қисығы төмендегідей болады:


Егер қоспалар титрленетін болса, электрөткізгіштіктің сызығы мынадай болуы керек:


4. Электрөткізгіштіктің биология мен медицинадағы маңызы.


Әр түрлі ұлпалар мен биологиялық сұйықтардың электрөткізгіштігі әр түрлі: жұлын сұйығы, лимфа, өт, қан электр тогын өте жақсы өткізеді. Сол сияқты жақсы өткізетіндерге бұлшық еттер, тері асты жасушалары, бас миының сұр заты жатады. Оларға қарағанда өкпе, жүрек, бауырдың электрөткізгішітігі төмен болып келеді. Май және сүйек ұлпаларының электрөтткізгіштігі өте нашар. Электр тогын нашар өткізетін тері (мүйізді қабаты). Құрғақ эпидермис электр тогын мүлдем өткізбейді деп айтуға болады. Жасушаларға қарағанда ( олардың қабықшалары көптеген иондардың қозғалуына кедергі жасайды), жасушааралық кеңістіктің сұйықтары электр тогын әлдеқайда жақсы өткізеді. Қабықшалардың маңайында бір аттас зарядталған иондар жиналып, поляризация пайда болады. Соның нәтижесінде ұлпалар арқылы өткен тұрақты тоқтың күші бірден күрт төмендейді. Сол себепті терінің электр өткізгішітігі негізінен бездердің, әсіресе тері бездерінің ағындарына байланысты болады. Физиологиялық жағдайға байланысты жасушааралық кеңістіктің саңылаулары мен без ағындарының шамасы, экскреттің иондық құрамы және т.б. өзгеріп отырады және соның нәтижесінде ұлпалардың электр өткізгішітігі де өзгереді.

Осылайша, жиілігі төмен тұрақты және ауыспалы токтар жасушааралық кеңістікпен қозғалады. Қарама-қарсы, жиілігі жоғары ауыспалы тоқтар үшін жасуша қабықшалары кедергі бола алмайды, себебі ток қозғалысының тез өзгеріп отыратын бағыты қабықшалардың поляризациялануына мүмкіндік бермейді. Жасуша мембранасы бүлінгенде тұрақты және ауыспалы тоқтар үшін ұлпалардың электрөткізгіштігіндегі айырмашылық жойылады.

Биологиялық ұлпалар мен сұйықтардың құрамындағы электролиттер әжептәуір болғандықтан, олардың электрөткізгіштігі жоғары. Осыған орай, физиотерапияда иондыфорез әдісі, яғни электродтарды қосып кілегейдің және терінің беткейі арқылы дәрілерді ион түрінде жіберу әдісі қолданылады.

Тұрақты тоқтың электродтарын қосу катодтың маңайындағы ұлпаларда болатын қозғалғыштығы жоғары Н+, Na+, K+ - иондарының концентрациясын жоғарылатады, соған сәйкес анодтың екі валентті катиондар да артады. Катодтың маңайындағы Na+ және К+ -иондары жасуша қабықшаларын қопсытып, олардың өткізгіштігін жоғарылатады. Соның нәтижесінде жасушалар мен ұлпаларға қалыпты жағдайда өте алмайтын заттар өтеді, мысалы, катодтың көмегімен теріге жіберілетін дәрі-дәрмектер. Сонымен қатар, электрліосмостың әсерінен катодқа өтетін су ұлпаларды жергілікті ісіндіреді. Жасушаларға өткен барлық заттар бастапқыда оларды қоздырып, одан кейін жасушаларды тежеп оларды парабиоз күйіне жеткізеді. Анодтың маңайындағы Са2+ және Mg2+ - иондары қара-қарсы жасуша мембраналарын тығыздап, олардың қозғыштығын төмендетеді. Тұрақты тоқтың полюстері алмастырылғанда, иондар қара-қарсы қайтадан бөлініп, жасуша қалыпты күйіне енеді.

Катод физиотеапияда ұлпалардың, әсіресе, әртүрлі зақымдану нәтижесінде парабиоздық күйде болатын жүйкелердің қызметін қалпына келтіру үшін қолданылады. Анод болса, тітіркенудің нәтижесінде (ауырсыну) қозған ұлпаларды қалыпты келтіреді. Электр тогының әсерінен иондардың қайтадан бөлінуі ортаның рН-


Иллюстрациялы материалдар:

Таблицалар, слайдтар.

Әдебиеттер:

Орыс тілінде:

Негізгі

  1. Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия.- М, 2001.- 254 с.

  2. Ершов Ю.А. и др. Общая химия. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов. – М.: В.Ш. 2003. -560с.

  3. Х.М. Рубина и др. Практикум по физической и коллоидной химии. - М., 2001. - 152 с.

  4. Глинка Н.Г. Общая химия.: Учебное пособие для ВУЗов/ пол редакцией В.А. Рыбиновича и др.-М.: Интегралл пресс. 2006.-740 с.

  5. Харитонов Ю.Я. Аналитическая химия. Аналитика. Т.1.-М.: ВШ, 2001-615 с.

  6. Харитонов Ю.Я. Аналитическая химия. Аналитика. Т.2.-М.: ВШ, 2001-559 с.




  1. Ершов Ю.А, Попков В.А. и тд. Общая химия. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов. М, 2003.

6. Тюкавкина Н.А., Бауков Ю.И. «Биоорганическая химия», Москва. Дрофа, 2006.

Қосымша

  1. Ленский А.С. Введение в бионеорганическую и биофизическую химию. –М.:ВШ,1989.-256 с.

  2. Слесарев В.И. Химия. Основы химии живого. –СПб.: химиздат, 2001-784 с.

  3. Евстратова К.И. и др. Физическая и коллоидная химия.-М.:ВШ,1990.-487 с.

  4. Мушкамбаров Н.Н.Физическая и коллоидная химия – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2001.-384с.

  5. Бугреева Е.В. и др. Практикум по физической и коллоидной химии. –М.: ВШ, 1990.-255 с.

  6. Бабков А.В. и др. Практикум по общей химии. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов. –М.:ВШ, 2001.-237с.

  7. Глинка Н.Г. Задачи и упражнения по общей химии: Учебное пособие для вузов –Под редакцией В.А. Рабионовича и др. –М.: Интеграл-Пресс. 2006.-240 с.

  8. Васильев В.П. Аналитическая химия. Кн.1.-М: Дрофа, 2002.-367 с.

  9. Васильев В.П. Аналитическая химия. Кн.2.-М: Дрофа, 2002.-383 с.



Бақылау сұрақтары (кері байланысы):

  1. 2 ретті өткізгіштікке қандай заттар жатады?

  2. Меншікті электрөткізгіштікке қандай факторлар әсер етеді?

  3. Сұйылтудың эквивалентті электрөткізгіштікке қандай әсері болады?

  4. Шексіз сұйылту барысында электрөткізгіштікті қалай есептеуге болады?

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген icon1 сағат-уақыт (узақтығы) Қарағанды 2011 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
«Демографияның медико-әлеуметтік аспектісі. Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай» тақырыбы
Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген icon2 сағат- уақыт Караганда 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
Мақсаты: Отандық экономиканың нарықтық қатынасына өтуінің сипаттамасы. Меншік формасының өзгерісін қарастыру. Нарықтық экономика...
Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconКафедраның жиналысында бекітілген 29. 08. 2011. №1 Хаттама
Мақсаты: Комплексті қосылыстар, олардың қөұрылысы және биологиялық маңызды өкілдерінің табиғатын қарастыру
Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconУақыты-1 сағ Қарағанды 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
Еуропа және Ресей елдеріндегі медицинаның дамуы мен студенттерді таныстыру. Ұлы шнайы ашылулар, француз материализмінің медицинаға...
Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconКафедраның отырысында талқыланған және бекітілген
Оқытушылардың басқаруымен студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқау №4
Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconКафедраның жиналысында бекітілген 29. 08. 2011. №1 Хаттама
Мақсаты: Жанды ағзалардағы тіршілік процесстеріне қатысатынжәне емдеу ісіне қолданылатын маңызды поли және гетерофункционалдық қосылыстар...
Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconҚарағанды 2010 ж Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген
Тақырыбы: Қазақстандағы жэс. Өлкедегі кеңестік мемлекет құрылысы. Жэс – тің әлеуметтік экономикалық нәтижелері
Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconКафедраның отырысында талқыланған және бекітілген
Дәрістің мақсаты: асқазан-ішек жолдары ауруларының негізгі көріністерімен студенттерді таныстыру; аіж патологиясы бар науқастарды...
Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconҚарағанды 2010 ж Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген
Республикадағы әлеуметтік экономикалық және қоғамдық саяси ахуалдың мәнін ашу. Экономиканы бейбіт өмірге лайық қайта құру. Саяси...
Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconӘдістемелік нұсқаулардың және ұсыныстарының, әдістемелік нұсқаулардың, әдістемелік ұсыныстарының титул парағы
В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығының студенттеріне арналған
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница