Қ азақ өлеңінің асқар белі




Скачать 46.91 Kb.
НазваниеҚ азақ өлеңінің асқар белі
Дата конвертации20.08.2013
Размер46.91 Kb.
ТипДокументы
Қазақ өлеңінің асқар белі

(ақын Жұбан Молдағалиев шығармашылығына байланысты

библиографиялық шолу)


Жұбан Молдағалиев - қазақтың жыр дүлдүлінің бірі, қазақ поэзиясында өз дауысы, өз мәнері, өлендегі өз бағыты қалған ірі дарын. Ақын дәуірінің оқиғалары, ол ақын боп қалыптасқан әдеби орта, қызмет жолы жайлы мәліметтен кейін ақынның өлең жинақтарымен танысамыз. Соғыс дүмпуі ақынды қалай есейтті, алғашқы, 1949 жылы жарық көрген "Жеңіс жырлары" жинағына енгсн өлендер не туралы айтты деген мәселелер қозғалады М.Базарбаев Ж.Молдағалиевтің 1943 жылы жазылған, кейін ақынның өзі айтуынша әйгілі "Мен қазақпын" поэмасына негіз болған "Қазақ" атты өлеңіне кең тоқталады. Осындағы ақындық ой, өлеңнің айтсам деген ақиқаты, мәселені ашу, жеткізу шеберлігі, елдің салт, батырлық дәстүрі, соғыстағы ер қазақ - Бауыржан батыр мен Мәлік батыр - осының бәрі ақынды қазақ ұлы ел басына күн туған шақта кім болып танылмақ деген толғанысқа тарту. Отаншылдық сезім Жұбан Молдағалиевтің азаматтық лирикасының басты сарыны болу себебін де зерітеуші өмір фактісімен сабақтастырады.

Жұбан Молдағалиев соғыс жайын көпшілік туындыларына арқау етті. Ақындық ғүмырында ол бұл тақырыпқа әр мәселеде қайта соғып отырған. Оның шығармашылығындағы осы бір қыры, осы бір сыры жайлы жүйелі ой тастаған Мүсілім Базарбаев енді Жұбан Молдағалиев поэзиясының поэтикасына бұрылады. Жұбан айтар ойына түйін жасайды, шешім табады, бұл бар ақында да кездескенімен, Жұбан өлендерінің биіктеп, шарықтап барып, нысанға дәл тигендей қорытынды оймен бітуі айрықша айқын екенін айтып, Молдағалиев поэзиясының өзіне тән ерекше бір сипатын көрсетеді.

М.Базарбаев Ж.Молдағалиевтің "Махамбет қабірі басында" өлеңін талдағанда тағы да ақынның өлеңдегі өз өрнегін, өз жазу тәсілін, тағы бір дара сипатын айқындап береді. Махамбет ырғаған өлеңіне қосу арқылы ақын Жұбанның үтымды тәсіл тапқанын Мүсілім Базарбаевтай өлең тілін түйсіну сезімі бөтен зерттеуші байқайды. Елуге келіп "Қоштасу" деген өлеңімен жастық шақпен қоштасқан Жұбан ақынның жан сыры да бөлек екен. Елуде ел ағасы болған Жұбан ақынға жарасымды өлең сырды Базарбаев тереңнен тартып таңдайды. Қырықтан асар-аспаста "Қартайдық, қайғы ойладық ..." айтқан Абаймен астастырады.

Ақындықта адамның ғүмыр жас кезендері әріден айтылады. Жұбан ақынды да бұл жай көп толғантқанға ұқсайды. Жұбан Молдағалиев жас мөлшерін арқау еткен жырларына тек жеке бас емес жалпы адамдық құбылыстар арқау болғанын өлеңмен үзінді арқылы келтіреді.

Барады жастық шақ алыстап,

Күн өткен сайын.

Барады жат боп таныс бақ,

Түн өткен сайын.

Кокжиек алда, артта да -

Қай жағы жарқын?

Қараймын жаңа, қартқа да -

Қайсысы жақын?

Шегінсем жүрген ізіммен

Қайтар ма жас күн?

Арамыз қашан үзілген?

Қайсымыз қашқын?

Көлеңке кашан үзарды? Байқамай калдым. Кокжиек неге қызарды? Батар ма бүл күн?

Зертгеуші Жұбан Молдағалиев поэзиясындағы ойшылдық, пәлсапалық алым жайлы тың байламдар жасайды. Мүсілім Базарбаевтың Жұбан ақыннын, "Уақыт" өлеңіне тоқтап, өмірде кас-қағым сәтпен де, өмірі таусылып бітпейтін азапты шақпен өлшенетін уақыт үғымын акынның өлеңге сыйғызу тәсілін, шеберлік кестесін баяндайды.

Жұбан Молдағалиев тіршіліктің таусылмас жырын, өмірдің алма-кезек арпалыс зандылықтарын арқау еткен ойлы өлендер туғызған акын. "Пешка", "Бокс заңы бойынша", т.б. өлендерде ақын болмашыдан түйін түйеді. Елдің жайы, қоғамдық қозғалыс даму, ілгерілеулер, ірі істер, оны атқарушы еңбек адамының жан күйі, арман, аңсары, жақсы мен жаман, ақ пен қараның мәңгі таусылмас арпалысы, адамның тірлікті сезініп ғұмыр кешуі - осының бәрі Жұбан ақынның жүрегін жырға бөлейді.

Өз уақытының тынысымен ғұмыр сүрген азамат ақын Жұбан Молдағалиев поэзиясының басты ерекшелік, негізгі сипаттары талғамды танымда, өлең зерттеуші, білгір сыншы Мүсілім Базарбаев зерттеуінде жан-жақты ашыла түседі. Ақынның өлеңді құрғақ баяндауға емес, құлпырған тіршіліктін үнін жеткізіп, суретін жасап отырып өрілген жанды үйлесімге құру шеберлігін нақтылы талдауларға негіз еткен зертеуші қазақ поэзиясындағы Жұбан Молдағалиевтің дара стилін айқындайды. Жұбан өлеңіндегі нәзік сыншылдықта, азаматтық асқақ үн де, тереңнен ой тартқан пәлсапашылдык та, өткір сынмен суарылған сатиралық нақыштар да зертгеуші назарында.

Ұлтының мұны мен сырын, бақыты мен келешек бағытын, өткені мен өтпелі дәуірлерін тұтас алып, жыр теңізін толтырған Жұбан Молдағалиевтің поэмалары өз алдынды үлкен әңгіменің арқауы болған. Қазақ поэзиясындагы поэма жанрын байытып өсірген дарынның бірі - айтулы эпик ақын Жұбан Молдағалиев. XX ғасырдың көп шындығы, ел тарихы арқау болған Жұбан Молдағалиев поэмалары жайлы Мүсілім Базарбаев зерттеуі нақты да негізді. Жұбан Молдағалиевтің "Жесір тағдыры" (1961), "Қыран дала" (1974), "Сел" (1975), "Байкоңыр баспалдактары" (1977), "Жыр туралы жыр" (1966) т.б. поэма, дастандары туралы М.Базарбаев толымды толғамдар жасайды. Жыр мазмұны, мәні айтыла келе, ақындык тәсіл мен шеберлік әңгімесіне сабақтасады. "Жұбан, Молдағалиевтін поэма жазудағы машықтығы өзгеше - оның акындық тұрпат-тұлғасына сай. Жұбан поэмалары көбіне нақты оқиғалардан біраз аулақ, ал нақты батыр, қайраткер түлғадан мүлде қашық жайларға бағытталады. Зерттеуші оқиға емес, кейіпкер мен ақын арасындағы лирикалық толғаныстарға кұрылган, жазу машығы бөлек поэмалар туралы өлендік тәсіл, дара стиль мәнінде нақтылы теориялық негіздемелер жасайды. Оның шағын поэзиялық дүниесі болсын, көлемді дастан поэмалары болсын тұтастыкка, поэзиядағы Жұбан Молдағалиев үніне айналған тұтас поэтикалық өріс деген тоқтам жасайды.

Казақ поэзиясының жанрлык, стильдік мәнінде де, ойшылдық ауқымда да, тарихи негізде де өрісін ғасырлық жолмен ұзатып кеткен Жұбан акынның әдебиет тарихындағы орнының гылыми негізде айқындалуында Мүсілім Базарбаев зерттеуі елеулі орын алады.

Әдебиеттер тізімі


  • Бейсекенова А. Мүсілім Базарбаев Жұбан Молдағалиевтің ақындығы туралы. //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2008.-1.-б.87-90.

  • Бейсенова Г. Жұбан және фольклор: Жұбан Молдағалиев туралы //Хабаршы филология сериясы-2006.-5.-б.108-111.

  • Ғабдуллин Н. Жұбағаң: Қазақстан халық жазушысы Жұбан Молдағалиев туралы эссе. //Парасат.-2003.-3.-б.5-7.

  • Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық.-9 том. Алматы. ҚАЗақпарат.,2005.-998б.

  • Қуатов Б. Ақындық пен азаматтық тізгінін тең ұстаған тұлға: жазушы Жұбан Молдағалиев туралы. //Қазақ әдебиеті.-2009.-5 маусым

  • Мәлікқызы С. «Мұыны ішіндегі асыл еді» ақын Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығы. //Жұлдыз.-2007.-1.-б.172-178

  • Мұқай Б. Жазушылардың Жұбаны: Жұбан Молдағалиев туралы. //Жас алаш. -2003.-5 маусым.

  • Оразбекова А. «Мен-қазақпын» поэмасы: Сабақтың үлгісі. //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2002.-1.-б.22-23.



Құрастырған:Қазиқанова А.Қ.

Ақпараттық-библиографиялық бөлім

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Қ азақ өлеңінің асқар белі iconАзақ тілі пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау Павлодар Кереку 2009
С. Торайғыров атындағы пму-дың қазақ тілі кафедрасының оқу-әдістемелік кеңесі басуға ұсынған
Қ азақ өлеңінің асқар белі iconБесінші шақырылымдағы Түркістан қалалық
Сессияға ОҚО әкімі Мырзахметов Асқар Исабекұлы қатысып отыр. Сессияны ашу жөнінде қандай ұсыныстарыңыз бар? Сессия ашылсын деген...
Қ азақ өлеңінің асқар белі iconҚазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл -ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев
Дана ақын Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі Құнанбай...
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©kk.docdat.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница